110
ұшырайды.
Ересек сақа малдарда қаназдық, көтеремдiк, дамылсыз iштiң өтуi
(диарея) байқалады.
21 сурет. Bunostomum phlebotomum (Railliet, 1900) (Дягтерев бойынша, 1937): 1 -
басының латералды жағы, 2 - басының дорзалды жағы, 3 - аталығының құйрық жағы.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлексе көтерем, iшектiң
кiлегей
қабығы қабынған, қаптаған нүктелiк қанталаулар байқалады,
кейбiр
жерлерiн күлдiреген жаралар басқан. Ағза қуысы сұйық қан мен құрттарға
толған.
Балау зардапты балаңқұрттарға қарай нәтижеленді.
Өлген малда
ағзаларды жарып сойғанда табылған буностомдар ауруды растайды.
Емі. Қойларды дегельминтизациялауға фенотиазин 1г/кг дозада,
нафтамон, нилверм гемонхоздағы дозада, альбендазол, альбен, альвет, панакур
және т.б. тағайындалады.
И.Таразинаның (1963) деректері бойынша тиабендазолдың азықпен
50мг/кг дозада берілген мөлшері өте жоғары тиімді.
111
Алдын алу шаралары. Әр 6-7 күн сайын ауыспалы жайылымды қолдану
буностомозды алдын алуға мүмкіндік береді. Жайылымдағы малға фенотиазин-
тұз қоспасын беру химиопрофилактикалау болып табылады. Қоздырушының
тері
арқылы енуін ескере, қойды ылғалды мезгілдерде (жаңбырлы жазда)
тұрған орындарын құрғақ биік жерлерге ауыстыру жағдайларына көңіл аудару.
Қой қораларындағы температура деңгейін қалыпты деңгейде ұстау.
Достарыңызбен бөлісу: