№14 Практикалық жұмыс. Шық түйіршігін жасау
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, кез-келген суретті импорттаймыз: Файл → Импорт командасы арқылы (188-сурет).
Ctrl+C және Ctrl+V пернелері арқылы суреттің көшірмесін алыңыз. Нәтижесінде бір суреттен екі дана болу қажет.
Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманын алып, шық түйіршігіне ұқсайтын форманы таңдап, шықтың суретін салыңыз (189-сурет)
188-сурет 189-сурет
Екінші пункте көрсетілгендей «шықтың» көшірмесін алыңыз.
«Шықтың» бір көшірмесін суреттің үстіне орналастырып, келесі команданы орындаңыз: Effects → Power Clip → Place Inside Container (Эффекты → Фигурная обрезка → Поместить в контейнер). Пайда болған бағдаршамен фигураны белгілеңіз, нәтижесінде сурет фигураның ішіне енеді (190-сурет).
Бұл әрекетті жасау себебіміз, гүлге «шық» түйіршігінің ар жағынан қараймыз. Ондай эффектіні жасау үшін Sphere (Сфера) растрлы фильтрі қолданылады: Bitmaps → 3D Effects → Sphere (Точечная графика → Трехмерные эффекты → Сфера). Қажет өзгертулер көрсетілген (191-сурет).
190-сурет
191-сурет
Шық түйіршігінің жиегін алып тастаңыз. Ол үшін Без контура құрал- сайманы пайдаланылады (192-сурет).
192-сурет
«Шық» түйіршігін жасаудың бірінші кезеңі аяқталды.
«Шық» түйіршігінің екінші көшірмесін алып, Interactive Fill (Интерактивная заливка) құрал-сайманын таңдап алып, 193-суретте көрсетілгендей өзгертулерін енгізіңіз де, екінші «шық» түйіршігінің көшірмесін біріншісінің үстіне орналастырыңыз. Егер екінші түйіршік көрінбей қалатындай болса, оны белгілеп алып, келесі командалар тізбегін орныдаңыз: түйіршікті белгілеп алып, тышқанның оң жағын басып, Oder → To Front (Порядок → На перед) орындаңыз.
Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын таңдап алып келесі параметрлерді беріңіз (194-сурет).
193-сурет 194-сурет
Соңында барлық объектілерді белгілеп алып, тышқанның оң жағын басып, біріктіру (Группа) командасын таңдап алыңыз. Нәтижесі 195-суретте көрсетілген.
195-сурет (нәтиже)
№15 Практикалық жұмыс. Парақтары ашылып жатқан кітап жасау
Біз бұл мысалда ашулы тұрған кітаптың суретін саламыз. Бұл мысалдың қиындығы кітаптың беттері бір-бірінен бөлек болуы қажет. Мұны қолмен салуға болады, бірақ оған көп уақыт кетеді. Бірақ біз бұл мысалда оны оңай салу жолын келтірейік. Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Star Shapes (Звезды) құрал–сайманын таңдап алып, 32-бұрышты жұлдыздың суретін салыңыз (196-сурет).
Бұл құрал-сайманның параметрін суретте көрсетілгендей беріңіз, яғни Angle of Rotation (Угол поворота) батырмасына бұрылу бұрышы ретінде 20о деп беру нәтижесінде фигураны көбейтеміз (197-сурет).
196-сурет 197-сурет
40, 60 және 80о мәндерін беру арқылы осы операцияны қайталаңыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен барлық объектілерді белгілеп біріктіріңіз (198-сурет)
Пайда болған фигураға ашылған кітап парағының эффектілерін жасайық. Ол үшін Eraser (Ластик) құрал-сайманын таңдап алып, артығын өшіріңіз (199- сурет)
198-сурет 199-сурет
Енді кітаптің мұқабасын жасауға кірісейік. Ол үшін құрал-саймандардың бір тобын пайдалануға болады. Бірақ жұмыстың көп бөлігі қолмен жасалады. Bezier (Кривая безье) құрал-сайманын алып, суретте көрсетілгендей қисық сызыңыз (200-сурет).
200-сурет Салынған мұқабаны бояңыз. Мысалы, қоңыр түске.
Енді бейнеге көлем беру керек. Ол үшін Interactive Extrude (Интерактивный объем) құрал-сайманын таңдап алып, фронтальды және артқы бөлігі сәйкес келетіндей етіп параметрлерін беру қажет (201-сурет).
201-сурет
Бұл мысалды орындау кезінде объектіге жарық көзін берсек артық емес, параметрі 202-суретте көрсетілген.
Жұмыс аяқталды, нәтиже төменде 203-суретте көрсетілген.
202-сурет 203-сурет (нәтиже)
№16 Практикалық жұмыс. Windows жұмыс үстеліне батырма (значок) жасау
Батырма жасау мысалы ретінде қыздың суретін алдық (204-сурет).
Осы күйінде қажет форматқа экспорттауға болар еді, бірақ батырманың пішіні қыздың контурын қайталасын, ал фон мөлдір болсын. Сол үшін Eraser (Ластик) құрал-сайманын пайдаланып, артық жерлерді өшіріп тастаңыз (205-сурет)
204-сурет 205-сурет
Алдын-ала Eraser (Ластик) құрал-сайманының параметрлерін беріңіз (206- сурет).
206-сурет
Келесі қадам жұмыстың негізі болып табылады. Ол үшін File → Export (Файл → Экспорт) командасын орындап, экспорттау үшін *.ico форматын алыңыз. Бірінші ашылған сұхбат терезеде ешқандай өзгеріс енгізбей, параметрлерін сол қалпында қалдырамыз. Ал келесі терезеде суретте көрсетілгендей параметрлерін береміз (207-сурет)
Ондағы Palette (Палитра) тізіміне Adaptive (Адаптивная) вариантын таңдап алған дұрыс. Dithering (Настройка растра) параматрін өзгертпеген жөн. Өйткені біздің жағдайда ол нәтижеге ешқандай өзгеріс келтірмейді. Colors (Количество цветов) бетінде ең үлкен мән (максималды) 256-ны беруге болады. Бұл мәнді батырманың файл мөлшеріне шектеу қойылса ғана, азайтуға болады. Осымен мысал дайын болып жұмыс үстеліне шығарылды (208- сурет)
207-сурет 208-сурет (нәтиже)
Достарыңызбен бөлісу: |