АЛҒЫ СӨЗ
Биологиялық білім беру саласында паразитология ғылым ретінде ерекше
орын алады. Себебі, тірі табиғатта паразиттер кеңінен таралған, олар –
адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік немесе инвазиялық
ауруларының қоздырғыштары.
Паразиттер адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге өте қауіпті.
Паразитизм мәселелерін биология, медицина, ветеринария, агрономия,
паразитология, вирусология, бактериология, т.б. ғылым салалары зерттейді.
Білікті мамандарды даярлау үшін ана тілімізде жазылған оқулықтардың
қажеттілігі күннен – күнге өсіп келеді. Өкінішке орай, паразитология пәнінен
әлі күнге дейін қазақ тілінде жарық көрген оқулықтар өте аз немесе жоқ деседе
болады. Осы жағыдайларды ескере отырып, орыс тілінде жазылған
В.А.Догельдің «Общая паразитология», Р.С.Шульц пен Е.В.Гвоздевтің
«Основы общей гельминтологии» (1-4 том) кітаптарын және басқа да Ресей,
Қазақстан ғалымдарының еңбектері мен паразитология ғылымының соңғы
жетістіктерін басшылыққа алып, сабақ өткізу тәжірибелерін сыннан өткізіп,
тиімді формаларын пайдаланып оқулықты оқырмандарға ұсынып отырмын.
Оқулық кіріспеден, паразитологияның қысқаша даму тарихы және төрт
бөлімінен тұрады. Паразиттердің систематикасы, суреттері, негізінен жоғарыда
аталған В.А.Догельдің «Общая паразитология» кітабынан және басқа да
авторлардың әр түрлі оқулықтарынан алынған.
Ұсынылып отырған еңбегіме пікірлері мен өз ойларын жазғаны үшін
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ биологиялық ғылымының докторы, морфология
және физиология кафедрасының профессоры А.И Газизоваға, ветеринариялық
ғылымының докторы, «Қостанай облысы акімідігінің ветеринария басқармасы»
Мемлекеттік
мекемесінің
басшысы
Б.Б.Қайыпбайға,
ветеринариялық
ғылымының докторы, ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры
М.К Мустафинге дұрыс емес және қате болған жерлерді көрсетіп ондағы
қателіктерімді дұрыстағаны үшін өз тарапымнан ұсыныс-пікір білдіргендерге
алғысымды айтамын және болашақта бұл қателіктерімнен сабақ алып,
ризашылық пен ілтипатымды білдіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |