37
қорытылмаған азық қалдығы ауыз арқылы шығады. Жүйке жүйесi жұтқыншақ
маңында орналасқан түйiндерден тұрады, олар дененiң әр бөлiгiне таралады.
1 сурет.
Трематода құрылысы:
1 – ауыз емiзiкшесi; 2 – жұтқыншақ; 3 - өңеш; 4 – iшек бөлiгi; 5 – аналық жыныс тесiгi; 6 –
аталық жыныс тесiгi; 7 – жатыр; 8 – сары дене; 9 – оотип; 10 – сары уыз ағып келуi; 11 –
жұмыртқалық; 12 – шәует жолы, 13 – ен; 14 – iшек
бөлiгiнiң соқыр шегi; 15 – экскреторлық
қуыс; 16 – экскреторлық тесiк; 17 – Лауреров өзегi; 18 – Мелис денесi; 19 –
ұрыққабылдағыш; 20 – жалпы еншығару; 21 – ен қуысы; 22 – құрсақ емiзiкшесi; 23 – жыныс
бурсасы.
Экскреторлық жүйе паразиттiң денесiнiң артқы бөлiгiнiң тесiгi
экскреторлы түтiкпен аяқталатын өзекшенiң күрделi бөлiгiнен турады.
Трематоданың жыныс жүйесi күштi дамыған және өте күрделi
орналасқан.
Трематодалар (Schistosomatata подотрядынан басқасы) – гермафродиттер
(екi жынысты).
Аталық жыныс аппараты бiр-бiр шәует жолына бөлiнетiн еннен тұрады.
Олар бiрге қосылып, арнайы бұлшықет қабы – жыныс бурсасымен аяқталатын
38
жалпы шәует жолын түзедi. Шәует жолының соңғы хитиндi бөлiгi циррус деп
аталады. Ол жинақы мүшелердiң қызметiн атқарады.
Аналық жыныс аппаратында ұрық жұмыртқасының торшасын, жұмыртқа
жолын жатыр түтiгi) бөлiп, жұмыртқалық пен
шәуетқабылдағышты қосатын
жұмыртқалық болады. Сондай-ақ оотипi сары денелермен көрiнедi, олар
жұмыртқаларда қоректiк материалдарды өңдеп бөледi. Мелис денесiнiң секретi
оотип пен жатырды шаяды, соның әсерiнен
жұмыртқалардың жылжуын
оңайлатады. Жатыры түтiкше тәрiздi болады. Оның бiр шетi оотиппен
қосылған, басқа шетi қынап қызметiн атқарады. Әр түрлi трематодалардың
клиникалыққы жыныс тесiгi әр түрлi
дене бөлiгiне ашылады, жиi құрсақ
емiзiкшелерiнiң алдына. Пiшiнделген жұмыртқалар клиникалыққы ортаға
жатырдың клиникалыққы тесiгi арқылы түседi.
Трематода
жұмыртқалары сопақ пiшiндi, сары түстi, бiр полюсiнде
қақпақшалар болады.
Достарыңызбен бөлісу: