К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын алу шаралары және күресу жолдары



Pdf көрінісі
бет120/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары және күресу жолдары. Үй қояндарын торлы 
жынысты үй қояндарымен торда ұстайды. Нысапты күніне 2 рет алып, көң 
сақтайтын қоймаға апарады. Жасуша және құрал-саймандарды тазалықта 
ұстайды. Тамақтандыратын және сусындыратын жер әркез таза болуы керек, 


128 
оларға нысап түспеуі үшін бөлек ұстайды. Тамақты арнайы жабдықталған 
жерде ұстайды. Үй қояндарын енесінен айырғаннан кейін күнделікті тамақ 
беру тәртібіне үйретеді. Алдын алу шараларын жасау мақсатында 
сульфадиметаксин 
мен 
сульфадиметоксин 
мен 
сульфапиродоксин 
қолданылады. 
 
3.4 Жануарлар токсоплазмозы 
 
Токсоплазмоз 

жануарлар 
мен 
адамды 
зақымдайтын 
антропозооноздық ауру. Токсоплазмозға шалдыққан буаз мал іш тастайды 
немесе тіршілікке қабілетсіз, әртүрлі ақауы бар төл туады, сондай-ақ ауру 
малдың орталық жүйке жүйесі, көру мүшелері, без және ішкі секреция 
жүйесі зақымдалады. 
Токсоплазмоз дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған. Бұл ауру 
Ресей Федерациясында, Қазақстанда, Украинада, Беларуссияда; Кавказ және 
Орта Азия мен Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда кездеседі. 
Қоздырғышы. Токсоплазмозды споровиктер класына жататын 
Toxoplasma gondі деген қарапайымдылар қоздырады. 
24 сурет. Токсоплазмоздың қоздырушысы-Toxoplasma gondii 
Токсоплазмалардың құрылысы мен даму биологиясы. Токсо-
плазмалардың өсіп-даму сатыларына байланысты олардың құрылысы әртүрлі 
болады. Олар: трофозоиттар (жыныссыз өсетін түрлері), цисталар, 
псевдоцисталар, шизонттар, мерозоиттар, гаметалар және ооцисталар болып 
бөлінеді. Трофозоиттар жартылай ай тәрізді, апельсин жарнағына ұқсас, 
ұзындығы 4-7 мкм және ені 2-4 мкм. Романовский әдісімен боялған 
жұғындыда олардың ядросы қоңыр-қызылға, ал цитоплазмасы көгілдір түске 
боялады. 


129 
Олар ішкі ортаның ұлпалы мүшелерінде, мида, торша және әртүрлі 
ұлпалардың торша аралығын мекеңдейді. Қанда сирек кездеседі. 
Эндодиогения немесе іштен бүршіктену арқылы трофозоиттар көп рет 
көбейіп цисталар түзейді. Цисталар дөңгелек пішінді, өзіндік екі қабат 
қабықтары бар, ал ішінде көптеген мерозоиттары бар. Цисталардың тұрқы 
100 мкм. Көбінесе олар мидан, диафрагма және жүрек етінен табылады. 
Ауру малдың етін немесе кемірушілер етін жеген мысықтың 
асқазанына түскең цисталар ыдырайды да, олардың ішінен шыққан 
мерозоиттар ішектің эпителий торшаларына еніп, онда шизогония даму 
сатысынан өтеді. 
Шизогониядан кейін гаметогония жолымен дамып, гаметоциттер 
түзіледі. Еркек гаметтер немесе микрогаметтер тұрқы 1-1,5 мкм, ұрғашы 
немесе макрогаметтер диаметрі 30-60 мкм. Микрогаметтер мен 
макрогаметтер қосылу (көпуляция) нәтижесінде зигота түзіледі, соңынан 
ооцистаға айналады да, мысықтың нәжісімен клиникалыққа шығады. 
Ооцисталар пішіні аздап сопақтау, клиникалық қабығы өте нәзік, тұрқы 
11 х 13-14 мкм. Қоршаған ортаға шыққан ооцисталар 3-5 күн ішінде 
спорогония сатысынан өтеді де, олардың ішінде споралар түзіледі. 
Спорогония сатысынан өткең ооцисталар мал-жанға қайта жұққан соң 
спорозоиттар бөліп шығарып, аздан соң мал денесінде олар трофозоиттарға 
айналады. 
Токсоплазмалар жыныстық жолмен үй мысығы мен кейбір мысық 
тұқымдастар ішегінде дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет