Качество подготовки менеджеров образования


Keywords: management, education manager, management



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата13.10.2023
өлшемі0.63 Mb.
#480692
1   2   3   4   5   6
322-Текст статьи-563-1-10-20210617

Keywords: management, education manager, management. 
 
Қазіргі қоғамда кез келген ұйымның жетекші звеносы менеджерлер болып табылады. 
Білім беру ұйымдарының нарығы кәсіби деңгейі жоғары басқарушылар - менеджерлерді 
талап етеді [1]. Ал, оларды дайындаумен елімізде көптеген Жоғары оқу орны мен салалық 
колледжер айналысады.
Қазіргі таңдағы білім менеджерлерінің кәсіби мәртебесі негізгі екі құрамнан тұрады: 
алған теориялық білімі мен соған сәйкес дипломы және ұйымдастырушылық мәселелерді 
шешу технологияларын, білік, дағдысының жиынтығын қамтитын кәсібилігі. Көптеген 
зерттеушілер білім берудегі менеджмент кәсібилікпен және ұлттық басқару қағидаларын 
қалыптастырумен байланысты деген пікірді ұстанады [2]. Өкінішке орай, білім 
менеджерлерін дайындау мен кәсіби сапасын арттыру жүйесі білім беру менеджменті 
саласынан жеткілікті деңгейде жеке құрылым ретінде әлі бөлініп қарастырылмаған. 
Сәйкесінше, оқытудың арнайы бағдарламалары мен әдістері анықталмаған, оқу 
жоспрлары мен менеджерлерді оқыту тәсілдері болашақ кәсіби іс-әрекеттің талаптары мен 
мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына сай келмей жататын 
жағдайлар да орын алуда [3, 43б.]. 
Кәсіби оқытудың шетелдік теориясы мен тәжірибесінде бизнес-білім беру 
бағдарламалары кең қолданысқа ие. Мұндай бағдарламалар бізде де бар, алайда олар 
арнайы тәжірибесі бар менеджерлерді дайындау мен қайта дайындауға бағытталған. 
Дегенмен де, білім берудегі менеджмент менеджерлерді кәсіби дайындаудың жүйесі 
болып қала беру керек, ал бизнес-білім берулер осы жүйенің белгілі бір дейгейіне айналуы 
керек. 


Г.Х. Поповтың «Басқару теориясының мәселелері» (1977) кітабында басқарушыларға 
арналған мектептердің кең көлемді жүйесін құру ұсынылған болатын. Оның пікірінше, 
«басқарушы - бұл қызмет емес, ерекше білімдер жүйесін қамтитын мамандық» делінген 
[4, 77б]. Демек, біз бұл мамандық иелерін тек дайындап қана қоймай, оның сапасын 
арттырып, кәсіби тұрғыда үнемі дамып отыруын қамтамасыз етуіміз керек.
Қазіргі таңда еліміздегі көптеген зерттеушілер білім менеджерлерін дайындауда 
ұлттық басқару қағидасын ұстануды ұсынып отыр. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық 
өзгерістер, басқаруда нарыққа көшу үрдісі білім менеджерлерін дайындаудың жаңа 
тұрғыларын анықтайды. 
Қазақстандық психология ғылымын ілгері жылжытқан профессор С.М. Жақыповтың 
еңбегіне тоқталмай кетуге ешбір болмайды. Мұнда кейбір психологиялық мазмұнды 
нақтылау қажет, біз білім сөзімен нені белгілейміз. Білім бұл сөз арқылы бекітілген 
түсінік жүйесі. Әр түрлі түсініктің екі жағы бар: объективті – мәні және субъективті – 
мағынасы болады. Демек, ішкі білімді беру психологиялық тұрғыдан бірлескен екі өзара 
байланысқан процесс, яғни білім беру және мағына беру деген ойдан оқу процесіндегі 
білімнің мағынасына терең мән берудің жөні бар екені белгілі болып отыр [5, 92 б.].
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін 
қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз 
болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды 
қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. 
Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға 
даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: 
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. 
Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның 
өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, 
ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін 
көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді [6].
Қазіргі уақытта сапа менеджменті - бұл өндірістік процестің шеңберімен шектелмеген 
тар мағынадағы спецификалық (ерекше) іс-әрекет, ал барлық ұйымды, оның тіршілік 
әрекетінің барлық аспектілерін басқару болып табылады. Қоғам сұраныстары мен өндіріс 
талаптарын қанағаттандыру мақсатында болашақ педагог-психологтарды дайындауда 
жаңа бағыттар айқындалып келеді. Болашақ педагог-психологтың кәсіби-тұлғалық 
дамуының алғышарттарының бірі өзіндік таным дамуы және өзіндік жетілдіру тілегінің 
деңгейі болып табылады. Жалпы алғанда болашақ маманның өзін-өзі тану әрекетін 
жоғары деңгейде меңгеруі өзіндік жетілу мен кәсіби даму іс-әрекетіне белсенді қосылуға 
мүмкіндік береді. Әсіресе, адамның үйлесімділігін қамтамасыз етуде үлес қосатын 
болашақ педагог-психологтардың тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дағдыларының дамуы 
ерекше маңызға ие. 
Кеңес одағы кезінде менеджерлердің кәсіби өсу динамикасы өз заңдылықтарына 
сәйкес белгілі бір жүйе бойынша жүзеге асып отырған (мәселен, 3 жылға дейин мұғалім, 
директордың орынбасары және ары қарай директор дегендей). Алайда, қазіргі нарық 
заманында ұйым менеджерлерінің бойынан талдау, жоспарлау, басқару, бәсекеге қабілетті 
болу секілді сапалар талап етіледі. Яғни, осы категориядағы мамандарды дайындау 
сапасын арттыруға деген қызығушылық басымдық танытып отыр. Бұл сұрақтар білім 
менеджерлерін дайындаудың ұлттық үлгісін құрумен шешімін табады.
Білім беру жүйесіндегі ұлттық моделдің қалыптасуы мен бекітілу процесі белсенді 
жүруде, оның негізгі идеясы – ұлттық-мәдени негізде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-
өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру. Бұл алдымен, мектепке дейінгі 
ұйымдарда қызмет ететін тәрбиешілерден, жалпы білім беретін мектептерде тәрбие мен 
оқу процесін ұйымдастыратын мұғалімдерден, педагогикалық процесс пен педагогикалық 
ұжымды басқаратын басқарушыдан, білім беру жүйесін басқару мекемелерінде жұмыс 
атқаратын қызметкерлерден, ең бастысы – осы аталған мамандарды дайындайтын жоғары 
оқу орындарынан басталуы керек деп есептейміз. Ескі кеңестік білім беру жүйесі біртекті, 
еш вариативсіз, оқыту мазмұны орталықтандырылған жоспарланумен ерекшеленетін 
тұлғаны дамытуға емес, білім-білік-дағдыны қалыптастыруға бағытталған жүйе болса, ал 
бүгінгі таңда оқу-тәрбие процесінің негізінде – тұлға, тұлғаның қызығушылықтары
қажеттіліктері мен мүмкіндіктері тұр. Қазіргі кезеңдегі ұйымдастырушылық-


басқарушылық – мектептің дамуына кедергі келтіретін жаңа проблемелар ретінде 
саналады [7].
В.Г. Афанасьевтiң пайымдауынша: «Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму 
сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол 
қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен 
өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң 
жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады» [8,43б.]. 
В.И.Кочетковтың тұжырымдамасында, әлемдік менеджменттің теориясы мен 
практикасының талдауы бойынша, классикалық менеджменттің жетекші принципі болып 
адам факторын ескеру принципі болып табылады [9]. Ғылыми менеджмент саласындағы 
қазіргі жұмыстарда менеджер –ұйымның ортақ мақсатына жетуде адамдардың біріккен іс-
әрекеті табысты болуын анықтау үшін кәсіби білім керек деген пікірді ерекше атап 
көрсеткен. Білім менеджерлерін дайындау саласында білім берудегі менеджменттің екі 
негізгі базалық үлгісі қолданылады: еуропалық (германиялық) және америкалық [10].
Еуропалық үлгі жоғары кәсіби білімді экономикалық, инженерлік, гуманитарлық 
бағыттар бойынша бөлуге бағытталған және менеджерлер білім алып, өз кәсіби 
біліктілігін үнемі дамытып отыруы тиіс. Яғни, менеджерлер қысқа мерзімді 
бағдарламалар арқылы басқаруға қатысты маңызды мәселелер төңірегінде өз білімі мен 
білігін ұдайы арттырып отырады. Бұл үлгі «тәжірибеден кейінгі білім беру» - post-
experience деп аталады. 
Ал, «кәсіби менеджерлер» деп аталатын америкалық үлгі білім менеджерлерін 
дайындауда негізгі орталық ретінде бизнес-мектептерді құруға бағытталған.
Отандық және шетелдік авторлардың экономикалық, психологиялық және 
педагогикалық әдебиеттеріне талдау жасай отырып, білім менеджерлерінің кәсіби 
сапаларының қалыптасуы мен құрылуына бағытталған көптеген зерттеулердің жеткілікті 
екендігіне көз жеткізуге болады. 
Шет елдердегі менеджерлерді дайындау ерекшеліктерін талдай отырып, 
менеджменттің 3 үлкен мектебін бөліп көрсетуге болады (1 сызба): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет