Қоздырғышының даму биологиясы. Аталықтар кешкі уақытта ашық
алқаптарда роялдар құрайды. Жұмыртқада фолликулалармен жетілген
аналықтар роялдарға кіріп жұп түзеді де, роялдардан ұшып кетеді.
Копуляция ұшу уақытында болады, одан кейін қан сору мұқтаждығы туады.
Қан фолликуладағы жұмыртқалардың өсуі үшін қажет, олар қанды өзінің
денесінің салмағы көлемінде немесе одан 1,5-2 есе көп ішеді. Бірнеше күннен
кейін (10-12) аналықтар 120-дан 350-450 данаға дейін жұмыртқа тастайды.
Бір маусымда аналық қан сорып, 3-5-тен 10-12-ге дейін жұмыртқа тастай
алады. Anopheles, Culex, Mansonia, Culiceta, Uranotaenia тегінің аналықтары
жұмыртқаларын ұзақ уақыт қолданыстағы су қоймаларында, ал Aedes тегінің
аналықтары ылғалды топыраққа, су басатын жер ойықтарына тастайды.
Culex, Mansonia, Culiseta масаларында жұмыртқалар бірге бірітірілген, ал
Anopheles және Aedes масаларында олар жалғыз топтастырылған.
Температураға байланысты 2-21күннен кейін, жұмыртқада төмен
температураға және құрғақшылыққа төзімді дернәсілдер түзіледі.
Масалардың дернәсілдері суда сол жылдың ортасында, не жаздың аяғында
шығады. Моноциклды түрінде жұмыртқадағы дернәсіл диапаузаға түседі
және әрі қарай даму үшін суық кезеңді немесе қыстауды өтуі керек.
Дернәсілдер өсімдіктерден жиналатын немесе су қоймасының түбінен
жиналатын органикалық заттармен қоректенеді.
Дернәсілдер
мен
қуыршақтардың
дамуы,
табиғи-климаттық
жағдайларға байланысты 5 күннен 26 күнге дейін немесе 22 күннен 47 күнге
дейін созылады. Маса аналықтарының өмір сүру ұзақтығы 1-2-ден 10-12
гонотрофиялық циклға дейін, ал аталықтарыныкі 10-15 күнге дейін. Масалар
жұмыртқа немесе имаго фазасында қыстайды.
Қазақстанның солтүстігінде масалар 3-4 ай, көбіне маусым айында
ұшады. Осыған ұқсас ұшу республиканың таулы аймақтарында байқалады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста масалар 5-7 ай, көбіне көктем, жаздың
аяғында және күзде белсенді; Республиканың қалған бөліктерінде ұшу
уақыты 5-6 ай, үлкен белсенділік ерте жазғы кезеңде (июнь) және жаз
аяғында (тамыз).
Масалар – ымырт жәндіктер, жазда көбіне таңертең және кешке 9-30 С
температурада төмен жарықта ұшады. Көктемде және күзде күндіз шабуыл
жасайды. Масалар әдетте ұрықтанған биотоп айналасында шоғырланады,
бірақ азық іздегенде маса аналықтары 3км және одан да алыс ұшуы мүмкін.
Жайылымда жаппай ұшу уақытында (2-3 айдан кем емес), олар мал
үшін үлкен қауіп тудырады. Масалардың зияндылығы олардың күшіне
201
байланысты. Зияндылығының бастамасы болып олардың 5 минут уақыт
аралығында 230 дараірі қараға шабуылы саналады. Берілген күштің шегі 2-
3есеге өсуі жануарлардың токсикозға және өнімділігінің азаюына алып
келеді.