41
Толық жетiлмеген паразиттер күз айларында бауырда кездеседi, ал желтоқсан-
қантар айларында зақымдалу өте жоғары болады.
Фасциола жұмыртқалары жоғары
және төмен температураға, кебуге,
шiрiгенге өте сезiмтал. 40-45°С температурада 30-40 мин, ал 50°С кезде өледi, -
5°С температурада 1 күнде өледi. Кепкең нәжiсте жұмыртқа өмiр сүру қабiлетiн
ылғалдылық жоғалғанша жонылмайды.
Патогенезі. Iшек, бауыр, өт жолдарына өткеңде жас паразиттер патогендi
әсер етедi. Жас фасциолалар iшек кiлегейлi қабатынан қан тамырларына
өткеңде жарақаттайды, бауырдың кейбiр бөлiктерiне қан айналымын бұзады.
Бауыр
ұлпасы арқылы қозғалып, капиллярларды, паренихиманы,
өт жолын
бұзады. Кейде фасциола қан ағымы арқылы басқа мүшелерге енiп капсуламен
қапталады. Қатты инвазия болғанда олар iрi қара малдың өкпесiнде де
кездеседi.
Жас фасциолалар iшектен бауырға микрофлора енгiзедi, өт жолы бiтеледi,
бұдан организмнiң интоксикациясы болады және инфекция дамуы мүмкiн.
Жынысты жетiлген
фасциола қанмен қоректенедi, өт жолы арқылы өтiп,
оларды зақымдайды көп болса бiтеп тастайды. Паразит бөлетiн өнiмдер және
токсикалық заттар бауырға әсер етедi. Ретикулоэндотелиальдi және жүрек қан
тамыры жүйесiне, орталық жүйке жүйесiне,
iшек-қарын жолының, тыныс алу
мүшелерiнiң жұмысын зақымдайды.
Зат алмасуда бұзылады. Э. А. Давтян мен В. Д. Акөпян фасциолезбен
зақымдалған жануарларда
витамин А жетiспеуiн дәлелдедi, осыдан организмнiң
резистентiлiгi төмендейдi. Сонымен қатар витамин А болғанда ғана витамин С
синтезделедi. Организмнiң аллергиялық жағдайы туады.
Иммунитеті.
Фасциолезден
кейінгі
иммунитеті
зерттелмеген.
Эксперименттiк зерттеулер қатты қиындық тудырады, өйткеңi паразит соңғы
иеде көп өмiр сүредi. Кейбiр ғалымдар жануарларда туа біткен және жүре
пайда
болған иммунитет бар дейдi, бiрақ әлсiз бiлiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: