К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет72/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Аурудың дамуы. Зақымданған мал iшегiнде таспа құрттың жалпы саны 
жүзге дейiн баруы ықтимал. Құрт созылмалы денесi арқылы малдың қоректiк 
затарын сорып, сколекске орналасқан төрт сорғышымен iшекке жабысып, 
кiлегейлi қабығын жаралайды. Кейде паразиттер iшек iшiне толып, азық 


83 
жүргiзбей қояды. Осының нәтижесiнде iшек созылып, iшкi қабаты қабынады, 
бара-бара iшектiң түйiлуiне немесе ыдырап, үзiлiп кетуiне ұшыратады. 
Гельминттерден бөлiнiп шыққан уыты қан арқылы дене мүшелерiне 
жайылады, жүйке жүйесiнiң қызметiн бұзады, бүкiл мал денесiн уландырады. 
Соның салдарынан төлдiң, кейде ересек малдың iшi кеуiп өтедi, нәжiс, зәр 
шығару кезiнде мал қиналады, бұлшық етi дiрiлдейдi, қан азаюы байқалады. 
Сонымен бiрге басқа инфекциялық iндеттерге қарсы малдың төзiмдiлiгi 
төмендейдi. 
Ауру малдың тәбетi нашарлап, тез жүдейдi, көбiнесе жата бередi, 
ақырында өлiм-жiтiмге ұшырайды.
Клиникалық белгілері. Клиникалық белгiлердiң пайда болуы мал 
организмiнiң шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы 
iшегiне енген ондаған немесе жүздеген таспа құрт, ауруды тым үдетiп жiбередi. 
Малдың жем-шөпке зауқы бәсеңдейдi, шөлiркеп iшi өтедi, сұйық нәжiсiне 
шырыш және қан араласады. Төлдiң арты үнемi былғанып жүредi, ал кейде 
көтен iшектен таспа құрттар үзiндiлерi салбырап тұрады. 
Жүрек қантамырлары қызметiнiң нашарлауынан дененiң әр тұсынан
әсiресе алқымынан, сирақ буындары маңайынан, т.б. жалқаяқты iсiктер 
байқалады. Егер iшек қуысы құрттармен бiтелiп қалса, онда жануар мойынын 
3 сызба. Moniezia sp. таспа құртының даму сатылары 


84 
бүйiрiне қарай қайырып тыпыршып мазасызданады. Ал жүйке-жүйесiнiң 
қызметi бұзылған шақта денеге дiрiл пайда болып, төл бiр орында тұрып өзiнен 
өзi айнала бередi, аяғымен жер тепкiлеп, тыпырлап, құлап түседi. Жалпы 
малдың күйi төмендеп, етi қайтады, көтеремдiктен және iшегiнiң бiтелуi 
себебiнен өледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет