Кафедра Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология оқу кафедрасы (кафедра атауы) 5B070100 Биотехнология


Технохимиялық және санитарлық бақылауды ұйымдастыру



бет11/12
Дата29.04.2024
өлшемі1.17 Mb.
#500071
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мадина отчет ондирис практика 2022

Технохимиялық және санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Кәсіпорынның территориясы нақты бөліктерге бөлінеді: негізгі бөлік сүт өнімдерін шығаратын өндіріс цехы, 7 қойма: соның ішінде, дайын өнімге арналған (сүзбеге) қоймалар, шаруашылық заттарға арналған қоймалар, құрал-жабдықтарға арналған қоймаларға бөлінсе, дайын өнімдерді тасымалдауға арналған 5 көлік тұрақтары, бас кеңседен, жылу беру қазандығы орналасқан және күзет бөлімшесінен тұрады. Кәсіпорын ауласы көліктерге арналған түзу немесе сақина тәріздес. Өндірістік цехтар құрылыстық-тұрмыстық ғимараттардан бөлек орналасқан. Өндірістік цехтардың бір-бірінен алшақтығы технологиялық процестің, коммуникацияның үздіксіздігін қамтасыз етуі қадағаланып, яғни шикізат пен дайын өнімнің келуіне неғұрлым қысқа жол табуға көзделген. Тағам өнімдерін салу үшін арнайы поддондар, стеллаждар, контейнерлер бар. Ашытқы дайындайтын бөлімшелер негізгі цехтармен бір корпуста орнатылып, қосымша цехтан алыста әрі ашытқыны тұтынушы цехтарға максималды жақын орналасқан. Ашытқы дайындайтын бөлме көпшілік өтетін орынға айналмаған, өзі жеке орналасқан. Төбелерді ағарту қажетті мөлшерде орындалған. Көк пайда болған жағдайда төбе мен ұштары фуницидтік препарат қосылған краскалармен боялуы тиіс. Тұрмыстық бөлімшелер тұрған құрылыстырдан бөлек орнатылуы мүмкін. Өндірістік цех жұмысшыларына арналаған тұрмыстық бөлімшелер санпропускниктер типінде жабдықталуы керек. Кіре берісінде әр кезек сайын дезинфекцилық ерітіндіде малынатын көрпеше тұруы керек. Қазіргі кезде, бүкіләлемдік пандемияға байланысты санитарлық талаптар тіпті күшейтілген. Әрбір жұмыскердің санитарлық тазалығы мен денсаулығы басты назарда. Осы жоғарыда санамаланып өтілген барлық заңдылықтар «Айша» сүт цехында есепке алынып, қатаң түрдегі тәртіп сақталынған. Мұнда міндетті түрде әрбір кәсіпорын қызметкерлері мен жұмыскерлері тазалық сақтай отырып, әрбір цехтың кіре беріс қабырғасында жазылған орындалуға міндетті жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтап, қолдарын гипохлориттің 0,5% дезинфекциялаушы ерітіндісімен жуады.
Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.
Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:
1. Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.
2. Тамақтың жетіспеуі /санитарлық мөлшерде/.
3. Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі /шындықтың жетіспеуі / т.б.
Ғылыми техникалық прогрестің /жетістіктің/ әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:
1. Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне /аз/ бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.
2. Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.
3. Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.
Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.
Осы қиындықтардан шығу жолдары:
1. Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.
2. Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру /денені шынықтыру, білім жетілдіру/.
3. Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі
керек.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Қолайлы (комфортный)
2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
- жылы арнайы киімдерді пайдалану;
- жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
- орталықтандырылған
- немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
- жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
- жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
- желдің қысымы арқылы;
- сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
- желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.
1. Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру
в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).
г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)
д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.
е) Сусын беруді ұйымдастыру
ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.
Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет