Зат есім – сөз таптарының ішінде ең молы және басқа сөздердің негізгі ұйтқысы. Зат есім басқа сөздермен қарым-қатнасқа түсіп, сөйлемде сөйлем мүшелерінің бәрінің дерлік қызметін атқарады. Дегенмен, зат есім заттық ұғымды білдіретіндіктен, оның сөйлемдегі ең басты, негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады.
Зат есімдер қандай сөзбен тіркесуіне және сөйлемде қай орында тұруына байланысты анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді. Мысалы:
(Бастауыш және баяндауыш)
Латын жай сөйлемдерінде қазақ тіліндегідей бастауыш сөйлемнің басында, ал баяндауыш сөйлемнің соңында тұруға тиіс.
Жаттығулар
1. Қалалардың аттарын үлгі бойынша түрі мен родын (тегін) ескере отырып, елдермен байланыстырыңыз: Roma in Italiā est. Athēnae in Graecia sunt.
Amstelodămum Амстердам Bruxellae, ārum Брюссель
De lunā
Forma lunae rotunda est. Luna terrae propinqua est. Luna et stellae noctu terram illustrant. Luna saepe figūram littĕrae C habet. Non simper lunam vidēmus: umbra terrae interdum obscūrat lunam. Luna plena nautis grata est. Luna et stellae nautis viam monstrant. Nautis multae stellae notae sunt. Dea lunae est Diāna.
І септеуге жататын зат есімдердің морфологиялық белгілері
Зат есімнің морфологиялық белгілері дегенде, оның тұлғасы мен қосымшалары туралы сөз етіледі.
Қазақ тілінде зат есімдер тұлғалық құрамы жағынан, ең алдымен, негізгі түбірлі зат есім болып келеді. Мысалы: ат, су, қол, қалам, мал. Сонымен бірге зат есімдер тұлғалық құрамы жағынан туынды түбірлі де болады. Мысалы: мал-шы, су-сын, біл-ім, тарс-ыл, ор-ақ, аз-шылық. Мұнда туынды түбірлер негізгі түбірлерге жұрнақтар қосылу арқылы жасалып тұр. Сондай-ақ, жұрнақтар арқылы зат есімдерден зат есім, сын есімдерден зат есім, етістіктерден зат есім, одағай, бейтарап сөздерден зат есім жасала беретінін байқаймыз. Сөйтіп, қазақ тілінде зат есімдерді түбір зат есімдер және туынды зат есімдер деп бөледі. Бұл екеуін қосып жалаң зат есімдер дейді.
Ал латын тіліне келсек, латын тілінің І септеуге жататын зат есімдері сын есімнен және етістіктен жасалады.
1. Сын есімдерге –ia, -itia жұрнақтарын жалғау арқылы сапалық және қатыстық зат есімдер пайда болады. Мысалы:
avārus, a, um сараң – avar-itia, ae f сараңдық
iustus, a, um әділетті - iust-itia, ae f әділеттілік
miser, era, erum бықытсыз – miser-ia, ae f бақытсыздық
2. Етістіктің инфект түбіріне -(e)ntia, -(a)ntia форманттарын жалғау арқылы сапалық зат есімдер пайда болады. Мысалы:
scire білу – sci-entia, ae f білім
ignorāre білмеу, көрінбеу – ignore-antia, ae f білімсіздік, топастық
-
Супинге -(t)ūra, -(s)ūra жұрнақтарын жалғау арқылы істің
нәтижесін көрсететін зат есімдер жасалады. Мысалы:
pingo, pinxi, pictum, ĕre сурет салу - pic-tura, ae f сурет
colo, colui, cultum, ĕre жөнеу - cul-tura, ae f жөнделген зат
Жоғарыда аталып өткен жолдармен жасалған І септеуге жататын зат есімдер латын тілінде жиі кездесіп қолданылады.
Етістік (Verbum)
Заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобын етістік деп атайды.
Латын тілінде етістіктің келесі грамматикалық категориялары бар: жағы (persōna), көптелуі (numĕrus), шағы (tempus), райы (modus), етісі (genus).
1. Латын етістігінің үш жағы бар:
persōna prima – I жақ
persōna secunda – ІІ жақ
persōna tertia – ІІІ жақ
Латын тілінде жіктеу барысында есімдіктер қолданылмайды, тек салыстырған жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан lego етістігін оқимын деп емес мен оқимын деп аудару қажет. Тағы ескеретін жағдай сөздікте етістіктердің бірінші жақтағы жекеше түрдегі формасы беріледі.
2. Екі көптелуі бар:
numerus singulāris – жекше түрі Мысалы: lego мен оқимын
numerus plurālis – көпше түрі Мысалы: legĭmus біз оқимыз
3. Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп аталатын түрі білдіреді. Қимыл, іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай латын етістігінің алты шағы бар. Шақтар екі топқа бөлінеді: инфект жүйесінің және перфект жүйесінің шақтары болып.
Инфект жүйесінің шақтары аяқталмаған істі сипаттайды да, оған келесі шақтар жатады:
praesens – осы шақ; етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дағдылы түрде болып тұратынын және қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді.
imperfectum – нақ өткен шақ;
futurum I (primum) – бірінші келер шақ; келер шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетіндігін көрсетеді.
Перфект жүйесінің шақтары керісінше аяқталған істі сипаттайды. Оған жататын шақтар:
perfectum – өткен шақ; қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын көрсететін етістіктің түрі
өткен шақ деп аталады.
plusquamperfectum – бұрынғы
өткен шақ
futurum II (secundum)- екінші келер шақ
-
Үш райы бар:
modus indicatīvus – ашық рай; осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағаналарының сөйлемде анық көрінуі
ашық рай деп аталады.
modus conjunctīvus – қалау райы; іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағанасында айтылатын етістіктің түрін
қалау райы деп атайды.
modus imperatīvus – бұйрық райы; істің бұйыру мағанасын білдіретін етістіктің түрі
бұйрық рай деп аталады.
-
Етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа (объектіге) қатысына байланысты мағналық және тұлғалық жағынан құбылуын (өзгеруін) етіс дейміз. Қазақ тілінде етістердің өзіндік мағанасы және морфологиялық көрсеткіштеріне қарай бес топқа бөлінсе, латын тілінде екі етіс бар: genus activum – өздік етіс, genus passivum – ырықсыз етіс.
Істі кімнің істегендігі көрсететін етістіктің түрі
өздік етіс деп аталады. Өздік етіс табыс септігіндегі тура толықтауышты қатыстырып та,қатыстырмай да айтыла береді. Мысалы:
Magister puerum laudat. Ұстаз баланы мақтайды
Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: Puer laudātur ā magistrō. Бала мұғаліммен мақталады.
2.3 Сабақты және салт етістіктер
Етістік – қыр-сыры мол, күрделі сөз табы. Етістіктердің бірқатары табыс септікті сөздерді тілейді де, енді бірқатары оны меңгере алмайды.
Табыс септікті форманы меңгеруге қабілетті етістіктерді сабақты етістік (переходные глаголы) дейміз де, табыс септікті меңгере алмайтын етістіктерді салт етістік (непереходные глаголы) дейміз.
Латын тілінің етістігі төрт жіктеуге бөлінеді. Төрт жіктеуге де жатпайтын ерекше етістіктер де кездеседі.
Қазақ тілінде тұйық етістіктер немесе етістік атаулары (infinitīvus) етістіктің түбіріне –у жұрнағы қосылу арқылы жасалса, латын етістігінің infinitīvus формасы -re жалғауына аяқталады. Төрт жіктеудің барлығында етістіктің infinitīvus формасы -re жалғауына аяқталып, осы жалғаудың алдында тұрған әріп арқылы жіктеулерге топтастырылады, етістіктің осы шақтағы түбірі анықталады. Яғни инфект түбірінің соңғы дауысты дыбысына байланысты төрт жіктеу бойынша етістіктерді бөлеміз. Үшінші жіктеуге жататын етістіктерде -re жалғауымен бірге ĕ жұрнағын алып тастау қажет етістіктің түбірін анықтау үшін.
Бірінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі -ā аяқталады. Мысалы: amā-re жақсы көру;
Екінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі -ē аяқталады. Мысалы: vidē-re қарау, көру;
Үшінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі u немесе дауыссыз әріптің біріне аяқталады. Мысалы: leg-ĕ-re оқу; (үшінші жіктеуге жататын етістіктің түбірін анықтау үшін -re жалғауымен бірге ĕ жұрнағын алып тастау қажет)
Төртінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі -ī аяқталады. Мысалы: audī-re тыңдау.
Сөздікте етістік бірінші жақ жекеше түрдегі формасында беріледі де, аудармасы infinitīvus формасында болады. Мысалы: orno - әшекейлеу, scribo- жазу, accuso – кіналау.
Жаттығу
1. Төмендегі етістіктердің түбірін тауып, жіктелу формаларын анықтаңыз:
Үлгі:
Инфинитиві
|
аудармасы
|
Түбірі
|
Жіктелу формасы
|
accusāre
|
кінәлау
|
accusā
|
1
|
Amāre жақсы көру, agĕre істеу, әрекет ету, accusāre кінәлау, audīre тыңдау, clamāre айқайлау, condĕre негізін салу, credĕre сену, dăre беру, debēre міндетті болу, dicĕre сөйлеу, docēre оқыту, ducĕre жетелеу, жеткізу dormīre ұйықтау, errāre қателесу, finīre аяқтау, habēre ие болу, laudāre мақтау, laborāre жұмыс істеу, legĕre оқу, mittĕre жолдау, monstrāre көрсету, movēre жылжыту, numerāre санау, narrāre әңгмелеу, ornāre әшекейлеу, scribĕre жазу, sentīre сезу, servīre қызмет ету, tenēre ұстау, timēre қорқу, valēre дені сау болу, vidēre көру, vincĕre жеңіске жету, venīre келу, vivĕre өмір сүру, arāre жер жырту.
De Dianā et Minervā
Diana et Minerva deae sunt. Diana est dea silvārum, praeterea dea lunae est. Diana sagittas habet. Sagittis bestias silvārum necat. Minerva dea pugnārum est et item litteras amat. Minerva hastā pugnat. In Graeciā et in Italiā sunt multae statuae Diānae et Minervae.
Етістіктің негізгі формалары
Латын тілінің етістігінің екі формасы бар. Олар: жақты (verbum finitum) және жақсыз ( verbum infinitum) формалары.
Латын тілінде етістіктің барлық түрі үш негізден құрылады. Олар:
1) инфект негізі;
2) перфект негізі;
3) супин негізі
Негіздерді сөздікте берілетін етістіктің төрт формасы арқылы анықтауға болады:
1) Preasens indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістіктің осы шақтағы ашық райдағы негіз етістің формасы (І жақ жекеше түрі): orno
2) Perfectum indicatīvi actīvi (persōna prima singulāris) – етістіктің өткен шақтағы ашық райдағы негіз етістегі формасы (І жақ жекеше түрі): ornāvi
3) Supīnum – супин: ornātum
4) Infinitīvus praesentis actīvi – етістіктің осы шақтағы негіз етістегі инфинитивтік формасы: ornāre
Латын тілінің инфинитивтік формасы қазақ тілінде тұйық етістікке ұқсайды. Қазақ тіліндегі тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы:
І жақ: Менің көруім Біздің көруіміз
ІІ жақ: Сенің көруің Сендердің көрулерің
Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулеріңіз
ІІІ жақ: Оның көруі Олардың көрулері
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады. Мысалы:
Қайталау – оқу анасы. Repetitio est mater studiōrum.
Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті. Vir patriam defendĕre debet.
Балалар латын тілін үйренуде. Libĕri lingua Latīna docent.
Қайталау (repetitio) - бастауыш, қорғауға (defendĕre) – толықтауыш, үйренуде (docent)- баяндауыш болып тұр.
Бірінші (praesens) және соңғы төртінші (infinitivus) формаларының түбірі (негізі) бір. Оны инфект түбірі (негізі) деп атайды. Екеуі де негізгі формаларға жатады, себебі жалғыз бір формасы бойынша жіктеу түрін анықтау қиындыққа соғады. Екі формасын қатар қолдана отырып, жіктік түрін дұрыс анықтуға болады. Латын тілінде инфект түбірі арқылы негіз және ырықсыз етістерде тұрған, шақтары бойынша аяқталмаған істі білдіретін етістіктер жасалады.
Екінші формасы – перфект түбірі - І жақта жекеше түрде тұрған перфект формасының –і жалғауын алып тастау арқылы анықталады:
-
1 Sing.perf.ind.act.
|
Перфект түбірі
|
ornāvi
|
ornāv-
|
Перфект түбірінен аяқталған істі білдіретін негіз етіс формасындағы етістіктер формасы жасалады.
Супин (Supīnum) - етістіктен жасалған түбірі -
ŭ –ға аяқталып, табыс септігінде тұрған зат есім. Супин қимылды білдіріп, істің мақсатын сипаттайды. Мысалы: Venio ornātum.
Әшекейлеу үшін келдім.
Супин түбірін супин формасының –um жалғауын алып тастау арқылы анықтауға болады.
-
Супин (supinum)
|
Cупин түбірі
|
ornātum
|
ornāt-
|
Супин түбірінен перфект қатарына жататын өткен шақта тұрған ырықсыз етіс (рarticipium perfecti passīvi) формасын құруға болады.
Жіктік жалғау
Жіктік жалғауы басқа қосымшалары сияқты сөз бен сөзді байланыстырып, қарым-қатнасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді.
Сөздерге жіктік жалғауы үш жақта, жекеше және көпше түрде жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.
Латын тілінде етістіктер төрт топқа бөлініп жіктеледі.
I-IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
Етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасы түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:
-
Жақ
|
Singularis
|
Pluralis
|
1
|
-o, -m
|
-mus
|
2
|
-s
|
-tis
|
3
|
-t
|
-nt
|
а) бұл жалғаулар І, ІІ, ІV жіктік тобындағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанады, тек қана ІV жіктік топтағы етістіктердің 3 жақ көпше түрінде түбір мен жалғауды -
u жұрнағы
байланыстырады;
б) ал жалғаулар ІІІ жіктік топтағы етістіктердің түбіріне тікелей жалғанбайды, арнайы ереже бойынша жұрнақ арқылы жалғанады яғни m, s, t әріптері ĭ жұрнағы арқылы, r әрпі ĕ жұрнағы арқылы, nt u жұрнағы арқылы байланысады.
I жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
Numerus
|
Persona
|
I жіктік топтағы етістіктер
ornāre - әшекейлеу
|
Sing.
|
1
2
3
|
orno
orna-s
orna-t
|
мен әшекейлеймін
сен әшекейлейсің
ол әшекейлейді
|
Pl.
|
1
2
3
|
orna-mus
orna-tis
orna-nt
|
біз әшекейлейміз
сендер әшекейлейсіңдер
олар әшекейлейді
|
II жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
Numerus
|
Persona
|
II жіктік топтағы етістіктер
vidēre - көру
|
Sing.
|
1
2
3
|
vidē-o
vidē-s
vidē-t
|
мен көремін
сен көресің
ол көреді
|
Pl.
|
1
2
3
|
vidē-mus
vidē-tis
vidē-nt
|
біз көреміз
сендер көресіңдер
олар көреді
|
IIІ жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
Numerus
|
Persona
|
IIІ жіктік топтағы етістіктер
legĕre – оқу
|
Sing.
|
1
2
3
|
leg -o
leg – ĭ- s
leg – ĭ - t
|
мен оқимын
сен оқисың
ол оқиды
|
Pl.
|
1
2
3
|
leg - ĭ- mus
leg - ĭ- tis
leg - u - nt
|
біз оқимыз
сендер оқисыңдар
олар оқиды
|
IV жіктік топтағы етістіктердің Praesens Indicativi Activi формасында жіктелуі
Numerus
|
Persona
|
IV жіктік топтағы етістіктер
audīre – тыңдау
|
Sing.
|
1
2
3
|
audī-o
audī-s
audī-t
|
мен тыңдаймын
сен тыңдайсың
ол тыңдайды
|
Pl.
|
1
2
3
|
audī-mus
audī-tis
audī -u - nt
|
біз тыңдаймыз
сендер тыңдайсыңдар
олар тыңдайды
|