К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патогенезі және клиникалық белгілері



Pdf көрінісі
бет187/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патогенезі және клиникалық белгілері. Масалардың патогенді әсері 
ауыз бөлшектерімен теріге механикалық зақымданудан және сілекейдің 
тістелген жердегі токсигендік әсерінен туады. Азықтандырғыш организмде 
қанның төгілуін, сілекеймен жалпы интоксикация, қанның биохимиялық 
құрамының 
өзгеруін, 
иммунобиологиялық 
ауысым, 
аллергиялық 
реакциялардың дамуын байқайды.
Масалардың аналықтары облигатты гематофагтар, сүтқоректілердің, 
құстардың, бауырымен жорғалаушылардың қандарын сорады. Масаның бір 
аналығы 3мг қан сорады. Көп мөлшерде болғанда, бір тәулік ішінде 100мг 
қан, ал бір белсенді маусымда – 9-10 л жұтады. Бұл қанның жоғалуы 
сілекейдің токсигендік әсерінен организммен толық өтемейді.
Масаның сілекейі жоғары токсигендік және антигендік қасиетке ие. 
Масалардың тістеуі жергілікті аллергиялық реакциямен күлдірдің түзілуі, 
ісік, қызару, ашқарақтық, жиі қышыну және жазылмайтын жара ере жүреді. 
Экссудация және торшалық инфильтрация байқалады. Алғашында 
нейтрофиль саны, нәтижесінде – лимфоцит және эозинофиль саны көбейеді. 
Анемия дамиды. Масалар жайылымда ірі қара малды мазалап, жайылуға 
кедергі келтіреді және сауылымның, тірі салмақтың төмендеуіне алып келеді. 
Масалардың жаппай шабуылынан көпшілік жануарлардың өлімі белгілі.
Масалар тістеу арқылы аса қауіпті жануарлардың энцефалиті, омбы 
геморрагиялық қызбасы, жылқының инфекциялық анемиясы, лимфоцитарлы 
хориоменингит, сібір жарасы, туляремия, бруцеллез, филяриатоз, құстардың 
маляриясы тәрізді ауруларының қоздырғыштарын сақтап, жіберетіндігі 
табылған.
 
 
5.8 Ет масалары (Calliphoridae) 
Көк және жасыл ет масалар жайылымдарда және ауылшаруашылық 
фермаларда көп мөлшерде мекендейді.
Calliphora (көк ет масалар): C.vicina (көк ет маса) және Protophormia 
terraenovae (көктемгі көк маса) және Lucila (жасыл маса) түрі: L.sericata 
S.illustris осы өкілдерінің түрлерінде ветеринариялық маңызы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет