Каменка ауылдық округі әкімінің 2013 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі



жүктеу 50.06 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі50.06 Kb.
Каменка ауылдық округі әкімінің

2013 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті Каменка ауылдық округінің тұрғындары, шақырылғандар!

Округ әкімінің есептік кездесуін тұрғындарға ашуға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Тұрғылықты орындарда қызметін атқарушы басқарушыларының тұрғындарға есеп беруі туралы» Ұлан ауданында жыл сайын әкімдерге бекітілген жерлерде есептік кездесулер өтіп тұрады. Бұл жұмыс тұрғындардың мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық және саясаттық реформаларының жүргізуі туралы ақпараттандырылуының дамуы үшін бағытталған, сонымен қатар, БІЗ, Каменка ауылдық округінің тұрғындары мемлекеттің экономикалық дамуына өз үлесіміздің бір бөлігін қосып отырмыз.

Округ тұрғындарымен кездесуде: облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі

А.И. Лысенко, Ұлан ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы

Е.С. Рахимбаев қатысуда.

Қазіргі уақытта Каменка ауылдық округінде 1155 адам тұруда, соның ішінде 165 – зейнеткер, 128 – оқушы, мектепке дейінгі жаста – 38, мұғалім саны – 39, мектеп тех. қызметкері – 31, 47 – студент, 18 – жеке кәсіпкер, өзін өзі қамтамасыз етушілер – 178, шаруа қожалық жұмысшылары – 285 адам.

Каменка ауылдық округінің басты бағыты шаруа қожалығын дамыту болып табылады, округте 1 ЖШС және 62 шаруа қожалығы жұмыс жасауда, осы шаруа қожалықтарымен егілген және алынған 2013 жылы 9786,9 – га бидай, арпа – 1025,5 күнбағыс 3750,5 га, 6 га картоп. Биылғы жылы өнімділікті 1 га 10-15 центнер алу жоспарлануда.

Егістік дақылдарын өнімін арттыру және бағасын төмендету үшін жаңа техникалар алынуда: трактор, комбайн, культиватор, күнбағыс жинауға арналған техника және т.б.

Сонымен қатар асыл тұқымды дақылдар алынуда, жартылай азотты – фосфорлық локальдық тыңайтқыштар енгізілуде. Қоқыстанған егістік алқаптарын арамшөптерден тазарту мақсатында гербицидтармен өңделуде.

Шаруа қожалықтарының алдында 2013 жылы егістік өсіруде жаңа ылғал ұстап тұрушы техналогияға біртіндеп көшу тапсырмасы қойылған. Тапсырманы орындауда мемлекеттен субсидия бөлінуде.

Округ бойынша өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы, жеке шаруашылық, шаруа қожалықтары дамуда. Округте мал өсіру көп салалы болып келеді. Осы ретте «Қайрат» шаруа қожалығында сүтті мал шаруашылығының дамуымен қатар, «асыл тұқымды сүтті табын» атты статусты иеленді. 1 қарашада 2013 жылы «Қайрат» шаруа қожалығында 400 басқа сүт-тауарлы фермасы ашылу жоспарлануда.

«Құнжыра» шаруа қожалығы «асыл тұқымды етті шаруашылық» бағытында статусты иеленді, сонымен қатар қой мен жылқы шаруашылығы дамуда.

2013 жылдың 1 шілдесіне шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал шаруашылық есепке алу кітабы бойынша:

Ірі қара мал – 3020 бас, жылқы – 983, қой мен ешкі -3926, шошқа -234, құс – 4100.

Округ бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне 1861,8 цент ет былтырғы жылмен салыстырғанда 0,4% артты және сүт 12213 ц былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 % артып, өндіріліп сатылды.

Округте 4 сүт қабылдаушы орын қамтамасыз етілген.

Ірі қара мал өнімін жақсарту үшін «Қайрат» шаруа қожалығында қолдан ұрықтандыру пункті ашылып жұмыс жасауда.

Халықты тамақ өнімдері мен бірінші қажетті тауарлармен қамтамасыз етуде округ аймағында 9 сауда орын жұмыс жасауда, 2 кіші – нан пісіру орны, олар барлық халықты қажетті нан өнімімен толық қамтамасыз етуде.

Округ әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықпен жұмыс жасау болып табылады. Өткен жылы ауызша 107 өтініш қаралды, жазбаша жоқ.

Барлық ауызша түскен өтініштер округ әкімімен уақытында қаралып, шаралар қабылданды.

Әкімшілік бекітілген қалыпты жағдай бойынша жұмыс жасайды. Барлық әлеуметтік төлемақылар түрлерін толтыруда көмек көрсетіледі, зейнетақы мен барлық құжаттар толығымен округ әкімі аппаратының мамандары арқылы аудандық орталыққа Қ. Қайсенов кентіне жеткізіледі.

Әскерге барушылардың құжаттарын толтыруда, медециналық тексеруден өткенде және әскери міндеттілердің құжаттарымен жұмыс жасалады.

Округ бойынша әскери міндеттілер 134, әскерге барушылар қатарында -39,

2- әскерде.

Жыл сайын жалғыз басты зейнеткерлерге құжаттарын толтырумен бір жолғы тұрмыстық көмек көрсетіледі.

Жыл бойында округтегі қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасауда- әйелдер және ақсақалдар кеңесі. Осы комиссия мүшелерімен көптеген маңызды мәселелер отырыстарда шешіледі.

Кедейлікті төмендету, тұрғындардың жағдайын жақсарту, азқамтылғандарға әлеуметтік қолдау көрсету және әлеуметтік төмен қатардағыларға қолдау көрсету Қазақстан Республикасының саясатының ең маңызды қойылған тапсырмаларының бірі. «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек » туралы ҚР заңын орындай отырып, комиссия жұмыс жасауда, олар келіп түскен өтініштерді қарастырады және жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды, ал округ мамандарымен құжаттарды толтыруда көмек көрсетіледі.

«Екі айлық тұрғылықты орындарда санитарлық, көгалдандыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу» туралы Ұлан ауданы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында барлық округ тұрғындары қатысты. Асу-булақ орман шаруашылығынан 171 штакетник діңгегімен әкелініп, таратылды. Сонымен қатар Республикалық бюджеттен 900 мың теңге Заречное көшесін жарықтандыруға ақша қаражаттары бөлінді. Қазіргі таңда жұмыс аяқталды. Спонсорлар қаражатынан Садовая көшесін жарықтандыру бойынша діңгегтер қойылып, фонарьлар орнатылды.

Шаруа қожалықтардың ақша қаражатымен Тройницкое ауылында Центральная көшесінде көшені жарықтандыруға 22 фонарь орнатылды жұмыс әлі жалғасуда.

Тройницкое ауылында Тройницкое орта мектебінің оң жақ қабырғасы клубқа жөнделіп, халыққа берілді.
Каменка ауылында ЭМС -240 электрлі автоматтық станциясы 210 абонентке орнатылып жұмыс жасауда, осыдан телефондық байланыс сапасы жақсарды, интернетке шығу жұмыс сапасының мүмкіндігі жақсара түсті. Тройницкое ауылында сымсыз терминал VVL (вэ эл эл) 55 абонентке орнатылды. Жыл басында ауылдық округі және жеке кәсіпкерлер арасында әлеуметтік өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылады. Көмек көрсету іс-шарасының жоба тізімі және қаржысы көрсетіліп, жоспары бекітіледі. «Масалимова» ЖК-23000, «Аубакирова» ЖК-43000, «Алимбаев» ЖК-25000, «Крыкбаев»- 62000, «Каретин» 22 500, «Боромбаева» 26000, және «Жанузаков» -15000 мың теңгеге меморандумға қол қойылды. Ағымдағы жылы мәдени – массалық мерекелер өткізілді, өткізуге шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысты, ерекше атап кететіндер, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламалары және тұрғындардың да қатысуы.

Спорт ойынының түрі ұлттық ойын «Көкпар» ойнаумен басталды, оған Каменка, Тройницкое, Привольное, Пролетарка, Гагарина, және Қанай ауылының спортсмендері қатысты. Барлық командалар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Сонымен қатар волейбол, армреслинг, гир көтеру, арқан тарту ойын түрлері өткізілді. Барлық спорттық ойын түрлері ақшалай және ауылдық округ әкімінің грамоталарымен марапатталды. Мерекеде ақшалай сыйлықтың демеушісі ретінде «Қайрат» шаруа қожалығы қатысты.

8 наурыз мерекесіне зейнеткер әйелдер, тыл жұмыскерлеріне «Голубой огонек» ұйымдастырылып өткізілді.

Жеңіс саябағының құрылысы басталып, салынуда.
2013 жыл жоспарында келесі мерекелер жоспарлануда:


  1. Каменка ауылында бұрынғы совхоз асханасын қайта қалпына келтіру

  2. Жеңіс саябағын салу құрылысын аяқтау.

  3. Бұрынғы Каменка мектеп ғимаратында пима шығару зауытын ашу жоспарлануда

4. Каменка ауылында Заречная көшесінде су құбыры жүйесін жөндеу.

5. «Құнжыра» шаруа қожалық базасында 150 басқа сүтті – тауарлық ферманың ашылуы, сонымен қатар 15 жұмыс орнын ашу.



Округәкімі М.Аменов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет