К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін



Pdf көрінісі
бет72/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
шоғыр

11.6. Электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін 
классификациялау 
Жалпы электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс 3 топқа бөлінеді: 
1. Электр қауіпсіздігі жоқ бөлмелер; 
2. Қауіпсіздігі жоғары бөлмелер; 
3. Қауіпсіздігі өте жоғары бөлмелер. 
Солардың ішінде: 
1- ші топқа жататын бөлмелер – 15
0
С-тан 20
0
С-қа дейін, едендері тоқ 
өткізбейтін, жəне тоқ өткізетін темір бұйымдары жоқ бөлмелер, бұған 
жататындар - əкімшілік бөлімшелері, жылы үйлер, тұрмыстық үйлер. 
2- ші топқа жататын бөлмелер – құрғақ, салқын, шаң тозаңы көп 
бөлмелер. Бұл бөлмелерге жататындар, бұған жататындар - насосты 
станциялар, танспортты станциялар, электр станциялары. 
3- ші топқа жататын бөлмелер – бөлмелерінің ішін ылғалды, 
қабырғаларына, есік –терезелеріне шаң-тозаң көп тұратын бөлмелер.
Өндірістегі электр қауіпсізідігін болдырмау шаралары мыналар: 
1) изоляция; 


125 
2) тоқ жүретін тетіктерді қоршау; 
3) тоқты жерге енгізу; 
4) токты нолге жалғау; 
5) тізбекті ажырату. 
Токты жерге енгізудің 2 түрі бар: 
1) жабдықты контурлы жерге енгізу; 
2) жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру (выносное заземление). 
Қорғаныс бұйымдары
Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді: 
1. жалпы қорғаныс бұйымдары
2. жеке қорғаныс бұйымдары
1) жалпы қорғаныс бұйымдарына жататындар: қорғаныс штангілері; 
электр тогын, кернеуін өлшейтін приборлар, қолғаптар, төсеніштер жəне 
қоршау бұйымдары; 
2) жеке қорғаныс бұйымдарына жататындар: көзілдірік, каска, 
противогаз, белбеу. 
Жарақат алған адамға жедел жəрдем көрсету жолдары – тоқтан жарақат 
алған адамды ажырату. 
Оқшауланған қорғаныс құралдары адамды кернеу астындағы электр 
қондырғыларынан жəне жерден оқшаулайды. 
Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі жəне қосымша болып 
бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған 
тоқ өткізгіш бөліктерді ұстауға болады. Сондықтан, бұл заттардың 
оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек. 
Қосымша қорғаныс құралдары негізгі қорғаныс құралдарымен бірге 
қолданылады, сонымен қатар қадам кернеуінен қорғану шараларына жатады. 
1000 В - қа дейінгі жəне жоғары кернеулерге арналған қондырғыларда 
əр түрлі қорғаныс құралдары қолданылады. 
Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі 
оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш жəне тоқ өлшегіш 
қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар жəне жөндеу 
жұмыстарына арналған құралдар (оқшаулағыш сатылар, аудандар, габариттер 
жəне т.б.) жатады. 
Қосымша оқшаулағыш құралдарға диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік 
резеңке кілемшелері жəне қосалқы қойғыштар жатады. 
Диэлектрлік қолғаптар, галоштар жəне кілемшелерді арнайы маркалы 
резеңкелерден жасайды, олардың электрлік беріктігі жоғары болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет