Кәсіпорынмен танысу.Қауіпсіздік ережелермен танысу
«Айша» 2005 жылы жумыс штаты не бары 10-12 кісідей болып ашылған еді. 2010 жылы шаруашылық қожалығының негізінде мал санын көбейту бағытында жұмыс атқарды. 2010 жылы шаруашылық қожалығы сүтті-тауар фермасын ашты, және Бесқарағай ауданында Стеклянка аулыныда сүтті өндеу цехын ашты. Ал 2011 жылы бұл шаруашылық өзіне қосымша Ресей Федерациясынан 111 «Красной степной» асыл тұқымды сиырларын сатып алды. Сондағы сатып алу мақсаты сүтті өндеу көлемін көбейту болды. Бұл шаруашылықтың өнімдері – өз қожалығының сиырларынан алынған таза табиғи сүттен жасалған өнімдер. Қазіргі кезде шығарылатын өнім ассортименті:
- Сыйымдылығы 1 л, майлылығы 2,5 және 3,2 % сүт;
- Майлылығы 2,5% айран;
- Сыйымдылығы 0,5 л, майлылығы 2,5% «Ряженка»;
- Сыйымдылығы 0,5л, майлылығы 2,5% «Снежок»;
- Майлылығы 30% «Айский» сыры;
- Майлылығы 15%, 20%, 25%, қаймақ;
- Майлылығы 5%, 9%, 18% сүзбе;
Бұл шаруа қожалығының басты мақсаты болып - Семей қаласын және оған қарасты барлық аудандарын сапалы да, дәмді сүтпен және сүт өнімдерімен өнімдермен қамтамасыз ету. Біз өз өнімдерімізді 40 шақты ұйымдарға таратады. Бұл шаруа қожалығының басты мақсаты:
Бұл жоғары сапалы өнімдері шығару және өнім өндіру көлемін ұлғайту. Шаруа қожалығының өнімі «Айша сүті»маркасымен жоғары сұранысқа ие. Қазіргі кезде «Айша» шаруашылық қожалығындағы жұмысшылар саны 40 адамды құрайды.
Кәсіпорынның тарихы мен жетістіктері
"Айша" шаруа қожалығының тарихы 2005 жылдан бастауалады.Семей қаласындағы сүт өңдеу цехы 2011 жылы бой көтерсе,2019 жылы шаруа қожалығы шұжық өндіретін цех ашты.Дәл сол 2019 жылы 200 бас ірі қара малға арналған жаңа мал шауашылығы алаңын салды.Ал 2018 жылы "Қалиқанұлы" ШҚ КЗС-812 (ESSIL-740) астық жинау комбайнын сатып алды.2018 ж. қазан айында "Каликанулы" ШҚ "Қазақстан Халық Банкіне" жылдық 6%-бен 60 айға "ДамуӨндіріс"бағдарламасының 1-траншы аясында 81 млн теңге сомасына жаңартылмайтын несие желісі ашылды. Осы несие қаражатына шаруашылық "Агро Апэкс" - пен жасалған келісім-шарт бойынша 16 орындық "Елочка"сауу залын сатып алды. "Каликанулы" екінші деңгейлі банктерде жеңілдетілген несиелерді пайдаланады, мемлекеттік көмектің арқасында мөлшерлемелер 6% - ға дейін төмендейді.Компания мемлекеттік субсидия алушы болып табылады.2020 жылы шаруа қожалығындағы сауын сиырлар саны 600 болса, қазіргі таңда 1000нан асады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың ұсынысы бойынша "Каликанулы"ШҚ Бесқарағай,Бородулиха,Көкпекті аудандарында және Семей қаласының маңындағы ауылдарда жергілікті тұрғындардан сүт дайындауды ұйымдастырды. Шаруа қожалығының жеткен жетістіктері мен мақтау қағаздары да аз емес:
*2011-2012 жылдары-"Каликанулы" шаруа қожалығына Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтан "Қазақстанның үздік тауары-2011", "Қазақстанның үздік тауары – 2012" өңірлік көрме-байқауларға қатысқаны үшін дипломдар табысталды;
*2015 ж.-Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мал шаруашылығы кешенін дамытуда қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін "Алғыс хат" грамотасын тапсырды»; *2016 ж. 1 желтоқсанда шаруа қожалығының басшысы Марат Каликов "Қазақстан Республикасының игілігі үшін жоғары кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегі үшін" дипломымен және "Үздік адамдар "энциклопедиясының батыры" құрмет белгісімен марапатталды»;
*2016 ж. 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы негізінде "Каликанұлы" шаруа қожалығының басшысы Марат Каликов 16.06.2021 17.06.2021 ұйымдастырушылық жұмысы және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды»;
*2017 ж. - Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін мақтау қағазымен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |