198
бөліктеріне қонып, тітіркендіріп, олардың
жайылымда жайылуына және
азықтануына кедергі келтіреді және осының әсерінен жануарлардың
өнімділігі төмендейді.
29 сурет. Күзгі көк шыбын (Stromoxys calcitrans)
Жалаушы шыбындар – полифагтар. Көңнен, нәжістен, шіріген
өлекселерден, жуындылардан, қоқыс тастайтын
жерлерден ұшып келген
шыбындар үйдегі, мал ұстайтын орындарындағы азық өнімдерін, жемдерді
ластайды және түрлі инфекциялық және инвазиялық аурулардың
қоздырушыларын тасымалдаушылары мүмкін. Жайылымдық шыбындардың
ішінде тасымалдаушы шыбындар мен ірі қара
малдың телязиоз ауруының
қоздырушыларының аралық иелері – егістік шыбын, тірі туатын егістік
шыбын, сібірлік егістік шыбын, жайылымдық шыбындар ең қауіптілері
болып саналады. Ауру жануарлардың көзінен
аққан кілегейлерді жалау
арқылы олар телязия дернәсілдерімен инвазияланады, кейін сау жануарларды
да ауруға шалдықтырады.
Қансорғыш шыбындар үлкен зиян келтіреді, әсіресе мал ұстайтын
ғимараттарда тіршілік ететін күзгі көкшыбындар(Stromoxys calcitrans) (31
сурет). Шыбындардың жұмыртқа басу орындары негізінен шөпті
төсеніштерімен араласқан шіріген сабан, пішен, сүрлем болады. Шыбындар
жазда 1-2 күн сайын, ал күзде 10 күн
сайын ірі қара малға, жылқыларға,
түйелерге, құстар мен адамдарға қан сору үшін шабуылдап қоректенеді. Жаз
мезгілінде олар жайылымда көптеп кездеседі. Жануарды күзгі көкшыбындар
шаққанда ауыртады және мазасыздық тудыртады.
Жайылымда ірі қара малдарда және басқа да жануарларда ылғи
Lyperosia (L.irritans, L.titillans) және Haematobia (H.stimulans, H.atripalpis)
туыстығына жататын көкшыбындар паразитті тіршілік етеді. Олар жаздың
екінші жартысында көп мөлшерде болады. Жұмыртқаларын басуы
жайылымдарда ірі қара малдан шығатын нәжісте болады. Шыбындар
199
жануардың денесін тек жұмыртқа басу үшін ғана тастап кетеді. Олар жиі әрі
ұзақ
қан сорады, соның нәтижесінде интоксикация, қатты жүдеу,
сиырлардың сауымы 25-30% азаюы, төлдердің өсуі 30-40% төмендеуі
байқалады.
Көкшыбындар сібір жарасы, туберкулез,
бруцеллез, туляремия,
жылқылардың энцефаломиелиті, шошқа обасы, құс обасы,
ірі қара малдың
безноитиозы, түйелердің су-аурасы, гельминтоздардың қоздырушыларының
тасымалдаушысы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: