Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология



бет9/16
Дата19.10.2022
өлшемі225.75 Kb.
#462932
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
8 Сабак

НОМА НЕМЕСЕ СУЛЫ РАК
Нома — жақ ауыз қуысын бет тіндерінің тез жайылатын ылғалды гангренасы, бұл инфекциялық ауру.
Келіп шығу тарихы-этиологиясы осы күнге дейін белгісіз. Нома дамыған кезде өлеттенген тіндерден анаэробты микробтардың фузоспикилярлы түрлері, ауыз қуысында әдетте кездесетін анаэробты микробтардың түрлері бөлініп шығады.
Номаның патогенезінде организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс күштерінің мағынасы зор. Көп жағдайда ауру балаларда кездеседі.
Нома 50 жастан кейін жүрек-қан тамыр жүйесі ауруы бар адамдарда кездеседі. Номаның дамуына ауыз қуысының гигиенасын сақтамау, емделмеген гангренозды тістер, ауыз қуысының шырышты қабығын жарақаттайтын сауыты бұзылған тістердің көп әсері бар.
Патологиялық анатомиясы. Әдетте нома болғанда морфологиясында ерін, ұрт, ауыз қуысының шырышты қабықтары өлеттенеді. Өлеттенген ошақ тез арада жан-жағына тереңінен жайылып айқын шекарасыз ауыз қуысының шырышты қабығының беткей қабатына өтеді. Микроскоп арқылы қарағанда бұл жерлерде, қан, лимфа тамырларының тромбозы байқалады. Кезең жайылып айналасындағы сау тіндерді зақымдауға бейім. Асқынбай және ем уақытты басталған жағдайда, өлеттенген тіндер ыдырап орнында үлкен ақаулар пайда болады. Олар тыртықтанып, аурудың бет-әлпеті ұсқынсызданып, шайнау, ымдау еттері қарысып қалады.
Клиникалық көрінісі. Ауру ақырын, науқастың мазасы кетіп, дене қызуы 37°С-қа дейін көтеріліп басталады, ал кей жағдайда жедел басталып дене қызуы 38-40°С-қа дейін көтеріліп организмнің әр түрлі дәрежедегі жалпы улануы байқалады.
Ауыз қуысының шырышты қабатында, бет терісінде, ерін аумағында қабыну ошағы пайда болады. Шырышты қабат көпіршіктеніп, қанталап, бет терісі күңгірт-көк түсті дақтанады. Біраз жағдайларда қабыну кезеңі шіріп өлеттенген гингивиттен басталады. Алғашқы номамен зақымданған жер жан-жағына және тереңінен жайылады. Айналасындағы тіндер домбығып, ауыратын тығыз ұйыспа-инфильтратты үлкен қабыну ошағы пайда болып, ортасындағы тері тесіліп, жұмсақ тіндер шіриді (27-сурет).
Ауыз қуысында бұл кезең қызыл иекке жайылып тістер босап қалады, сонан соң кезең ауыз қуысының түбіне, тіл, жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне көшеді.
Бет терісінде кезең ауыз қуыс аумағынан иекасты үшбұрыштарына түседі. Ол теріден жұмсак, тіндерге тереңдеп жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін қамтиды. Өлеттенген тіндер шіріп, олардан жағымсыз иіс шығып, лайлы сұйықтық бөлініп тұрады.Зақымданған тіндер басқанда қатты ауырады. Бет номасы пневмониямен, ал өлеттенген тіндермен аспирацияланса өкпе гангренасымен асқынуы мүмкін.
Номаның өсу қарқыны-прогрессивті ағымы сепсиске әкелуі мүмкін. Аурудан кейін дамитын функционалды, косметикалық тыртықталуы және
ақауларының дәрежесі номанен зақымданған жердің көлеміне байланысты.


Сурет-70. Нома (сулы рак)

Нақтамасы, ажырату нақтамасы. Номаның нақтамасы, айқын клиникалық көрінісіне, микробиологиялық, морфологиялық және иммуноло-гиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып қойылады.
Нома шіріп өлеттенген флегмоналар, іріңді, шіріп-өлеттенген паротит және ыдыраған қатерлі ісіктерден ажыратылады. Флегмона тіс түбірлерінің ұшында дамып, клетчаткалық кеңістіктерде орналасады, паротит без тіндерінен дамып, тіндері шектеліп өлеттенеді, ал нома мен қатерлі ісікті ажыратқанда морфологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйенген жөн.
Емі. Организмді дезинтоксикациялап, барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін қалыпты жағдайда ұстап, организмнің қорғаныс жұмысын күшейтуге бағыттау керек. Қан тамыры арқылы антибиотиктер, десенсибилизациялайтын, жүрек-қан тамырларының қызметін жалпы организмді күшейтетін және дезинтоксикациялайтын дәрілер жібереді. Осымен қатар, қан немесе қан орнына қолданылатын заттар құйылады. Жергілікті зақымданған жерлер фурациллин, фермент ерітінділерімен жуып-шайылып, 0,25%-тен 0,5%-ке новокаин немесе тримекаинге ерітілген мөлшері 25-100 мл дейін антибиотик ендіріледі. Антибиотиктер, антисептик және финлепсин мен таңбалар тартылады.
Болжамы. Номаның прогрессивті ағымы науқас өміріне қауіпті, ал шектеліп өлеттенген ошақ қауіпсіз болмағанымен косметикалық, функционалдық өзгерістер ұзақ ем қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет