К. С. Ислям латын тілінің шығу тарихы мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық



бет4/6
Дата23.02.2016
өлшемі430.5 Kb.
#7780
1   2   3   4   5   6

8 Римнің төлеу әдістері
Ең басты төлеу әдісі мал айырбасы болды. Римде ақшаның «пекуниа» («пекус - мал») аталуы осымен байланысты. Кейін саудада тауар үшін мыстан жасалған бөлшектермен есеп алысты, ал қазіргі ақшамен есеп алысу Римде б.з.д. V ғасырда пайда болған. Белгілі ақша бірлігі мыстан жасалған асс болды - мыс кесегі , салмағы 1 римдік фунт, немесе 1 либра (327, 45г.). Италияның аймақтарында салмақтың жүйесі әр түрлі болды. Кейіннен Италияның жерлерінде басты өлшем салмағы рим либрасы болды, Сондықтан асс салмағы 327, 45 гр «Н» әрпімен белгіленді. Уақыт өте римдік асстың салмағы жеңілдене бастады, б.з.д. I ғасырда асстың құны жоғалды, сол себептен римдіктерде «құнсыз» деген сөздің орнына «Астың құнындай» деген сөз тіркесі пайда болды. Тек б.з.д. IV ғасырдан бастап Римде күміс ақша соғыла бастады. Оның шығуына басты себепкер - гректер. Б.з.д. 340 жылдары орамжапырақтай күміс ақшаларды - дидрахмаларды (салмағы 7,58 гр., кейіннен – 6,82 гр..) гректердің үлгілерімен Римде жасай бастады. Ақша мекемесі Римде б.з.д. 289 жылы 3 адамнан тұрды. Олардың бірінші шарты - ақшаны шығару. Күміс ақша - денарий және сестерций – б.з.д. 269 немесе 268 жылы Римде жасалына бастады, денарийдің салмағы 4,55 г немесе 1/7 г рим либрасы. 2 –ші Пуникалық соғыстң дәуірінде алтын ақша таралды – скрупул, оның құны 20 күміс сестерций.

Рим Республиканың соңғы жылдары кезеңінде алтын ақша айналымға кірді «алтын» деп аталатын – жалғыз осындай алтын денарий 100 сестерцийге тең. Августың тірі кезінде алтын ақшалар римде бекітілді, үш металлды жүйесі пайда болды (мыс – күміс – алтын). Августың реформасына дейін Рим мемлекетінде алтын ақша жүйесі пайдаланбаған, ақшалар Грек стандартымен жасалына бастады, алайда салмағы бір болған жоқ: «алтын» Августтың тірі кезінде 8,19 гр. болса, Нерон кезінде 7,28 гр. болды. Нерон ақшаның жүйесіне жаңа өзгерістер әкелді. Римдік ақшаның жүйесінде «императордың тәжі» белгісі болды.

«Алтыннан» басқа рим ақшасының жүйесіне өзіне күміс ақшаларды қосты: 1 денарий = 4 сестерций =10 ассқа; 1квиннарий = 2 сестерций = 5 ассқа; 1 сестерции = 2,5 ассқа; 1 триент = 1/3 ассқа; 1 квадрант = 1/6 ассқа, ең кіші ақша унции = 1/12 ассқа тең. Константин императоры айналымға екі асстық ақшаны кіргізді – дупондий. Ақырғы ғасырлар Батыс Рим империясы жаңа алтын ақшаны жасай бастады – солид. Ежелгі Римнің патшасы Сервий Тулий ақшаны мемлекеттік белгімен белгілеген. Денарийдің салмағы 10 фунт, квинарии – 5 фунт, ал сестерции -2,5 фунт болу керек еді,- Карфаген соғысына ақша жетпегені үшін, ақшаны ауыстыруға мәжбүр болды. Бұл өлшем дұрыс болып шығып, өте көп пайда әкелді. Штемпель көмегімен мыс ақшаларға бір жағынан Янустың басын, екінші жағынан кеменің бір бөлігін бейнеледі, ұсақ ақшаларда – триента және квадранта – кеменің бейнесін орнатты. Империяның дәуірінде реформалар өткізілді. Қазна екіге бөлінді: императорлық және сенаттық, сондықтан императорлық және сенаттық ақша жасалына бастады. Императорлық ақшалар күміс және алтын белгімен, ал сенаттық ақшалар тек қана қола болып, S және С әріптері белгіленді, «сенатус консультум». Республика және империя ақшаларында өзгешеліктер көрінеді. Республика кезеңде ақшаларда Янус, Юпитер, Марс, Юнон, Минер, Беллоланың бастары бейнеленсе, тек Цезарь кезінде сенаттың рұқсатымен ақшада өз суретін бейнеледі. Октавиан Августың, Марк Антонийдың, Клеопатраның портреттері ақшада сақталған. Күмістен, алтыннан бірінші шығарған ақшаны Плинии Үлкені «қылмыскер» деп атайды. Себебі, алтын үшін қан төгісі аз болған жоқ.

Рим өлшеу жүйесі, әр аумақта әр түрлі. Метрикалық жүйе XVIII ғасырда орнатылды, бірақ әлі күнге дейін кейбір елдерде қабылданған жоқ. Бастапқы Римнің өлшем ұзындығы фут 29,6 см-ге тең. Үлкен қашықтықтарды өлшеу үшін миля пайдаланды, ол 1478,8 м-ге тең. Салмақты фунтпен өлшеді – 327 гр, ол 12 унцииға бөлінді – 27,2 гр. Көлемнің бірлігі «конгии» - 3,3 литр.

Б.з.б. 753 жылы Римді Ромул құрды. Ол бір жылды 10 айға (Ромул жылы) наурыздан бастап бөлді. Алайда 10 айлық жыл ұзақ болған жоқ, келесі патша Помпилий оны 12 айға ауыстырды. Келесіде жылдың басын 1 қаңтарға көшірді. Цезардың қолдауымен күнтізбе қайта қаралды және айлардың күндері саналды. Бұл күнтізбемен Ресей 1918 жылға дейін қолданды.

Апта күндері жұлдыздар атауларымен белгіленді: Ай, Марс, Меркурии, Юпитер, Венера, Сатурн және Күн. Апта сенбіден (Сатурн) басталды. Айдың кейбір күндері ерекше атаулармен белгіленді. Мысалы, айдын 1-ші күні – «календа», 5 немесе 7-ші күн – «нона», 13 немесе 15-ші күн – «ида» деп аталды. Римдіктер тәулікті өлшеу жүйесін әлі білген жоқ. Рим тәулігі екіге бөлінді: күн және түн болып.


9 Рим Республикасы және оның әскері
Римдік демократиялық ортада үлкен беделге ие болған Гай Марий римдіктердің Иберия мен Нубидиядағы соғыстары кезінде алға шықты. 107 ж Марий консул болып сайланып, өзінің барлық көңілін римдік әскерді күшейтуге бағытталды. Уақыт өте келе, Рим әскері, бұрынғы бүкіл азаматтар енген милицияның орнына, екінші Пун соғысынан кейін, яғни ұзақ соғыстар мен үлкен жаулап алушылық кезеңдерде Римде және бүкіл Италияда үлкен әлеуметтік өзгерістер жүзеге асып, төменгі таптардан өз еркімен еріп келген сарбаздардан тұратын, мамандандырылған келісімшарт әскері қалыптасты. Осының нәтижесінде әскердің құрамы өзгеріп, цензі жоқ азаматтар да әскер қатарына алына басталды. Он алты жылдық әскери қызмет орнатылды. Сарбаздардың өз еркімен әскер қатарына енуінің нәтижесінде милициондық римдік әскер мамандандырылған әскерге айналды. Әскер құрамының өзгеруі оның қайта құруын керек етті.

Марийдің ұсынысы бойынша бірқатар ұйымдастырушылық шаралар өткізілді. Марий дәуірінің алдында үш қатарлы жабдықтандыру ерекшелігі жойылғанға байланысты легиондарды велиттер, гастаттар, принциптер мен триарийлерге бөлінуі жойылды. Жеңіл жаяу әскері жойылды. Әскердің жеке түрі ретіндегі салт атты әскер жойылып, ол толығымен легион құрамына енді. Легионның шабуыл жасау тәртібі өзгерді: әрбір үш манипул бір кагортаға (600 адам) біріктіріліп, екі қатарға орналасты (әрбір қатар бес кагортадан тұрды). Тактикалық бірлікке кагорта айналды.

Рим әскерінің қайта құрылуының жағымды және жағымсыз жақтары болды. Легионның ұйымдасуы күрделенді (легион–кагорта–манипул), бірақ тактикалық қозғалыс пен легионды басқару жеңілдетілінді. Шабуылға дайындық пен шабуыл кезіндегі басқару құрамының рөлі мен мағынасы жоғарлады. Бірақ манипул бірігуінің нәтижесінде өтілген аймақта легиондардың еркін қозғалысы шектелді. Легиондардың әскери тәртібінің тактикалық тереңдігі қысқарды. Легионның бөлігі велиттердің (жеңіл жаяу әскер) жойылуы, шабуылдың табысты аяқталуы мен одан шегінудің ықтималдылығы кеміді. Соғыстың тек тез және шешуші шабуыл жасау формасы ғана жүзеге асырылуы тиімді еді. Әскердің техникалық жабдықталуы күшее түсті. Шанцтік құрал жабдықтар кең пайдалына басталды, сонымен қатар инженерлік арбалар пайда болды, бірақ осыған қарамастан легионерлер міндетті жеке жүгінен кұтылмады. Осының нәтижесінде Марийдің жаулары римдік сарбаздарды «әртүрлі жүкпен жүктелген есектер» деп келемеждей бастады, осыған қарамастан Марий өз іс- әрекетіне мызғылмайтын болып қала берді.

Өткізілген реформалар, әрине, римдік әскердің күшеюіне әкелді. Әскердің мамандандырылған әскерге өзгеруі республиканың саяси өміріндегі рөлін өзгертті. Қолбасшының рөлі аса жоғарлады, әрбір жеке мамандандырылған сарбаздың қамы көбінесе оның қолында еді. Іс жүзінде әскер жеке топталған ірі құлиеленушілердің қаруына айнала бастады, олар Римде әскери диктатураны орнатуға тырысты.

Рим әскері алғашқыда нумидиялықтармен олардан кейін б.з.д. 113 жылдан бастап Рим республикасының шекарасына үнемі жорық жасаған «варварлармен» соғысу нәтижесінде күшейді. Олар кимврлер мен тевтон тайпалары, олардан кейін галл тайпалары еді. Осы тайпаларда рулық құрылыс қалдықтарының сақталуы нәтижесінде, оларда бірігушілік пен өзара көмек көрсету шабуылдарда байқалған. Кимврлер мен тевтондар соғысқа жанұясымен, арбаларымен, төлдерімен аттанған.

Б.з.д. 105 ж. Араузион түбіндегі (Рона өзенінің төменгі ағысы) шайқаста екі римдік әскер қаза тапты. Бірақ кимврлер мен тевтондар Италияға бармай Испанияға аттанды, осының нәтижесінде римдіктер олардан бірнеше жыл демалды. Осы уақыт ішінде римдік әскердегі қайта құрылу аяқталып, ол күшее түсті.

Б.з.д. 102 ж. «варварлар» қайта Италияға шабуыл жасады. Марий Изера (Рона ағысы) өзенінің төменгі ағысы маңында тосқауыл ретінде жасақталған лагерь орналастырды. Тевтондар Римдік лагерьге шабуыл жасап, оны ала алмаған соң, лагерьді айнала бастады. Өткен кезде олар шайқымазақпен римдіктерге: «Әйелдеріңе сәлем айтқыларың келмей ме?» деп, айқайлаған еді. Тевтондар өткен соң, Марий басшылығымен легиондар олардың ізімен барып, Аква Секстиев түбінде оларды талқандады. Келесі, б.з.д. 101 ж. Верцеллы түбінде (жоғарғы Италия) римдіктер кимврлерді талқандаған еді. Римдіктердің қолына 150 мың тұтқын түсіп, олардың барлығы құлдарға айналды. Халықтардың бірінші қоныс аударылуына тойтарыс берілді. Римдік легиондар әлі соғысқа жарамды болды.

Өзінің құрастырылуы жағынан римдік ұрыс кемелері Греция мен Кіші Азияның эллиндік кемелерінен айырмашылығы болған жоқ. Римдіктерден біз кемені негізгі қозғалысқа келтіретін он және жүз шақты ескектерді, сондай-ақ көпярусты компановка, фор эстетикасы мен ахтерштевнилерді іздестіреміз.

Барлығы сол күйінде, бірақ кішкені өзгеріске ұшыраған кемелер ірілене түседі.

Римдік классификация бойынша барлық шайқасушы кемелер «ұзын кемелер» деп аталған. Себебі олардың корпустары болды, енінің ұзындығына қатынасы 1:6 және одан да көп.

Ұрыс кемелеріне қарама-қарсы транспорттық кемелер болды

( naves rotundae «дөңгелек кемелер»). Ұрыс кемелері таранның бар болуы және жоқ болу сипатына байланысты птекюле (таранмен) және қалғандары жай кемелер болып бөлінде. Сондай-ақ кейде бір немесе екі қатарлы ескектері бар кемелер желкені болмағандықтан ашық naves apertae (гректерде афракты). Жабық кемелер naves constratae (гректерде катафракты) болып бөлінді.

Ұрыс кемелерін ескектер қатарының санына байланысты классификациялау нақты және кең таралған болып табылады.

Бір қатарлы ескегі бар кемелер (тігінен) монера (moneris) және унермалар деп, ал қазіргі заманғы әдебиеттерде жай ғана галера деп жиі аталады; екі қатарлы ескекпен – бирем немесе либурн, үшеумен – триер немесе трирем, төртеумен – тетрер немесе квадрирем, бесеумен – пентер немесе квинкверем, алтаумен – гексер деп аталды.

Бірақ әрі қарай нақты классификация шындыққа сай келмейді. Антик әдебиеттерінде гептер, актер, эннер, деиемрем және осылай седеиимремге (16 қатарлы кемелер) дейін кездестіруге болады. Егер бұл санмен ескекті ярустардың санымен түсінсек, онда техникалық және әскери жағынан да шындыққа жанаспайды.

Үлкен кемелер көптеген жағдайларда қола пластиналармен қапталды, және ылғи да шайқасқа түсер алдында бұқаның суға малынған терілерімен кмелерде ілініп өрт тұтандырушы қарудан сақтады.

Рим кемелері орташа жағдайларда грек және карфаген кемелерінің тобына ұқсас. Жол бойында жел тұра қалса, кемеде мачта тұрғызған (квинкерем мен гексерде үшке дейін) және оларға желкен көтерген. Шайқас алдында желкенді орап, қораптарға салып, мачталарды палубаға қойған.

Римдік кемелер гректік сияқты ашық теңізде ұзақ соғысуға емес, жағаға жақын жердегі теңіз шайқастарын жүргізуге оңтайлы болды.

Орташа кемеде 1,5 жүз ескекшілер мен 20-30 матростар мен теңіз пехоталарының центурийлерін ұстап тұру мүмкін емес болды, сондықтан кешке қарай флот жағаға тоқтайтын.

Экипаж, ескекшілер мен теңіз пехоталарының үлкен бөлігі кемелерден түсіп, палаткаларда түнеді. Таң атқанда әрі қарай жүзді.

Кемелер тез құрылды. 40-60 күннің ішінде римдіктер квинкверемді тұрғызып, оны толық іске қоса алды. Бұнымен Пун соғыстары кезінде Рим флоттарының үлкен көлемде шығарылуымен түсіндіріледі. Мысалы, кейбір есептеулер бойынша, бірінші Пун соғысы кезінде (б.з.б. 264-241 жж.). Римдіктер бірінші класстағы мыңнан аса шайқасушы кемелерді қатарға қосқан: триермадан квикверемаға дейін (унирем мен биремді есептемегенде).

Кемелердің теңізде жүзуі өте нашар болды, және кездейсоқ күшті дауыл болып қалған жағдайда флотқа толық суға бату қауіпі төнетін. Сол бірінші Пун соғыстары кезінде штормдар мен дауылдардың кесірінен римдіктер бірінші классты екі жүз кеме жоғалтқан. Басқа жағынан, жеткілікті прогрессивті технолнгиялар арқасында, егер кеме аяқ астынан немесе жаумен күресте опат болмаса, ол өте ұзақ мерзім қызмет еткен. Қызмет мерзімі 25-30 жыл болып есептелді (салыстыру үшін: ағылшын шепті кемесі «Дредноут» (1906) құрылыстан соң 8 жылдан соң ескіріп қалды, ал «Эссекс» америкалық авианосец 10-15 жылдан соң резервке енгізілді).

Жол бойындағы тек жел болғанда желкендер көтеріліп, ал қалған уақыттарда ескекшілердің күші қолданылды. Ауыр римдік кемелердің жылдамдығы гректердікінен де аз болған.

«Тез жүзгіш» кеме 7-8 узел жүзуге шамасы бар (14км/сағ), ал квинквер крейсерлік жылдамдықпен 3-4 узелге жететін кемелер жатты.

Кеме экипажы римдік құрлық армиясына ұқсас «центурия» деп аталды. Кемеде екі басты міндеткер тұлға болды. Жүзу мен навигацияға жауапты капитан («центурион») және күрес қимылдарын жүргізуге жауапты центурион. Соңғысы бірнеше ондық теңіз пехоталарын басқарды.

Республикалық кезеңде (б.з.д. Ү-І ғғ.) римдік кемелердің экипажының барлық мүшелері ескекшілерді де қосқанда ерікті жалдамалылар болды (грек флотында да сондай болған). Бірақ кейін ескекшілер ретінде шынында да құлдар мен тұтқындарды қолданған.

Флотқа алғашында екі «әскери-теңіз дуумвир» басшылық етті. Кейін прфектілер пайда болды. (қазіргі кездегі статус бойынша адмиралдарға жақын).Бірнешеден бірнеше ондаған кемелерге кейде құрлық командирлері басшылық етті.

Биремдер екіярусты ескекті кемені білдіреді, ал либурналар екіярусты сияқты бірярусты нұсқада құрыла алды. Биремде ескекшілер саны – 50-80, теңіз пехота саны -30-50.

Бірінші Пун соғысы барысында биремдер карфагендік жоғары бортты, тарандық соққыдан көптеген ескектермен қорғалған квадриремдерге қарсы тиімді күресе алмағаны анықталды. Биремдер мен либурналар келесі ғасырлар тоғысында барлаушы және бақылаушы қызметтерде, ұсақ өзендерде әскери қимылдар үшін қолданылған. Сондай-ақ биремдер бір қатарлы сауда және ұрыс галераларға (пираттық) қарсы тиімді қолдана алды, биремдер олармен салыстырғанда жақсы қаруланған және қорғалған болды.

Теңізде жүзуші либурналармен қатар римдіктер көп әр түрлі өзенде жүзетін либурналарды тұрғызған, олар Рейн, Дунай, Ніл өзендерінде ұрыс қимылдарына қолданылған.

Ауыр кемелер: квадриремдер мен квинкверемдер. Квадриремдер мен ірі ұрыс кемелері сирек кездескен жоқ, бірақ тек ірі әскери компаниялар барысында тұрғызылды. Пун, Сирия, Македон соғыстары кезінде, яғни б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. еді. Алғашқы квадри және квинкверемдерді бірінші рет римдіктер бірінші Пун соғысы кезінде кездестіріп, карфагендік кемелердің үздік көшірмесі ретінде үйренді. Бұл антикалық замандағы линкорлар таранмен қаруланбады, теңіз пехотасының ірі партиясымен (300 адамға дейін), айналдырып лақтырушы машиналармен (бортта 8- ге дейін) жабдықталды, өзіндік жүзгіш қорғандармен қызмет етті, олармен жұмыс істеу карфагендерге қиын болды.

Рим кемесінің басты қаруы теңіз жаяу әскерлері болды. Егер гректер мен эллиндік мемлекеттердің кемелері негізгі тактикалық іс-қимылда mutatis mutandi тарандық соққыны қолданса, римдіктер бірінші Пун соғысының өзінде-ақ шешуші абордажды ұрысқа шыққан.

Римдік manipulari (теңіз пехотасы) ұрыстық қасиеттері болды. Карфагендіктердің өз кемелерінің жылдамдығы мен маневріне қарап, үздік теңізшілер болса да, бірақ римдіктерге қарсы тұра алмады. Алғашында Милла тұсындағы теңіз ұрысында жеңіліп, ал бірнеше жыл өткеннен кейін абордажды «ворондармен» қамтамасыз етілген римдік квинкиремдер Эгат аралдары тұсында Карфаген флотын талқандады.

Бірінші Пун соғысы кезінен шабуыл жасаушы трап «ворон» яғни ( қазақша «қарға», лат.corvus ) бірінші классты римдік кемелердің бөлінбес атрибуты болып табылады. «Ворон» ерекше құрылымы бар шабуыл жасаушы трап болы, ұзындығы 10 метр және ені шамамен 1,8 метр болды. «ворон» деп қарғаның тұмсығы тәріздес темір күршегі үшін аталды, ол шабуыл жасаушы траптың үстіңгі жағына орналасты. Қарсылас кеменің ескектерін сындырған кезде, римдік кеме «воронды» түсіріп, жаудың кемесіне күршегімен ілінген. Осы арқылы римдік теңіз жаяу әскері қарсылас кемеге енген.

Одан кейін римдік авторларының жазуы бойынша «өз қолбасшыларының көз алдында ұрыста көзге түсуге тырысқан әскерлердің қажырлығы мен батырлығы жеңісті шешкен».

Рим флотында қолданылған қызықтырарлық айналдырып лақтырушы машина – иолибол – палинтон тәрізді жартылай автоматты тас лақтырушы тәрізді болды. Сипаттауларға сенсек, бұл машина үлкен емес тастармен (4кг) атқан.

Соған ұқсас, бірақ ірілеу және тұтандырушы жебелермен атуға арналған машиналар жағалаудағы батареяларда қолданылды.

Отты қару ретінде римдіктер Крит жалдамалы жебешілерін пайдаланды. Крит жебешілері өздерінің мергендігімен аты шығып, тамаша тұтандырушы жебелерімен әйгілі еді. Жебелер, найзамен, темірмен қапталған ағаштардан басқа, римдік кемелік баллистер, сондай-ақ ауыр темір гарпундермен (лат.harpar ) атқан. Гарпунның ұшы айлакерлік құрылыммен жасалған. Жау кемесінің корпусына кірген соң, ол ашылып, гарпунды кейін кіргізу мүмкін емес болды. Осылайша, жау кемесі «аркарили» бірден 2-3 кемемен қалыптасқан тактикаға, абрдаждық ұрысқа көшті.

Жоғарыда айтылғандай техникалық және артиллериялық мүмкіндіктерге қарамастан, таран (лат.costru) баллистар мен скорпиондарға қарағанда тиімді және қуатты кеменің қаруы болды.

Тарандар темірден немесе қоладан жасалып, қос түрінде пайдаланылды. Ірі таран рострум (үш тіс формасында) су астында болды және жау кемесінің су астындағы бөлігін талқандауға арналды. Рострум салмағы бірсыпыра болды. Мысалы, израильдік археологтармен табылған грек биремасындағы рострумдардың салмағы 400 килограмм болды. Римдік квинквиремдердің рострумдарының салмағы қанша екенін ойлауға болады.



Кіші таран. (проемболон). Суда болды және қой, шошқа, қолтырауынның басы тәріздес формада болды. Бұл екінші кіші таран бөгет жасаушы буфер ретінде қызмет етті:

а) жау кемесінің бортымен соққы беру тұсында кеменің форштевін талқандауға;

б) жау кемесінің корпусына рострумның тереңдей енуіне;

Соңғысы шабуыл жасаушыға қайғылы нәтиже беруі мүмкін еді; таран жау корпусында тұрып қалып, шабуыл жасаушы маневрлігін толық жоғалта алды. Егер жау кемесі өртенсе, шабуыл жасаушы кеме онымен бірге өртеніп кетуі мүмкін болды. Егер де жау кемесі батып кетсе, тарансыз қалуға және онымен бірге батып кетуге ықтимал еді.

Өте қызықты және тіпті қатаң «дельфин» деп аталатын қару болды. Дельфин ұзынша келген тастан немесе қорғасыннан тұрды. Оны ұрыс алдында мачтаның төбесіне немесе арнайы ататын жерге көтеріп, жау кемесі жақын араға жақындаған кезде мачтаны (ататын жерді) жаудың үстіне қаратып, дельфинді ұстап тұрған тросты үзіп жіберген. Дельфин желкенсіз кемелерге ғана қарсыласуға тиімді болды деп есептеледі, басқа сөзбен бірінші классты кемемен қақтығыста емес, пираттық фелюк немесе либурнге қарсы қолданыла алды. Осы себеп бойынша римдік триерлер мен квадриремдерге қарағанда «дельфин» қаруланбаған көпестік кемелердің атрибуты болды.

Рим кемелері «тістеріне шейін қаруланған» болып, тұтандырушы құралдар ретінде «жаровнялар» мен сифондар қолданылды.

«Жаровнялар» қарапайым шелектерге ұрыс алдында жанатын сұйық зат құйылып, оны тұтандырды. Сосын кеменің тұмсығынан 5-7 метр орналасқан ұзын багра немесе ататын жерге ілініп қойылды. Жау кемесінің үстінен ататын жері келген кезде, не өзі тоңқарылып құйылды, не бұл мақсатта арнайы жіпті тартып қалып отырды. Осы қарудың көмегімен римдіктер панорма (б.з.д. 190 ж.) тұсындағы сириялық флотпен шайқаста блокадаға өтіп кеткен.
10 Ежелгі Рим өнері
Ежелгі Рим өнері ежелгі Греция өнері сияқты құлиеленуші қоғамда дамыған, сол себептен «антикалық өнер» деген кезде осы негізгі екі компоненттер жайлы сөз қозғалуда. Ежелгі римдік шеберлер эллиндік әдет-ғұрыпты жалғастырғанмен, ежелгі Рим өнері–дербес, тарихи оқиғалар мен өмір салтымен өзіндік діни көзқарастармен, римдіктердің өзіне тән мінездерімен және т.б. факторлармен анықталады.

Римдік өнер ерекше көркемдік құбылыс ретінде тек ХХ ғ. зерттеле басталды, тек сол кезде ғана оның қайталанбас және ерекше екендігі түсінілді. Көптеген танымал антиктанушылардың ойынша римдік өнер тарихы әлі күнге дейін жазылмаған және оның қиын мәселелері ашылмаған.

Ежелгі Рим өнерінің ерекше бейнелері. Гректермен салыстырғанда ежелгі Римдіктердің еңбектерінде символика мен аллегория көп кездеседі. Осылайша эллиндердің пластикалық бейнелері артта қалып, римдік кескіндеме өнері алға шықты, онда иллюзорлық кеңістік формасы тек фреска мен мозайкада ғана емес, сонымен қатар рельефте де кездеседі. Мена де Скопаса мен Ника Самофракиялық сияқты ескерткіштер осы кезеңде жасалмады, рельефтер енді жеке тұлғаның бет әлпеті мен мінез ерекшеліктерін дәл көрсететін керемет мүсіндік суреттерді және нақты тарихи мәліметтерді көрсететін рельефтерді жасаған. Гректерге қарағанда римдік шеберлер өмірді пластикалық бірлікте көрген, олар бүтінді бөліктерге бөліп, анализдеуге басым болды. Гректер дүниені барлығын қамтыған және байланыстырған ақындық аңыздардың түтінінің ішінен қарағандай болды. Римдіктер үшін ол түтін тарқи бастап, болып жатқан құбылыстар тануға оңайланып анығырақ қамтылды, мұның барлығы әлемнің тұтастығының жоғалуына әкелді. Ежелгі Римдегі мүсіншілер тарихи рельефтер және портреттермен ғана танылса, гректерде сирек кездескен фреска, мозайка, құрылғы кескін сияқты, көлемдері мен пішіндері иллюзорлы бейнелеу өнері кең тараған.

Сәулет өнері инженерлі-құрылыс жағынан, сондай-ақ ансамбілдік жағынан керемет жетістіктерге жетті. Римдіктердің көркем бейнелері мен кеңістіктің байланысы жөніндегі түсініктері де жаңарып, өзгерді. Классикалық Парфенонның шағын және канцентірлілігі оны ошақтамай, керісінше Акропольды айнала орналасқан далаға ашық екендігін жеткізіп, көрсетеді. Римдік сәулет өнерінде өзінің құрылымдық көлемдері мен таңқалдыратын оқшау пішіндерге басым болатын. Ежелгі сәулетшілер жартылай қабырғаға енген бағаналы жалған перипетраларға құмар еді. Егер ежелгі грек алаңдары мысалы Афиндегі Агора немесе басқа да эллиндік қалалардағы алаңдар, баршаға ашық болса, римдік алаңдар не Август пен Нерон форумдары сияқты айнала қоршаланып, не ойпаттарда орналастырылды.

Дәл сол қағидалар мүсін өнерінде де байқалды. Грек атлеттерінің пластикалық дене пішіндері әрқашан ашық бейнеленеді. Басына киім кешектерінің шетін оранып құдайға құлшылық еткен римдіктің мүсіні көбіне өз ішінде оқшауланып, шоғырланған. Рим шеберлері мүсіндік бейнелерде адамның жеке тұлғалық индивидуалдық қасиеттеріне көп көңіл бөлген.

Римдік сәулетті пластикалы бейнелердің жүйесі күрт қарама-қайшы. Бұлардағы формалардың шағындығы жалған, ол эллиндердің классикалық формаларына ұқсастандырудың нәтижесінде пайда болған. Гректерге қарағанда римдіктерді пішін, көлем, кеңістік түсінігі әлде қайда басқа болуының себебі олардың концентрлі емес эксцентрлі ойлауының нәтижесінде. Бұл күйде Рим өнері адамның дүниені түсінуінің жаңа эстетикалық сатысы. Рим ескерткіштерінің екіжайлығын тудыратын Рим бейнелеушілерінің эллиндік классикалық пішіндерге бас бұруы, қазіргі кезде сол кездегі жаңашылықтарға жауап болған реакция ретінде танылады. Көркем пішіндерінің бүтіндігінің жоғалуы, олардағы қайшылықтар мен шектелгендіктерін қанағаттандыру үшін римдіктерді ірі көлемді кейде таңқажайып құрылыстарды көтеруге мәжбүр еткізді. Мүмкін сол себепті римдік күнбездер, форумдар ал көп жағдайларда мүсіндік шығармалар ежелгі гректердікінен біріспыра ірілеу.

Ежелгі Рим өнеріне «кеңістік» факторының ықпалы. Ежелгі Рим республикасының өнеріне маңызды ықпал тигізген факторлардың бірі, орасан зор кеңістік. Рим өнерінің территориалды шектерінің үнемі өсуі мен динамикасы, сонымен қатар б.з.д. V ғ. бастап оның өрісіне этрус, италий, галл, мысырлық әсіресе грек өнерлерінің формаларының енуі, тек қана римдік көркем өнерінің патенциалының қасиеті ғана емес. Бұл үрдіс, жалпы еуроппалық өнердің дамуымен байланысты, оның ішінде римдік бастаманың рөлі ерекше–антика дәуіріндегі көркем өнерінің сақтаушысы, түсіндірушісі мен қатар өзіндік римдік негіздерін салушы. Римдік жалында әртүрлі көркем өнер құндылықтары балқытылып, нәтижесінде жаңа сонымен қатар антикалық ғұрыптарды сақтаған ортағасырлық эстетикалық тәжірибе пайда болды. Атлант мұхитының Пириней жағалауларынан бастап, Сирияның шығыс шекараларына дейін Британ аралдарынан бастап, Африка континентіне дейінгі аймақта көптеген тайпалар мен халықтар империяның астанасы мен ұсынылған көркем жүйелерінің ықпал өрісінде мекендеген. Рим өнерінің жергілікті өнермен қатынасуы өзгеше ескерткіштердің пайда болуына әкелді. Астаналық формаларға қарағанда, мүсіндік портреттердің таңғалдыратындары: солтүстік Африканың–формаларының экспресивтілігі, кейбір британдықтар –ерекше салқындық, тәкаппарлық, пальмирлік –шығыс өнеріне ылайық бас киімдердің, киімнің өрнектелген әшекейлігі, құндылықтар. Сондада б.з. 1 мыңжылдығының ортасында, антика дәуірінің аяқталған шегінде Жерорта теңізінің жағалауында әртурлі эстетикалық негіздердің байланысу тенденцияларының пайда болып, ерте орта ғасырдың мәдениетінің дамуын анықтады демесе болмайды.

Рим өнерінің соңы деп немқұрайлы және шартты айтқанда Империяның кұлауы деп айтуға болады. Ал Рим өнерінің пайда болу мерзімі туралы сұрақ – өте даулы. Б.з.д. і мыңжылдықта Аппенин түбегінде этрусскілер мен гректердің жоғары көркем туындыларының тарала басталуы, енді дами бастаған римдіктердің өнерлерінің байқалмай қалуына себеп болды. Өйткені талай уақыт бойы б.з.д. VIII – VI ғасырларда Рим көптеген басқа да италий, этрусск, грек қалаларының арасында шағын ғана елді мекен еді.Сондада Рим өнерінің өркендері басталатын осынау алшақ уақыттардың өзінен латын аттары жазылған–фибулалар, цисталар және де қоладан құйылған Капитолийлік қаншық сақталған. Бірақ осындай шағын болса да, маңызды мәліметтерді санай отырып, ежелгі Рим өнерінің тарихын б.з.д. 1 ғ. бастаған дұрыс емес

Рим өнерінің периодталуы –оның тарихының ең бір қиын мәселелерінің бірі. Ежелгі Греция өнерінің орнығу жылдары – архаикалық, өркендеген кезеңдңрі – классика және құлдырау кезеңдері – эллинизм деп, кең тараған және қабылданған кезеңдерге бөліну түріне қарағанда, ежелгі Рим өнерінің тарихшылары оның дамуын, тек қана императорлық династиялардың ауысуымен байланыстырған.

Бірақ династиялардың немесе императорлардың ауысуы, міндетті түрде көркем өнер стилінің ауысуына әкелетін үрдіс емес. Сондықтанда Рим өнерінің даму кезеңдеріндегі пайда болуы, өркендеген кезеңі және құлдарау кезеңдерінің көркем стиль формаларының әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни, тұрмыстық факторлармен байланысында өзгеруін ажырату өте қажет.

Егер ежелгі Рим өнерінің негізгі даму кезеңдерін бөлсе, олар көне (б.з.д. VII-V ғ.ғ.) және Рим өнерінің орнығу кезеңі (б.з.д. V-І ғ.ғ.) – республикандық дәуір деп бөлуге болады. Осы ұзақ уақыт аралығында көбіне этрусс, италий және грек мәлениеттерімен күресе, Рим өнерінің негізі салынды. Заттық материалдардың тапшылығы мен ежелгі мәліметтерде осы узақ уақыт аралығының аз көлемде ақпараттануының нәтижесінде осы кезеңдерді одан әрі терең зерттеу қиынға түседі. Б.з.д. VІІІ–V ғасырларда рим өнері, дамыған этрусс және грек мәдениеттерінен гөрі, енді дамып келе жатқан италиктердің өнері мен де бәсекеге түсе алмады. Рим өнерінің ең дамыған, өркен кезеңдері б.з.д. І-ІІ ғасырларына сәйкес болып келеді. Осы уақыттарда ескерткіштердің стильдік ерекшеліктеріне байланысты: ерте кезең–Август билігі, бірінші кезең–Юлий, Клавдий және Флавий әулеттерінің билігі, екінші кезең–Траян билігі, кеш кезең–Адриан және соңғы Антонион әулеттерінің билігі деп ажыратуға болады. Солтүстік Септимия және Помпей мен Цезарь кездерін өткел кезеңдер деп санау қажет. Солтүстік Септемий билігінің сонынан Рим өнерінің құлдырауы басталды.

Ежелгі Рим өнерінің Еуропалық өнерге ықпалы. Ортағасырлардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі Еуропалық көркем өнер туындыларының барлығында еделгі Рим өнерінің орасаң зор ықпалының іздерін байқауға болады. Оған үнемі көңіл бөлініп отырылды. Көптеген ұрпақтар, ежелгі Рим ескерткіштерінің спецификасы ашылмай, олар тек гректерден кейінгі антиканың көрінісі деп көрінгенмен, өздерінің сезімдері мен мақсаттарына жақын көп идеялар алды.

Ренессанс дәуірінен бастап ХХ ғасырға дейінгі тарихшылар Рим өнерінде өздерінің кезеңдеріне заманауи әртүрлі ерекшеліктерді байқап отырған. ХV- ХVІ ғасырлардың гуманистерінің ежелгі Римге қаратпасында әлеуметтік-саяси (Кола де Риенцо) ағартушылық-моралистік (Петрарка) тарихи-көркемділі (Кирияк Анконский) тенденциялары байқалады. Сондада ежелгі Рим өнерінің ең күшті ықпалы Италиялық сәулетшілер мен суретшілерге тиді, олар бай римдік көркем туындыларын өзінше қабылдай түсінген. ХVІІ ғ. ежелгі Рим өнері еуропалық елдерді қызықтырды. Бұл гуманистік және ренессанс кезеңдерін жалғастырған «антикварды» кезең деп аталған. Франциядағы ХVІІ ғасырдағы революция француз ғалымдарын мен суретшілерін Рим өнеріне көңіл бөлуге тудырды. Дәл сол кезде ежелгі мұраларға ғылыми-эстетикалық қатынас пайда болып, «антикварды» кезеңінің қайраткерлерінен гөрі И. Винкельман өз уақытының ағартушылық философиялық қайраткері, ежелгі өнер тарихын жазушы ретінде танылды. Бірақ ол римдік өнерді Греция өнерінің жалғасы деп санады. ХVІІІ ғасырдың соңында ХІХ ғасырдың басында ежелгі Рим өнерімен тек қана жеке тұлғалар ғана емес, Еуропа елдерінің мемлекеттік мекемелері де айналыса бастады. Археологиялық қазбалар қаржыланып, ірі мұражайлар мен ғылыми ұйымдар ашылып, алғаш рет ежелгі Рим өнерінің туындылары жайлы ғылыми еңбектер жазылды.

ХІХ ғасырдың соңында Ф.Викгоф пен А.Ригл ежелгі Рим өнерінің негізі мен спецификасын философиялық тұрғыда қабылдау мүмкіндігін қарастыуға әрекеттенді.

Құнды теориялық зерттеу болып О.Брендельдің «Ежелгі Рим өнерін зерттеуіне кіріспе» деген кітабі жарық көріп, онда ежелгі Рим өнеріне ренессанс дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі көз қарастар қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет