92
ересек қояндарға бір рет береді, дозасы 1,0 г/кг; көжектерге – 0,75 г/кг, екі рет,
екі күн бойы. Фенотиазинмен пиперазинді дымқыл жемге қосып, 18-24 сағат аш
қарын ұстап береді.
Алдын алу шаралары. Күн
сайын қертені, суқүйғышты, клетканы
жақсылап тазартады немесе ыстық сумен қүйдіреді. Қояндарға пиперазинді
қолданып химиопрофилактика өткізеді. Осы мақсатпен
аналарынан айырған
көжектерге күн сайын 43-50 күн бойы, дозасы 0,1- 0,15г/кг пиперазин–
адипинатты, топ әдісімен береді.
Нәжісті күн сайын жинап, қояндар тұратын орынды, астау, науаларды
тазалау керек, оларға қатты ыстықпен дезинвазия жасайды. Көжектерге
пиперазин-адипинаты
0,1-0,15г/кг
мөлшерде
қандайда
бір
азықпен
араластырып күн сайын еркін азықтанду арқылы (50 күн бойы)
енесінен
айырғаннан кейін химиопрофилактика өткізеді.
2.30 Жылқы параскаридозы
Жылқы параскаридозы – біртұяқтылардың ауруы Ascaridae
тұқымдасына жататың Parascaris equorum нематодамен шақырылады.
Параскаридалар
жінішке ішекте, кейбір кезде қарында және бауырдың өт
жолдарында мекеңдейді. Параскаридоз бүкіл жерде таралған.
Қоздырғышы. Parascaris equorum – ірі нематода, аналығы 18 – 37 см, ал
аталығы 15 – 28 см жетеді. Аталықтың құйрығы иілген,
екі бірдей спикуласы
бар. Аналығы піспеген, доңгелек, мөлшері 0,09 – 0,1 мм, қоныр түсті,
клиникалықынан жуан тегіс қабықпен қапталған жұмыртқаларды бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: