К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патологиялық-анатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет89/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Токсокаралар геморрагиялық 
энтерит, язва, кілегей қабықшасының атрофиясын, ал кейде ішектің жарылуын 
тудырады. 
Балау. Тірі кезде Фюллеборн әдісі бойынша гельминтоовоскопияны 
өткізеді. Өлгенде іШектеу ашып қарайды. 
Емдеу, алдын алу және күресу шаралары токсаскаридоз кезіндегідей. 
 
 
2.35 Етқоректің токсаскаридозы 
 
Токсаскаридоз - Ascaridae тұқымының, Ascaridata подотрядының нема-
тодасымен қоздырылады. Локализациясы — жіңішке ішек. 
Қоздырушысы. Toxascaris leonina — сұр – сары түсті, бас ұшында 
жіңішке бүйір қанаттары болады. Аталықтарының ұзындығы 4—7 см, оларда 
құйрығы келе-келе жіңішкерееді, құйрығында екі бірдей спикулалар болады. 
Аналықтарының ұзындығы 6—10 см, вульвасы дененің алдыңғы бөлімінде 
ашлады. Жұмыртқалар дөнгелек, қабығы жуан, тегіс, ақшыл – сұр түсті, диаме-
трі 0,075—0,085 мм (17, б сурет). 
Қоздырғышының даму биологиясы. Токсаскаридалар түзу жолмен 
дамиды. 3—6 тәуілікте, егер оптимальды температура (30 °С) және керекті 
ылғалдыдық болса, жұмыртқадан инвазиялық дернәсіл дамиды. 42 тәуіліктен 
кейін ішек жолдарында нематодалардың жас пішіндері көріне бастайды, 74 
тәуіліктен токсаскаридалар жұмыртқаларды өндіре бастайды. Резервуарлы 
иелер тышқандар. 
Эпнзоотологиялық деректері. Токсаскаридоз қоздырушысымен 3 – 6 
айлық және одан да үлкең жануарлар зақымдалады. Антисанитариялық 
жағдайлар төмен болғандықтан бұл ауру өршие береді. 
Патогенезі және клиникалық белгілері. Токсакарозге қарағанда 
клиникалық белгілер нашар білінеді. Бұл ауру кезде секреция, азықты қорыту 
және сіңіруі бұзылады. Содан анемия, жүдеу, кейде тәбеті болмайды. 
Иммунитеті зерттелмеген. 
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Токсокарозге ұқсас. 
Балау. Тірі кезде нәжісті Фюллсборн әдісі бойынша зерттейді, ал өлгенде 
ішектің гельминтологиялық ашуын жасайды. 


99 
Емі. Нилверм ересек иттерге азықпен бір рет 0,020 г/кг, күшіктерге екіі 
рет 24 сағаттан кейін — 0,010 г/кг 1% сулы ерітіндісі ретінде (1 мл/кг), 
мысықтарға 0,01—0,015 г/кг береді. Тетрамизол гранулят 20%-дық иттермен 
мысықтарға азықпен бір рет 0,05 г/кг. Пирантел тартрат азықпен бір рет 0,008—
0,01 г/кг. Мебенвет гранулят 10%-дық иттерге 0,6 г/кг және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет