Кестелерді енгізу (Импорт таблиц) шебері және Кестелермен байланыс (Связь с таблицами) шебері басқа қолданбалы программаларда құрылған дайын мәліметтер базаларынан кестелер құруға мүмкіндік береді. Кестелерді енгізу шеберін қолданғанда сыртқы файлдан жұмыс істеп тұрған ағымдағы МБ-ға мәліметтер мен объектілердің енгізу (импорт) жүзеге асырылады. Кестелермен байланыс шеберін қолданғанда, ағымдағы мәліметтер базасында сыртқы файл кестелерімен байланысқан кестелер құрылуы жүзеге асады.
Кесте құруға арналған жаттығулар
Мәліметтер базасын құрған кезде кестелерді жобалаудың төмендегідей ережелеріне сүйену керек:
– кестедегі бар өрістер мәні арқылы есептеліп шығатын өрістер құрмаңыздар;
– қайталанатын өрістер құрмау керек;
– әрбір жазба үшін бір мәнді қайталап сақтайтын өрістер құрмаңыздар;
– әрбір жазба қайталанбайтын бірегей (уникальный) болуы керек;
– қайталанбайтын бірегей түйін (уникальный ключ) болуы тиіс;
Мәліметтер базасының пәндік саласына мыналар жатады: адамдар, жануарлар, кітап, автокөлік, компьютер,
программалау тілі, оқитын пән, техникалық әдебиет, сессия, сурет, кино, спорт, аудиокассеталар, видеокассеталар, өсімдік әлемі, жануарлар әлемі, көлік, байланыс, емхана, әуежай, институт, театр, аспаздық іс, жарыстар, табиғи құбылыстар, апаттар, теңіздер, өзендер, сапарлар және т.с.с. Бір саладағы бір немесе бірнеше объектілерді бөліп алуға болады, мысалы, "Емхана" саласы үшін мынадай объектілер алуға болады: емхана, ауру адам, дәрігер, палата, бөлім, кіші медициналық персонал, Лаборатория, дәрілер және т.б. Әр объектінің 5-10 сипаты (қасиеті ) болуы керек. Мысалы, Емхана объектісі мынандай қасиеттер немесе өрістер арқылы сипатталуы мүмкін: Емхана нөмірі, Емхана аты, бас дәрігердің аты-жөні, емхананың профилі, жататын орын саны, персонал саны және т.б. "Ауру" объектісі мынандай қасиеттер немесе өрістер арқылы сипаттауға болады: аурудың аты-жөні, емделу карточкасының нөмірі, палатаның нөмірі, диагнозы, емделу істері, емдеген дәрігердің аты-жөні және т.с.с. Әрбір саланың және әр объектінің сипаттау дәлдігі мен толықтылығы шешілетін мәселеге және тұтынушының қандай ақпарат керек ететініне байланысты болады. Әрбір объект үшін бір жеке кесте құрылады. Кестедегі нақты объектілердің сипаттамалары бар жазбалар саны 40-100-ден кем болмауы керек, сонда ғана әр түрлі Access құралдарымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.
Лабораториялық жұмысты жүргізу үшін мыналарды орындау керек:
-
Ақпараты мәліметтер базасында сақталатын пәндік саланы анықтап, бір немесе бірнеше объектілерді таңдап алып, олардың өріс атауларын, мәліметтер типін, нақты мәндерін анықтау керек;
-
әр түрлі объектілерге арнап Кесте режимі, Конструктор, Кестелер шебері сияқты үш мүмкіндік арқылы кесте құру қажет;
-
Конструктор режимі үшін бірсыпыра өрістерге арнап, алдын ала олардың қасиеттерін тағайындау, мысалы, енгізу бет пердесі (маскасы), келісім бойынша бірден берілетін мәндер және т.с.с.;
-
МБ терезесінде тұрып, Ашу (Открыть) батырмасын шерту арқылы таңдаған базаның ішкі мәндерін көріп шығу;
-
МБ терезесінде тұрып, Конструктор батырмасын шерту жолымен кесте құрылымына және өрістер сипаттамаларына өзгертулер енгізу;
-
Мәліметтер базасын құру және Мәліметтер базасын ашу саймандар тақтасы батырмаларымен жұмыс істеуді үйрену;
-
МБ-ны толтыру кезінде Түзету (Правка) менюін пайдаланып, қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою батырмаларын қолдану.
Лабораториялық жұмыс 4-6 сабаққа арналған. Access-тің мүмкіндіктерін оқып үйрену кезінде жоғарыда келтірілген кестелерді құру және өрістер қасиеттерін анықтау тәсілдерін меңгеру қажет.
1 жаттығу
-
Белгілі бір пәндік саланы таңдап, оның бір объектісін алып, ішкі бірнеше қасиеттерін көрсетіп сипаттау керек, мысалы, объект – кітап, қасиеттері – жазушының аты-жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі, шыққан жылы, басып шығарылған жері, баспасы, кітаптің құны.
-
Кесте режиміне кіру.
-
Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралы мәлімет енгізу.
-
Формат/Бағананың атын өзгерту меню командасын қолданып, бағаналарға 1 пунктте берілген атауларды беру.
-
Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың тақырыбының оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын басып тұрып, бағананың шекарасын жылжыту керек. Сол сияқты әрекеттерді Формат/Бағананың ені меню командасын қолданып немесе контекстік менюдің Бағананың ені командасын қолданып істеуге де болатынына көз жеткізу қажет.
-
Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек, немесе саймандар тақтасында Сақтау батырмасын шерту, немесе Файл/Сақтау командасын орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге болады.
-
Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, Кесте ішкі бетінен Ашу батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.
2 жаттығу
-
"Кітап" кестесін немесе 1 жаттығудағы құрылған бір кестені ашу.
-
Конструктор режиміне кіру
-
Өрістердің сипаттамаларын көріп шығу.
-
Қажет болса ішіндегі бір сипаттаманы өзгерту. Ол үшін курсорды керекті өріске апарып, Мәліметтер типі бағанасын шертіп, тізімнен керекті сипаттаманы таңдап алу керек.
-
Кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар тағайындау. Мысалы, "Шыққан жылы" өрісіне енгізу бет пердесін (маскасын) бекіту. Ол үшін өріс қасиеттеріне арналған "Жалпы"("Общие") ішкі бетіне келіп 9999 деген бетперде (маскасын) енгізу. Бұл шыққан жыл 4 таңбалы саннан тұратынын білдіреді.
-
Ашу батырмасы арқылы кестені ашып, 5 саннан тұратын кітаптың шыққан жылы мәнін енгізіңіз, оған Access жүйесінің реакциясын байқаңыз.
-
Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге шарт беру (Условие на значение) сипаттамасын беріңіз, мысалы Between 1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950 ж. және 1998ж. арасында шыққанын білдіреді.
-
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.
-
Конструктор режиміне кіріңіз. “Шыққан жылы” өрісі үшін Қате түралы мәлімет (Сообщение об ошибке) қасиетті беріңіз, мысалы, “Кітап шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр” деген мәліметті енгізіңіз.
-
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Access жүйесінің қалай жауап беретінін байқаңыз.
-
Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұмыс істеп шығыңыз.
-
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
3 жаттығу
-
Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.
-
“Қызметкерлер” кестесінен мынадай өрістер алыңыз: “Табельдік нөмір”, “Фамилиясы”, “Аты”, “Әкесінің аты”, “Лауазымы”, “Үй телефоны”, ал “Клиенттер” кестесінен “Компанияның аты” өрісін алыңыз.
-
Мәліметтерді кестеге енгізіңіз.
-
Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің атауларын аздап өзгертіңіз.
-
2 жаттығудағы көрсетілгендей етіп кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.
4 жаттығу
-
Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір объектіні сипаттаңыз (1 жаттығуны қараңыз).
-
Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипаттамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.
-
2 жаттығудағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.
5 жаттығу
-
Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген бірін ашыңыз.
-
Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюінің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және контекстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою командаларын пайдаланаңыз.
-
Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтапи қойыңыз.
6 жаттығу
-
“Алмастыру” (“Подстановка”) ішкі беті арқылы орнатылатын өріс қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып “Баспа” жаңа кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.
-
1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.
-
Конструктор режиміне кіріңіз.
-
“Баспа” өрісінің сипаттамаларына арналған “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетіне кіріңіз.
-
“Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” (“Тип источника строк”) қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңдаңыз, “Жолдар шығу көзі”(“Источник строк”) қасиеті үшін – “Баспа” кестесін таңдаңыз, “Қосылған бағана” мене “Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.
-
Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.
-
“Баспа” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.
-
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.
7 жаттығу
-
“Алмастыру” ішкі бетіндегі өрістердің тағайындалатын сипаттамаларын қарап шығыңыз.
-
Кестелер режимін пайдаланып “Жарияланатын орын” атты жаңа кесте құрыңыз. Бұл кестеде екі өріс болуы тиіс: Код және Жарияланатын орын.
-
Жаңа мәндер енгізіңіз, мысалы: Алматы, Астана, Москва, Санкт-Петербург.
4. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.
5. Конструктор режиміне кіріңіз.
-
“Жарияланатын орын” өріс сипаттамаларына арналған “Жалпы” ішкі терезеге кіріңіз.
-
“Басқару элементінің типі” үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңдаңыз, “Жолдар шығу көзі” үшін сұраныс құрастырғышын (построитель запросов) ашыңыз да, соның ішінде кестенің атын – Жарияланатын орын, өрістің атын – Жарияланатын орын, сұрыптау – өсуі бойынша деп экранға шығаруды көрсетіңіз. “Қосылған бағана” және “ Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.
-
Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.
-
“Жарияланатын орын” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.
-
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
8 жаттығу
-
Пуск батырмасын басу арқылы Access-ке кіріңіз.
-
Мәліметтер базасын құру сұхбат терезесінде Шеберді іске қосу (Запуск мастера) қанат белгісін (переключатель) басыңыз.
-
“Құру” (“Создание”) сұхбат терезесіндегі Мәліметтер базасы ішкі терезесін таңдаңыз да, көрсетілген базалардың біреуін, мысалы, Музыкалық коллекция белгішесін таңдаңыз және сұхбат жүрген кезде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа база құрыңыз.
-
Құрылған базаларды мәліметтерді енгізу және Конструктор режимдерінде қарап шығыңыз.
Бақылау сұрақтары:
-
Кесте не үшін қажет?
-
Объект қалай сипатталады?
-
Өріс дегеніміз не?
-
Әрбір өріс қалай сипатталады?
-
Access-те мәліметтердің қандай типтері болады?
-
Санауыш (Счетчик) мәліметтер типі не үшін қажет?
-
Өріске қандай қасиеттерін тағайындауға болады?
-
“Келісім бойынша мән” (Значение по умолчанию) қасиетінің қызметі неде?
-
Бет перде (Маска) не үшін қажет?
-
“Алмастыру” ішкі беті не үшін қолданылады?
-
Құрып отырған кесте өрісінің мәнін беру үшін,е басқа кесте өрістерін қалай пайдалануға болады?
-
Алмастыру шебері не үшін қажет?
-
Кесте режимінде кесте қалай құрылады?
-
Конструктор режимінде кесте қалай құрылады?
-
Кесте шебері режимінде қалай жұмыс істейміз?
Зертханалық жұмыс №3
Тақырып: “МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ СХЕМАСЫ”
Жаттығу: қарастырылып отырған аймақтағы объектілердің арасында байланыс орнату мүмкіндіктерін, мәліметтер схемасын қалай құру екендігін оқып үйрену мақсатында келесі жаттығуларды орындаңыздар.
Есеп беру: Сабақ соңында жаттығулар нәтижесін компьютерде қорғау.
Жаттығуларды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар:
1. Объектілер арасындағы байланыстар мен мәліметтер схемасы
Мәліметтер схемасы мәліметтер базасының құрылымын жасап, оның графикалық бейнесі болып қана қоймай, жұмыс істеу процесінде де кең қолданылады. МБ схемасын жасау көпкестелі формаларды, сұраныстарды және басылымдарды жеңіл құрастыруға, сондай-ақ, кестелерді түзету кезінде байланысқан мәліметтер тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Схемада кестелер арасындағы байланыстар анықталып, олардың нұсқалары жасалады. Осылай құрылған схемалар өзара байланысқан кестелер негізінде формалар, сұраныстар және басылымдар құрастыру кезінде мәліметтер байланысын автоматты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. МБ схемасы графикалық түрде арнайы терезеде өрістер тізімі арқылы көрсетілген әр түрлі кестелердің керекті өрістерін сызықтармен байланыстыру жолымен бейнеленіп тұрады.
Осындай өзара байланысу бейнесі мәліметтердің екі тобы арасындағы нақты байланысты көрсетеді. Бұлардың “бірдің бірге” (1:1), “бірдің көпке” (1:М немесе 1: ∞) және “көптің көпке” (М:М) қатынасы сияқты бірнеше түрлері бар.
Мысалы, СТУДЕНТ объектісі бар болсын делік. Оны сипаттау кезіде ФАМИЛИЯСЫ, АТЫ, ТУҒАН ЖЫЛЫ, СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ, ТОПТЫҢ НӨМІРІ сияқты өрістерді пайдаланамыз. Бұл өрістердің арасында мынадай байланыстар бар:
1. “Бірдің бірге қатынасы”
ФАМИЛИЯСЫ СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ
2. “Бірдің көпке қатынасы”
СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ ТОПТЫҢ НӨМІРІ
3. “Көптің көпке қатынасы”
ТУҒАН ЖЫЛЫ ТОПТЫҢ НӨМІРІ
Осыған ұқсас өзара байланыстар объектілер арасында да орнатылуы мүмкін.
Access программасы мәліметтер схемасын құру кезінде таңдап алынған өріс бойынша кестелер арасындағы байланыс типін авоматты түрде анықтайды. Егер байланыс орнатылатын өріс басты және бағынышты кестелердің екеуінде де қайталанбайтын түйінді өріске жататын болса, онда «бірдің бірге қатынасы» түріндегі байланыс орнатылады. Ал, егер байланысу өрісі тек басты кестеде ғана қайталанбайтын түйінді типке жататын болып, ал бағынышты кестеде ол түйінді өріс типіне жатпайтын болса немесе ондағы құрамалы түйінді өріске кіретін жағдайда, басты кестеден бағынышты кестеге қарай «бірдің көпке қатынасы» байланысы орнатылады.
Басты кестеден байланыс өрісі ретінде түйінді болып саналмайтын типті таңдағанда, тек бірігу байланысы орнауы мүмкін. Мұндай байланыстар басты кесте мен бағынышты кестенің екеуінен де алынған өрістері бар формалар мен басылымдар құру кезінде қажет болады. Мұндай байланыстар бірдей мәндері бар жазбалардың байланыс өрісінде бірігуін төмендегі 3 тәсілдердің біреуімен қамтамасыз етеді:
1) екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды ғана біріктіру;
2) екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды біріктіру және, соған қоса, 2-кестеде өзіне сәйкес байланысу өрістері жоқ 1-кестедегі барлық жазбаларды 2-кестенің бос жазбаларымен біріктіру;
3) екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды біріктіру және, соған қоса, 1-кестеде өзіне сәйкес байланысу өрістері жоқ 2-кестедегі барлық жазбаларды 1-кестенің бос жазбаларымен біріктіру.
1:1 немесе 1:М типіндегі байланыс түрлеріне мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ететін параметрді және де байланысқан жазбаларды автоматты түрде каскадты жаңарту мен өшіру ісін енгізуге болады.
Мәліметтер базасының тұтастығы деп базадағы мәліметтердің қатесінің жоқтығы мен дәлдігін айтады. МБ-ның біртұтастығын қамтамасыз ету дегеніміз – кез келген уақытта базадағы мәліметтердің қатесіз, дұрыс құрастырылуына бағытталған шаралар жүйесі. Мұндай шаралар жүйесіне мәліметтердің мүмкін мәндері мен олардың арасындағы байланыстарды қадағалауға арналған белгілі бір ережелер жиынынан тұратын мәліметтер тұтастығына қойылатын шектеулер жатады.
Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету дегеніміз өзара байланысқан кестелер үшін мынадай бірнеше түзету шарттарының орындалуы:
-
бағынышты кестеге басты кестедегі байланыстырушы түйінді өріс мәнінің ешбіріне сәйкес келмейтін жазба енгізілмейді;
-
басты кестеде жазбаны, бағынышты кестедегі онымен байланысты жазбалар өшірілмей, жоюға болмайды;
-
байланыстыруды қамтамасыз ететін басты кестедегі түйінді өріс мәндерінің өзгеруі соларға сәйкес бағынышты кестедегі жазбалар мәндерінің де өзгеруін жүзеге асырады.
Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жаңарту режимінде басты кестенің байланысу өрісіндегі мәнді өзгерткенде, бағынышты жазбалардағы соған сәйкес келетін өріс мәндері автоматты түрде өзгертіледі. Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою режимінде басты кестедегі жазбаларды өшіру кезінде барлық деңгейлердегі бағынышты жазбалар каскадты түрде жойылады.
2. Мәліметтер схемасын жасау
МБ схемасын жасау базалар терезесіндегі Сервис/Мәліметтер схемасы командасын орындаудан немесе саймандар тақтасындағы Мәліметтер схемасы батырмасын басудан басталады. Осы сәтте кестелерді мәліметтер схемасына қосу терезесі ашылады. Керекті кестені белгілеп алып, Қосу (Добавить) батырмасын басу керек. (18-сурет)
МБ схемасында екі кесте арасындағы байланысты орнату кезінде басты кестедегі байланыс орнатылатын түйінді өрісті белгілеу қажет. Содан соң тышқанның сол батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды бағынышты кестенің байланысқа сәйкес өрісіне апару керек. Құрамалы түйінді өріс арқылы байланыс орнату кезінде басты кестенің түйініне кіретін барлық өрістерді белгілеп (Ctrl батырмасын басулы күйде ұстап) алып, оларды бағынышты кестедегі байланыс өрістерінің біріне тасымалдау керек. Байланыс орнатылғаннан кейін 19-суретте көрсетілгендей Байланыстар (Связи) терезесі ашылады. Мұнда басты кестенің әрбір түйінді өрісі үшін (Кесте/сұраныс) бағынышты кестедегі соған сәйкес келетін өрісті таңдап алу қажет (Бағынышты кесте/сұраныс).
18 сурет. Мәліметтер схемасын құру кезіндегі кестені қосу
19 сурет. Байланыс параметрлерін анықтау терезесі
Сондай-ақ, біртұтастықты қамтамасыз ететін параметрді орнату қажет. Ол үшін сәйкесінше мынадай жалаушаларды белгілеу керек: «Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету», «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту», «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою». Осы сәтте тек кейбір жалаушаларды ғана белгілеуге де болады. Егер жалаушаның біреуі де белгіленбесе де, байланыс оранатылады, бірақ мәліметтер схемасында ол айқын 1:1 немесе 1:М (1:) түрінде көрсетілмейді.
Егер біріктіру байланысын орнату керек болса, онда байланыстар параметрлерін анықтау терезесінде Біріктіру (Объединение) батырмасын басу керек, соның нәтижесінде «Біріктіру параметрлері» терезесі ашылады (20 сурет). Керекті ауыстырып қосқышты шертіп, біріктіру байланысының қай түрін орнату керек екендігін көрсетеміз.
20 сурет. Біріктіру байланысының параметрлерін орнату терезесі
Үш кестеге – «Авто», «Зауыт», «Авто иесі» кестелеріне арналған мәліметтер схемасы мысал түрінде 21 суретте көрсетілген.
21 сурет. «Авто» базасының мәліметтер схемасы
Мәліметтер схемасымен жұмыс істеу кезінде жанама менюді қолдануға болады. Егер орнатылған байланысты алып тастау (болдырмау) керек болса, тышқанмен сол байланыс сызығын шертіп, оны белгілеп алу керек. Содан кейін тышқанның оң батырмасын басу арқылы жанама менюді шақыруға болады.
Байланысты алып тастау үшін Жою (Удалить) командасын, ал оны өзгерту мақсатында Байланысты өзгерту (Изменить связь) командасын орындау қажет. Егер схемадан кестені алып тастау керек болса, алдымен байланысты жойып, содан кейін жанама менюдегі Кестені жасыру (Скрыть таблицу) командасын орындау қажет. Ал схемаға жаңа кесте енгізу керек болса, тышқанның курсорын схема терезесінің бос аймағына қойып, жанама менюді шақырып, Кесте қосу (Добавить таблицу) командасын орындау керек.
3. Мәліметтер схемасын жасауға арналған жаттығулар
Лабораториялық жұмысты жасау үшін төмендегі жаттығуларды орындау қажет:
1) 2 лабораториялық жұмыста айтылған объектілер үшін 1:1 және 1:М типіндегі байланыстар орнату керек, егер объектілер жеткіліксіз болса, онда тағы бірнеше объектілерді сипаттап қосу қажет;
2) жоғарыда көрсетілген жолдардың біреуін қолдану арқылы мәліметтер схемасын жасау режимі енгізілуі тиіс;
3) схемаға қажетті кестелерді қосу керек;
4) кестелер арасында байланыс орнату қажет;
5) басты және бағынышты кестелердегі мәліметтерді жойғанда/қосқанда мәліметтер біртұтастығын қамтамасыз ету шарттарының қалай жұмыс істейтінін тексеру керек;
6) әр түрлі жолдармен біріктіру байланысын орнату қажет.
Лабораториялық жұмыс 2-4 сағатқа есептелген. Access-тің мүмкіндіктерін зерттеу барысында мәліметтер схемасын жасау үшін жоғарыда айтылған барлық тәсілдерді меңгеру керек.
Кейбір салалардағы объектілер арасындағы байланыстарды қарастырайық. Мысалы «Кітап» базасында 3 объект сипатталуы тиіс:
-
«Кітап» объектісі мынадай өрістерден тұрады: Инвентарлық нөмір, Автордың фамилиясы мен инициалдары, Кітаптың аты, Басылған жылы, Баспа аты, Басылған орны;
-
«Кітапхана кітабы» объектісінде мынадай өрістер болады: Инвентарлық нөмір, Шифр, Кітаптар саны, Бағасы;
-
«Баспа» объектісінің құрамына мынадай өрістер кіреді: Баспа аты, Директордың фамилиясы мен инициалдары, Адресі, Телефоны.
Түйінді өрістер қалыңдатылған қаріппен берілген. «Кітап» және «Кітапхана кітабы» объектілерінің арасында Инвентарлық нөмір жолы арқылы 1:1 байланысы орнатылуы мүмкін. Ал «Баспа» және «Кітап» объектілерінің арасында болатын 1:М байланысы Баспа аты өрісі арқылы орнатылуы мүмкін.
«Телефонмен сөйлесу» саласы мынадай 3 объект арқылы сипатталады:
-
«Телефон» объектісінің құрамына мынадай өрістер кіреді: Телефон нөмірі, Иесінің фамилиясы мен инициалдары, Адресі, Аппарат маркасы, Аппараттың құны;
-
«Тапсырыс» объектісінде келесі өрістер түрлері бар: Тапсырыс коды, Телефон нөмірі, Тапсырыс мерзімі, Минуттар саны, Қаланың коды;
-
«Сөйлесудің бір минуты» объектісінде мынадай өрістер бар: Қаланың коды, Қала, Мемлекет, Бір минут құны.
Түйінді өрістер қалыңдатылған қаріппен берілген. 1:М байланысы Телефонның нөмірі өрісі арқылы «Телефон» және «Тапсырыс» объектілері арасында орнатылуы мүмкін. Соған қоса, 1: М байланысы «Сөйлесу минуты» және «Тапсырыс» объектілері арасында Қаланың коды өрісі арқылы орнатылуы мүмкін.
«Мектеп» саласы 2 объектінің сипатталуы арқылы беріледі:
-
«Оқушы» объектісі Оқушы коды, Оқушының фамилиясы мен инициалдары, Туылған мерзімі, Адресі, Сынып нөмірі өрістерінен тұрады;
-
«Сынып» объектісі мынадай өрістерден тұрады: Сынып нөмірі, Оқушылар саны, Аудитория, Старостаның фамилиясы мен инициалы, Сынып жетекшісінің фамилиясы мен инициалы.
Түйінді өрістер қалыңдатылған қаріппен берілген. 1: М байланысы «Сынып» және «Оқушы» объектілерінің арасында Сынып нөмірі өрісі арқылы орнатылуы мүмкін.
Берілген аймақтардағы объектілер арасындағы байланысты анықтау кезінде, объектілердің шын мәнінде бар байланыстарын олардың ақпараттық сипттамасына ауыстыру керек. Әрбір байланыс объект сипаттамасында бар нақты өрістер арқылы және өздерінің типтерінің сәйкестігі бойынша орнатылады.
1 жаттығу
-
Қарастырылып отырған пәндік аймақтағы объектілердің арасында қандай байланыс бар екенін анықтау (бұрынғы лабораториялық жұмыстардан).
-
Мәліметтер схемасына қандай кестені енгізу керектігін анықтау.
-
Менюдегі Сервис/Мәліметтер схемасы (Сервис/Схема данных) командасы арқылы мәліметтер схемасын жасау режиміне кіру.
-
3.1-пунктте анықталған байланыстарды жасау.
-
Байланыс параметріне қажетті тағайындаулар орнату.
-
Мәліметтер схемасын сақтау.
2 жаттығу
-
1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
-
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыс параметрлері терезесіндегі «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын белгілеу.
-
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
-
Бағынышты кестедегі біртұтастық шектеулерді бұзатын мүмкіндік туғызу, мысалы, байланыс өрісіне басты кестеде жоқ мәнді енгізу.
-
Достарыңызбен бөлісу: |