93
малдың жасына, организмнің резистентігіне және
аллергиялық реакциясына
байланысты болады. Клиникалық белгілері өте жақсы құлыншақтарда білінеді,
ал ересек жылқыларда параскаридоз жасырын түрде өтеді. Жылқыларда
параскарида дернәсілдері зақымдалғаннан кейін бірінші күндерде қанмен
миграция
жасаған кезде энтериттер, іш өту, жөтелмен білінетін
бронхопневмония, дене температурасы көтерілуі және мұрыннан бөлінді
ағуымен байқалады. Ішекте параскаридалар болғандықтан
қарын-ішек жолы
қызметінің созылмалы бұзылуы байқалады, жылқылар тез жүдейді, шаршайды,
шәншу пайда болады. Кілегей қабаттары бозғылт, қан құрамында өзгерістер
байқалады: эритроциттер
мен гемоглобиннің саны азаяды, лейкоцитоз,
эозинофилия білінеді, ЭТР (РОЭ) тезделеді. Кейбір кезде құлыншақтарда жүйке
құбылыстары байқалады (тетаникалық тырысу, құйрықтың парезі).
Балау. Тірі кезіндегі негізгі әдісі – жылқылардың нәжісін Фюллеборн
әдісімен зерттеу. Өлген кезде – іШектеу сойып,
ашып қарап параскаридтерді
тауып нақты балауды қояды.
Достарыңызбен бөлісу: