Кафедра меңгерушісі Арынгазин К. Ш



бет1/3
Дата20.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#149070
  1   2   3

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы





Нысан


Ф СО ПМУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

«Өнеркәсіптік экология» пәнінен


5В073100 «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығы студентеріне арналған



ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар

2013 ж

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы




Нысан бағдарламасына

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

___________ Кудерин М.К.

20_ж «___»_____________

Құрастырушы: ____________аға оқытушы Урузалинова М.Б.

«Өнеркәсіптік экология» пәнінен


5В073100 «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығы студентеріне арналған


ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Жұмыс оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.357-2006 (ҚР БжҒМ № 779 23.12.2005 бұйрығымен енгізілген) негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылған 20 _ж. «___»____________№_____хаттама.

Кафедра меңгерушісі _________________________ Арынгазин К.Ш.

СҚ Факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған 20 _ж. «_____»____№_ хаттама



СҚФ ОӘК төрағасы__________Жукенова Г. А.



1. Пән жайлы мәліметтер
Пән атауы: Өнеркәсіптік экология
Таңдау бойынша пән

Оқу мерзімі және кредит саны

Барлығы – 5 кредит

Курс: 3

Семестр: 5,6



Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 75 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжрибелік /семинарлық оқу сағаттары – 45 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Оның құрамында СОӨЖ – 150 сағат

Жалпы көлемі – 225 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 6 семестрде


2. Пререквизиттер

«Өнеркәсіптік экология» пәнінің бағдарламасы мына пәндерге тұрақтанады: қоршаған ортаны бақылау әдістері мен жабдықтары, қалалар мен өнеркәсіптік мекемелердің инженерлік жүйелері, инженерлік акустика.



Постреквизиттер

Осы пәннен пайда болған білім, білік, дағдылар келесі пәндерді игеруге қажет:

- қоршаған ортаның мониторингін жүргізе білу;

- орындау кезінде:

- оқытылмалы пән бойынша орындалатын курстық және дипломдық жұмыс/жобалар.

Сонымен қатар адам қызметінің барлық орталарында қауіпті және зиянды заттардан адамдарды қорғау үшін; тұрмыстық, өндірістік, көліктік аварияларда алғашқы дәрігералды көмек көрсету кезінде және т.б.


3. Пән, мақсаттар мен міндеттер

Пән нысаны: қауіпсіз ойлау және жүріп тұруды қалыптастыру, қауіпсіздік идеологиясын өндіру.

Пәнді оқытудың мақсаты:

- студенттерді теориялық білімдермен және дағдырлау әрі қарайғы кәсіпкерлік дайындықтар үшін қажет;

- өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға техногенді әсер ету негіздерін білу;

- ластаушы заттардың құрамын, олардың сандық өнеркәсіптік қорларды оптимизациялаудың негізгі бағыттарын;

- энергетикалық сипаттағы ластар және басқа материалдың түрлері туралы қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- талдау дағдыларын дамытуға;

- қоршаған ортаны қорғау әрекеті қаупсіздігіне шараларды жүзеге болжауға дайындау;

- тіршілік қаупсіздігіне шараларды жүзеге асыруға және болжауға дайындау.


4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар

Аталмыш пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі қажет:



түсінігі болу керек:

  • өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға ерекшелігін әсер ету;

  • өнеркәсіптік ластаудың негізгі көздерін;

  • ластануды есептеу әдістемелігін.

білу керек:

  • пайда көзінде, сондай-ақ аппараттан шығу кезінде ластануды төмендету технологиясын;

  • өнеркәсіптік қорларды пайдалануды оптимизациялаудың тиімді бағыттарын.

машықтану қажет:

  • қазіргі кездегі өндірістің кері экологиялық факторларын талдауды;

  • ластаушы заттарды жалпылама тасталуы бойынша есептеуді жүргізуді;

тәжірибелік дағдыларды игеру керек:

  • өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға техногенді әсерлерінің күшеюі салдарын модельдеу мен болжауды;

  • альтернативті технологияның жолдарын салыстыруды жүргізе алуды.

құзыретті болу керек:

  • өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға ерекшелігін әсер ету;

  • өнеркәсіптік ластаудың негізгі көздерін;

  • ластануды есептеу әдістемелігін;

  • пайда көзінде, сондай-ақ аппараттан шығу кезінде ластануды төмендету технологиясын;

  • өнеркәсіптік қорларды пайдалануды оптимизациялаудың тиімді

бағыттарын.
5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

3.1 ПӘННІҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптар атауы

Уақыт саны

Дәріс

Тәжірибе

СРО

1

2

3

4

5

4 семестр

1

1 тақырып Атмосфера, гидросфера, литосфера жүйесін техногенді ластау көздері

1

-

0

2

2 т/п Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы мемлекеттік стандарт жүйесі

2

2

5

3

3 т/п Кен өнеркәсібі кәсіпорнының техногенді әсері. Қалдықтарды басу тәсілі

2

-

5

4

4 т/п Отын-энергетикалық кәсіпорындары. Отынның қоршаған ортаға әсері

4

4

10

5

5 т/п Қоршаған ортаға қара металлургия кәсіпорнының техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

3

4

10

6

6 т/п Түсті металлургия және оның қоршаған ортаға әсері. Қорғау тәсілдері

3

4

10

7

7 т/п Мұнай өңдеу өндірісінің қоршаған ортаға техногенді әсері. Қорғау тәсілдері

2

2

10

8

8 т/п Химиялық өнеркәсіп. Негізгі ластағыштар. Әсерін басу тәсілдері

2

3

10

9

9 т/п Құрылыс материалдарын өңдірудің қоршаған ортаға техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

3

4

15

10

10 т/п Шыны өндірісі және оның қоршаған ортаға техногенді әсері. Әсерін басу тәсілдері

2

2

10

11

11 т/п Қағаз өндірісі. Өндіріс сипаттамасы. Ластау көздері және зиянды заттарын тазалау

2

2

5

12

12 т/п Көлік құралдарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін бағалау

1

-

5

13

13 т/п Минералды тыңайтқыштарды өндіру және олардың қоршаған ортаға әсері

1

1

5

14

14 т/п Ластану ерекшеліктері және негізгі тамақ өндірісі өнеркәсібінде қоршаған орта жағдайларының жақсаруы

2

2

10

15

15 т/п Экологиялық төлемдер және оларды есептеу әдістері










16

16 т/п Өнеркәсіпті табиғи қорғау шараларының экологиялық тиімділігі










Барлығы: 90

15

15

60

Барлығы: 180

30

30

120


6. Дәрістік сабақтардың мазмұны:

Тақырып 1. Атмосфера, гидросфера, литосфера жүйесін техногенді ластау көздері

Жоспар:

1 Атмосфералық ауаның ластануы

2 Атмосфералық ауаның табиғи ластануы

3 Атмосфералық ауаның өндіріс шығарындыларымен ластануы

4 Атмосфералық ауа сапасының нормативтері

Атмосфералық ауаның ластануы деп — зиянды (ластаушы) заттар-дың ауа бассейніне мөлшерден тыс түсуі және пайда болуын айта-мыз. Бұл ластаушы заттар атмосферада газ, қатты және сұйық бөлшек-тер, бу түрінде табиғаттың құбылыстарынан не болмаса антропогендік жолмен түседі. Атмосфералық ауа бүкіл адамзаттың байлығы екені белгілі. Атмосфераның тазалығы, оның қүрамының тұрақтылығы адам баласының өмір сүруінің басты кепілі. Ауа болғандықтан, қүрамының қайда болса өзгеруі оның ластануы деп есептеледі.

Атмосфера ауасын ластаушы негізгі ингредиенттер ретінде көміртегі оксиді (СО), азот оксиді (NAx), күкірт оксиді (SO), көмірсу-тегі (CnHm) және шаң-тозаңдарды атауға болады.

Атмосфералық ауа бассейнінен газ түрде, аэрозольдер түрінде түскен ластаушы заттар төмендегідей қүбылыстарда болуы мүмкін:

1. Өз салмағының күшімен түнуы (үлкен дисперсті аэрозольдар).

Тұнған бөлшектермен физикалық қабысып, литосфераға, гид-росфераға ластаушы зат ретінде түсуі.

Бұл ластаушы заттардың биосфералық айналымға еніп кетуі ықтимал (көмірқышқыл газы, су буы, күкірт, азот оксидтері).

Бұлардың агрегаттық қалпы өзгеріп (буланып, кристализация-лану, конденсациялану) және ауаның басқа элементтерімен химия-лық өзара араласуы. Содан кейін жоғарғы көрсеткен жолдардың бірімен кетуі.

Атмосферада көп уақыт болып айналып (циркуляция) ағымымен тропосфераның, стратосфераның қабаттарына ауысып планетаның әртүрлі географиялық облыстарына жайылуы мүмкін.


Төмендегі жинақталған көрсеткішке қарасақ, (таб. 2) атмосфера-лық ауаға ластанған заттарды шығарушылар қатарында өндірісі өркен-деген Солтүстік Америка елдері мен Европа елдерінің үлесінде екендігі көрінеді.

Атмосфералық ауаның ластануы өндірістік қарқындай дамуына және отын түрлерін (газ, мүнай, көмір) кең масштабта пайдалануға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқыш-қыл газы (С02 - углекислый газ) мөлшері жоғарылаудың нәтижесінде табиғаттағы көміртегінің айналымы бүзылады деуге болады. Акаде­мик А. П. Виноградов зерттеулері нәтижесінде көмірқышқыл газы-ның концентрациясы жыл сайын 0,2%-ке дейін ұлғайып отырғанды-ғы дәлелденген.

Көміртек айналымының бүзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсерін тигізіп отыр. Атмосфералық ауаның зиян-ды заттармен ластану процесі осы заманның үлкен проблемасына айналып отыр. Атмосфералық ауаның ластануының екі негізгі көздері бар: табиғи көздер, жасанды (антропогендік) көздер.
Атмосфералық ауаның табиғи ластануы

Ауаның табиғи ластануының бір көзі — шаң дауылының әсері, вул-кандардың жарылыс түтіндермен, күлдерінің (пепел) ауаға араласу нәтижесінде, орман өрттері түтінің ауамен араласуы сияқты қүбылы-стар. Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), орга-никалық және космостық. Тау жыныстарының (тастардың массивтері) үгітілуі мен бүзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтарының өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның пайда болуына себеп болады.

Органикалық шаң ауадағы аэропланктондар —бактериялар, саңы-рауқұлақтардың спорлары мен өсімдіктердің тозаңдары т. б. түрінде және өсімдіктер мен жан-жануарлардың ыдырау, ашу (брожение), шіру өнімдері түрінде болады.

Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі.

Мүхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының пайда кристалдары болады. Ол кристалдардың шашы-рандылары ауада қүрғап қалғанда шаң-тозаң түзіледі.

Жер бетіндегі заттардың биологиялық ыдырау, оның ішінде топы-рақ бактерияларының тіршілігі күкіртсутек, аммиак, көмірсутек, азот, көміртек оксидтерінің орасан зор мөлшерінің түзілуіне әкеп соғады.



Антропогендік ластану. Атмосфералық ауаны ластаушылардың ең негізгілері — көлік түрлері, әсіресе, автомобильдердің жанармай-ларының жану өнімдері болып табылады. Француз ғалымы Ж Дет-ритің есептеулері бойынша автомобильдерден бөлінген газдардың қүрамында көмірқышқыл газы (CO2) - 9%, көміртек оксиді (CO) - 4, көміртек (СН2) - 0,5%, оттек (02) - 4%, сутек (Н2) - 2%, альдегиттер — 0,004, азот оксидтері - 0,06%, күкірт оксидтері (S20) - 0,006%, бар-лығы 200-ге жақын бар екенін анықтаған.

Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қор-ғасын өте зиянды әсер етеді.

Атмосфералық ауаға көліктерден бөлінген газдардың құрамында қорғасын болатыны және оның 40% диаметрі 5 мк. м. - ге деиін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организміне түсетіндігі белгілі болып отыр. Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн-нан аса автомобиль жүріп тұрса, үлкен қалаларда атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Автомобильді - дөңгелекті химиялық фаб-рика деп атаиды экологтар. Қала ауасының зиянды заттармен ласта-нуының 60% осы автомобильдердің үлесіне жатады.

Атмосфералық ауаның өндіріс шығарындыларымен ластануы

Шойын құю, болат ерту процестері атмосфераға зиянды шығарын-дылар шығаратыны белгілі. Бір тонна шойын қүйғанда 4,5 кг күкіртті газ (S02), 2,7 кг марганец, 0,6-0,2 кг көмірқышқыл газы, одан басқа фосфор, сурьма, қорғасын, сынаптың шаңы, аз кездесетін (редкие) ме-талдар смолалы заттар т. б. көптеген зиянды заттар атмосфераны ластайды.

Жылу электростанциялары да атмосфералық ауаны күкіртті газ-бен (S02) және неше түрлі шаң қосындыларымен ластайды. Қуаты орташа жылу электростанциялары бір сағатта 80 тн көмір жағып, ат-мосфераға шамамен 5 тн күкіртті ангидрид және 16-17 тн күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отын-ның сапасы, жағу әдістері, газтартқыш қондырғылар мен қалдық шы-ғаратын трубалардың биіктігі. ЖЭС газ отынына көшіру зиянды қал-дықтар мөлшерін біршама азайтады. Реактивті самолеттер ұшу ке-зінде бір сағатта 0,7 кг/м3 альдегиттер, 65 кг көміртек оксиді (С02), 1,7 кг көмірсутектер (СН2), 4,3 кг азот оксидтері 6,3 кг м3 қатты бөлшектер ауаға шығарады екен. Атмосфераның антропогенді лас-тану жолдары жылу энергиясы, мұнай, газ, көмір өндіру өнеркәсіптері, химиялық өнеркәсіптер, ауыл шаруашылық, коммуналдық шаруашы-лықтарының жүмыстарынан бөлінетін ластанушы заттармен көп мөлшерде ластанады. Бұл өнеркәсіптердің әрқайсысы ондаған мың компоненттерден түратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шы-ғарады. Ауа кеңістігін ластайтын негізгі қосылыстар — көміртек ок-сидтері, күкірт пен азот қосылыстары, көмірсутектер мен өндірістік шаң-тозаң. Бір жыл ішінде атмосфералық ауа бассейніне 200 млн тонна көміртек оксиді (СО), 20 млрд тонна көмірқышқыл газы (С02), 150 млн тонна күкірт оксиді (SO), 57 млн тонна азот оксидтері, 55 млн тонна түрлі көмірсутектер бөлінеді екен.

Биосфераның ауыр металдармен ластануы ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Жыл сайын өндірілген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға тарайды екен. Көмір жанған кезде күл және түрлі газдармен бірге қоршаған ортаға таралатын кейбір элементтердің мөлшері олардың өндірілген мөлше-рінен де асып түсетін жағдайлар болады екен. Мысалы магний — 1,5 есе, молибден 3 есе, алюминий, иод, кобальт — 15 есе т. с. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экосистемалардың қалыпты жұмыс істеуіне т. с. с. көптеген организмдерге зиянды әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаның күкіртті қосылыстарымен ластануы қазіргі таң-дағы аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Атмосфераның жасанды ластануы адамзат баласының тіршілігімен тығыз байланысты. Ең көп зиянды заттар ауаға электростанцияларынан шығарылады. ЖЭС-ы жұмыс істеу үшін қатты, сұйық, газ отындары қолданылады. Қара, жәнетүсті металдар өндіргенде кислоталар, цементтер, амми-актар, резина, неше түрлі бояулар, улы химикаттар өндірістерінде де атмосфералық ауаға көптеп зиянды заттар шығарылады.

Өндірістердің шығарындыларының ішінде күкірт ангидриді, көмірсутегіокисі, азот окисі, көмірсутегі, шаң-тозаң көптеп шығарыла-ды.

Сонымен, атмосфералық ауаны антропогенді ластау процесінде төмендегідей жағдайлар тууы мүмкін:

1. Жер бетіне өте жақын. Жер бетіндегі ауада регионалдық және жергілікті (локальный) ластану пайда болуы мүмкін.

2. Ластанған ауа трансшекаралық қашыққа таралып кетуі мүмкін.

Әртүрлі глобалдық (жаһандық) эффектер болуы мүмкін, озон қабатының бүзылуы, планеталық жылыну (парниктік эффект).

Атмосфераның өзін-өзі тазарту нәтижесінде литосфераның, гид-росферанын ластануы мүмкін.

Атмосфералық ауа сапасының нормативтері

Атмосфералық ауаның санитарлы-гигиеналық, өндірістік-шаруашы-лық экологиялық сапаларының нормативтері: ПДК және ПДВ болып келеді.

Ең алдымен мына күнделікте пайдаланатын ұғымдарды қарасты-райық:


  1. Атмосфөралық ауа-қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компоненті.

  2. Зиянды (ластаушы) зат-химиялық немесе биологиялық зат, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін зат-тардың қоспасы.

  3. Атмосфералық ауаның ластануы — зиянды ластаушы заттардың атмосфералық ауаға түсуі немесе сонда пайда болуы.

  4. Атмосфералық ауа сапасының гигиеналық нормативі — атмос-фералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін шекті концентрациясын (шоғырлануын) көрсететін және адамның денсулы-ғына әсері жоқ атмосфералық ауа сапасының өлшемі.

  5. Шығарынды (выброс) — жылжымалы және тұрақты көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттардың түсуі.

  6. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативі — атмос-фералық ауадағы зиянды (ластаушы) заттардың ең көп қүрамын көрсе-тетін және қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ атмосфералық ауа са-пасының өлшемі.

  7. Атмосфералық ауаның сапасы-атмосфералық ауаның гигиена-лык және экологиялық нормативтерге сәйкестігі дәрежесін көрсететін және физикалық, химикалық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

  8. Атмосфералық ауаның мониторингі — атмосфералық ауаның жай-күйін, оның ластануын бақылау жүйесі, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйіне, оның ластануына баға беру, сараптама жасау, бол-жам жасау.

  9. Атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің жол берілетін шекті деңгейі — атмосфералық ауаға физикалық ықпал ету нормативі, ол атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ ең жоғарғы деңгейін көрсетеді.

10. Атмосфералық ауада зиянды (ластаушы) заттардың жол берілетін мөлшерде шоғырлануы — асып кетуі адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуге әкеп соғатын бір немесе бірнеше зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға әсер етуі көрсетіледі.

Зиянды заттардың концентрациясының ең шектеулі мөлшері (КШМ) деп ластаушы заттардың ауаға, суға, қоршаған ортаға түсу саны-ның адам денсаулығына оның ұрпағына уақытша не тұрақты түрде әсер еткенде зияны тимеген нормасын айтады. Ақырғы кезде КШМ-ді (ПДК) анықтаған кезде тек қана адам денсаулығына зиянымен бірге жан-жануарларға өсімдіктерге де зиянын тимеуін қадағалайды. Осы күні біздің елімізде 1900 КШМ (ПДК) зиянды химикалық заттардың көлдер мен өзендерге, теңіздерге түсуін шектейді.

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарындылардағы (выбросы) мөлшерін шектейтін 500 астам КШМ (ПДК) бар. Топы-раққа түсу шегін бақылайтын 130 КШМ бар. КШМ тұрақты, көп жылғы емес оны әр жылда техникалық өсумен байланысты қайта қарауы мүмкін. КШМ-нің нормативтерін бекіткеннен кейін ол міндетті түрде заңдылық күшін алады (юридически обязательным).

Атмосферада ауаның зиянды заттармен ластануының мөлшерін нормалаудың белгіленген екі нормативі бар — бір реттік (разовый) және ортатәуліктік (среднесуточный) КШМ (ПДК).

Максималды бір реттік (максимально разовый) КШМ (ПДК) — зиянды заттардың концентрациясы адам баласына ауа жұтқанда 30 минут ішінде ешқандай зиянды әсер етпеуі (иісі, көзге тиюі т.б.).

Ортатәуліктік КШМ — ауадағы зиянды заттардың концентрациясы-ның (шоғырлануының) адам денсаулығына көп уақытқа дейін зиянын тигізбеуін айтады. КШМ-нің ауада жиі кездесетін ластаушы заттар-дың, елді мекендердегі мөлшері мг/м3.

Аз оксиді: бір реттік — 0,6, ортатәуліктік — 0,06

Аммиак — бір реттік 0,35, ортатәуліктік — 0,35

Фенол — 0,01 және ортатәуліктік — 0,003

Хлор — 0,01 және ортатәуліктік — 0,03

Формальдегид — 0,035, ортатәуліктік — 0,003.

Сонымен, атмосфералық ауаның зиянды заттарының деңгейін азай­ту мақсатында қалдығы аз және қалдықсыз технологияны енгізу үшін барлық ауаны ластайтын өндіріс орындары бар мекемелер жұмылып ат салысуы қажет.

Мемлекет органдары, шаруашылық қожалықтары атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды авариялық шығарудың алдын алу мен жою жөніндегі, сондай-ақ ластану зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарынды-ларының (выбросы) нормативтерін шаруашылық өзге де мемлекет орындары түрақты бақылауга алуға тиісті.

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару-дың негізгі принциптері төмендегідей:


  1. Адамның, қазіргі және болашақ үрпақтарының өмірі мен ден-саулығын қорғаудың басымдығы.

  2. Атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшін орны тол-мас зардаптарына жол бермеу.

  3. Атмосфералық ауаның жай-күші — оның ластануы туралы ин-формациялық (ақпараттық) жариялылығы, толымдылығы және анық-тылығы болып есептеледі.

  4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) — заттардың шығары-луын және оған зиянды физикалық әсер етуді мемлекеттік реттеу (регулирование) қадағалы түрде жүргізіліп отырылуы шарт.

Әдебиет: Өз бетінше [1, с. 168-182] әдебиеттері бойыншадайындалу.

Берілген тақырып бойынша мультимедиалық әрекеттер көрсетілмеген.


Тақырып 2. Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы мемлекеттік стандарт жүйесі

Жоспар:

1 Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативті құқықтық базасы

2 Халықаралық конвенциялар мен келісімдер

3 Экологиялық тұрғыдан қауіпті шаруашылық және басқа қызметтер тізімі.
Бұл бөлімде экологиялық тұрғыдан Қазақстан Республикасында қауіпсіз шаруашылық қызметтің негізін және шаруашылық қызметті негіздеу процедурасын қамтамасыз ететін халықаралық конвенцияларды және ұлттық құқықтық құралдарды қамтитын нормативтік базаның қысқаша сипаттамасы келтірілген.

2 Халықаралық конвенциялар мен келісімдер

90-шы жылдардың басынан, өз тәуелсіздігі мен егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар субъектісі ретінде жалпы әлемдік табиғатты қорғау процесіне белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген халықаралық құқықтық актілерге қосылып, өзіне халықаралық қауымдастық алдында табиғат ортасын тиімді, ұтымды және қауіпсіз түрде қолдануға бағытталған бірнеше міндетті жүктеді.

Қазақстан Республикасының халықаралық және басқа міндеттемелері азаматтық және процессуалдық кодекстің бір бөлігі болып табылады. Осылай бола тұра Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Республика бекіткен халықаралық келісімдер заңнан басым болып, оны қолдану үшін халықаралық келісімге сәйкес заң шығару қажет болмаған жағдайларда тікелей қолданылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі ауа сапасы, климаттың өзгеруі, биологиялық әр түрлілік, экология мен мекендеу ортасын қорғау, қалдықтар мен халықаралық суларды қорғау сияқты басты мәселелер бойынша міндеттер қарастырылған қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірнеше халықаралық конвенцияларға қол қойып, оларды бекітті.

1992 жылы Қазақстан Реуспубликасының Жоғарғы Кеңесінің «Дүниежүзілік Метрологиялық ұйым Конвенциясына қосылу туралы» (Вашингтон, 1947 ж.) Қаулысына(№1791-XII) қол қойылды.

1994 жылы Қазақстан Реуспубликасының Министрлер Кабинетінің №918 «Биологиялық саналуандылық туралы Конвенциясын және ол бойынша міндеттемелерді орындауды Қазақстан Республикасының бекітуі туралы» (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.) қаулысына қол қойылды. Бұл конвенциялар әлі күнге дейін бекітілмеген. 1994 жылы Республика «мұнаймен ластанудан келтірілген залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенциясына (Брюссель, 1969 ж.)» қосылды. Сол жылы «Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясы (Париж, ЮНЕСКО 1972 ж.)» бекітілді.

1997 жылы ҚР №149-1 Заңымен Шөлге айналумен күресу туралы БҰҰ Конвенциясы (Париж, 1994 ж.) бекітіліп, озондық қабатты қорғау бойынша Вена конвенциясына (№176, №177-І) (Вена, 1985) және 2001 жылы (№191-ІІ) өзгертулер енгізілген озондық қабатты күйзелтетін заттар бойынша Монреальдық хаттамасына (Монреаль, 1987) қосылу туралы заңдар қабылданды.

2000 жылғы қазан айында келесі халықаралық актілерге қосылу туралы Қазақстан Республикасының бірнеше Заңдары қабылданды: «Ауаның алыс қашықтыққа шекарааралық ластануы туралы Конвенция», (Женева, 1979); «Өнеркәсіптік апаттардың шекарааралық әсері туралы конвенция» (Хельсинки, 1992); «Шекарааралық контексте қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі Конвенция» (Эспо, 1991); «Шекарааралық су



Экологиялық тұрғыдан қауіпті шаруашылық және басқа қызметтер тізімі.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы №543 қаулысымен бекітілген (26.06.2008ж. өзгерістер енгізілген).

• Қол жетімді үздік технологиялар тізімі, ҚР Үкіметінің Қаулысы №245, 2008ж. 12 наурыз.

• Эмиссия нормативтері белгіленетін ластауыш заттар және қалдықтар түрлерінің тізімі. ҚР Үкіметінің №577 Қаулысымен 2007 жылғы 30 маусымда бекітілген (14.05.2009 жылы өзгерістер енгізілген).

• Қоршаған ортаға эмиссия үшін алынатын рұқсаттың құрамына табиғатты пайдалану шарттарын енгізу ережелері. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің №112-п Бұйрығымен 2007 жылғы 16 сәуірде бекітілген.

• Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар нормативтерін анықтау әдісі. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 21мамырдағы № 158-п бұйрығымен бекітілген.

• Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемелерге қойылатын талаптарды келісу ережелері. Қоршаған орта министрлігінің №123-п бұйрығымен 2007 жылғы 24 сәуірде бекітілген.

• Қалдықтар классификаторы. Қоршаған орта министрлігінің №169-п бұйрығымен 2007 жылғы 31 мамырда бекітілген.

2007 жылғы желтоқсан – 2008 жылғы ақпан айлары арасында Қоршаған орта министрлігі парникті газдар мен озонды бұзатын заттар шығарындыларын басқару бөліміндегі нормативті құжаттар топтамасын дайындап, бекітті.

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына тікелей немесе тікелей емес әсерін тигізетін кез келген шаруашылық қызметіне қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу қажет. Құжаттың міндеттілігі және жабалау құжаттарымен бірге әсерді бағалау туралы құжатын тапсыру тіртібі Экологиялық кодекстің «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» 6 тарауында (37-44 баптарында) көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 6 тарауында қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органдары – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) бекіткен арнайы әдістемелік-нұсқаулық ҚОӘБ бойынша құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет делінген.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі бекіткен 2007 жылғы 28 маусымдағы №204-п «Алдын-ала жоспарлау, алдын-ала жобалау және жобалау құжаттарын дайындаған кезде жоспарланған шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша нұсқау» (ҚОӘБ Нұсқауы) қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша нұсқаулық құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы N 164-4 «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық тұрғыдан қауіпті технологияларды, техниканы және қондырғыларды кіргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің қызметін атқарушысының 2010 жылғы 26 наурыздағы № 70-Ө Бұйрығына сәйкес ҚОӘБ Нұсқауына өзгерістер енгізілді.

Әдебиет: [3, 43-47 б; 5 5-7 б.]
Тақырып 3. Кен өнеркәсібі кәсіпорнының техногенді әсері. Қалдықтарды басу тәсілі

 Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті жоғары технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнімді шығарумен байланысты металлургия өнеркәсібінің жаңа қайта өңдеу өндірістерін кезең-кезеңмен құру болу тиіс.

Елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттік саясат ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) өндірісін ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары қайта бөлудің түпкі өнімін жасауға бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламада ел ішінде минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін кен және концентраттар экспортының үлесін төмендетуді ынталандыру бойынша кешенді шаралар қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет