К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


 Өрттің қауіпті факторлары



Pdf көрінісі
бет71/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
шоғыр

11.5. Өрттің қауіпті факторлары 
Өрттің қауіпті факторлары дегеніміз - өрт əсерінен улану жəне 
адамдардың өлімі мен сонымен қатар материалдық шығынның болуын 
айтамыз.
Өрттің қауіпті факторларының бірінші қатарына:
- қоршаған ортаның температурасы;
- сəулелі тасқын (жалын, шоқ);
- жанудың улы өнімдері жəне түтінденуінің нəтижесінде көру мүмкін-
дігін жоғалту; 
- оттегі концентрациясының азайуы жатады.
Өрттің қауіпті факторларының екінші қатарына: 
- құрылғы мен аппараттың қауіпті қирауы;
- қираған аппараттан шыққан радиоактивті,улы заттар; 
- апатты жағдайда аппараттың құрам бөліктеріне келіп тұрған тоқ əсері; 
-  өрт кезіндегі жарылыс қаупі; 
- өрт сөндіру заттарынан келетін қауіп (қысым, улылық). 
Бірінші кезектегі өрттің қауіпті факторларының адамға əсері.
Қоршаған ортаның температурасының артуы əсері 
Қызған ауамен дем алу ерекше қауіп – қатер төндіріп, жоғарғы тыныс 
алу жолдарының зақымдануы мен некрозына, сондай – ақ, тұншығу мен өлімге 
əкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, 100
0
С– тан жоғары температураның əсер етуі 
естен танып, содан бірнеше минуттан кейін өлімге əкеледі. Сонымен қатар, 
терінің күюі де өте қауіпті. Медицина саласының күйіктерді емдеуде жеткен 
жоғары жетістіктеріне қарамастан, денесінің беткі қабатының 30% күйіп, II – 


124 
ші дəрежелі күйікке шалдыққан адамның тірі қалу мүмкіндігі аз. 
Өткізген зерттеулердің нəтижесінде дымқыл ауада 2 – ші дəрежелі 
күйікті 20 секунд ішінде 55

С температура жəне 1 секунд ішінде 70

С 
температура тудырады, 69 – 71

С температурадағы өртте бірнеше минутқа 
қалу адамға өте қауіпті болып табылатыны анықталды. 
Сəулелі тасқын 
Кейбір жағдайларда адамдарға сəулелі тасқындар да қауіп – қатер 
төндіреді. Əкімшілік ғимараттарда өрт туындағанда эвакуациялық есіктерге 
жақын жерде орналасқан түрлі заттардың жануы барысында сəулелі 
тасқындар өрт басталғаннан 0,5 минут өткеннен кейін – ақ адамдарға қауіп 
төндіретіндігін зерттеулер дəлелдеген. Сəулелі тасқындардың аса жоғары 
қарқындылығы əр түрлі технологиялық қондырғылардың өртенуі барысында 
байқалады. Кейбір жағдайларда адамдар арнайы қорғану құралдарынсыз 
мұндай қондырғыларға 10 м жақын жерге бара алмайды. 
Жанудың улы өнімдері 
Полимерлі жəне синтетикалық материалдар көп мөлшерде болатын 
əкімшілік ғимараттарда өрт болған жағдайда жанудың улы өнімдері əсер етуі 
мүмкін. Жану өнімдерінде химиялық қосындылардың 50 – 100 түрі жиі 
кездесетіндігіне қарамастан, түрлі елдердің ғалымдарының басым 
көпшілігінің пікірі бойынша, өрт кезінде адамдардың көз жұмуының басты 
себепшісі көміртек тотығымен улану болып табылады. 
Басқару ғимаратындағы өрт кезінде осында қолданылғын полимерлі 
жəне синтетикалық көп мөлшердегі материалдардың жануынан бөлінетін улы 
өнімдер адамға қауіпті əсер етеді. Жану өнімдеріне 50-100 түрлі химиялық 
қосылыстар болғанымен, бұл улы заттардың ішінде шетелдік ғалымдардың 
есебі бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімі көбінесе көмірқышқыл 
газының əсерінен болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет