Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет68/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Еңбек шарттарын жиынтық бағалау
Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесінен;
2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесінен;
3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.
Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі:
1) өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған;
2) жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған;
3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын және аттестаттау нәтижесін қоса отырып, өндірістік объектіні аттестациялау актісімен ресімдейді.
Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.
Жоспар жобасында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет