Бақылау сұрақтары:
Обьектілерде жобалау және тұрғызу кезінде жарылыс пен өрттен болатын зиянды төмендету мақсатында қандай шараларды жүргізеді
Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөлмелері отқа төзімділік дәрежелері
Өртті сөндіру тәсілдері
Жануды тоқтатушы заттар немесе материалдар
Отсөндіргіштердің жіктелімі
Сыртқы өрт сөндіру су құбыртүтіктерінің арын жасау тәсілдері
Сыртқы өртті сөндіруге қажетті су қоры
Автоматты өрт дабылын бергіштердің жіктелімі
№13 практикалық сабақтың тақырыбы: Зардап шегушілерге колайсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз
Қолайсыз уақиғалардың таралмауына медицина-санитарлы іс-шаралар жүргізілуі;
Зардап шагушілерге қолайсыз жағдайда алғашқы медициналық көмек жəне алдын ала дəрігерлік көмек реті көрсетілуі.
13-СОӨЖ тақырыбы: Уақиға орындағы күйудің алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі.
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
13-СӨЖ тапсырмалары: Жарақат шок жəне оны алдын алу
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]
ОН ТӨРТІНШІ АПТА
№ 14 дəріс
Тақырып: Есептеуіш техникамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Дәріс мазмұны:
1. Компьютердің адамға әсер етуі
2. Бейнетерминал (БТ) және дербес электронды-есептеуіш машинамен (ДЭЕМ) жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
3. Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4. Электромагниттік сәулеленуден қорғану
5. Компьютерлік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1. Компьютердің адамға әсер етуі
Компьютерлік технология – адамзаттың прогрессивті жетістігі, алайда адамдар денсаулығына теріс ықпалы бар. Қазіргі таңда адамға компьютерді пайдаланудан және басқа да компьютерлік техника жұмысының зиянын төмендету мәселесі тұр.
Компьютерден шаршаған адамның сырттай іс әрекеттері ішімдік ішкендей болады. Жүрісі өзгереді, анық сөйлемейді. Адам жұмыс процесінде оны байқа-май, компьютер алдында бірнеше сағат отыруы мүмкін.
БТ және ДЭЕМ кәсіби қолданушылардың денсаулығында байқалатын өзгерістер жиынтығы мыналарды құрайды: қозғалыс аппараты, көру мүшелері, орталық жүйке жүйесі және қан-тамыр жүйесі, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолы аурулары, аллергиялық тітіркенулер, жүкті адамның бала көтеру уақытын ауырлатады, нәрестенің дамып жетілуіне теріс әсер етеді.
БТ және ДЭЕМ-мен жұмыс кезінде операторлардың көру мүшелерінің бұзылуының негізгі себептері мыналар:
-анықтықтың жеткіліксіздігі және бейненің контрастылығы;
-объектілердің әртүрлі қашықтықта болуы;
-ақпарат тқұрылымының қауырттығы;
-көздің қайта-қайта бейімделуі;
-жарықталғандықтың әрқилылығы;
-тұрақты жарық жылтылдау.
Дербес компьютерлердің жұмысы ауаның аэроиондық құрамының наша-рлауына алып келеді (жеңіл аэроиондардың саны азаяды, ауыр аэроиондардың саны көбейеді). Жұмыс күнінің басталуынан екі сағаттан кейінгі бастың ауы-руы бәрінен жиірек жеңіл аэроиондардың жетіспеушілігінің салдарынан бола-ды. Компьютерлері бар тексерілген бөлмелердің, үй-жайлардың 95%-дан аста-мында жеңіл аэроиондардың жетіспеушілігі бар. Бөлмелердегі, үйжайлар-дағы ауаның аэроиондық құрамын жақсартудың арнайы шараларынан басқа және де қарапайым шешімдер бар: таза ауа, көп ылғалдылық, кактус тікенектері, пас-сивтік ионизатор сияқты жұмыс істей алады.
Компьютерде жұмыс істеген кезде адам активті көрулік жүктелуде болады: ол мәтінді оқиды, әр уақытта да жұмылдырылған нақтылы деректерді салыстырып (есептеп), символдарды, белгілерді салыстырып оқиды, өйткені ол өзінің жұмысы оларға тәуелді болатын шешімдер қабылдайды. Компьютермен отырған адамның көздері жұмыс күні ішінде 15-20 мың рет қайта-қайта өзгеріп жаңарып (фокустеніп) отыруға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |