Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология


Нақтамасы, ажырату нақтамасы



бет3/16
Дата19.10.2022
өлшемі225.75 Kb.
#462932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
8 Сабак

Нақтамасы, ажырату нақтамасы. Тілмені анықтап нақтамасын қою аурудың жалпы клиникалық көріністеріне негізделеді. Егер тілме ошағында орналасқан көпіршіктерден патогенді стрептококктар бөлініп шықса, оның нақтамасын анықтау тіпті оңайға түседі. Тілмені жақ аймағының абсцессі, флегмонасы, лимфаденит, бет венасының флебиті, актиномикоз және сібір жарасынан ажырата білу керек.
Емі. Тілменің эритематозды түрінде сульфаниламид, витаминдер, десенсибилизацияландыру, осылармен қатар науқасқа тыныштық және ультрасәулесімен емдеу тағайындалады. Оның басқа түрлерінде антибиотиктер және қабынуға қарсы кешенді-комплексті ем жүргізеді. Флегмонозды немесе өлеттенген түрі дамыған жағдайда жоғарыда атап өткен емге қоса науқастың жасын, қосақталған ауруларын ескере отырып қосымша интенсивті (екпінді) терапиялық ем қолдануын қажет етеді. Аурудың жеңіл түрінде витаминдер, метилурацил, пентоксил, продигиозон және аутогемотерапия тағайындалады.
Тілменің эритематозды-буллезды, буллезды-қанды, флегмонозды, өлеттенетін түрлерінің жергілікті емі көпіршіктер мен іріңді ошақтарды ашып, өлеттенген тіндерді кесіп алып тастауды қажет етеді. Зақымданған жерлерге фурацилинмен Вишневский, Шостаковский майларымен емдік таңбалар тартылады. Ауру инфекцияның жайылуы, менингит, сепсиспен асқынуы мүмкін. Тілмен ауырған науқастарды арнайы инфекциялы бөлімшелерде емдеген жөн. Аурулар толық емделіп шығады, бірақ жасы келген, кәрі кісілерде тілме асқынып өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Алдын алу инфекция енетін көздерді жою, әртүрлі физикалық ем-тәсілдерін қолданып терінің резистенттігін көтеруден тұрады. Осымен қатар одонтогенді ошақтарға тазалап-санация жасап, ауыз қуысының, беттің гигиенасын сақтау керек. Тілменің қайталану-рецидивті түрімен ауыратын науқастар диспансерлік есепке алынып, жыл бойы бициллин емін алуы керек.

ШИҚАН
Түк фолликуласының және оның айналасындағы тіндердің жедел түрде іріңдеп, өлеттене қабынуын шиқан деп атайды.
Бірнеше түк фолликуласы мен майлы бездерді қамтып тері және теріасты клетчатканың іріңдеп өлеттене қабынуын көршиқан дейді.
Бір уақытта немесе біртіндеп терінің бірнеше жерлерінде қабыну ошақтарының дамуын фурункулез дейді.
Беттің аз ғана шектелген бір бөлігінде бірнеше шиқан орналасса, оны жергілікті фурункулез дейді.
Шиқанмен көршиқанның дамуы тікелей бет-жақ аймағының, оның ішінде терісінің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тері адамның маңызды ағзаларының бірі, ол зат алмасу және жылу реттестіру кезеңдеріне қатысады. Тері қорғаныс, тыныс алу, секрет (тер, тері майын) бөліп шығару қызметтерін атқарады. Теріде орналасқан күрделі жүйке аспаптары көптеген сезіну, қысым, ауру, ыстық, суық сезімдерін қабылдап ми қатпарларына жібереді. Бет терісінің бірнеше ерекшеліктері бар. Оның беткей қабаты эпителиалды клеткалардан құрылған эпидермистен тұрады. Бет терісінің мүйізді қабаты адам денесінің басқа жерлеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Эпидермистің жылтыр қабаты, ал кей кезде дәнді қабаты да бетте жоқ болуы мүмкін. Дерма немесе меншікті тері торлы және емізікше қабаттан құрылған. Дерманың торлы қабатында тер, май бездері және түк түбірлері орналасады. Түк түбірінің буылтығына, терінің терең қабатынан түкті қоректендіретін қан тамырлары бар емізікше жанасып жатады. Сондықтан оны түбірімен қоса зорлап жұлуға болмайды, өйткені бұл жағдайда дерма жалаңаштанып микробтарға қарсы төтеп бере алмайды. Терінің үшінші қабаты көптеген майлы клетка жиынтығынан құралған теріасты майшелі болып табылады. Мұнда бет терісіне бекіген ымдау бұлшықеттері орналасады. Бұл еттердің үнемі қозғалысы клетчаткалық кеңістіктерге микробтардың еніп, терінің терең қабатында қабыну кезеңдерінің жайылуына соқтырады. Ымдау еттерімен терінің осы байланысы қабынған тіндерге жергілікті тыныштық тудыруға мүмкіндік бермейді, ал бұл беттегі шиқан мен көршиқан емінің негізгі бір жағдайы болып табылады.
Бет-жақ аймағындағы қан тамырлардың, оның ішінде әсіресе, көк-вена тамырларының молдығының беттегі іріңді қабыну ағымына өте маңызы көп. Беттің сол жағындағы веналар оң жағындағы веналармен, беткей веналар тереңдегі веналармен жалғасып көптеген анастомоздар құрады. Көз веналары арқылы, бас қаңқасының ішкі веналары мен мидың қатты қабығының синустары, оның ішінде үңгірлі қуыспен байланысатын бет веналары анастомоздарының маңызы бар. Бет веналары мен ми қабаттарының синустарын байланыстырып жатқан қан тамырларындағы қан ағымы бағытының да маңызы көп. Қалыпта қан бұрышты вена арқылы бет венасына құяды, бірақ жоғарғы ерін, көзасты және мұрын-ерін қатпары аумақтарында қабыну процесі дамыған жағдайда, қан ағымының бағыты көз веналары мен үңгірлі қуысқа қарай өзгереді (М. А. Сресли 1957). Бұған бет веналары мен мидың қатты қабатының анастомоздарында қақпақшалардың болмауы мүмкіндік тудырады. Осы жоғарыда атап өткен бет веналарының құрылыс ерекшеліктері бетке орналасқан шиқан, көршиқанның асқынып, менингит және үңгірлі қуыстық тромбоздың дамуына мүмкіндік тудырады. Осымен беттің шиқан, көршиқандарының клиникалық ағымының өзгешелігі, асқынуларының жиілігі жақ-бет аймағының, оның тері құрылысының ерекшелігімен тығыз байланысты.
Шиқан мен көршиқанның нақтамасын қою, емін дұрыс жүргізу, олардың асқынуларының алдын алу үшін бұл ерекшеліктерін білген жөн.
Бет шиқаны мен көршиқаны вирулентті патогенді стафилококктың (алтын немесе ақ) кей жағдайларда оның басқа микроб ассоциацияларымен сырттан енгенінде дамиды. Бұл аурулардың дамуына келесі себептер мүмкіндік тудырады:
- бет терісінің шаң басып кірлеуі, әсіресе майлы заттармен жұмыс жасағанда лас қолмен бетін сүртіп, қасу;
- терінің микрожарақаттары (түгін алу, қырынғанда кесіп алу, тырнап алу, қасты теру);
- температураның күрт өзгеруі;
- кейбір тері аурулары (экзема, сикоз, безеу);
- зат алмасуының бұзылуы, қант диабеті, авитаминоз;
- әр түрлі созылмалы аурулар, ауыр жұқпалы аурулардың әсерінен организмнің әлсіреп жүдеуі;
- жас өспірімдердің безеулерін сығуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет