К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет58/60
Дата06.01.2023
өлшемі0.94 Mb.
#468166
түріРешение
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
УМКД

Үй жағдайындағы жағымсыз қызығулар, баланың дамуына ойындардың педагогикаға лайық емес тұстарын қолдану.
Жақын айналасының ықпалы, ең бірінші ата-аналарының, ересектердің, құрбы-құрдастарының педагогикаға жатпайтын қылықтарының әсері.
Көпшілік ақпарат құралдарының, әсіресе теледидар мен бейнефильмдердің жағымсыз әсері.
Бұлардан басқа да факторлар, адам тәрбиесіне теріс ықпал етеді.
Д. Бала мен жасөспірімді тәрбиелеудегі кемшіліктер:
а) отбасы тәрбиесінің кемшіліктері;
б) жасанды жағдай, баланы кез келген өмірлік мәселелерден алшақтату, белсенді іс-әрекеттерден шектеу салдарынан тасбауыр, енжар, адамдардың қайғы-қасыреттеріне жанашырлық танытатын қабілетінің болмауы, сындарлы жағдайлардағы өмірлік жағдаяттарды жеңе білмеуіне соқтырады;
в) білім мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеу барысында, әсіресе бала бақшалары мен мектептерде жіберілетін қателіктер;
г) тәрбиенің адамгершіліктен тыс жағымсыз бағыттары;
д) баланы, жасөспірімді жағымсыз өмірлік үлгілер мен әрекеттерге дайын болуға тәрбиелеу (өмірде өзін жүзеге асыра білуі). Мұндай жағдайларда жеке тұлға өзін түрлі батыр кейіпкерлерге өзін ұқсатуы, «өзіне түрлі әрекеттерді өлшеуі». Осыған әсіресе ықпал ететін теледидар, кино, бейнефильмдер түрлі қылмыстық істердің «оқулықтарының» рөлін атқарады;
е) балаға қатысты ортадан, қалыптан тыс отбасыларының және тәртіп бұзатын жолдастарының теріс жүріс-тұрыстары бар жасөспірімдерден жағымсыз әрекеттерді «күту» және т.б. Осындай күдіктер, тікелей немесе жанам формада баланы тәртіп бұзуға түрткілейді;
ж) баланы, жасөспірімді спирттік ішімдіктерге, нашақорлыққа, шылым шегуге, құмар ойынға тарту;
з) отбасы мүшелерінің, мектеп пен отбасының, мектеп пен бала және жасөспірімдер тәрбиесімен айналысатын әкімшілік органдарының арасында бала тәрбиесіне қатысты бірліктің болмауы;
и) қайта тәрбиелеу жүйесі тәртіп бұзушыларды түзету және оларды онан кейінгі күнделікті өмірге (әлеуметтік ортаға) бейімдеу.
Е. Баланың және жасөспірімнің жағымсыз өзіндік ұстанымы:
а) жасөспірімнің өзін бағалаудағы ауытқуы: өзін көтермелеу - жоғары бағалау салдарынан шамданғыш және қозғалысқа жылдам, аморальдік қабілетпен сәйкескенде, құқық бұзушылыққа барады; өзін төмендету - өзіне сенімсіз, жүріс-тұрысы әралуан, жеке тұлғалық сипаты тұрақсыз болғандықтан өзіне және ұжымға түрлі мәселе тудырады, өзін көрсете алмайды;
б) жасөспірімнің тұлғалық талаптануындағы ауытқу. Ол өзін-өзі бағалаудағы ауытқудан туындайды. Талаптану жасөспірімнің жеке ұстанымын анықтайды және оған қол жеткізуге белсенділік білдіреді;
в) адамгершілік құндылықтарға және өзщін-өзі жетілдіруге енжарлық танытады. Көп жағдайда оның адамгершілік үлгінің және жақсы болу ұмтылысының жоқтығынан болады;
г) жасөспірімдер арасында өз орнын табудағы жағымсыз қажеттіктерінің және теріс бәсекелестіктерінің орын алуы. Жасөспірімдік шақта осы қажеттер мен бағыттары, олардың өзіндік белсенділіктерін арттырады;
д) баланың, жасөспірімнің, бозбаланың қажеттерінің қалыптасуының күрделілігі және өзін-өзі түзетуге белсенділігі;
е) жасөспірімнің қарым-қатынас орнатуға, жастардың биресми бірлестіктеріне, соның қатарында асоциалды бағытқа да қатысу ұмтылыстарының болуы.
Балалар мен жасөспірімдердің жүріс-тұрыс, мінез-құлықтарындағы ауытқулардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі топ факторларын суреттеп қарастырдық, олардың алдын алу және жеңу жолдарын педагогикалық қызметте ескеру қажеттігі анықталды.



  1. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты іс-қимылдарын

болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің бағыттары

Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын, іс-қимылын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің мынадай бағыттары анықталады (қараңыз: 2-ші сызба).


А. Балалардың мінез-құлық, іс-қимылдарының әлеуметтік ауытқуын дағы отбасының рөлі.
а) болашақ ата-аналарды отбасылық өмірге дайындау және өз балаларын тәрбиелеуі. Ол үшін мыналарды зерттеуі керек:
- отбасын мүшелерінің қарым-қатынас негіздері;
- отбасы ішілік шиеленістер, оның пайда болу себептері, алдын алу мүмкіндіктері және жеңу жолдары;
- отбасы шаруашылығын жүргізу, отбасы қаржысы;
- балалық, жасөспірімдік кезеңдердегі отбасылық тәрбие негіздері;
- отбасылық құқық негіздері. Бала құқықтары жөніндегі декларация және ата-аналар, олардың орнындағылардың құқық анықтайтын құжаттар;
б) отбасында жағымды адамгершілік қалыптарын, отбасы ішілік қарым-қатынастарды, яғни отбасылық моральді - психологиялық ахуалды сақтау;
в) отбасы тәрбиесінде қателіктерге жол бермеу;
г) баланың тұрақты адамгершілік бағыттары мен ұстанымдарын қалыптастыру;
д) балалық шақтан еріктік сапалары мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу арқылы адамгершілік-жігерлік қасиеттерін қалыптастыру;
е) балаға күш көрсетіп, жәбірлеуге, ерік-жігерін төмендетуге немесе керісінше, күш культін қалыптастыруға жол бермеу, өйткені олар әлсіз адамдарға зорлық жасауға, өктемдікке бейім келеді;
ж) балалар мен жасөспірімдерді ішімдікке, шылым шегуге тартып, оларды құмар ойындарға әуестендіруге жол бермеу;
з) баланы өзін-өзі тәрбиелеуге және онымен жұмыс жүргізу әдістемесіне үйрету.



Өзінің рөлін көтеру








қоғамдық тәрбие отбасы білім беру мекемелері




Отбасы мен білім беру мекемелерінің әрекеттестігі









Ақпарат құралдарын Бала Айналасының, топ, жеке


Тәрбиеде қолдану тұлғаның ықпалы

Өзін-өзі қалыпқа сай


бағалауын және жетілді
руін қалыптастыру




Жүйенің дамуы





қайта тәрбиелеу бала, жасөспірімді отбасын көмек, бала, жасөспірім
және түзету меке түзету, алдын алу бала құқын нің бос уақыты
месі алу қорғау















Ортаның жағымсыз әсерін бейтараптандыру





2-ші сызба. Балалардың девиантты жүріс-тұрысының алдын алу және оны жеңудің негізгі бағыттары




Б. Білім беру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары, іс-қимылдарының алдын алуын және оны жеңу жолдарының тәрбиелік рөлін арттыру.
Мектептерде арнайы дайындалған педагогтар қызмет атқарады. Бұл мамандарға балалар мен жасөспірімдер оқу және тәрбие барысында сенім артады. Оқытушылардың қызметіндегі басты бағыт тәрбиеге беріледі. Педагогтардың педагогикалық қызметтеріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тәрбиеленушілеріне қымбатқа түседі.
Білім беру мекемелеріндегі тәрбиені арттыру жолы ретінде мыналар анықталады:
- оқытушылар дайындығының құрамдық сапасын және олардың жоғары педагогикалық мәдениетін арттырып қалыптастыру;
- білім мекемелерінде педагогикалық қызметке мейілінше жағымды жағдай тудыру;
- оқытушылар құрамының өзбетінше білімдерін жетілдірулеріне түрткі тудыру, педагогикалық шеберліктері мен мәдениетін жетілдіру;
- білім мекемелерінде әлеуметтік қызмет ұйымдастыру, девиантты іс-қимылды балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу, мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу;
- білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс тәрбие жұмысының жүйесін дамыту;
- ата-аналарды тәрбие жұмысына қамту, олардың педагогикалық дайындығын жетілдіру.
В. Отбасы мен мектептің өзара мақсатты әрекеттесуі отбасының, мектеп пен тұрғылықты жердегі әкімшілік органдардың балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық, іс-қимылдарының алдын алу және оны жеңу жолдарын қарастыру.
Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеттері балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесінде оң нәтиже береді. Сол мақсатта мынада тәжірибелерді басшылыққа алуға болады:
- мектептерде ата-аналарға арналған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру ( ата-аналар дәрістері, ата-аналар семинарлары);
- бала бақшадағы, мектептегі ата-аналар комитетінің рөлін арттыру, ата-аналар мен мұғалімдердің байланысын күшейту;
- білім беру мекемелерінде балаларға қамқорлық көрсету ұйымдарын құру және оларға ата-аналарды белсенді араластыру;
- мұғалімдер балалардың үйіне барып, олардың тұрмыс жағдайларымен танысуы тиіс;
- мұғалім, әлеуметтік педагог тарапынан ата-аналардың тәрбие жұмысына көмек көрсетіп, қолдау.
Балалардың қарым-қатынас ортасын анықтап, балалармен өзара әрекеттесуін басқару және оны дамыту, тәрбиелеу. Баланың дамуы мен тәрбиесіне онымен тікелей қарым-қатынастағы адамдардың әрекеттесуінің маңызы зор. Олардың беделі, күші, балаларды ұйытуы, олардың ерік-жігерлерін билеуіне қарай, оларды қандай бағытта дамытуға ықпал жасауға болатынын анықтайды. Осыған орай тәрбиеші тәрбиеленушінің қарым-қатынас ортасын анықтап, олардың айналасындағы адамдармен әрекеттесу үдерістерін педагогикалық тұрғыдан басқарады.
Д. Мектептен тыс тәрбие жүйесіне консультация беру, отбасына және балаларға девиантты мінез-құлықтарын, іс-қимылдарын жеңуге көмектесу.
Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан және мемлекеттен тыс отбасымен жұмыс жасайтын орталықтар құрылған. Онда білікті мамандар қызмет етеді, девиантты балалардың мінез-құлқына, іс-қимылдарына диагностика жасап, олармен отбасында қалай жұмыс жүргізу керектігіне кеңес береді.
Е. Девиантты мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу және түзету мекемелерінің қызметін жақсарту.
Арнайы тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу) орталықтары мектептерге комиссия жібереді немесе балалардың өздері орталыққа келеді және мектептің ұсынысына байланысты, кәмелетке толмаған балалар бөлімінің қызметкерлері отбасына барып кеңес береді және балаларды зерттеу үшін өз орталықтарына шақырады.
Ж. Балалар, жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешетін орталықтар жүйесін дамыту:
- педагогикалық коррекция және педагогикалық реабилитация;
- медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарда балалар мен жасөспірімдердің маскүнемдігі мен нашақорлығын жеңу, сонымен қатар зорлық құрбандарын сауықтыру, әлеуметтік виктимология.
З. Ақпарат құралдарының жағымды мүмкіндіктерін қолдану және балалар мен жасөспірімдерді жағымсыз ықпалдардан сақтандыру.
Балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымына ақпарат құралдарының ықпалы зор екені белгілі жәйт. Қазіргі ақпарат құралдары көрермендердің сұраныстарын ескерместен, түрлі тақырыптардағы ақпараттарды таратады. Қазіргі отбасы тұрмысында бейнетехникалардың ауқымды ақпарат мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері бойынша жастарға ақпараттар мен бейнефильмдер күш көрсету культін, еркін секс, жеңіл жолмен ақша табуды көп насихаттайды. Бұндай ақпараттар ешбір бақылаусыз және белсенді түрде барлық арналар және бейнефильмдер арқылы кеңінен таратылады. Олар (теледидар, бейнефильмдер) орнықты адамгершілік негіздері жоқ адамдардың кейіптерін қалыптастырып, қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын оқу құралдарына айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет