К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет42/60
Дата02.02.2024
өлшемі1.02 Mb.
#490582
түріРешение
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
УМКД 2

Құралдар - адам іс-әрекет үдерісінде қолданылатын нәрсені таңдайды және сол арқылы мақсатқа жетеді. Олар өзінің әлеуметтік маңызына қарай: адамның жасы мен мүмкіндіктеріне сай; қоғамда және кәсіби ортада қабылданған; жаңа, типтік емес, ерекшеленген, бірақта тиімді, жеке тұлғаның өзіне тән шығармашылығын сипаттайтын; нақты әлеуметтік ортада қолдануға болмайтын, оның қалыптары мен ережелеріне қайшы келетін асоциалды тұлғаға тән (ондай тұлғаға қолданылатын кез келген құрал жарамды саналады, тек алынатын нәтижені қамтамасыз етсе болғаны).
Әлеуметтік-педагогикалық фактор адамның өзбетінше дамуына, іс-әрекет құралын таңдауына себепші болады. Ол бір қырынан, оның қандай тұлға екендігін, екінші қырынан, оның қалай сипатталатындығын анықтайды. Мысалы қалыпты дамыған адам жасына және қоғамдық талапқа лайық іс-әрекет құралдарын таңдайды; ерекшелігі бар, яғни дарынды адам - өзіндік ойы болғандықтан, шығармашылықпен қоғам талаптарына қайшы келмейтін құралды таңдайды; асоциалды тұлға үшін қоғам талаптарына сәйкеспейтін (көздеген нәтижеге жетуі үшін, кез келген құралды жарамды санайды) құрал таңдалынады. Адамның іс-әрекет құралдарын таңдауына қарай, ол оны сипаттайтын көрсеткіш болады. Соған байланысты ол қандай тұлға, оның даму бағыты қандай екендігі туралы білуге болады.
Американдық әлеуметтанушы Р.Мортон 1930-шы жылдары әлеуметтік аномия теориясын ұсынған еді (грек. а – терістікті білдіретін қосымша және nomos – заң), индивид іс-қимылының қалыптан тыс ауытқуының қалыптасуын негіздеген болатын. Әр мемлекетте белгілі мақсат пен оған қол жеткізу құралдары басымдылық етеді. Адам өмірлік қызметіне лайық мақсат пен құралды таңдауына байланысты жеке тұлғаның нақты бір қоғамның әлеуметтік қалыптарына сәйкесуі немесе сәйкеспеуінен асоциалды тұлға қалыптасуы мүмкін.
Іс-әрекет (құралды қолдану), алынатын нәтижеге қол жеткізетін мақсатқа бағытталады. Олар орындаушының іс-әрекет біліктері мен дағдыларының дамып жетілуіне және әрекеттік жаттығуға, жеке тұлғаның белгілі сапасын қалыптастырып, оны бекітуге ықпал етеді. Бір кезеңде практикалық іс-әрекеттер жеке тұлғаның бұрынғы дүниетанымдық көзқарастарын бекітуін немесе бекітпеуін және қалыптасқан (қалыптасатын) тәжірибесін жоққа шығаруы мүмкін.
Қарым-қатынс - бұл байланыс іштей қабылдауға және өзбетінше әрекет ету қажеттілігімен сипатталады. Ол барлық іс-әрекетпен бірге жүреді. Бұл адамның іс-әрекетіндегі өзіне деген сезімдік әрекет обьектісіне, орындайтын әрекеті мен оның нәтижесіне қатынасын білдіреді.
Адамның іс-әрекет барысындағы өзіне қатынасы біртіндеп қалыптасады. Ол кәсіби іс-әрекетінде айқын көрінеді. Әр түрлі адамдарда оның бейнелену формасы алуан түрлі болады: жауапкершілік, сындарлылық және талап қоюдан бастап, белгілі бір адамда алдындағы мақсатты шешуге деген абсолютті енжарлық танытуы, қойылған мақсатты орындамауы және тіпті оның жағымсыз тұсы - әрекет еткісі келмеуі. Адам тек өзін ғана жақсы көріп, әрекет барысында өзін сүюі, өзін жоғары бағалауы, өзіне, іс-әрекетіне мейілінше талап қоюы, сонымен қатар өзіне, іс-әрекетіне енжарлық танытуы, өзіне және өзінің мүмкіндіктеріне сенімсіз болуы және т.б.
Атқаратын іс-әрекетке қатынасы. Осы арқылы адамның жеке тұлғалық қасиеті байқалады, оның сапалылыққа ұмтылысы, кәсіби шеберлігін және жеке басына тән техникасын көрсете білуі. Осыдан маманның өз іс-әрекетіне деген қатынастары – қызығушылығы, жауапкершілігі немесе формалдылығы, енжарлығы т.б. көрінеді.
Іс-әрекет нәтижесіне қатынасы. Осы жерде іс-әрекеттің әрекет үшін енжарлықпен жасалатынын байқауға болады (қызметінің қажетіне байланысты іс-әрекет етуі), іс-әрекет үдерісі (ерте жас кезеңіне байланысты); нәтиже алуға шынайы және терең қызығушылық білдіруі. Маманның нәтиже әрекетіне қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жетістікке жетуі (жетпеуі) жеке тұлғаға ықпал етеді. Оң нәтиже маманның өзіне деген сенімін, мүмкіндіктері мен кәсібилігін арттырады; теріс нәтиже өз қабілетіне сенімсіздік тудырып, мамандық туралы ойын өзгертеді және т.б.
Адамның іс-әрекеті сезімге бай болса, іс-әрекетке деген құлшынысы мен табандылығы жоғары немесе керісінше төмен болады. Жағымды қатынас пен нәтижелілік сол әрекет түрімен айналысу тілегін арттырып, өзіне деген сенімін бекітеді; жағымсыз қатынас, керісінше, - қызығушылығын төмендетіп, енжарлық пен сенімсіздікке жол береді. Іс-әрекетке қатынас адамның сезім сферасына және ұмтылысына мейілінше ықпал етеді.
Нәтиже – ол іс-әрекет нәтижесіне қол жеткізу. Оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы зор. Адамның іс- әрекет барысының нәтижесінде не және оны қалай алатынына байланысты, өзінің күшіне сенімі артады немесе, керісінше сенімсіздігі пайда болады; алынатын нәтижені алдын-ала болжап, оған қол жеткізу немесе белгілі жағдаятқа байланысты әрекет етіп, не болатынын күту және т.б.

2. Іс-әрекет түрлері, олардың тұлғаға прогрессивті


және регрессивті әсері

Іс-әрекеттің барлық құрылымы, жеке алғанда тек қана тұлғаның өз әрекетінен басқасы, оның дамуына тікелей және мейілінше ықпал етеді, оның қасиеттері (бағыттылығы, мінезінің сипаты, қабылеті); эмоциялық сферасы және кәсіби маңызы бар сапалары (белгілі деңгейді және іс-әрекет сапасын қамтамасыз етеді). Осы көрсетілген құрылымның жеке тұлғалық сапаға ықпалы көрінеді. Олар өз кезегінде, адамның іс-әрекетінің бейнеленуін (іс-қимыл) өзгертеді. Басқаша айтсақ, іс-әрекет құрылымының жеке тұлғаға ықпалы – бірінші болса, ал жүріс-тұрысы, яғни іс-қимылы – екінші сипатта болады.


Іс-әрекетті жүзеге асыру адамның білім, білік, дағдысын белгілі өзгеріске ұшыратады. Бұл өзгерістерді сипатына қарай «мінез-құлық, жүріс-тұрыс», бір сөзбен іс-қимыл деуге болады. Бұлар жеке тұлғаның практикалық іс-әрекетіндегі тиімсіз себептердің алдын алуға және оның дамуына көмектеседі. Адамның практикалық іс-әрекетіндегі бірінші ықпал мінез-құлқы, жүріс-тұрысын, ал екіншісі - тұлғалық сапаларын өзгертеді.
Жоғарыда айтылғандардың көрсетуі бойынша, кез келген іс-әрекет (бірсарындылықтан басқасы) жеке тұлғаны өзгеріске түсіреді. Ондай өзгерістердің ауқымы өте кең. Олар прогрессивті (неміс. progressiv – алға жылжу, жетістік – біртіндеп күшейеді, артады) немесе регрессивті (неміс. regressiv - қозғалыстың кері жүруі, бір нәрсе дамуының құлдырауы, кері кетуі, прогессивтілікке қарсы) сипатта болады. Адамның кәсіби іс-әрекетіндегі прогрессивті өзгеріске түсуі - бұл тұлғалық және мінез-құлық, жүріс-тұрысының, яғни іс-қимылының сапалы жетілуі, оның қызметтік міндеттерін сапалы орындау қабылетін, өзіне, іс-әрекет обьектісіне, өзінің кәсіби қызметіне, оның нәтижесіне және өзгелерге деген қатынасын жетілдіреді. Регрессивті – бұл да маманның тұлғалық және мінез-құлық, жүріс-тұрысының өзгеруі, өзіне, іс-әрекет обьектісіне, өзінің кәсіби қызметіне, оның нәтижесіне және өзгелерге деген қатынасының кері кетуін білдіреді.
Адамның атқаратын іс-әрекеттері оның тұлғасын және іс-қимылын өзгертуі тек бағытын ғана емес, қарқындылығына де ықпал етеді. Адам неғұрлым қарқынды түрде іс-әрекетке қатысса, соғұрлым оның тұлғасы мен іс-қимылы да өзгереді. Сөйтіп, белгілі бір кезеңде бұл адамның тұлғалық сапасын өзгеріске ұшыратады. Ол кәсіби деңгейі бойынша (осы іс-әрекетті атқару біліктілігі), өзіне, обьектіге және іс-әрекетке, өзгелерге мүлде басқа қатынас орнатады. Өзгерістің сипаты мен қарқындылығы, қарым-қатынасы және ондағы белсенділігі іс-әрекет түріне байланысты болады.
Іс-әрекет түрлері: кәсіби, педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-реабилитациялық және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет