Клиникалық белгілері аурудың бірінші сатысында гастрофиллез
(стоматит және фарингит) анықталады. Ауыз қуысын қараған кезде кілегей
қабықтарында жіп тәрізді көрінеді. Стоматит кезінде шайнау актісі бұзылады,
ал фарингит кезінде су және азық жұту қиындайды. Жылқылар осы кезде
бастарын алға тартып ұстайды. Аурудың екінші сатысы тән белгілерсіз өтеді.
Азық қортудың бұзылуы, шаншу тәрізді ұстамалар сол энтомозбен ауыруға
көрсетеді. Бөгелектік инвазияның жалпы бейнесі эритроцитер мөлшерінің
түсуіне, жүдеуге, әлсізденуге, жылқылардың жұмысқа қабілеттелігін
төмендетеді.
Балау ауыз қуысының кілегей қабықтарында бірінші фазада
дернәсілдерді анықтау негінді қойылады, сондай-ақ, стоматит пен фарингит
негізінде жүзеге асырылады. Гастрофилезді гастриттің бар болуы немесе
энтерит қойылмайды. Балауды бірнеше жылқыларға хлорофоспен сынама ем
қолдану арқылы гастрифилездің балауын нақтылауға болады.
Емі. Жылқылардың ауыз қуысына қоныстанған дернәсілдерді жою
үшін бөгелектердің бірінші фазасының дернәсілдерін 2 пайыздық хлорофос
ертінідісімен шайады. Гастрофилдердің үшінші фзаның дернәсілдерімен
күресуде жануарларға 0,24%-дық хлорофос ертінідісін қолданады.
Дернәсілдері 20 сағаттан кейін кете бастайды. Емін тағайындау алдында осы
әдіс бойынша дозасын 2-3 жылқыға сынама жолымен бүтіндей тексеріп
отыру қажет.
Алдын алу. Бөгелектрдің қанатталған формасына қарсы алдын алу
мақсатында жануарлардың жарты дене бөлігіне құрамында 0,03% гамма-
изомер болатын гексахлораны эмульсияны кезеңдік шашыратады (5-7 күннен
соң). Бұл әдіс шығыс бөгелектеріне қарсы тиімсіз, себебі аналықтары
жұмыртқасын шөпке салады. Егер жылқыларды қымыз алу үшін қолданатын
блса, оларды 1%-қ хлороффос ерітіндісімен өңдейді. Гастрофилдердің
жаппай ұшуы кезеңінде түнгі жайылымдарды және ыстық тәуліктерде жылқы
қораларында жылқыларды ұсаутауда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |