К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет75/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
 
2.26 Авителлиноз 
Авителлинозбен күйiс қайыратын мал ауырады. Үй жануарларының 
iшiнде бұл гельминтозға жиi қой шалдығады. Ауру қоздырғыш құрты ащы 
iшекте күнелтедi. Iш құрттың аралық иесi – Entomobrya туысындағы уақ 
алтыаяқты жәндiктер. Авителлинозға шалдыққан малдан алынатын ет, сүт, жүн 
өнiмдерi сан, сапа жағынан төмендейдi, көптеген жағдайда мал өлiмге 
ұшырайды немесе лажсыз сойылады. 
Қоздырғышы - сұрғылт түстi таспа құрт - Avitellina centripunctata 
ұзындығы 1-3 м-дей, ал енi 3 мм шамасында. Стробиласы жiңiшке жiпке 
ұқсайды, бас жағындағы бунақтары байқалмайды, соңғы буылтықтары тiзiлген 
ақ тастардай. Жыныс тесiктерi бунақтардың бiр ғана бүйiрiнен ашылған. Пiсiп-
жетiлген бунақтарда қалтамен қоршалған 50-ге жуық жұмыртқалары бар.
Қоздырғышының даму биологиясы. Авителлина құртының даму 
айналымы 1988 жылы ғана шешiмiн тапты. Аралық иесi алтыаяқты жәндiктер-
коллембола екеңiн П.Т.Твердохлебов және т.б. анықтаған. Қой және басқа да 
күйiс қайыратын мал бұл дерттi авителлина цистицеркоидымен зарарланған 
алтыаяқтылар бар жайылымдарда жұқтырады. Мал денесiнде құрт 
цистицеркоиды бiртiндеп өсiп-жетiлiп, 40 күн шамасында ересек құртқа 
айналады. 
Эпизоотологиялық деректері. Авителлиноз елiмiздiң Оңтүстiк 
аудандарында кеңiнен тараған. Бұл цестодоз кейбiр жылдары қой малын өлiм-
жiтiмге көп ұшыратады. Елiмiздiң Оңтүстiк-Шығыс өңiрiнде бұл дерт сирек 
кедеседi. 
Авителлинаның 
жұмыртқалары 
монезиялардың 
жұмыртқаларына 
қарағанда клиникалыққы ортаның қолайсыз әсерлерiне, әсiресе ылғалдың 
аздығына төзiмдiрек келедi. Себебi құрт жұмыртқасын қоршап тұратын 
“жатырға ұқсас” мүшесi қорғаныштық қасиет көрсетедi. Авителлина құртының 
жұмыртқалары көктем мен күздiк жайылымда 35-60 күнге дейiн тiршiлiк ете 
алады. 
Авителлинозға қозы 6-7 айлығынан бастап шалдығады. Ауру ересек 
қойлар арасында жиi кездеседi. Жазғытұрым туған төлде цестодолар алғашқы 
рет тамыздың аяқ шенiнде байқалады. Күзде паразиттердiң жұқтыру қабiлетi 
өсе түседi. Тоқтылар мен сақа мал дертке көктем мен күзде көп шалдығады. 


87 
Ешкiлер қойлармен салыстырғанда таспа құртпен аз зарарланады. 
С.Д.Ульяновтың (1961), А.Ақаевтың және т.б. (1973) мәлiметтерi бойынша 
авителлиноздың таралуына қарақұйрық себепшi болатындығы анықталған.
Аурудың өрбуi. Қой iшегiндегi құрт малдың қоректiк заттарын сорып 
пайдаланады, ағзалардың қызметтерiн әлсiретумен бiрге, уыттарын шығарып 
малды уландырады. Бұл аурумен малдың жүйке жүйесi жиi зақымданады. 
Малдың ас қорытуы жүйесi бұзылады, iшi өтедi, қаны төмендейдi. Құрттар 
өздерiнiң сколекстерiмен iшектiң iшкi қабатын жаралап, патогендi 
микробтардың мүшелер мен ұлпаларға енуiне жағдай туғызады. Осының 
салдарынан мал жұқпалы дерттерге ұрынуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет