121
отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде
өтеді. Еңбек қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша алдын ала
оқытудан, нұсқама беруден жəне білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерге
жұмысқа жіберілмейді.
4. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін
жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды мезгіл- мезгіл ,
үш жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында
біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау
мəселелері бойынша оқудан жəне білімін тексеруден өтуге міндетті.
11.3. Жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ)
жұмыс орнында болатын қауіп
көздерінен қорғау үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдарына келесілерден құралады (бұлардан басқа да
құралдар болуы мүмін):
- қорғаныс киімі
- көзді қорғайтын құрал
- қорғаныс каскасы
- қорғаныс аяқ киімі
- қолды қорғайтын қолғап
- есту мүшесін қорғауға арналған құрал
- тыныс алу жүйесін қорғауға арналған құрал
- биіктікте жұмыс жасау үшін қолданатын белдіктер.
Сурет 11.1 – Жеке қорғаныс құралдары
122
ЖҚҚ келесілерден қорғайды:
- тыныс алу мүшесінен ағзаға кіруі мүмкін зиянды заттардан
- теріге зиянды əсерден
- механикалық жарақаттардан
- құрылыс аймағында болуы мүмкін аппаттық жағдайлардан
- қоршаған ортаның зиянынан
- радиоктивті уланудан.
Көзді қорғайтын құралдар:
- қорғаныш көзілдірігі
- бетке арналған маска
- дəнекерлеуге арналған қорғаныш көзілдірігі.
Басты қорғайтын құралдарға – каска немеме қорғаушы шлем жатады.
Оларды өндірістің
барлық құрылыс нысандарында, цехтарда жəне
олардың
аймақтарында киілуі міндетті.
Қорғаныс аяқ киімін кию барлық жұмыс аймақтарында талап етіледі. Ол
аяқты соққыдан, тапалудан, ұшты нəрселердің кіріп кетуінен сақтайды.
Қорғаныс белдігі құлап қалудан сақтайды. Оларды биіктігі 1,3 м артық
болған кеңістігі тар, қорғаныс шекарасы жоқ жерде қолданылуға міндеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: