Кафедра меңгерушісі: с.ғ. к., доцент Бердібаев Р. Ш



Pdf көрінісі
бет35/36
Дата08.11.2022
өлшемі2.43 Mb.
#464303
түріДиплом
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ДЖ-Бұлттық сервистер

Қорытынды 
Дипломдық жұмыста бұлтты сервистер даму бағыты мен жұмыс істеу 
сипаттамаларына салыстырмалы талдау жасалынды және қауіпсіздік 
сұрақтары талқыланды. Осыған негізделе отандық IaaS сервистерінің 
салыстырмалы сипаттамасы жүргізілді. Салыстыру кезінде отандық бұлтты 
нарық даму барысында екендігін анықталды және отандық қызмет берушілер 
бұлтты қызметтерге деген сұраныстың тек 27% - ын ғана қанағаттандырады.
Осымен қатар қәзіргі уақытта отандық нарықта «Қазақтелеком» 
провайдерінің үлесі 50%-дан артық екендігі белгілі болды. Дегенімен 
отандық нарықтың даму мүмкіндіктері өте зор, себебі, 5G, IoT, Big Data, VR, 
AI және Smart City секілді қызметтерді енгізу үстінде. Қауіпсіздік жағынан 
Қазақстанда бұлтты сервистер даму үстінде және ірі провайдерлерде жоғары 
деңгейде ұйымдастырылған. 
Бұлттық технологиялардың танымалдығының артуына байланысты 
зиянкестер ұйымдардың бұлттық инфрақұрылымына енудің түрлі тәсілдерін 
белсенді әзірлейді және қолданады, сондықтан желілік қауіпсіздікке 
үйреншікті тәсілдер белгіленген талаптарды қанағаттандырмайды. Бұлтты 
құру ерекшеліктеріне назар аудара отырып (Интернет желісінен қол 
жетімділік, бөлінген байланыс арналарын пайдаланудың мүмкін еместігі, 
белгілі бір жағдайларда — трафикті шифрлаудың мүмкін еместігі және 
сонымен қатар қатынау нүктелерінің көп саны), оны қорғауға мұқият қарау 
қажет. 
Бұлттық қызметтерді бүкіл әлем бойынша 90%-дан астам жүйелер 
пайдаланады. Бұлттар ақпараттық технологияларға ұзақ уақытқа келді. 
Жалпы әлемдік бұлтты технологиялар даму бағыты белгіленіп өзекті мәселе 
қауіпсіздік болып тұр. Ал, негізгі қорғау жүйелерінің құрылуы бұлт және 
құрылғыларда болуы тиіс себебі, бұл бізге жылдам түрде бұлттың дамуына 
көмек береді және екі жақты қауіпсіздікті әлдеқайда арттырады. 
Осы өзгерістердің табысты болуы үшін қауіпсіздік мәселелері кедергі 
емес, тек қауіпсіз бұлтты технологияларға ауысуға себеп болуы тиіс. Бұлтқа 
арналған құрылғылардан барлық жол бойы қорғауды қамтамасыз ету бұлт 
ортасын қорғау оларды қалыптастыру кезеңінен немесе жұмыс жүктемелерін 
автоматты түрде өрістету процесінде қорғау құралдарын орнату арқылы 
немесе жаңа бұлт қосымшасына бірінші рет қол жеткізу кезінде 
мәліметтердің жоғалуын болдырмау саясатын пайдалану арқылы қамтамасыз 
етілетінін білдіреді. 


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет