К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет99/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
2.41 Нематодироз
Қазақстанның кейбiр өңiрлерiнде, әсiресе далалық аймақтарда, қой 
шаруашылығына зор зиянын тигiзетiн гельминтоз ауруларының бiрi- 
нематодироз
Қоздырғышы - үй және кейбiр жабайы күйiс қайыратындардың ащы 
iшегiн мекеңдейтiн, жiп тәрiздi Nematodirus туысының әралуан түрлi жұмыр 
құрттары. Басы мен өңешiнiң алдыңғы жағында, дөңгеленген жалбағайы 
(везикуласы) бар, бүйiрлерiнiң клиникалықы сызықшалармен қоршалған, ауыз 
қуысы кiшкеңтай, жалғыз тiсi көрiнiп тұрады. Еркегiнiң жыныс буылтығы үш 
бөлiмнен қалыптасқан: клиникалыққы екеуi үлкең, олардың арасындағысы 
кiшкеңтай. Кiшiсiнiң өзi де екi бөлiктен құралған. Еркек жыныс мүшелерiне екi 
спикула жатады, олар өте ұзын және жiңiшке, орта шенiнен бастап мөлдiр
мембрана арқылы жалғасады, түсi қоңырлау келедi. Спикулаларының 
құрылымына қарап, нематода түрлерiн ажыратады. Ұрғашысының құйрық 
жағы жұмырлау келедi, ұшында бiз тәрiздi өскiнi болады. Біздің елiмiзде қой 
нематодирозын қоздыратын құрттардың 11 түрi табылған, солардың iшiндегі 
үш түрiне ғана өте қысқаша сипаттама берiледi. N. spathiger - еркегiнiң 
ұзындығы 0,8-2,0 мм, спикуласының ұшы домалақ, ұрғашысының ұзындығы 
1,2-2,0 мм. N. оiratianus - еркегiнiң ұзындығы- 1,1-1,6 (спикуласының үш жағы 
найза сияқты), ұрғашысыныкi – 1,4-1,3 см. N. аbnormalis - еркегiнiң ұзындығы 
1,1-1,3 см (спикуласының бiреуi екiншiсiнен қысқа, сондықтан оның ұшы
бүгiлiп тұрады) ал, ұрғашысыныкi – 1,8-2,5 см. 
Эпизоотологиялық деректері. Нематодироз Қазақстанда кең таралған 
ауру. Одан қозылардың өлiм-жiтiмге ұшырауы республикамыздың далалық 
алқаптарында байқалады. Бұл гельминтоз Орал, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, 
Кереку және Семей өңiрiнде жиi кездеседi. (Қадыров, 1989; Осипов, 1967; 
Қарамендин, 1988 т.б.). Солтүстiк аймақтарда судың тапшылығынан 
жайылымдағы мал өріс ауыстырмайды. Мал құдықтан немесе көлшiктен, 
жасанды су қоймасынан, кеуiп бара жатқан шағын өзендерден су iшедi. Дәл 
осындай 
жерлерде 
нематодалардың 
жұмыртқалары 
мен 
жұқпалы 
балаңқұрттары көп болады. Қазақстанның оңтүстiк-шығыс аймағында (Алматы 
облысы) бұл iшқұрт ауруы жеңiл түрде өтедi. Солтүстiктегідей мал өлiм-
жiтiмге көп ұшырамайды. Оңтүстiк аудандарда жыл сайын мал өрiсі ұдайы 
өзгертiлiп тұрады. Малды қыстаудан биiк таулы жазғы жайлауға көшiрiп 
әкетедi. Осы кезде қысқы және күзгi жайылымдардағы құрттардың бiразы 
жойылады.
Қой нематодирозының жыл маусымына қарай таралатыны байқалған. 
Кейбiр ғалымдардың деректеріне қарағанда жас туған қозылардың 2,5-5,8% -
нан нематодирлер табылған. Ауру төлдердiң саны бiрте-бiрте көбейе түседi де, 
күз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы азая 


107 
бастайды. Дерт белгiлерi болмаса да, 1,5-2 айлық қозылардан бiрлi-жарым
гельминттер табылған. 
Нематодироз құрттары үй малымен қатар, күйiс қайыратын жабайы 
жануарлардың да паразиттері болатыны анықталды. Ешкiден нематодирдiң 7 
түрi, iрi қарадан 4 түрi, түйеден 5 түрi табылған. Құрттың ең көп түрi 
қарақұйрықта (6) таутеке мен ақбөкеңде (5) , елiк пен арқарда (2) кездеседi. 
Аталған сүтқоректiлер нематодироз қоздырғыштарын таратуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет