108
20 сурет. Nematodirus oiratianus (Rajevskaja бойынша, 1931): 1 - алдыңғы
жағы, 2 - аталығының артқы жағы, 3 - спикулаларының шеттері.
Емі. Қойларды дәрілеуге нафтамон 0,5г/кг дозада 10%-тік эмульсиясын
2%-тік ұн не крахмал қосып тікелей қолданар алдында сырлы, шыны я болмаса
ағаш ыдыста дайындалып қолданады. Дәрілеу уақытында эмульсияны үнемі
араластырып отырады.
Нилвермнің (тетрамизол) 20%-тік гранулятын 5 немесе 10%-тік суда
ертіліп су моншасында стерилденіп қолдану алдында жылы түрде (35-37оС)
тері астына немесе пероральді жолмен азыққа қосып 0,015г/кг бір рет береді.
Арық малға 0,01г/кг дозада екі рет қолданылады.
Азық пен нилверм
арақатынасы 1:700 болуы шарт.
Ринтал (фебентел) ӘБЗ-тың 10мг/кг дозасында қолданылады. Дозасы
15мг/кг салмағына алынған жағдайда тиімділігі 100%-ке жетеді (Савицкий,
1983).
Морантел-тартрат арасына 7-10 күн сала 0,08г/кг дозада екі рет азықпен
беру ұсынылады.
Тивидин (пирантел-тартраттын аналогы) 30-50мг/кг дозада беріледі.
109
Тиабендазол 100мг/кг азықпен қолданылады. Сонымен қатар, ивомек, димецин,
дитразин-фосфат, тафен ұсынылған.
Қой стронгилятоздарында, соның ішінде нематодирозда, дуотиннің
(авермектин
В1а
мен
В1б
қоспалары
стрептомицис
авермитилис
саңырауқұлағының өнімі) 1%-тік ерітіндісі мг/кг дозада, яғни әр 50кг тірі
салмағына 1 мл мөлшерде арасына 10 күн сала екі рет тері астына қолданады.
Аталған
препараттың эмбриотоксикалық, теритогендік және концерогендік
қасиеттері жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: