К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Қоздырушысының даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет93/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Қоздырушысының даму биологиясы. Жөтелген кезде жұмыртқалар 
ауызға түседі, оларды малдар жұтады. Дернәсілдер жұмыртқадан өқпеде 
шығуы мүмкін, бірақта бұл процесс иенің асқорыту жолында өтеді. 
Dyctiocaulus filaria-ның I сатылы дернәсілдеріның ұзындығы 0,55 - 0,58 мм, 
олар нәжіспен бірге клиникалыққы ортаға шығады. Еркін өмірсүретін түрлері 
клиникалыққы ортада көректенбейді, ішектегі азық гранулары арқылы өмір 
сүреді. 1-2 күннен кейін бірінші рет, ал 4-5 күн өткесін – екінші рет түлейді. III
сатылы дернәсілдері клиникалықынан қабықпен қапталған. Дернәсілдер даму 
үшін дымқылдық керек, 27º С олар тез инвазиялық сатысына 6-7 күн ішінде 
жетеді. Температура 5 - 10º С төмендегенде даму кезені 15 – 17 күнге созылады. 
Инвазиялық дернәсілдердің белсенділігі және жылжымдығы төмен боп келеді. 
Құрғақ жағдайларда олар бірнеше күн өмір сүреді, бірақта дымқыл жерде 
бірнеше ай өмір сүреді және температура төмендеуіне тұрақты келеді. 
Жануарлар инвазиялық дернәсілдерді азықпен жұтып зақымдалады. 
Дернәсілдер үш күн ішінде ішек қабырғасына еніп, лимфа тамырлары арқылы 
мезентериальді бездеріне жетіп дамиды, сол жерде төрт күннен кейін үшінші 
рет түлейді. Дернәсілдер лимфа және қан тамырлар арқылы өқпеге барады да, 
капилляларда тоқталып олары бұзады, содан кейін альвеола, бронхиола және 
бронхтарға шығады. Толық жыныс сатысына 4 апта ішінде жетуі мүмкін, 
кейбір кезде 3 – 4 айға созылады. Диктиокаулюстар қой организмінде бірнеше 
айдан 1,5 – 2 жылға дейін тіршілік етеді. 
Эпизоотологиялық деректері. Диктиокаулезбен әсіресе бір жасқа 
жетпеген қошақандар аурады. Ересек малдар диктиокаул – тасымалдаушылар 


102 
және инвазияның көзі болып есептеледі. Ересек малдың төлдерімен бірге 
үстағандықтан ауру тез таралады. Қошақандар диктиокаулезбен жайлауда ауру 
малдан зақымдалады. 
Патогенезі. Диктиокаула дернәсілдері және ересек паразиттер 
зақымдалған 
малдың 
организміне 
механикалық, 
токсиқкалық 
және 
инокуляторлық әсер етеді. Әсіресе дернәсілдер ішектен лимфа жүйесіне 
миграция жасағанда. Өқпеге түскең паразиттер бронхтардың жаңа-жаңа
бөлімдерің зақымдайды. Қабыну процесстер организмнің резистенттігін 
төмендетеді. Жиі паразиттер бронхтарды бекітіп тастайды, сол арқылы 
аллергиялық реакциялар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет