К. С. Ислям латын тілінің шығу тарихы мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық



бет6/6
Дата23.02.2016
өлшемі430.5 Kb.
#7780
1   2   3   4   5   6

14 Рим мемлекетінің қызмет жүйесі
Римде қызмет жүйесі патша өкіметінің дәуірінде дами бастады. Барлық қызметтер сайлау жолымен тағайындалды; осы қызметтегі адамдарды магистрат деп атады. Көптеген рим қызметтерінің атаулары (диктатор, консул, цензор, трибун және басқалар) бүгінгі күнге дейін қолданылады (басқа мағынада).

Ежелгі Римнің жоғарғы мемлекеттік мүшелері, комиций болды. Сенат бұрынғы магистраттардан тұрды, саяси сұрақтарды шешті, халық жиналысының жұмыстарын бақылады.

Магистрат болып тек бай адамдар сайланды, себебі мемлекеттік қызметтегі азаматтарға төлем ақы төленбеген. Б.з.б. IV ғасырда кейбір орындарға плебейлерден де сайлана бастады. Жоғары рим магистраттары консулдар, преторлар және цензорлар болды. Консулдар (consules), халық жиналысында 1 жылға тағайындалды. Б.з.б. 367 жылдан бастап бір консул патрициядан, ал екіншісі плебейлерден болды. Б.з.б II ғасырдың басында консулдыққа 43 жастан кейін ғана тағайындалды. Консулдардың негізгі жұмысы: соғыс кезінде әскер басқару, сенатты шақыру және халық жиналысының шешімдерінің орындалуын бақылау. Магистратураны бітіргеннен кейін консул «проконсул» деген атау алып, провинциялардың бірінде қызмет атқарған. «Провинция» деп Италиядан тысқары басып алынған жерлерді атаған.

Преторлар (praetor) 1 жылға төрт кісіден сайланды (екеуі рим азаматтарының, ал екінш топ– шетел азаматтарының істерн қарастырған). Олар сот жұмысын басқарды. Рим мемлекетінің өсіумен бірге преторлардың саны 16 – ға жетті. Қызметін аяқтағаннан кейін претор «пропретор» атауын алады. Преторлыққа 40 жастан бастап қана тағайындалған.

Квесторлар (guastories) ең бірінші олар консулдардың көмекшілері болған, содан кейін преторлардың орынбасарлары болды. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың соңында квесторларды плебейден тағайындайды. Олар мұраға жауапты болған, рим әскерінің жорықтарынан кейін түскен мүлікті бөлумен және тағы басқаларымен айналысты (оларды 30 жастан бастап алды).

Цензорлар (censores) 1,5 жылға консул қызметінде болғандардан тағайындалды. Олар кеме өндірісін, қаржыны бақылады. Бұл қызмет ең жоғары дәрежеде болды.

Республикалық Римде ерекше орын алатын қызмет халықтық трибундар (tribunus plebis). Олар сенаттың және басқа магистраттардың қызметін бақылап, плебейлерге пайдалы жақтарын қарастырды. Олардың саны 10 болды. Оларға тіл тигізген адам өлім жазасына кесіліп жазаланды.

Қызмет ординарлы және экстраординарлы магистраттар болып екіге бөлінді. Экстраординарлы магистратқа диктатор, оның көмекшісі, атты әскедің қолбасшысы жатты. Олар алты айға ғана, соғыс кезінде немесе құлдардың көтерлісі болғанда тағайындалып отырған. Барлық магистраттар диктаторға бағынған.

Римде қызмет иерархиясы болды. Қызмет иерархиясының соңғы баспалдағында квестор қызметі тұрды, олардың көмекшілері эдилдер болды, халық трибундары, преторлар және консулдар болды.

Октавиан қосымша қызметтер кіргізді, Римнің префектері қаланы сумен жабыдықтауын және канализацияны бақылаумен айналысты.

Бірте – бірте аппарат басқармасы үлкейе бастады. Әлеуметтік саяси бағытта консолидация болды, біздің дәуірімізге дейін I ғасырдың соңында 4 әлеуметтік топтарға бөлінген: сенаторлар, салт аттылар, муниципалдық, провинциалдық ақсүйектер, тағы да құқықтары жоқ рим азаматтары. Октавиан Рим ақсүйектерінің отбасыларынан ғана сенатқа адам алды. Ол білімсіз, байлықсыз адамға үлкен мемлекетті басқару қиын болады деп есептеді.

Республикалық салт аттылар мүшелері сенатор ақсүйектерімен дауласты. Августың кезінде бұл даулар тоқтатылды. Август оларды қаржы басқармасының жұмыстарына салды.

Әр муниципалда халық жиналысы өткізілді, онда қалалық кеңес және қалалық магистраттар болды. Муниципалдық кеңеске ақсүйектер және бай азаматтарды таңдады.

Түйіндей келе, империяның әлеуметтік саясаты өте жоғары болды.


15 Латын тілінің әдеби нормасын дайындау
Б.з.б. I ғасырдың аяғында көп жерлерді жаулап алған Рим үлкен мемлекет боп саналды, оның жерлері Британия және Испаниядан басталып Кіші Азия және Египетпен аяқталды. Осы үлкен территорияны ежелгі республика заңымен емес, басқаша басқарды. Рим империясы V ғасырға дейін өмір сүрді; осы уақытта еуропалық өркениетінің негізі салынды.

Б.з.д Ш ғасырда «Рим әлемі» орнатылды, онда латын тілі мемлекеттік тіл ретінде болды. Негізі - әдеби латын тілі болды. Латын тілінің дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Латын тілінің әдеби нормасы рим жазушылары мен ақындардың шығармаларында белгіленген. Гүлдену кезеңді классикалық немесе «алтын латын» деп атайды. Бұл кезеңде бай лексика философиялық, саяси, ғылыми және техникалық мәселелерді суреттейді. Классикалық тілдің әдемілігі үлгі.

Одан кейінгі классикалық («күміс») латын тілі - б.з. I-II ғасырларында дамыған. Бұл уақытта әдеби тілдің фонетикасы мен морфологиясы қалыптасты. «Күміс» латын тілі кезінде стилистика тереңдетіле зертеліп дамуда болды.

«Алтын» және «Күміс» кезеңдерінде латын тілі бір қалыпты дамыды. Бірақ латын тілінің дамуы ауыр жолмен кетті, сол себептен таза классикалық тілді жоғалтты.

Б.з. II – VI ғасырларында латын тілінің үшінші, соңғы (поздняя латынь) кезеңі дамыды. Халық тілі мен жазу латын тілінің арасындағы айырмашылық кетті. Рим империясы құлағаннан кейін латын тілі роман тілдерінің дамуына себеп болды. Жазуда латын тіліне жаңа сөздер еніп, XVIII ғасырға дейін Ватиканның саяси және ғылыми тілі болды. Ботаника және медицинада латын тілінде жазулар жазылды.

Біздің заманымыздың басында Рим мемлекеті үлкен жерге ие болды, сондықтан романизация басталды. Үшінші кезеңнің ерекшелігі - әдеби және халық сөйлеу тілдерінің бір-бірінен айырылуы. Бұл жүйе Рим аймақтарында ерте басталды. Мысалы, Солтүстік Африкада б.з. I-II ғасырларында латын тілінде сөйлеу бөлек қалыптасты. Библия латын тіліне аударылып «Вульгата» деп аталды.

Үлкен жерлердің басып алынуы 400 жылдай болды, бұл уақытта сөйлеу латын тілі көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан бұл кезеңнің тілін – ережеге сай жатпайды деп атауға болады.

Әрбір тіл даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды (роман тілдерінде айқын көрініп тұр). Қорытындылай келсек, онда –ае «ай» деп айтылды, ал «ц» әріпінен кейін –і немесе –ае болса, онда «к» деп оқылды. Мысалы, «Цицерон» - «Кикеро», ал «Цезарь» - «Кайсар» деп оқылды. Бірақ классика нормасымен қатар қарапайым сөйлеу тілі де болды.

Уақыт келе жата классикалық латын тілінде қарапайым халық сөйлескен жоқ. Ол «өлі тіл» деп аталды. «Дұрыс» айтылуы да ұмытылды. «Өлі тіл» жоғалған жоқ, оны әдебиетте, ғылымда, философияда қолданды.

Сонымен қатар мектеп және университет білімі латын тілінің қолданумен салынды. Классикалық латынның грамматикасы, стилистикасы және үлгісі, ал соңғы латын тілінен – айтылуы қалды.

Классикалық білім салт – дәстүрі негізгі орын алады. XIX ғасырда Ресейде бір қатар классикалық гимназиялар болды, оқуы Еуропаға ұқсады.

Жоғарыда айтылғанға қайта оралсақ – «Кикеро» немесе «Цицеро» деп үзілді кесілді – бір келкі жауап беруге болмайды. Латын тілінің дамуы ұзақ және қиын болды, сол себепті бір жақты жауап беруге болмайды. Гимназияда халық қолданған латын тілін қолданды. Ал классикалық тілмен көбіне тек филологтар жұмыс істейді.


16 Латын тілі – ұлы ақындардың тілі
Әлем мәдениетінде латын поэзиясы үлкен орын алады.Ұлы латын ақындардың шығармалары мәдениеттің негізі болды. Гуманитарлық білімнің шарты - латын поэзиясын білу. Латын поэзиясының гүлденуі - б.з.б. I ғасыр. I ғасырдағы Лукреция және Катулл ақындарының шығармалары түгелдей бізге жетті.

Тит Лукреции Кар (б.з.б. 96-55 жылдарда өмір сүрген) «Табиғат заттары туралы» философиялық дастанның авторы. Дастанның тілі өте бай. Лукрецияға Энний стилистикасы үлгі болды, ол өз уақытында дидактикалық дастандарды жазды.

Гай Валерий Катулл (б.з.б. 87-54 жылдары өмір сүрген) лирикалық бағыттың ақыны. Катуллдың 116 өлеңі бір жинаққа жиналды. Катулл әр уақытта сүйікті ақын боп қала берді. Оның белгілі жолы «Odi et amo» («Жек көремін және сүйемін») мақал-мәтелге айналды.

Ең атақты рим ақындары – Вергилий, Горации және Овидий болды.

Публий Вергилий Марон (б.з.б. 70-19 жылдары өмір сүрген), ол эпос жанрының ірі уәкілі болды. Оның шығармалары «Буколики» немесе «Эклоги». Ең басты шығармасы - «Энеида», ұлттық рим эпосына айналды. Осынан біз белгілі жолдар табамыз: «Сенің, римдық борышың – бүкіл халықтарды билеу! Міне өнерің сенің: әлем құқығын жазу, берілгендерді аяу ...». Ол ұлы Еуропа ақындарына үлгі болды.

Квинт Гораций Флокк (б.з.б.65-2 жылдары өмір сүрген) лиро-эпостық және сатира жанрының уәкілі. Гораций Еуропа мәдениетінің классикалық ақыны болды - өмірдің ұстазы.

Публий Овидий Назон (б.з.б.43ж.-б.з.18ж.) элегия және эпос жанрының уәкілі. Овидий махаббат лирикасы туралы элегия жинағын және монументалдық поэмалар жазды. Латын поэзиясының әлемі өте бай. Лукреция, Катуллдан кейін Лукона, Перана, Стация, Марциала аттары шықты.
17 Рим риторикасы
Антикалықтар ең жоғары деп сөзді бағалады. Антикалық жазушылар мен философтардың пікірінше тек сөз ғана еркін және білімді адамның табиғи ақыл –есін, қабілетін басқа адамдардың және өзінің алдында аша алады. Сөз - ол адамдардың дұрыс сөз құрастыруын, және өз ойын дұрыс құрастырып сыртқа жеткізуінің жалғыз жолы. Сондықтан барлық антикалық сонымен қатар, римдік білім сөз арқылы құрылып, соған бағынды және қандай да арнайы ғалым болған адамдарды жан-жақты дамытты.

Көне дәуірде көбінесе сөзді құрметтеді. Сөйлесудің жоғарғы формасы – риторика. Көне әлемнің адамдары жазылғанды дауыстап оқыды, іштей көзбен ешкім оқыған жоқ. IV ғасырда «ақырын» оқу сирек кездесті. Атақты христиан, жазушы Августин өзінің досы, белгілі жазушы, христиан Амвросия Медиоланның көзімен оқығанны айтып танырқайды.

Риторика өнері көне білімнің жоғарғы баспалдағы болды. Риторика оқуының 3 басты қайнары болды, олар табиғи дарындылық, теориялық білім және тәжрибелік жаттығулар. Білім риторикасының 3 негізгі дерегі олар: табиғи дарындылық, өзіндік теориялық білім, және тәжрибелік жаттығу. Сөз қорғау және дайындықтың 5 кезеңі саналады: материал табу (inventio) , оның дұрыс құрылымы (dispositio), оған сөз шығаруының қатысуы (elocutio) , жаттау немесе еске сақтау және сыртқа жеткізу (actio).

Римдік формалдық топтаудың 3 риторикалық түрі: 1) Салтанатты сөз, мерекелік жиындарда, мақтау кезінде қолданылатын сөздер (genus demonstrativum). 2) Кеңестік және саяси сөз, мемлекеттік лауазымдарға қатысты (genus delibirativum). 3) Соттық сөз , айыптаушы мен қорғаушыға өздерінің позицияларына қатысты сөздер (genius judicile). Римнің риторикасы гректерге де қатысты болды. Грецияның ең атақты ораторы Демосфен саналды. Александр Македонскийдің және Аристотельдің риторика жөнінде арнайы трактаты жазылған. ІІІ ғ. аяғында гректік білім жүйе және шешендік сөйлеу Римге келе бастады. II ғасырда грек риторикасы Римде қалыптасты. 161 жылы Римнен барлық грек-риторика оқытушылары шығарылды. Бірақ ІІ ғ. 2 жартысында Грецияға қосылған соң, гректік риторика Римда дамыды, және Демосфенге римдік әріптес пайда болды, ол Марк Тулий Цицерон (б.з.б. 106 – 43 жылдарда өмір сүрген) оратор, жазушы және саяси қайраткер. Цицерон бала кезінен данышпан, тіл байлығы керемет, шешен болған. Тіпті бала кезінде ерекшеленіп көзге түскен. Ол қандай да болған жерде ғажап шешендігімен кез- келген жанды тамсандырған. Оның арнайы риторикалық шығармалары қалған, мысалы: «Оратор», «Брут», «Ораторлар туралы» және т.б.

Тағы бір римдік риторика өнерінің өкілі Марк Фабий Квинтилиан (б.з.35-100жылдары өмір сүрген) баланы кіші кезден бастап шешендікке үйрету керектігі жайында жазған. Оның «Шешендікке баулу» («Наставление оратору») атты еңбегі сақталған, ол тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар педагогикалық жағынан бағалы. Квинтилианның еңбектері Қайта құру дәуірінде жоғары бағаланды.
18 Рим құқығының тілі
Римдіктер «әлемді 3 рет бағындырды». Бірінші рет – легиондармен, екінші – христиан дінімен, үшінші – құқықпен.

Құқық және заң ғылымы саласында римдіктер гректерден озып кетті. Грецияда заң ғылымы биік сатыға жеткен жоқ, ал осы ғылым саласында Рим жоғарғы сатыға көтерілді.

Заң жүйелері Орта және Жаңа уақыт уәкілдеріне үлкен әсерін тигізді. Еуропадағы құқық жүйелері Римнен әкелініп, тараған. Еуропа университеттерінде әлі күнге дейін рим құқығы өте құрметті және зерттеулі білім саласы боп қалуда.

Рим құқығының тарихы XII кестелі заңнан басталады. Олар 12 ағаш тақтайшыға жазылған, сондықтан XII кестелі заң деп аталады.

Рим құқығынының жүйесі республиканың соңында қалыптасты. Ол екі түрге бөлінеді – жалпы немесе мемлекеттік (jus publicium) және азаматтық құқық (jus privatum).

Рим құқығының дамуы екі кезеңнен тұрды: ерте кезең (б.з.б. III ғасырда) – ұлттық рим құқығының кезеңі.

Рим құқығының гүлденуі - республиканың соңына және империя дәуіріне жатады.

Рим заңына үлкен үлес рим заңгерлері қосты. Ең басында олар ақылшы сияқты жұмыс істеді. Рим азаматы маңызды іс жасау алдында, біріншіден заңгерге барды. Қағаздарды жасау, толтыру үшін арнаулы білім керек болды.

Цицеронның айтуы бойынша, заңгердің қызметі үш түрге бөлінеді:

- әр түрлі заң мәліметтерін өңдеу;

- ауыр сұрақтарға кеңес беру;

- процессуалдық мінездің кеңесі.

Заңгерлермен өңделген түрлері және анықтамалары өнердің

сатысына жетті. Рим заңгерлері өз қызметіне өнерге сияқты қарады. III ғасырдың соңында заңгершілік абыздар өнерінің құпиясынан шығып кетті. Олардың орнын заңгерлер алды.

Республиканың ірі кеңесшісі Квинт Люций Сцевола заң мектебінде оқытып, құқық туралы 18 кітап жазды. Оның оқушысы Цицерон болды. Б.з. II ғасырында заңгер Клавдий Сатурнин соттаушылардың көмегіне 7 пункт шығарды:

- қылмыстың себебі

- қылмыскердің даралығы немесе жәбірленушінің даралығы

- орыны


- уақыты

- сапасы


- мөлшері

- нәтижесі

Принципаттың кезеңінде екі мектеп құрылды: прокулиандық (негізін салушы Прокул) және сабиндық (негізін салушы Сабин) Бірінші мектептің өкілі – Лабеон, екіншісінің өкілі – Капитон. Б.з.III ғасырдың соңында екі мектептің өзгешеліктері жойылды. Заңгерлердің қызметінің даму шыңы I-III ғасырға келеді.

Юлиан үлкен зерттеу жұмыстарын өткізді. Оның теориялық өңдеулері екі құқықтың бірігуіне негіз болды. Юлианмен құрастырылған жинақта 90-ға жуық кітап кіреді, «бір қалыпты эдикт» атауын алды. Кітаптың көбі азамат құқығының күмбезіне кірді.

Атақты Ульпиан берілген мәселеге 100-ден аса жұмыстар жазды, атақты оның оқушысы Мадестин алды.

Белгілі ғалымдар рим құқығының классиктері, сирек соттарда сөйледі, заң тәжрибесімен айналысқан жоқ. Бірақ, көбі маңызды мемлекеттік қызметте отырды.

«Дигесты» - рим заңының жинағы, император Юстинианның қолдауымен құрылған. Онда 40 шақты белгілі заңгерлердің 2 мыңға жуық шығармасы болды. Ең атақты рим заңгерлері Папиниан, Павел, Гай, Ульпиан, Модестин (2 – 3 ғасырлар).

19 Латын тілі – ғылым тілі
Ғылым саласында, римдіктер гректердің оқушылары болды. Басында Рим ғылымы ұлттық құқықпен және риторикамен шектелді. Рим ғылымының басты мақсаты өмірде күнделікті қажет салаларды –емдеуді, ауылшаруашылығын, саясатты, соғыс өнерін және т.б. – жүиелеу болды.Ежелгі рим ғылымы энциклопедия түрінде жазылып дамыды. Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырдың соңында ғана рим ғылымы тереңдетіліп зерттеле бастады. Әрине бұған басты себепкер болған грек мәдениеті.

Рим жаратылыстану патриархы Марк Порций Катон (б.з.б. 234-149 жылдары өмір сүрген) болды. Оның басты еңбектері ауыл шаруашылық, медицина, риторика, әскери іс туралы. Барлық еңбктерін өзінің ұлына арнау оқулық түрінде жазған. Осыдан тек «Ауыл шаруашылығы туралы» трактаты сақталған.

Грек ғылымы қатты әсер еткен ғалым Марк Теренций Варрон (б.з.б.116-27жылдары өмір сүрген) атақты рим энциклопедисы. Ең белгілі Варронның трактатында рим тарихы, мәдениеті және діні туралы жазылған. Атақты еңбектерінің бірі – «Божественные и человеческие древности» деп аталатын трактат, бірақ толық сақталмаған тек қана кейбір үзінділері біздің заманымызға жеткен. Варонның «Ауылшаруашылығы жөнінде» деген трактаты және мағанасы зор «Латын тілі жөнінде» атты филологиялық шығармасы сақталған.

Империя дәуіріндегі жаратылыстану б.з. I ғасырында Цельс, Сенека, Плиний еңбектерінде дамыды. Авл Корнелий Цельс «Өнер» деген энциклопедияны жазды, негізінен бұл энциклопедияның медицина тарауы сақталып біздің заманымызға жеткен.

Луций Анней Сенека (б.з.б 4 – б.з.65 өмір сүрген) - атақты философ, жазушы және драматург, жаратылыстануға қызығушылықты білдірді. Сенеканың шығармасы «Жаратылыс ғылымы сұрақтары», ауа-райының және табиғаттың құбылыстарына ғылыми сараптамалар беріп, сипаттаған жұмысы бізге жеткен.

Ең белгілі шығармалардың бірі - «Жаратылыс тарихы» Плиний Үлкенмен (23-79 жылдары өмір сүрген) жазылған. Онда рим жаратылыстанудың салт дәстүрлері жайында бірнеше жылғы жинақтаған еңбектері кіреді. Бұл энциклопедияға 400 аса әдеби шығармалар мен қатар ғалымның өз зертеу-бақылаулары кірген. Мазмұн тақырыбы да жан-жақты, мұнда геология, география, зоология, ботаника, медицина, өнер және т.т. қамтылған.

Латын авторлары ғылымда екінші боп қала берді, ал тарих саласында оларды гректермен салыстыруға болады. Ең атақты латын тарихшылары - Тит Ливий, Тацит және Светоний.

Тит Ливийдің (б.з.б.59 - б.з.17 өмір сүрген) ең белгілі еңбегі «Рим тарихы».

Корнелий Тацитта (б.з.55 - б.з.120 өмір сүрген) «Анналы» және «Тарих» (Рим императорлары туралы жазылған) еңбектері сақталған. Тациттың әдебиеті үлгі ретінде болды.

Гай Светоний (б.з.70-б.з.140 өмір сүрген) «12 цезардың өмірі» деген өмірбаяндық шығарма қалдырды.


20 Тілдің жаңа өмірі
Христиан латын тілінің белгілі уәкілдері: II-V ғасырларда Тертуллиан, Лактанций, Иероний және Августин болды.

Квинт Септимий Флорент Тертуллиан (160-220) христиан әдебиетінің тарихында атақты автор болды. Тертуллиан - әлемдік көлемдегі жазушы. Өзінің ойымен және стилімен ерекшеленген. Тілі бай, бірақ Солтүстік Африкада туып өскендіктен қарапайым халық тілін көп қолданған, яғни классикалық тілді қолданбаған.

Ал Цецилий Фирмиан Лактанций (III-IV ғасырлар) болса керісінше дұрыс классикалық тілмен жазған. Кезінде император Константинныңсарайында тәрбиеші қызметін атқарған. Ол христиандыққа мемлекеттік діннің статусын берді. Қайта өрлеу дәуірінің гуманистері Лактанцииді «екінші Цицерон» деп атады.

Сафроний Евсевий Иероним (347-420)- өз уақытының білімді адамы. Иероним Библияны латын тіліне аударды («Вульгата»), оны католик шіркеуінде қолданды.

Аврелий Августин (354-430) – патристика христиан дәуірінің авторы. Ойшыл боп еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер тигізді. Августинның тілі классикалық түрде дұрыс және ұғынықты.

Біздің заманымыздың басында провинцияларда қарапайым халық тілі классикалық тілден мүлдем алшақтай бастады. Бұл тілді – «вульгарная латынь» деп атады, ал V ғасырда алшақтық тереңдеп айқын көріне бастайды. Негізінен бұндай өзгеріс көршілес тайпалардың, варварлардың, әсері еді. Варварлар деп мәдениеті төмен, гректік-римдік мәдениет әсер етпеген халықтарды атаған. Олардың қатарына ғұндардан басқа, вандалдықтар, готтар және т.б. жататын. V ғасырда варварлармен қақтығыс жиілеп, шиеленісіп кетеді де, 410 жылы Рим қаласын готтар басып алып талан-таражға салып тонайды. Сөйтіп V ғасырдың аяғында варварлар тайпаларының соққысынан Батыс Рим империясы құлап жойылады. Енді негізінен гректік-римдік мәдениет Шығыс Рим империясында сақталып, ұзақ уақыт бойы осында дамиды. Бұл жер тарихта Византия деп аталады. Мұнда мемлекеттік әрі әдиби тіл болып грек тілі дамыған. Келесі VІ- VІІІ ғасырлар Шығыс Рим тарихында «қаралы ғасырлар» деп аталады, себебі бұл кезеңде рим провинцияларында жаңа мемлекеттер мен халықтар пайда бола бастайды. Латын тілі қатты өзгерістерге ұшырап, қарым-қатнас тілі болып қалады. Бұл кезең варварлық латын тілінің дамуына әкеліп соғады да, бұл тіл жаңа туған еуропалық тілдердің негізі болады.

Орта ғасырлар, негізінен V-XV ғасырлар қамтиды, – еуропа

тарихының дәуірі. Жаңа көркем, ғылыми және философиялық әдебиет орта ғасырлардағы Еуропада көп уақыт аралығында латын тілінде жазылған. Латын тілін білмей, мәдениетті және білімді адамдармен қатынасуға мүмкін болған жоқ. Сондықтан латын тілі білімнің негізі болды. IX ғасырда мектептегі оқу екіге бөлінді – тривиум және квадривиум болып. Тривиум үш негізгі пәнге бөлінді – грамматика, диалектика және риторика. Олар бастауыш сыныптарда берілді. Квадривиум – арифметика, геометрия, астрономия және ән-күй (жоғары сыныптарды оқытылды).Олар бірігіп «жеті еркін өнерді» құрастырды.

Орта ғасырлардағы білім орталықтары монастрлер және университеттер болды. Орта ғасырлардағы ғылым және мәдениеттің атақты қызметкерлері монахтар болды. Монастырлерде бастауыш мектептер болды.

Университеттер жаңа, көне әлеміне белгісіз мекеме болды. Бірінші университеттер XII ғасырда пайда болды. Белгілі білімнің орталығы Париж унивеситеті болды. XII-XIII ғасырларда Испания, Италия, Англияда университеттер құрылды. Еуропалық мәдениеттің өсуі өркендеу дәуірінің гүлденуін белгіледі.

Орта ғасырлар дәуірінде (VI-VII ғасырлар) мәдениет құлдырай бастады. Мәдениеттің қайта өрлеп дамуы VIII ғасырда басталды. Ұлы Карлмен құрылған каролингтер дәуірі елеулі болды. Ұлы Карл монастыр мектептерін ашуға бұйрық шығарды. Каролингтер дәуірінің белгілі уәкілдері Алкуин, Эйнхард және философ Эриуген. Орта ғасырлар мәдениеті діни мәдениет боп саналды. Сондықтан орта ғасырдың оқуы теология – құдай және әлем туралы оқу. Теорияның басты белгісі – схоластика, яғни діни философия, латын тілінің негізінде қолданылып дамыған. Схоластиканың ірі уәкілі Фома Аквинский (1225-1274) болды.

Бірақ латын тілі шіркеу және теология қызметкерлерінің ғана тілі болған жоқ сонымен қатар поэзияда да қолданылды. XVIII ғасырда жазылған ақындардың жазулары табылды. Бұл өлеңдер теология ғылымынан тым алшақ. Өлеңдерде махаббат, шарап ішу және әлемнің көріністері, қуаныштары туралы жазылған. Осы өлеңдерді жазған студенттер, клириктер, бір қаладан екінші қалаға жүріп жұмыс немесе оқу іздеген кезбелер. Оларды ваганттар деп атайды. Вагант поэзиясының гүлденуі ХІІ-ХІІІ ғасырларға сәйкес келеді. Вагант уәкілдері – Гуго Орлеанский, Архипиита Кельнский және Вальтер Шатильонский.

ІХ ғасырда бүкіл ортағасырлар бойы пісіп жетілген барлық дамудың тендециялары көрінді. Варвар тайпалары Еуропаны мәдиниетсіздікке салғаннан кейін, көпке дейін білім берудің бір ғана ошағы монастырлар болып қалды. Монастыр кітапханаларында сақталған және монастырлық көшірушілермен көбейтілген антикалық авторлардың қолжазбалары болашақтағы ғасырлардың мәдени құндылықтарын құрады. Университеттер дәуірінде бұл білімдер жүйеленген және көбейтілген болды. Әрине, бірақ олар бұрынғы ұлылықты елеске түсіруге мүмкіндік беретін.

Білімді жинау және мәдениетті міндетті теологиялық қабықтан босатуға тырысу өзінің аяқталуы Қайта өрлеу дәуірінде (14-16 ғасырлар) болады, ол сонымен бірге еуропалық мәдениеттің жаңа дәуірі болды. Ол грек-рим мәдени мұрасына негізделеді.

Қайта өрлеудің алдында тұрған бірінші міндет – грек және латын авторларының шағармаларын басу және жүйелеу, іздеу. Бұл дәуірдің көптеген мәдени қайраткерлері барлық өмірін осы игілікті міндетке арнады. Бұнда Марсилио Фичино, Лоренцо Медичи, Поджо Брачоллини, Леонардо Бруни және Анжело Полициано сияқты адамдарды атап өтуге болады. 15 ғасырдың аяғынан басу міндеті Гутенбергтің кітап басуды ойлап табу арқасында жеңілдеді. Ежелгі манускриптарды жинаушылардың бірі әйгілі ақын Франческо Петрарка болды. Ол бүгінге дейін белгісіз Тацит шығармаларының қолжазбаларын тапты. Осындай шынында да күшті еңбектері нәтижесінде Плавт, Лукреций, Цицерон, Квинтилиан, Тацит және т.б. сияқты латын ауыз әдебиетінің көрнекті авторларының шығармалары табылды және баспаға шығарылды. Бізге белгілі латын әдебиетінің негізгі көлемі айналымға қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлерімен енгізілді. Латын поэзиясы мен прозасының көрнекті үлгілерімен толық танысу Қайта өрлеу дәуірінің латын тілінің дамуына әкелді.

Сонымен қатар, Қайта өрлеу дәуірі – бұл тек латын классикасын жинау және басуға ғана емес, сонымен қатар оны оқудың интенсивті уақыты, толық сипаттағы жасалған басылымдарға жақсы әртүрлі түсініктемелер берілді, олар әлі күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұның бәрі латын тілін қолдауға және деңгейін көтеруге көмектесті. Көптеген әдеби шығармалардың ұлттық тілдерге (итальян, француз, неміс) жазылғанына қарамастан, Қайта өрлеу дәуірінің латын тілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің халықаралық тілі болып қалды, сонымен қатар ол «алтын латынның» классикалық нормаларына негізделген болатын. Әрине, ортағасырлардан алынған құдай мәселесі латынша түсіндірілді. Мысал ретінде 15 ғасырдың аяғы – 16 ғасырдың басындағы көрнекті тұлғалардың Эраз Роттердамский және протестантизмнің негізін салған Лютермен арасындағы күш-жігер еркіндігі арасындағы полемиканы айтуға болады. Жаңа заман уақытында (17-19 ғасырлар) Қайта өрлеуден латын тілін ғылым мен мәдениеттің тілі ретінде мұраға қалды. Қайта өрлеу дәуірінде басталған көптеген зерттеулер өзінің жалғасын жаңа заман ғалымдарының еңбектерінде орын алды. Жаңа заманның латын тілі – дипломаттардың, философтар мен ғалымдардың халықаралық тілі. Бірнеше ғасырлар бойы латын тілі рим құқығының лексикасына негізделіп заңгерлер мен құқықтанушылардың қызметтік тілі ретінде қолданылды. Дипломаттар сонымен бірге латынша сөйлеуді ұнатты.

Дипломатия және халықаралық құқықтың көптеген терминдері латын тілінен алынған немесе оның негізінде қалыптасқан. Мысалы, persona non grata («қалаусыз тұлға»).

Гуманитарлы және табиғи ғылымдар латын тілі өзінің ерекше өмірімен өмір сүрді. Ол халықаралық «ғылыми тіл» болып қалды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінде көптеген грек авторларының мәтіндері латын тіліне аударылды. Латынша көптеген Жаңа заман философтардың шығармалары латынша жазылды. Мысалға, Декарт және Лейбниц сияқтылар. Латынның және рим әдебиетінің көрнекті шебері әйгілі философ және жазушы Монтень болды. Кант шығармаларында және кейінгі ойшылдардың шығармаларында біз көптеген латын терминдерін көре аламыз. Олар айтылатын ойға қосымша қаталдық береді. Жеке хаттарда да жиі латын тілін қолданады.

Латын нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болды. Әйгілі ғалым Исаак Ньютон жиі нақты ойларды жеткізудің адекватты құралы деп есептеді. Жалпы, латынды білу және бұл тілде нақты өз ойларын латын терминологиясы арқылы жеткізе алу бұл дәуірдің түгел ірі ғылымдарына тән еді. Латынша көптеген Ломоносовтың еңбектері жазылды. Жаңа заманның ғылыми терминологиясы латын тілінің негізінде құрылды (нақтырақ, латын сөздерінің грек сөздерімен бірге, оларға «латындық» форма берілетін). Осындай терминологияны жалпы өсімдік және жануарлар әлемінің классификациясы пайдаланады (ұлы швед Карл Линней 18 ғасырда бұны ойлап тауып, бұл классификация ботаника және зоологияның негізінде болды). Медицина сияқты салада латын әрдайын маңызды қызметтік тіл және де терминологияның дерек көзі болды.

Еуропаның қазіргі заманғы тілдері көбінесе латын тілі негізінде пайда болды, немесе оған сөздік қорымен міндетті болады. Жоғарыда біз айтқандай, ІХ-Х ғасырларда негізінен роман тілдерінің қалыптасу үрдісі аяқталды; олардың негізін Батыс империясының әртүрлі провинцияларындағы қолданылған кейінгі латынның сөйлеу диалектері құрды.

Еуропалық тілдердің тобын білдіретін «романдық» терминінің өзі латынның «romanus» сын есіміне («Римға қатысты», «римдік») жатады, ол ерте ортағасырларда халықтық сөзді білдіреді. Испания мен Италияда романдық тілдер сонымен қатар «нео-латындақ» деп аталады.

Роман тілдерінің дамуында бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

Бірінші кезең - Романизациялау кезеңі (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. V ғасыры); бұл уақытта римдіктер жаулап алған жерлердегі халықтардың тілі халықтық латын тілімен ауыстырылады, бірақ ұлттық ерекшеліктер сақталынады, олар кейінгі роман тілдерінің ұқсамайтындығын анықтайды. Әртүрлі территориялардың әртүрлі уақытта Рим мемлекетіне қосылды (бұл үрдіс бірнеше ғасырға созылды), әртүрлі провинцияларда романизациялаудың шарттары және мерзімі, қарқыны әртүрлі болды. Мысалы, Испанияда римдіктер б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында пайда болды, ал Дания романизациялауды тек б.з. ІІ ғасырында бастады.

Екінші кезең - Рим империясының құлау жағдайларында (V - ІХ ғасырлар) роман тілдерінің орнығу кезеңі. Бұл уақытта бірінші варварлық патшалықтар пайда болады, ол бұрынғы варварлық тайпалардың (негізінен германдық) тілдерінен әсер алатын алғашқы халықтық латын тілінің диалектісінің рәсімделуіне және жекешеленуіне көмектеседі. VІІІ ғасырда романдық тілдер латын тілінен де, романдық емес (герман) тілдерден аяғына дейін толығымен бөлініп кетеді.

Үшінші кезең - Романдық жазу мен әдебиетінің (ІХ-ХVІ ғасырлар) даму кезеңі. Бұл кезеңде алғашқы романдық мәтіндер (француздық – ІХ ғасырда, итальяндық және испандық – Х ғасырда, португалдық – ХІІ ғасырда, румындық – ХVІ ғасырда) пайда болады. Даму барысында романдық тілдер латын тілінің универсалды ықпалына түседі, ол латын тілінен сөздерді және синтаксистік құрылыстарды алады.

Төртінші кезең - Ұлттық тілдердің қалыптасып бітуі (ХVІ -ХІХ ғасырлар). Бұл уақытта романдық тілдерге бай әдебиет пайда болады. Кейбір тілдер өте ерте ұлттық (ХVІ - ХVІІ ғасырларда) болып калыптасады, басқа тілдер әлі қалыптасу үрдісінде болып жатты, үшіншілері жергілікті диалектерге айналады.

Роман тілдерінің негізгілеріне итальян, француз, испан, португал тілдері жатады. Жалпы қазіргі заманғы лингвистикалық классификацияда 12 романдық тілі бар, оларға румын және молдаван тілдеір, сонымен бірге бірқатар француз, испан және итальян тілдерінің диалектері кіреді. Негізгі романдық тілдер ежелден халықаралық сөйлеудің құралы және көптеген әлем мемлекеттерінде мемлекеттік тілдер болып табылады. Роман тілдерінде сөйлейтіндердің жалпы саны қазіргі кезде 600 млн адамнан асады.

Роман тілдері таралуының үш аймағын бар: біріншісі - «Ескі Романия» - Рим империясының құрамына кірген Еуропа территориясы.

Екінші аймағы - ХVІ -ХVІІІ ғасырларда отарлаудың нәтижесінде (Канада, Мексика, Оңтүстік Америка) пайда болған «Жаңа Романия».

Үшінші аймағы - Отарлаудың нәтижесінде роман тілдері ресми мемлекеттік тілдер болған, бірақ жергілікті тілдерді ығыстырмаған (Африканың көп жері) жерлер.

Еуропа халықтарының, бірінші ретінде роман халықтарының жазуы латын тіліне және латын әліпбиін пайдалануына негізделген (бірақ, румын және молдаван тілдерінде жазу алғашында кириллицаға негізделді). Көптеген славяндық халықтар тілінде (мысалы поляктар және чехтер) латын тілін қолданады. Жазбаша латындық жазу алғашында жазулар иероглифін елестетті. Ортағасырлар барысында әріптерді жазудың бірнеше нұсқалары жасалды. Олардың біреуі готикалық жазу (ол қиын «сынық» сызықтармен ерекшеленетін), тек Қайта өрлеу дәуірінде Жаңа заманның баспа және жазбаша шрифтердің негізіне жатқан әріптердің жазылуы толық рәсімделді.

Латын алфавитінің өзі біздің заманымыздың басынан тек кішкене өзгерістерді бастан кешті. Жоғарыда айтылғандай, б.з.д. І ғасырдан Y және Z әріптері грек сөздерін жазу үшін қолданылды.

ХІ ғасырда W әрпі, ал ХVІ ғасырда – J әрпі, және U әрпі пайда болды. Жазудың кейінгі жүйелерінде (латын жазуының негізінде қалыптасқан) латын алфавитін ұлттық айту ерекшеліктеріне бейімдеу негізінен диакритикалық белгілер арқылы жүзеге асырылды.

Бірақ латын сөздерінің көбі Еуропаның басқа да тілдерінде бар. Герман тілдері Батыс және Орталық Еуропаның маңызды II тобын құрайды. Оларға ағылшын, неміс, скадинав тілдері жатады. Бұл тілдер, сонымен бірге ертеден латын жазуын, пайдаланатындар латын тілдерінен, романдық тілдерге қарағанда басқаша болып ерекшеленеді. Универсалды пайдалынатын сөздердің үлкен тобын латинизмдер құрайды. Олар романдық емес (герман және славян тілдерінде) латынннан алынған негізгілері болып табылады. Латинизмдер тілдік дамудың небір «фактын» көрсетеді, бірақ латын өркениетіне тым міндетті Еуропа халықтарының мәдени санасында үлкен рөлді атқарады.

Латын тілі қазіргі уақытта да ең маңызды мәдениет саласына жатады.

Католик шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде Ватиканның құжаттары жүргізіледі және рим папасының хаттары жазылады. Католик шіркеуінің әр қызметшісі латын тілін білу керек.

Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық терминологиясы ретінде және шипашақ (рецепт) жазуына пайдаланады. Латын тілін білгендіктен әртүрлі әлем мемлекеттің дәрігерлері бір – бірін жақсы түсінеді. Медициналық шығармалар латынша жазылған.

Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әр қайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.

Латын тілін ғылым саласында пайдалынады, көбінесе ботаника және зоологияда. Батыс Еуропада латын тілі сабақтары жоғары білім орындары мен орта білім орындарында өткізіледі. Англия, Франция, Италия және Германияда ХVІІІ-ХХ ғасырларда классикалық филологиясы көне тілдер және әдебиет туралы ғылым үлкен гүлденуіне жетті. Бүгінгі уақытта бұл білім аумағы өте белгілі.

Әдебиеттер
1 Большая Энциклопедия Кирилла и Мефодия с изменениями и дополнениями: монография. – М. : Сварог, 2003. – 456 с.

2 Ботвинник М.Н., Рабинович М.Б., Стратановский Г.А. Жизнеописание знаменитых греков и римлян: книга для учащихся. – М. : Просвещение, 1988. – 205 с.

3 Винничук Л. Латинский язык: самоучитель для студентов гуманитарных факультетов университетов и педагогических вузов. – М. : Высшая школа, 1980. – 327 с.

4 Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М. : Высшая школа, 1988

5 Виппер Р.Ю. Просветительский век Римской империи // Вестник древней истории. – 1997. – № 1

6 Головакова Т.Н., Першин С.В. Рим Древний: учеб. пособие для студентов исторических специальностей. – Томск: Свет, 2001. – 542 с.

7 Дьяконов В.Н., Ковалев С.И. История древнего мира: учебник для пединститутов.- Изд. 2-е. – М. : Просвещение, 1969. – 389 с.

8 Егер О. Всемирная история в 4 т.: Научно популярное издание. – Т.1. – 1993. – 437 с.

9 Дмитриев В.Н. История Древнего Рима. – М. : Наука, 1989. – 564 с.

10 Каллистова Д.П., Утченко С.Л. Древний Рим. – 3-е изд. доп. и перераб. – М. : Просвещение, 1969. – 390 с.

11 Кобылина М.М. Искусство Древнего Рима. – М. : Литер, 2001. – 358 с.

12 Крушило Ю.С. Хрестоматия по истории древнего мира. – М. , 1980

13 Кузищин В.И.История Древнего Рима. – М. : Высшая школа, 1982

14 Куманецкий К. История культуры Древней Греции и Рима. М., Высшая школа Древний мир/ О. Егер. – 3-е изд. испр. и доп. – М. : ООО «Издательство АСТ»; СПб. : ООО Издательство «Полигон», 2001. – 664 с.

15 История Древнего Мира /под ред. Коробова Н.Ю. – М. : Наука школа, 1990. – 379 с.

16 Новицкий И.Б., Перетерский И.С. Римское частное право. – М. : Юристъ. 2002. – 544 с.

17 Утченко С.Л. Цицерон и его время. – М. : Мысль, 1972. – 388 с.

18 Утченко С.Л. Политические учения Древнего Рима. III-I вв.до н.э. – М. : 1977

19 Хрестоматия по истории древнего мира, сост. Пикус Н.Н., Соколов В.С., под ред. акад. В.В. Струве. Греция. – М. : Наука, 1984. – 349 с.

Мазмұны
Алғы сөз.....................................................................................3

1 Латын тілінің шығу тегі ………………………………...........4

2 Римдік құлиленушілік республика ……………….................11

3 Латын тілі ..................................................................................15

4 Римдегі тәрбие мен білім беру ……........................................17

5 Ежелгі Римның медицина тарихы ..........................................22

6 Римдік отбасы ...........................................................................27

7 Рим есімдері ..............................................................................36

8 Римнің төлеу әдістері ...............................................................38

9 Рим республикасы және оның скері........................................40

10 Ежелгі Рим өнері ....................................................................47

11 Рим Грецияның мұрагері .......................................................51

12 Рим театры .............................................................................53

13 Римнің сәулет өнері ...............................................................56

14 Рим мемлекетінің қызмет жұйесі .........................................64

15 Латын тілінің әдеби нормасын дайындау ...........................66

16 Латын тілі – ұлы ақындардың тілі........................................67

17 Рим риторикасы .....................................................................68

18 Рим құқығы ............................................................................69

19 Латын тілі – ғылым тілі ........................................................71

20 Латын тілінің жаңа мірі.........................................................72

Әдебиеттер..............................................................................80






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет