Кадирбаева дидар артықбайқызы жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру



бет2/3
Дата29.06.2016
өлшемі443.72 Kb.
#165872
түріДиссертация
1   2   3

Мақсаты

Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру



Технологиялық компоненттің мазмұны

Кәсіби іс-әрекетін этнопедагогикаға негіздей алу. Этнопедагогикалық және географиялық білімдерді ұштастыра алу.



Құралдары

1 кезең: «Жалпы жер тану» пәні бойынша қосымша бағдарлама, «Болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіру ерекшеліктері» оқытушыларға арналған семинар.

2 кезең: «Туризм және өлкетану негіздері», «Геоэкология және табиғатты қорғау» негізгі пәніне этнопедагогикалық бағыттағы қосымшалар

3 кезең: Этнопедагогикалық бағыттағы бағдарламаны «Топонимика», «Қазақстанның физикалық географиясы» курстарына енгізу, «Этногеография» арнайы курсы.

4 кезең: Кешенді-далалық, педагогикалық практика бағдарламаларына қосымша бағдарламалар

Тұлғалық компоненттің мазмұны

Этнопедагогикалық және географиялық білімдерге қызығушылық. Өз кәсібінің әлеуметтік маңызын сезіну






НӘТИЖЕ:

Болашақ география мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығы қалыптасады

Сурет 1 - Болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру моделі.

Бұл міндеттер мен принциптер негізінде болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру жүйесі анықталды (2- сурет).

Бұл жүйенің мазмұны жалпыкәсіби, географиялық және этнопедагогикалық білімдерді қамтитын жоғары кәсіби білім стандарттары бойынша тағайындалған пәндер және практика бағдарламаларына қосымшаларды, арнайы семинар мен арнайы курстарды камтиды. Осы қаланған мазмұнды жүзеге асыруға толық мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны қадағалауды қажет етеді. Бұл технология жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне сай болуы және көрсетілген мазмұнды біртұтастық принципке негізделуі тиіс. Мақсатқа жетудің әр кезеңі оқытудың негізгі курсына сәйкес болу керек. Олай болса, болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің төрт кезеңі анықталды:

Бірінші кезең – болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру процесі оң нәтиже беру үшін, алдымен, оқытушылардың негізгі пәндер мен этнопедагогикалық білімдерін және іскерліктерін бір жүйеге келтіру қажет. Сондықтан оқытушыларға арналған «Болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру ерекшеліктері» атты арнайы семинар бағдарламасы жасалды. Сонымен қатар, болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруде арнайы пәндерді оқыту барысында үлкен мүмкіндік беретін негізгі пәндер анықталды. Соның бірі - бірінші курста оқылатын «Жалпы жер тану» пәні. Сонымен қатар, оқу-далалық практика бағдарламаларына қосымшалар жасауды қажет деп санадық.

Екінші кезеңде «Туризм және өлкетану негіздері», «Геоэкология және табиғатты қорғау» пәндерінің оқу бағдарламаларына және оқу-далалық практика бағдарламасына қосымшаларды жасауды дұрыс көрдік.

Үшінші курста жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес, жалпы курстарды оқыту аяқталып, арнайы кәсіби пәндерді оқыту басталады. Арнайы пәндерді оқуда студенттердің дайындық деңгейін ескере отырып, алған білімдерін жүйелеу және жетілдіру мақсатында болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастырып және жетілдіру үшін «Этногеография» арнайы курсын құрастырдық. Сонымен бірге, 3,4 -кезеңдерде – «Топонимика», «Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерінің, сол сияқты оқу-дала және педагогикалық практикаларының бағдарламаларына қосымшаларды енгізуді жөн көрдік.

Барлық оқу материалдарын мақсатты және жүйелі түрде кіріктіруде тиімді педагогикалық әдістерді пайдалану қажет болды. Бұндай әдіске «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы қолданылады, өйткені

ол оқытушылар мен студенттердің еркін түрде өзара пікір алмасуына мүмкіндік береді және студенттер өз ойларын, жұмыстарының нәтижелерін, қорытындысын ашық айтып, басқалардың сын-ескертпелерін тыңдап, мәселені жан-жақты талдау жасау арқылы ғана алға қойған мақсатқа жете алады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» алпыстан аса стратегияны қамтиды. Бұл біздің жағдайда географиялық білім мен этнопедагогикалық



материалдарды сабақтастыра отырып меңгеруде үлкен көмек болатыны анық.

Жалпы, бұл жүйені жасау, болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлауды қалыптастыру және жетілдіру мәселесі бойынша жоғары оқу орнының педагогикалық процесінің мүмкіндіктерін талдауына негізделді. Осыған орай, зерттеу барысында жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты қарастырған болашақ география пәні мұғалімін даярлаудың оқу пәндерінің барлық циклдері бағдарламаларына талдау жүргізілді. Көрсетілген проблемалардан барлық циклдегі оқу пәндері, жекелеген бағдарламалық тараулар, тақырыптар, тіпті болашақ география пәні мұғалімін этнопедагогикалық даярлаудың әртүрлі сұрақтарын шешетін оқу курстары үш топқа іріктелді: 1) бірінші топты болашақ география мұғалімін даярлаудың жекелеген тұстары мен сұрақтарын ашатын тақырыптар мен бағдарламалық тараулар, оқу пәндері құрайды; 2) екінші топты барлық мазмұнымен болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауға ықпалын тигізетін оқу пәндері құрайды; 3) үшінші топқа болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлау бойынша этнопедагогикалық іс-әрекет дағдылары мен іскерліктерін шыңдайтын кешенді оқу – далалық және педагогикалық практикалар жатады.

Аталмыш жүйенің тиімділігін тексеру үшін эксперимент жұмысын ұйымдастырып, өткіздік. Үш кезеңдік экспериментке Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің география кафедрасының, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің география және экология мен оқыту әдістемесі кафедрасының, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің дене шынықтыру және спорт секциясы мен биология және география кафедрасының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық география және геоэкология кафедрасының студенттері, 20 оқытушы, география пәнінен сабақ беретін 33 мектеп мұғалімдері қатысты. Тәжірибелік жұмыстың мақсаты болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруде біз жасаған жүйенің тиімділігін анықтау болды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың айқындаушы кезеңінде студенттердің, география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының бастапқы деңгейін анықтау үшін әртүрлі диагностикалық әдістер қолданылды. Оның нәтижесінде болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығы жеткіліксіз деңгейде қалыптасқанына көз жетті.

Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңінде (барлығы төрт кезең) «Болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру ерекшеліктері» атты оқытушаларға арналаған арнайы семинар өткізілді. Оқытушылар «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіру процесі қандай деңгейде», «Оқу жоспарындағы қандай пәндер студенттің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіреді», «Студенттер ұлттық мәдени құндылықтарды қаншалықты біледі», «Жоғары оқу орны жағдайында болашақ маманның этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудің өзектілгі» атты арнайы тақырыптарда баяндама жасап пікірталасқа қатысты. Бұл кезеңде «Жалпы жер тану» пәнінің бағдарламасына қосымшалар енгізіліп оқытылды.

«Жалпы жер тану» курсы - оқу бағдарламасында алғашқы оқылатын пәндердің бірі. Пәннің негізгі мақсаты – жалпы планеталық табиғи кешеніндегі географиялық қабықтың құрылысымен, уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтармен кеңінен таныстыру. Жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабықтың (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) өзара байланысын және табиғи ортаға әсерін танып біледі. Бұл курста қазақ этнопедагогикалық материалдарының мазмұны – географиялық қабықтағы табиғат, адам және қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасын қоршаған орта туралы ұлттық ойтаным, әдет-ғұрып туралы білімдер жиынақталған. Студенттер халқымызыдың адамгершілік-имандылық мұраттарынан бастау алатын қоршаған орта, ондағы адамзаттың орны, табиғат құбылыстары туралы түсініктері мен көзқарастары жайлы көп мағлұмат алады.

Бірінші курстың соңында, алғашқы кезең аяқталған соң, практика кезіндегі білімдері байқалды, сауалнама, тестілік сұрақтар алынды, оның нәтижесі бойынша біздің анықтағанымыз, студенттердің этнопедагогикалық даярлығы байқалмайды, бірақ қосымшаларға байланысты түсініктері қалыптасқан.

Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде «Туризм және өлкетану негіздері» пәні бойынша этнопедагогикалық бағыттағы қосымша бағдарлама ұсынылды. Пәннің негізгі мақсаты – өлкеміздің мәдени-тарихи жерлерімен таныстыра отырып, туризмді дамытуға қолайлы аудандары туралы білім беру. Пәнді этнопедагогикамен байланыстырудың маңыздылығы, өлкеміздегі тарихи-мәдени жерлердің табиғатының ерекшелігін халық педагогикасының мұраларымен байланыстыруда, жер-су аттарының қойылу ерекшелігімен, туризмді дамытуға қолайлы аймақтың ландшафтысына, климатына, табиғи ортасына ертеден айтылып келе жатқан көзқарастар, наным-сенімдер туралы түсініктеме беруде.

«Геоэкология және табиғатты қорғау» пәнінің негізгі мақсаты – табиғи ресурстардың тиімділігін, халық шаруашылығындағы маңыздылығын ескере отырып, қорғауға оқытып-тәрбиелеу. Пәнге қосымша этнопедагогикалық бағыттағы қосымша бағдарламада студенттердің экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру. «Обал», «сауап» сөздерінің мағынасын түсіндіру, табиғатты қорғауға байланысты ұлттық наным-сенімдерді үйрету.

Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңінде «Топонимика» және «Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерінің оқу жұмыстық бағдарламаларына қосымшалар енгізіліп оқытылды.

Топонимика – қоршаған ортаның географиялық атауларының тарихы мен ішкі бірлігінің мазмұнын танып-білдіретін, оның негізін түсіндіретін ғылым. Географиялық атаулардан ғасырдан ғасырға үзілмей келе жатқан халық шығармашылығы анық байқалады. Ерте уақыттан бері географиялық жер атаулары адамзатқа қызмет етіп келеді, адамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени қажеттілігін қанағаттандырып, географиялық пайымдауларын нақтылауға көмектеседі. Топонимика пәнін оқытудың негізгі мақсаты – географиялық атаулардың шығу тегін (этимология) және мағынасын (семантика) ашу арқылы студенттердің географиялық танымдық білімін кеңейту. Студенттер пәнді оқып үйренуде топонимиканың тарихи кезеңдеріндегі халықтың тұрмысын, қоныс аударуын, тілдердің таралу ареалдары мен эволюциясы жөнінде тарихи этнографиялық мәліметтерге сүйене отырып игереді. Топонимикалық оқу-карталары мен оқулықтары географиялық атаулардың мағынасын дұрыс түсініп, нақтылы түрде игеруде қызығушылық тудырып, ізденуді талап етеді, әр елдің көне тарихын, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын бағалауға, жер атауларының өзгеру себептерін анықтауда, географиялық атауларды іздестіруде студенттерді шығармашылық зерттеу жұмыстарына үйретеді.

Қазақстанның физикалық географиясын оқыту барысындағы басты мiндет табиғат компоненттерiнiң өзара байланысы мен өзi тұрған жердiң табиғаты туралы дүниетанымды қалыптастыру болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі – табиғатқа деген аса зор қамқорлығы. Халық ұғымында «табиғат», «туған жер», «өскен ел», «атамекен», «ауылым» деген ұғымдар бар. Тәрбиелік мәні жоғары ұғымдарды физикалық географияны оқытуда пайдаланудың үлесі зор. Осы мақсатта Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда қазақ халқының қоршаған ортаны танып білу, табиғатты қорғау дәстүрін, ұлттық құралдарын сәйкестендіре пайдаланудың тиімділігі бар.

«Этногеография» арнайы курсымен үшінші кезеңде танысты (2- кесте). Курстың негізгі мақсаты – Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін терең оқып білу, жалпы халықтың тәлім-тәрбиеге негізделген шығармашылық және көп ұлтты бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру, ғылым мен техника жаңалықтарына ілесер жан-жақты тұлғаны дайындау. Бағдарламаның негізгі ұстанымдары: оқу-тәрбие процесінің гуманистік бағыттылығы; табиғилығы; мәденилігі; тәрбиелік ықпалдың бірлігі (жоғары оқу орны – отбасы – қоғам).

Этногеография арнайы курсын оқуда, студенттер этнос туралы түсінікпен, «Қазақ» атауының шығу тарихымен таныса отырып, қазақ халқының бала тәрбиелеудегі ерекшелігі, ертедегі педагогикалық ойлар, тәлім-тәрбие құндылықтары және этнография және даналық ұлағаты туралы білім алады. Жергілікті халық арасынан, ел аузынан қалған табиғат – адам арасындағы үйлесімділік байланыс туралы халық даналығын, өсиет, мақал-мәтелдерін, ой иірімдерін оқып, үйренеді. Қазақ жерінің ежелгі картасы, ежелгі картадағы физикалық-географиялық орны, жер бедерімен танысады. Жер, су қадірі, биосфераны қорғау, қоршаған орта және экологиялық мәдениеттілікті оқып үйренеді. Ежелгі атаулар және жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қазақи көзқарастар: бөрі сырғақ, киік матауы, тобылғы бүршіктенер, құралай, т.б. атаулардың қай уақытта болатынын және аталу себебімен танысады. Демокриттің детерминизм туралы түсінігі, ерекшелігі, этнопедагогикамен байланысын оқып біледі.
Кесте 2 – «Этногеография» арнайы курсының тақырыптық жоспары


Тақырыптар

Қысқаша түсініктеме

Д

С

1

2

3

4

Этногеография пәні, мақсаты, міндеттері

Этногеография туралы түсінік, ғылымы, зерттеу объектісі, мақсаты, маңыздылығы

4


2

Географиялық детерминизм ұғымы

Демокриттің детерминизм туралы түсінігі, ерекшелігі, этнопедагогикамен байланысы

4


2

Қазақ халқының

этногеографиясы



Этнос туралы түсінік. Қазақ жеріндегі рулар мен тайпалар. «Қазақ» атауының шығу тарихы. Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі ерекшелігі. Ертедегі педагогикалық ойлар, тәлім-тәрбие құндылықтары.

4

2

Этнография және

даналық ұлағаты



Жергілікті халық арасынан, ел аузынан қалған табиғат-адам арасындағы гармониялық байланыс туралы халық даналығын, өсиет,мақал-мәтелдерін, ой иірімдерін оқыту, үйрету.

4



2


Қазақ жерінің ежелгі картасы

Ежелгі картадағы физикалық-географиялық орны, жер бедері.

4


2

Жер қадірі-бабалар көзімен

Жер, су қадірі, биосфераны қорғау, қоршаған орта және этнопедагогика

4


2

Жер-су аты тарихтың хаты

Жер-су атауларының ұлттық негізде қойылуы, ежелгі атаулар.

4


2

Фенологияның ұлттық ерекшелігі

Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қазақи көзқарастар: бөрі сырғақ, киік матауы,тобылғы бүршіктенер, т.б.

4

2


Ауа райын ұлттық болжау негіздері

Ауа райын болжаудың ұлттық тәсілдері

4

2

барлығы




36

18

Ұлттық білімдердің жүйесі ішіне кіретін білімдік мекемелердің басты ерекше белгісі – ұлттық мәдениеттің байлығы, халықтың өмір сүру әдісі, оның дәстүрі, әлеуметтік мінез-құлық ережесі, жан-дүниелік мақсаты мен құндылығы толық бейнеленген білімнің басқа мазмұны болып табылады. Жоғары оқу орнының оқу жоспарындағы пәндерде білім мазмұнының этнопедагогикалық компонентін іске асыру қазақ халқының мәдениетін, дәстүр, әдет-ғұрыптардың тәрбиелік потенциалын терең зерттеуге, өздерін түсіне алуға көмектесуге, қазіргі жағдайда саналы іс-әрекет жасауға дайын, білімді, тәрбиелі, шығармашыл адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы эксперименттің төртінші кезеңінде студенттер толық сабақ және тәрбие жоспарларын өз беттерімен жасай алады.

Сонымен, қалыптастырушы эксперимент барысында студенттер негізгі мамандыққа байланысты пәндерді меңгерді. Олар: педагогикалық-психологиялық, географиялық, этнопедагогикалық пәндер және далалық және педагогикалық практикаға барды. Далалық практика кезінде студенттер өздері жергілікті жерге зерттеу және бақылау жұмыстарын жүргізді, Педагогикалық практика кезінде студенттің алғашқы кәсіби қалыптасу кезеңі жүреді. Осы уақытта студент білім берумен қатар тәрбие жұмыстарын қатар жүргізеді. Білім беру процесі және тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде этнопедагогикалық бағыттағы жұмыстар көп жүргізілді. Олар: арнайы сынып сағаттары, ашық тәрбие сағаттары.

Қорытынды эксперименттің нәтижесі: болашақ география пәні мұғалімдері ретінде студенттердің оқу-тәрбие процесінде этнопедагогикалық іс-әрекеттері анық көрінеді; кәсіби білімдерімен бірге этнопедагогикалық білімдерін де пайдалана алады; географиялық білімдерімен бірге этнопедагогикалық білімдері жоғарлаған, кәсіби іс-әрекетін этнопедагогикаға негіздей алатын, этнопедагогикалық және географиялық білімдерін ұштастыра алады (3-, 4- кестелер, 3-, 4- суреттер).
Кесте 3 – Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың өзгеруі


Компоненттер

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей




БЖ

4-кесінді

БЖ

4-кесінді

БЖ

4-кесінді

Тұлғалық

11.05

31.95

30.15

47.65

58.8

20.4

Мазмұндық

22.7

34.5

42.1

52.7

35.2

12.8

Технологиялық

3.05

20.8

18.75

58.5

78.2

20.7

Орта көрсеткіш

12.25

29.08

30.25

47.95

57.5

22.97




Сурет 3 – Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың динамикасы

Кесте 4 – Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың салыстырмалы нәтижелері




Компоненттер

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей




ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Тұлғалық

31.95

11.2

47.65

30.7

20.4

58.1

Мазмұндық

34.5

19.6

52.7

38.7

12.8

41.7

Технологиялық

20.8

8.7

58.5

36.4

20.7

54.9

Орта көрсеткіш

29.08

13.16

47.95

35.27

22.97

51.57



Сурет 4 – Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың салыстырмалы көрсеткіштері

Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттар жүйесі жоғары оқу орындарында пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеді.


Қорытынды
Сонымен, зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлау тұтас жүйе болуы тиіс және жоғары білім берудің мемлекеттік стандартындағы барлық циклдер пәндеріндегі этнодидактикалық бірліктерді қамтитын пәнаралық негізде іске асырылуы керек. Болашақ география мұғалімдерін даярлауда жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттарының, оқыту бағдарламаларының, оқу жоспарларының, оқу-әдістемелік құралдарының және басқа да оқу-әдістемелік кешен құралдарының мазмұнын талдау барысында білім мазмұнының этнопедагогикалық компонентін іске асыру мүмкіндіктері анықталды. Сонымен бірге, халықтың тәрбиелеу мәдениеті, халықтық педагогика тәжірибесі мен практикасы жеткілікті түрде көрінбейді.

  2. Педагогикалық құралдарды (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер, аңыз әңгімелер, салт-дәстүрлер) сабақ барысында пайдалану болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлау бағдарламасын сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.

  3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс «Жалпы жер тану», «Топонимика», «Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерін этнопедагогикамен байланыстыра жүргізуге негізделді. Жалпы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс болашақ география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының қалыптасуының оң динамикасын көрсетті. Оған зерттеудің басындағы, ортасындағы және соңындағы салыстырмалы көрсеткіштер дәлел бола алады.

  4. Жоғары оқу орнының оқу жоспарларының мазмұны, этнопедагогика бойынша оқу-әдістемелік кешендер этнопедагогикалық білімдер мен іскерліктерді бір-бірін толықтырушы ретінде көрсетілуі тиіс.

  5. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жоғары педагогикалық білімнің мемлекеттік білім стандартының барлық циклдері пәндерінің этнодидактикалық бірліктерін қамтитын, пәнаралық негізде іске асырылатын, тұтас жүйе ретіндегі болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың нәтижесі болады.

  6. Мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы – мұғалімнің кәсіби даярлығының маңызды бөлігі және болашақ география пәні мұғалімінің кәсіби даярлығының қажет компоненті. Ол этнопедагогикалық даярлықты жетілдіру процесін көрсетеді және тұтас кәсіби даярлыққа қатынасында кіріктірушілік қасиетке ие. Этнопедагогикалық даярлыққа тән кіріктірушілік сипат оны болашақ география пәні мұғалімі оқу жоспарының барлық цикліндегі пәндерді оқу барысында, педагогикалық практиканың әр түрлерін және сыныптан тыс жұмыстарды өткізуде игерген этнопедагогикалық білім, іскерлік және дағдыларын біріктіретін тұлғаның қабілеттері жүйе ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

  7. Болашақ география мұғалімдерін кәсіби даярлауда алдыңғы қатарға олардың этнопедагогикалық терең білімін, іскерлігін, этникалық толеранттылығын, этнопедагогикалық эрудициясын, этнопедагогикалық даярлығын бөлінбейтін, тұтас бөлік ретінде меңгеруі және болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлаудың нәтижесі шығады.

  8. Болашақ география пәні мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығының мазмұны оқу жоспарында, білім мазмұнының этнопедагогикалық компоненті түрінде оқу пәндерінің бағдарламасында көрсетілген және этнопедагогикалық даярлық процесінде қалыптасады. Біз білім беру мазмұнының этнопедагогикалық компонентін халық педагогикасының тәжірибесі, осы этностың мәдениеті, оның ішінде мәдениет пен тәрбиенің ұлттық компоненті ретінде анықтаймыз. Осы мазмұн пәндердің этнодидактикалық бірліктерін, сонымен қатар, барлық циклдердің пәндерін игеру процесінде қалыптасатын этнопедагогикалық білімдер мен іскерліктерді қамтиды.

Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:

      • жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру қажет;

      • география мамандығының оқу жоспарына этногеографиялық білімдерді қалыптастыруға бағытталған пәндер енгізілуі тиіс;

      • болашақ география пәні мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктеріне сәйкес «Этногеография» арнайы курсын жоғары оқу орнының оқыту процесіне енгізу керек;

      • студенттердің оқу-далалық, педагогикалық практикалар мазмұнында этногеографиялық және этнопедагогикалық сипаттағы тапсырмалар ендіру қажет;

      • этногеографиялық білімдер этнопедагогикалық білімдермен тығыз байланыста қалыптасуы тиіс.

Зерттеу проблемасы кең болғандықтан, оның барлық жақтарын біздің диссертациялық жұмыста қамтып шығу мүмкін емес. Этногеографиялық материалдарды мектептің тәрбие жүйесінде қолдану, оған болашақ мұғалімдерді даярлау және т.б. мәселелер әлі де зерттеуді қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет