Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


№12 Практикалық жұмыс. Ұлғайтқыш лупа жасау



бет12/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

№12 Практикалық жұмыс. Ұлғайтқыш лупа жасау


Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының көмегімен лупаның корпусын жасаймыз. Ол үшін ең алдымен, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының ішінен, трапецияға ұқсайтын фигураны таңдап алып, лупаның тұтқасын және лупаның басқы бөлігін жасау керек (172-сурет)

Pick (Указатель) құрал-сайманының көмегімен екі объектіні де белгілеп алып, келесі команданы орындаңыз: Arrange → Shaping → Weld (Расположение

→ Изменение формы → Объединить). Нәтижесінде осы екі фигура бірігеді (173-сурет).

172-сурет 173-сурет


Пайда болған объектіні бояу керек. Ол үшін: Pattern Fill Dialog (Диалоговое окно узорной заливки) құрал-сайманын алып, келесі параметрлерді беру керек (173-сурет).

173-сурет
Пайда болған объектіге көлем беру керек. Ол үшін: Window → Dockers → Extrude (Окно → Докеры → Выдавливания), суретте көрсетілгендей параметрлерді береміз (174-сурет).

Параметрлер беріліп болса Applay (Применить) батырмасын басу қажет.

Енді лупаның әйнегінің ұлғаюын келтіру қажет. Ол үшін Ellipse (Эллипс) құрал-сайманын алып екі дөңгелек сызамыз.


174-сурет
Сызылған дөңгелектің бірін белгілеп алып, Window → Dockers → Lens → Manify (Окно → Пристыковываемые окна → Линза → Увелечение) командасын орындап, келесі параметрлерді береміз (175-сурет). Сызылған дөңгелектің екіншісін белгілеп алып, Window → Dockers → Lens → Fish eye (Окно → Пристыковываемые окна → Линза → Рыбый глаз) командасын орындап, келесі параметрлерді береміз (176-сурет).

175-сурет 176-сурет
Бірінші дөңгелектің үстінгі жағына екіншісін орналастырып, екі объектіні біріктіріңіз (группировка). Дайын болған әйнекті лупаға орналастырып, бүкіл объектіні біріктіріңіз (177-сурет.

177-сурет (нәтиже)



№13 Практикалық тапсырма. Шынжыр жасау


CorelDraw графикалық редакторын іске қосып, Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын алып, төртбұрыш салыңыз. Оның бұрыштарын Shape (Форма) құрал-сайманымен дөңгелектеңіз (178-сурет)

178-сурет

Пайда болған фигураның көшірмесін жасаңыз.

Бірінші фигураны белгілеп, Outline (Обводка) құрал-сайманын алып, жиегінің қалыңдығын 24 Point Outline (24 пункт) деп беріңіз.

Енді фигураның түсін алып тастаңыз. Ол үшін Fill (Заливка) құрал-сайманынан No Fill (Удалить обводку) таңдап алыңыз (179-сурет).

Шынжыр “алтын” болғандықтан, фигураны белгілеп, Outline (Обводка) құрал- сайманынан Outline Color Dialog (Диалоговое окно цвета обводки) таңдап алыңыз. Ашылған сұхбат терезеде келесі параметрлерді беріңіз: С 5; М 2; У 63; К 8 (180-сурет).

Енді екінші фигураны алып, оны бірінші фигураның үстіне орналастырыңыз да, Порядок → На передний план.


179-сурет 180-сурет


Екінші фигураны белгілеп, ақ түс беріп, жиегінің мөлшерін 1-пункт-қа өзгертіңіз (181-сурет).

Екі объектіні де белгілеп, Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал- сайманын пайдаланып объектіге көлем беріңіз (182-сурет). Объектілерді біріктіріңіз (группировать).



181-сурет 182-сурет


Енді Bezier (Кривая безье) құрал-сайманын пайдаланып, сызық сызыңыз. Ғ12 клавишасын басып, Outline Pen (Форма обводки) сұхбат терезесін шақырып, келесі параметрлерді беріңіз: Color (Цвет) - сары, Width (Ширина) - 8,467 мм

кіші (максималды) мәнін беріңіз. Line Caps (Оформление конечных точек линий) деген жерде ұштары дөңгелектенген типті таңдаңыз (183-сурет).

Бірінші жағдайдағыдай көшірмені құрылған фигураның үстіңгі жағына орналастырып, ақ түске бояп, Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланыңыз (184-сурет). Пайда болған объектілерді біріктіріңіз.

183-сурет
Енді шынжыр салуға көшеміз. Ол үшін ең алдымен Freehand (Кривая)

құрал-сайманын пайдаланып қисық сызу керек. Салынған қисықтың көшірмесін алу керек.

Қисықтың басы мен соңына дайын болған шынжырдың бөліктерін орналастыру қажет (185-сурет).

184-сурет 185-сурет


Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманының көмегімен басы мен соңын біріктіріңіз.

Құрал-сайманының қасиетін өзгерту қатарында Path (Траектоия) батырмасынан

New Path (Создать траекторию), Micellaneous Blend Option (Дополнительные параметры перетекания) деген жерден – Rotate Points Object (Поворачивать все объекты) және Blend Along Fill Path (Вдоль всей траектории) командаларын белгілеңіз.

Жанынан көрінетін бөлігіне де осы операцияны қолданыңыз және де шынжырдың бөліктерінің қайталануын 2 есеге азайтыңыз (186-сурет).

Шынжырдың бөліктерін біріктіріңіз (187-сурет).

186-сурет 187-сурет (нәтиже)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет