К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет68/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
шоғыр

Атауы 
Белгіленуі 
1. Щиттан тыс орнатылатын құрылғы (орын бойынша):
а) негізгі белгісі 
б) шартты белгісі 
2. Щитта орнатылатын құрылғы 
а) негізгі белгісі 
б) шартты белгісі 
3. Атқарушы механизм. Жалпы белгісі 
4.Электр энергиясы немесе басқарушы сигнал тоқтаған 
кездегі атқарушы механизм :
а) реттегіш органды ашады
б) реттегіш органды жабады 
в) реттегіш органды өзгеріссіз қалдырады
5. Қосымша жетегі бар атқарушы механизм
6.Байланыс желісі. Жалпы белгісі 
7. Байланыс желілерінің бір-бірімен байланыспай 
қиылысуы
8. Байланыс желілерінің бір-бірімен қиылысуы 
 
Бақылау сұрақтары 
1. Электр қондырғылар дегеніміз не? 
2. Ашық тарату құрылғысы дегеніміз не? 
3. Компрессорлық станция объектілерінің түрлері. 
4. Басқару алгоритмі дегеніміз не? 
5. Технологиялық сұлбаларды құрастыру нəтижелері. 
 
 


119 
11 – БӨЛІМ. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
 
11.1. Мұнай, газ жəне газконденсаттық кен орындары объектілерін 
пайдалану кезінде өнеркəсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тəртібі 
- Қауіпті өндірістік объектілерін пайдалану кезінде өнеркəсіптік 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тəртібі: 
- Кəсіпорындардың 
аумағы 
жəне 
ондағы 
ғимараттардың, 
құрылыстардың жəне əр-түрлі өндірістік объектілердің орналасуы мұнай – 
газ кен орнының объектілерін (МГКО) қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз 
етуі тиіс. 
- Науалар, орлар, қазаншұңқырлар жəне ойықтар – биіктігі кемінде 1 
метр болатын қоршаумен немесе қорғаныс жабынмен қамтамасыз етіледі. 
Науалар кəріз құдығына қарай еңкейтілген гидроысырмалар арқылы кəрізге 
жалғанады. 
- Аумақта өндірістік объектілердің, қауіпті, күзету жəне СҚА 
шекаралары көрсетіледі жəне белгіленеді. 
- МГКО объектілерінде орналасқан ғимараттар мен үй-жайлар 
тұрақты түрде жұмыс жасайтын құйылғыш-сорғыш ауа алмастыру 
жүйесімен қамтамасыз етіледі. 
- МГКО үй-жайлары мен өндірістік алаңдары газ, өрт жəне апат 
дабылдамасының детекторлары бар, ауа ортасының жағдайын бақылау 
жүйесімен қамтамасыз етіледі. МГКО игеру объектілерінің сыртқы 
қондырғылары мен құрылыстарының жарылу-өртену қаупі жəне өрт қаупі 
бойынша жіктелуі осы қағидаларға келтірілген. 
- Өндірістік объектдар жəне үй-жайлар алғашқы медициналық көмек 
көрсетуге арналған медициналық аптечкалармен жабықталады.
- Өндірістік үй-жайларда майлағыш материалдарды қақпақпен 
жабылатын металлдан жасалған ыдыстарда бір тəуліктік қажеттіліктен 
аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат беріледі. 
- Өндірістік үй-жайларда тез тұтанғыш жəне зиянды заттарды сақтауға 
рұқсат берілмейді.
- Қызметкерлердің зиянды жəне агресивті заттармен (қышқылдар, 
сілтілер жəне уытты күйдіргіш реагенттер) байланысы болуы мүмкін 
қондырғы жəне үй-жайлардың аумағында, дененің зардап шеккен жерін 
жууға арналған су ағыны реттелмелі шүмектер қондырғысы орнатылады. 
- Киімдерді, аяқ киімдерді өндірістік үй-жайларда кептіруге, 
құбылардың, аппараттардың жəне жылыту құралдарының үстінде жанғыш 
материалдарды сақтауға рұқсат берілмейді.
- Ысырма жəне арматураларды құдықтарға, науаларға жəне ойықтарға 
орналастыру барысында қашықтықтан басқару қарастырылады (ұзартылған 
штоктар немесе басқару штурвалдары, электропневможетектер) жəне 
техникалық қызмет көрсету үшін жəне жөндеу немесе арматураны ауыстыру 
үшін қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.
- Объектілердің көлік жүруге рұқсат берілмеген аумақтарындағы 
жерлерге тыйым салатын жол белгілері орнатылады. 


120 
- Мұнай-газ кен орнының объектілерінің қауіпті аумақтары бойынша 
көліктердің жəне арнайы техникалардың ұшқын басқыштарсыз жүруіне 
рұқсат берілмейді. 
- Жолдардың жəне тротуарлардың темір жолдармен қиылысқан 
жерлерінде рельс деңгейімен тұтас төсеніштер орнатылады жəне қорғаныс 
қондырғылары, қауіпсіздік белгілері, дыбыстық жəне жарықтық 
дабылдамалар жəне жарық түсірулер қарсатырылады. 
- Мұнай-газ кен орындарында жерасты, құрылыс жəне жөндеу 
жұмыстары ұйым немесе объект басшылығының жазба түріндегі 
рұқсатынсыз, рұқсаттама-жіктелімсіз, жұмыс сұлбаларысыз жəне осы 
бөлімде жерасты жəне жер үсті коммуникациясына қатысы бар қызметтер 
өкілдерінің келісімісіз жүргізуге рұқсат берілмейді (байланыс желілері, кəріз 
құдықтары, электр, құбырлар). 
- Жолдың жүретін бөлігін жабуға байланысты жүргізілетін жөндеу 
жұмыстары объект басшылығымен жəне өрт қызметімен келісіледі. 
- Қауіпті өндірістік объект аумағында жəне қауіпті аймақтарда 
рұқсаттама-жіктелімсіз отпен жұмыс істеуге (арнайы орындардан басқа) 
жəне газға қауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілмейді. 
- Жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, қондырғы 
аумағын жоспарлайды, тазалайды жəне абаттандырады. Жоспарлау, 
абаттандыру жəне құрылыс қалдықтарынан тазалау аяқталмайынша 
объектіні іске қосуға рұқсат берілмейді. 
- Қауіпті объект аумақтарында қауіпсіз жұмыс жүргізу туралы 
плакаттар, «Жарылыс қауіпті», «От қауіпті», «Шылым шегуге тыйым 
салынады», «Бөгде адамға кіруге болмайды» деген сақтандыру жазбалары 
орнатылады.
- Өндірістік жұмыс аймағындағы қауіпті объект аумағында көлік 
қозғалысының жылдамдығы тура бөлімшелерде сағатына 10 километрмен 
жəне бұрылыстарда сағатына 5 километрмен шектеледі.
- Үй-жайларда жəне қауіпті объектілердегі нақтыланбаған орындарда 
өндіріс қалдықтарын қалдыруға жəне сақтауға рұқсат берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет