Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай...
Әр тармақ үндес сөздермен басталып, соңғы сөздер ұйқасқан.
Мұсылманшылық кімде жоқ?
Тілде бар да діңде жоқ.
“Кімде-тілде-дінде” болып тізіліп, өлеңнің оқылуын жеңілдете түскен.
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Ішкі-сыртқы ұйқас, дыбыс үндестігі – бәрі бірігіп, жыр динамикасын күшейтіп тұр.
Томағалы сұңқар мен едім Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда...
Өлең ішкі ұйқасқа құрылған.
Жалпы, Махамбет өлеңдерінің құрылысы стихиялы. Ағыл да тегіл ақпа жырау шабытқа мініп, жыр тиегін ағытқан шақта жыр мазмұнына орай үндес, сарындас сөздерді бірге ақтарған. Сондықтан да Махамбеттен ғасырлар бойы қалыптасып қалған ұйқас пен буын, бунақ санын іздеу _ бекершілік. Оның өлендеріндегі тармақтар мен шумақтардың соңғы сөздері ұйқаспағанымен де ішкі үндестік, ішкі ұйқас, дыбыс үндестігі, маржан сөз сол ұйқастардың бар-жоғын мүлде білдірмей, “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп” (Абай) есіліп тұрады. Махамбет поэзиясының жаңалығы да осында.
Жапанға біткен бәйтерек- Жапырағын байқасаң,
Жайқалмағы желден-ді...
(Айғайласып жауға ти)
Махамбет өлеңдерінде антоним сөздерді де әдемі ойната білген:
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
(“Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі”)
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ –
Достарыңызбен бөлісу: |