Зертханалыќ ж±мыс №3



бет1/12
Дата10.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
10 сынып зертханалық жұмыстар


Күні: №1 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу.
Керекті құрал-жабдықтар: баллистикалық пистолет, өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз.
Теориялық түсінік.

Горизонталь бетте көкжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формулалармен өрнектеледі:
Бұл формуладан оқтың 00-900-қа дейінг ұшу бұрышын өзгерткенде оның үшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нольге дейін кемитіні көрінеді. Түсу қашықтығы соs мен sin көбейтіндісінің үлкен мәнінде максимал болады. Міне, осы тәуелділікті 13-1 суретте көрсетілген баллистикалық пистолетпен зерттеу керек.
Пистолет бұрыш өлшеуіші 3 бар, қапсырма шегег 2 бекітілген осьтің бойында шыбығы бар ширатылған серіппеден 1 тұрады. Ұзына бойында тесік каналы бар шыбыққа арнайы шарик орнатылған. Шарикті қондырған кезде серіппені сығады да шыбықтың табанындағы босатқыш ілмекке ілінеді. Егер босатқыш ілмектің 5 шығып тұрған бөлігін басып қалса, шар босай»ды да, серіппенің әрекетінен ол шыбық бойымен белгілі бір бағытта қозғалады.
Шариктің ұшу жылдамдығының v0 модулін барлық тәжірибе үшін бірдей етіп алу керек.
Үстелде шариктің түсер жеріне ақ, таза қағаздың бетін екі бөлек жапсырма лентамен бекіту керек, ал үстіңгі жағына көшірме қағаз қойылады. Шарик құлағанда қағазда айқын із қалады.
Жұмыстың орындалу тәртібі
1. Дәптерге өлшеулер менн есептеулер нәтижесі жазылатын кесте дайындаңдар.

2. Баллистикалық пистолеттің құрылысымен, жұмыс жасау принципімен танысыңдар.


3. Үстелдің шетіне баллистикалық пистолетті қысып қоятын бұрманы орнатып, бұрыш өлшегішпен пистолетті 450 бұрышпен бекітіңдер. Қағазды жапсырмай, байқау үшін атып көріңдер де, шамамен шариктің түскен орныны белгілеңдер. 450 бұрышпен атқанда шарик қағаздың шетіне түсетіндей етіп таза қағазды үстелге бекітіңдер, сосы үстіне көшірме қағаз салыңдар.
4. Пистолетті 200, 300, 400, 450 бұрыштармен орнатып, әрбір бұрышқа 3-4 рет атыңдар. Шариктің ізін қарындашпен қоршаңдар да қасына бұрышын белгілеңдер.
5. Пистолетті бұрып, оны 500, 600, 700 бұрыштармен бекітіп, әрқайсысына 3-4 атып, тағы да әрбір бұрыштағы шариктің түскен ізіне ату бұрышының мәнін жазыңдар.
6. Әрбір бұрыш үшін шариктің түскен қашықтығының орташа мәнін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.



Шариктің ұшу бұрышы, α,0

20

30

40

45

50

60

70

Шариктің орташа ұшу қашықтығы L, см
























Қорытынды:............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет