Кафедра Хирургия және балалар жасындағы стоматология



бет8/16
Дата19.10.2022
өлшемі225.75 Kb.
#462932
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
8 Сабак

Клиникалық көрінісі. Бет-жақ аймағында, әдетте сібір жарасының жергілікті шектелген (терілік) түрі дамиды. Ауру жәй, жалпы көріністері байқалмай дамуы мүмкін, бірақ дене қызуы 38°С-қа дейін көтеріледі. Ауру басталар алдында бет терісінде қышитын түйіншек пайда болады. Оның ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен ұйыспа-инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді. Бөртік өздігінен жарылып, ұйыспа-инфильтраттың бетінде қатты қара түсті қабыршақ пайда болады. Қабыршақтың айналасынан сарысу шығып тұрады. Ұйыспа-инфильтрат айналасы білікті ісініп, түбі қарайған жара пайда болады. Жараның айналасындағы күлдіреген көпіршіктер жарылып 5-6 күннен кейін көршиқан дамиды. Төменгі жақасты, иекасты және мойын лимфа түйіндері үлкейіп, қатаяды. Сібір жарасы немесе көршиқан инфекциясының күшейіп асқынып, аурудың жағдайы нашарлап, дене қызуы 40°С-қа дейін көтеріліп, организм улануының тағы да басқа көріністерімен сипатталады. Жара ауыз қуысының шырышты қабығына да шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда ұйыспа-инфильтрат айналасындағы жұмсақ тіндер қатты ісінеді. Жұтқыншақ ісінгенде аурудың тыныс алуы нашарлап, жұтынғанда ауырсынып, дауысы қарлығады.
Нақтамасы, ажырату нақтамасы. Сібір жарасы нақтамасын өзіне тән клиникалық көрінісіне сүйене отырып қояды. Әсіресе олардың ішінде жаралы ошақта іріңнің болмауы, жарылған көпіршіктерден, өлеттенген жерден сібір жарасы қоздырғыштарының табылуы негізге алынады.
Нақтамасын анықтау үшін ауру қанын, үлкен дәретін бактериологиялық зерттеуге алады және антроксинмен терісіне аллергиялық сынақ қояды. Науқастың жұмысы ауру жануарлармен байланысты болғанын анықтау нақтама қою үшін өте маңызды. Сібір жарасын шиқан, көршиқан, тілмеден ажырата білген жөн.
Емі. Сібір жарасы, көршиқан бетте, ауыз қуысының шырышты қабығында орналасса отасыз-консервативті ем қолданады. Ауруға емдік майлы танбалар қолданып, тыныштық жағдай туғызады. Дезинтоксикациялық, десенсибилизациялық,антибиотиктер, сульфанил-амидтер тағайындайды. Жалпы денсаулығын нығайту терапиясын жүргізеді, Сібір жарасының ағымы ауыр, инфекция күшейіп жайылған жағдайда пенициллинді 1,5-2 миллионнан, стрептомицинді тәулігіне 6-8 рет организмге ендіреді. Антибиотиктерді I ауыстырғанда тетрациклин, левомицитин, цефалоспорин, макролид т.б. дәрілерді қолданған жөн.
Болжамы. Сібір жарасының терілік түрі организмге қауіпсіз, ал инфекция күшейіп жайылған жағдайда, әлсіз аурулар өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бетке, ауыз қуысына сібір жарасын жұқтырмас үшін, ауру жануарлармен араласқанда, олардың еті, терісі және жүнімен жұмыс істегенде санитарлық, жалпы гигиеналық ережелерді сақтап, ауыз қуысының, дене терісінің гигиенасын қадағалау керек. Сібір жарасының алдын алу үшін СТИ вакцинасын қатаң түрде эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне байланысты қолданады. Сібір жарасымен ауырған жануарлар немесе жұқпалы заттармен жұмыс істеген адамдар, зерттеліп арнайы бақылауда болуы керек, қажет болса емделуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет