Бақылау сұрақтары:
Компьютерлік технология дегеніміз не?
Компьютердің адамға әсер етуі
3. Бейнетерминал (БТ) және дербес электронды-есептеуіш машинамен (ДЭЕМ) жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
4. Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
5. Электромагниттік сәулеленуден қорғану
6. Компьютерлік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Өндірістегі еңбек күзетінің ұйым қызметі.
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз
Ұйымдағы кəсіпорынның еңбек күзетінің қызмет тəртібі;
Кəсіпорында еңбектің күзетінің күйіне жауапкершілік;
Еңбек күзетінің қызмет мақсаттары;
Еңбектің күзетінің жұмыскерінің құқық қызметі;
Кəсіпорында еңбек күзетінің күйінің мониторингі.
14-СОӨЖ тақырыбы: Еңбек күзетінің тексеріс ұйымы.
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
14-СӨЖ тапсырмалары: Еңбек күзетінің шұғыл тексеріс жағдайы
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]
ОН БЕСІНШІ АПТА
№ 15 дəріс
Тақырып: Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
Дәріс мазмұны:
1. Жұмыс орындарын еңбек шарттары бойынша аттестаттау жүргізу ережелері
2. Аттестаттау мақсаттары мен міндеттері
3. Аттестацияға дайындық және оны өткізу тәртібі
4. Еңбек шарттарын жиынтық бағалау
5. Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
1. Жұмыс орындарын еңбек шарттары бойынша аттестаттау жүргізу ережелері
Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет.
Жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта және еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объекті-лерге аттестаттау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жұмыс беруші жүргізеді.
Жұмыс берушінің өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға арналған жеке зертханасы болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар тартылады немесе жеке зертханалардың қызметі пайдаланылады.
Өндірістік объектілерді аттестаттау:
1) ұйымның өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды: еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды; жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды; қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |