К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет28/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
 
 
 
 
 
3 кесте. Нематода жұмыртқалары: 
1 - Ascaris suum; 2 - Parascaris equorum; 3 - Toxocara canis; 4 - Toxoscaris leonine; 5 - 
Ascaridia galli; 6 - Trichocephalus sp; 7 - Tetrameres fissispina; 8 - Drascheia megastoma; 
9 - Strongyloides sp. 


36 
Класстар жұмыртқаларының мөлшері, түсі, пішіні, қабық құрылысы және 
ішкі ағзаның айырмашылығы әр түрлі болады. 
Трематода жұмыртқалары жиі сопақша, бір полюсында жапқышы 
болады. Қабығы жылтыр. Кейбіреуінің қабығында филаменттері (сабағы), 
төмпешігі болады. Жұмыртқаның түсі ақшыл – бозғылт немесе қоңыр (жиі 
сары). 
Цестода жұмыртқалары екі түрлі болады: лентец және цепень 
жұмыртқалары. Лентец жұмыртқалары трематода жұмыртқаларына ұқсас 
болады (сопақтау, бір шетінде қақпағы бар). Цепень жұмыртқаларының 
айырмашылы бар: жиі олардың көлемі орташа, пішіні дөңгелектеу, бозғылт 
түсті, толық жеткең ұрығының ішінде үш жұп эмбрионалдық ілгекті 
онкосферасы болады. 
Нематода 
жұмыртқалары 
трематода 
жұмыртқаларынан 
қақпағы 
жоқтығымен, цестода жұмыртқаларынан – онкосфераның жоқтығымен 
ерекшеленеді. Нематода жұмыртқаларының мөлшері, пішіні, құрылысы және 
қабықтарының түсі әр түрлі, клиникалыққы қабығы жылтыр, бұдырлы, ойықты 
болады; Қабықтың жуандығы жіңішке (стронгиляттарда), трихоцефал 
жұмыртқаларының 
қабығы 
жуан 
болып 
келеді. 
Көп 
нематода 
жұмыртқаларының пішіні сопақтау, симметриялы, кейбіреулері жартылай 
цилиндр тәрізді (драшеяларда) болады. Көп нематодалар клиникалыққы ортада 
жетілмеген (жұмыртқаларының ішінде құрылған дернәсілі болады) және 
жетілген жұмыртқаларын бөледі. 
Скребень жұмыртқаларының пішіні сопақтау, эллипс және ұршық тәрізді, 
көлемі орташадан іріге дейін болады. Клиникалыққы ортаға бөлінген 
жұмыртқалардың ішінде – акантор дернәсілі орналасады. 
Кең тараған түрлерi бауырдың, өт жолын, ұйқы безiн, қойлардың алуа 
iшегiн, құстардың жұмыртқа жолын зақымдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет