К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


 Қансорғыш қосқанаттылар (ГНУС)



Pdf көрінісі
бет185/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
5.7 Қансорғыш қосқанаттылар (ГНУС) 
Қансорғыш 
қосқанаттылар 
– 
ұзынмұрттылар 
(Nematocera) 
подотрядының – масалар, мошки, мокрецы, москиты және қысқамұрттылар 
подотрядының (Brachycera) – слепни, жалпы «гнус» атауына біріктірілген, 
олар тек қауіпті эктопаразиттар ғана емес, сондай-ақ кейбір адам мен 
жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тасушы. Гнустардың ерекшелігі – 
олардың өсімдіктердің тәтті шырынын және жылықандылардың қандарын 
соратын аналықтарының тамақтануының екі жақты болуы, ал аталықтар тек 
шырынмен қоректенеді. Тағы бір ерекшелігі – гетеротроптылығы: 
жұмыртқалар, дернәсілдер, қуыршақтар ылғал ортада немесе суда, ал имаго – 
ауада өмір сүреді. 
Масалар. Шамамен 2 мың түрмен есептелінетін (Culicidae) отбасы 
масаларының көп бөлігі Culcinae және Anophelinae тегіне біріктірілген 
қансорғыштар. Қазақстанда қансорғыш масалар Aedes, Culex, Anopheles, 
Mansonia, Uranotaenia тектеріне жататын кіші түрлерімен қоса 68 түрмен 
көрсетілген. 
Қансорғыш масалар шөлейттерден бастап биік таулы альпі 
шалғындарына дейін таралған. Anopheles және Culex, сондай-ақ Uranotaenia 
тектерінің түрлері, республиканың оңтүстік аймақтарының шөлді дала 
өзендерінің арналарында және көл маңайларында көптеп кездеседі. Көптеген 
жерлерде Aedes тегінің түрлері кездеседі. Ал солтүстік облыстардың 
шығысында және Алтай-Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесінде Aedes және 
Culiseta тегінің түрлері басым болып келеді. Әрбір табиғи зона, солтүстіктен 
оңтүстікке, батыстан шығысқа, тау бөктеріндегі жазық даладан биік таулы 
альпі шалғындарына дейін өзгеретін, қансорғыш масалардың өзіне тән 
фаунасымен сипатталады. Барлық жерде Aedes тегінің эврибионтты 
экологиялық пластикалы түрлері басым.
Қоздырғышы. Масалар ұсақ (3-4мм) үлкендігі орташа (10мм-ге дейін) 
жәндіктер, денесі ұзын, жіңішке ұзын аяқтың және екі қанаттың болуымен 
ерекшеленеді. Басы шартәрізді. Көздері бұршақ тәрізді, фасетті, мұртты-
антеналы 15 мүшелі. Ауыз аппараты қадау-сору типті, ұзындығы бас 
диаметрінен бірнеше есе асады. Сезгіш мұртшалары 5 мүшелі қабыршақпен 
қапталған. Кеудесі құрсақтан жалпақ. Оның сигменті жабысқан, тері түсі сұр, 
қара немесе сарғылт-қоңыр, аяқтары ұзын екі тырнақпен аяқталады. 


200 
Қанаттары ұзынша сопақ қабыршақпен қапталған.
Жұмыртқа ұзынша-сопақша, ұзындығы 0,16-0,7мм ақшыл түсті. 
Дернәсіл созылмалы, денесі кутикуламен тығыз қапталған, оның үстінде 
көптеген сезімтал шаштар болады. Дернәсіл кеудесі бастан жалпақ, құрсақ 
соңына қарай біртіндеп бүріседі. Құрсақтың тоғызыншы сигментінде тік ішек 
жолы төрт желбезектермен қоршалған және қозғалу мүшесі қанаттан тұрады. 
Қуыршақ жалпақ мүшеге бөлінбеген бас кеудесі және жіңішке құрсақтан, 
әдетте астына иілген бас кеудесінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет