90
ішегінде паразиттейді. Асқорыту жолының қызметі
бұзылуымен және құйрық
манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан басқа
оксиурозбен тағы біртұяқтылар – есектер, зебралар. Оксиуроз бүкіл
жерде
кездеседі.
Қоздырғышы. Ауыз қуысы алты шетті,
қысқа ауыз капсуласына
(кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өңештің артқы жағында
бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6 – 15 мм.
Құйрығы жалпақ, бір
жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ.
Аналықтын ұзындығы – 18 мм
дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа,
құйрығы жінішке, ұзын, вульва дененің алдынғы жағында орналасқан.
Жұмыртқалардың мөлшері 0,085 – 0, 099 х 0,040 – 0,045 мм, түссіз, жартылай
мөлдір, асимметриялы, полюстін бір шетінде – «тығын» сияқты болады.
Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады.
Достарыңызбен бөлісу: