Кафедра меңгерушісі: с.ғ. к., доцент Бердібаев Р. Ш



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата08.11.2022
өлшемі2.43 Mb.
#464303
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
ДЖ-Бұлттық сервистер

4.1.1 Микроклимат
СанПиН 2.2.4.548-96 [19] қосымшасының 1-пунктіне сәйкес I санатына 
жатады, яғни 120 ккал / сағ энергиясынан артық емес шығын қарқындылығымен 
жұмыс жасайды. 
Қоғамдық ғимараттарды жылыту және желдету кезінде микроклимат 
параметрлерін қамтамасыз ету үшін ҚР ҚНжЕ 4.02-42 [20] талаптарына және 
осы бөлімнің талаптарын ескере отырып жасаланады. Оңтайлы микроклимат 
шарттары адамның жылу және функционалдық күйіне байланысты белгіленеді 
және терморегулятор тетіктерінің минималды кернеулері бар жұмыс күнінің 
ішінде жоғары тиімділікке қолайлы жағдай туғызады. Осы санаттағы жұмыс 
үшін жұмыс орнындағы микроклимат көрсеткіштерінің оңтайлы мәндері 4.1-
кестеде көрсетілген. Ғимараттағы суық кезеңіндегі ауа температурасы 22-23°C, 
ал жылы кезеңдегі температура 24°C. Беттердегі ауа температурасы суық кезеңде 
23°C, жылы кезеңде 24°C-та болады. Ауаның ылғалдылығы мен ауа 
қозғалысының жылдамдығы 4.1 кестеде берілген микроклимат көрсеткішіне 
сәйкес келеді, яғни 55%-ды және 0,1 м/с құрайды. Ғимарат көрсеткіштері ҚР 
ҚНжЕ 4.02-42-2003 [20] талаптарына сәйкес келеді. 
4.1 кесте – Оңтайлы микроклимат көрсеткіштері 
Жыл 
кезеңі 
Ауа 
температурасы
, °C
Беттердің
температурасы°

Салыстырмал
ы
ауаның
ылғалдылығы, 

Ауа 
қозғалысы 
жылдамдығы 
м/с 
Суық 
22-24 
21-25 
60-40 
0,1 
Жылы 
23-25 
22-26 
60-40 
0,1 
4.1.2 Жарықтандыру жүйесі 
Жарық беретін қондырғылардың жобалауы ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 [21] 
нұсқаудағы қабылданған жалпы қағидаларға бағынады.
Жобаның жарық техника бөлімінде жарық сапасының көрсеткішін және 
жарықтандыру мағынасын, жүйесін, түрін және жарық әдістерін, жарық 
көздерімен жарық аспаптарын таңдауы орындалады.
Жарық аспаптарының түрі, қуаты және орналасуы жарық техникалық 
есептің нәтижесі бойынша таңдап алынады.
Жобалаудың тәжірибесінде жарық беретін қондырғылардың бірнеше 
сипаттамасының өзгешелігі (әртүрлі жарық жүйесі, әртүрлі шамдар мен жарық 
көздерінің типтері, шамдарды орнатудың әртүрлі биіктігі) арқылы ерекшеленеді. 
Адамдардың қызмет етуіне жеткілікті табиғи және жасанды жарықтандыру 
атқарылатын жұмыстардың жоғары сапалылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз 
етеді, еңбек жағдайларын жақсартып өнімділігін арттырады, салдарынан, жұмыс 


56 
жасаушылардың психологиялық күйіне әсер етеді. Жұмыс орнындағы жарықтың 
жеткіліксіздігі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді, шаршап-шалдығу 
ұлғаяды, еңбек өнімділігі төмендейді, жарақат алу жиілеп, ауырлығы көбейеді. 
Жұмыс орындарын жарықтандыру сапасы көру жағдайы мен бағаланады да 
мына жағдайлармен сипатталады:
‒ үнемі жарықтандырылумен;
‒ кереғарлықтың болмауы;
‒ бетті және қоршаған кеңістікті жарықтандырудың жеткілікті және 
біркелкі таралған жарықтыктың болуы;
көзді шағылдырмау
‒ жарық түсетін беттерде айқын және терең көлеңкелердің болмауы. 
Жасанды жарықтандыру үшін энергия үнемдейтін жарық көздерін 
пайдаланады. Тең қуаттылық кезінде, ұзақ мерзім қызмет атқаратын және ең көп 
жарық беретін жарық көздеріне жол беріледі. Жалпы қолданыстағы 100Вт және 
одан жоғары қуатты қызу лампаларын жарықтандыруға пайдалануға тыйым 
салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет