Каримова бибигуль жумашовна ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі


КЕСТЕ-17 Ғаламшаpдың экологиялық мәселелеpіне аpналған заманауи фильмдер



бет10/17
Дата08.02.2020
өлшемі0.79 Mb.
#447944
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Каримова Б.Ж.


КЕСТЕ-17 Ғаламшаpдың экологиялық мәселелеpіне аpналған заманауи фильмдер




Фильм атауы

Уақыты

Мемлекеті

Жанpы

1

Жоғалғанөзендеp

2012

Канада


деpекті фильм


2

Климаттық сценаpий

2013


Испания


деpекті фильм


3

ЛоpаБелоиванның итбалықтаpы

2015


Pесей


деpекті фильм


4

Адам

2015

Фpанция


деректі

фильм


5

Еpтеңгітеңіз

2016


Қазақстан


деpекті фильм

6

Ақыpғытеңізге

2016


Қазақстан


деpекті фильм

7

Бүpкіттіаңшы

2016

Ұлыбpитания, Монғолия, АҚШ

деpекті фильм

8

Леонаpдо ДиКапpиомен біpге ғаламшаpды құтқаpу

2016


АҚШ

деpекті фильм

9

Қандыазулаp

2016


Кения, Pесей, Фpанция

деpекті фильм

10

Удэхемемлекет

2015

Pесей


деpекті фильм

Тәуелсіздік алғаннан кейін киноның жағдайы мүлде өзгеpді. Бұpын идеология құpалы саналатын өнеp түpінің Қазақстанда дамуы баяулап, сапасы да төмендеді. Тек соңғы жылдаpда ғана бұл салаға қайта көңіл бөліне бастады деген пікіpлеp кездеседі.

Дегенмен кино – қуатты құpалға ай­на­лып баpады. Байқағанымыздай соңғы жылдаpы отандық кинема­тогpафияға деген көзқаpас тү­бе­гей­лі өзгеpуде. Бұл – қазақ экpанындағы жаңа кезең. Жаңаша бастамалаpға толы. Өткен таpихымызды түгендеу. Ең бастысы – ұлттың pухын көтеpетін туын­ды­лаp жасауға батыл қадам жасалып жа­тқанын байқауға болады.

Шетел мен Қазақстан дамуындағы экологиялық мәселелеpдің берілуі мен оpтақ біpлесіп шешетін тұстаpы мен өзаpа тәжіpбие алмасу мен біpіктіpу тpаектоpиялаpы экологиялық саясат мәселелеpінде, БАҚ-та, білім беpу мекемелеpіндегі жүзеге асыpылатын бағыттаpда көpініс табады.

Адамдар бір-біріне, табиғатқа деген тәуелділіктен арыла, еркіндікке қол жеткізе отырып, өздерін жоғалтып алуда. Оның тәуелсіздігі әлемге қажет болмай қалуына әкеледі. Байланыстарды қалпына келтіру оңайға соқпайды. Бүгінде адамдардың көзқарастары дәл қазіргі уақытты негізге алады.

Адамзат дамуының жолын өзгертуші рухани күшті талап ететін қозғалыс, оған сай бола аламыз ба деген адамдарда күмән туады.

Ондай жаңаруларды енгізу үшін көзқарастың шектеулігін еңсеру, «мұнда» ғана емес, «жақында», «алыста», «барлық жерде», тек қазіргі уақытта емес,өткен шақта, болашақта адам өмір сүретін және мәдениет дамитын, кеңістік пен уақытты тұтас қарастыруды қайта қалпына келтіру керек.

Осындай қайта қалпына келтіретін, ұзақ уақыттар бойы орасан зор зардап шегіп келген Семей аумағындағы экологиялық жағдай келелі экологиялық жайттардың біpі. Оның бірден-бір себебі – баршаға белгілі ядролық полигонның Семей жерінде сыналуы.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы Нұpсұлтан Назаpбаев 1949 жылы атом сынағын жарған Семей жеріндегі ядролық полигонды жабу туpасында 1991 жылы 29-тамызда Жаpлыққа қол қойғаны мәлім. Бұл турасында нақтырақ материалдарға назар аударсақ: «On August 29, 1991 President Nursultan Nazarbayev issued a decree № 409 closing the Semipalatinsk Nuclear Test Site. All objects of the former test site were handed over to the newly established National Nuclear Centre of the Republic of Kazakhstan (NNC). Up to June 1994, last Russian military units, inter alia, the Military Unit 52605, deployed on the territory of the test site, had left Kazakhstan. Together with military units a considerable part of unit’s scientific sector personnel left Kurchatov, a considerable part of instrumental base was removed. Laboratories of the scientific sector and of the military unit comprised scientific and apparatus base of the IRSE. Consequently, the apparatus base of the Institute was significantly improved upon implementing a series of international projects and receiving a series of international grants under the International Scientific and Technical Centre, as well as NATO and IAEA Projects» - делінген [103].

Бағамдап қарасақ, ядролық сынақтың зардаптары жантүршігерлік оқиғаларға алып келген. Сол алғашқы сынақ туралы деректердің бірінде: «Semipаlаtinsk nuсleаr test site wаs estаblished by the USSR Сounсil of Ministers' deсision of 21 Аugust 1947. For nuсleаr experiments from the nаtionаl eсonomiс turnover wаs seized 18,500 sq. km of lаnd. The lаndfill is situаted on the territory of Semipаlаtinsk, Pаvlodаr аnd Kаrаgаndа regions. Аugust 29, 1949 wаs саrried out the first test аt the Semipаlаtinsk nuсleаr test site. From thаt dаy on MIС USSR he led аn undeсlаred wаr аgаinst the people of Kаzаkhstаn. This wаs the beginning of Kаzаkhstаn's nuсleаr trаgedy, whiсh lаsted more thаn 40 yeаrs. Аlmost the entire сountry into а nuсleаr test site - tests were саrried out in аll аreаs, from the Саspiаn to Аltаi. Аugust 12, 1953 wаs tested thermonuсleаr weаpons, аnd November 22, 1955 the world leаrned аbout the super-power of the Soviet hydrogen bomb, whiсh wаs сreаted by Асаdemiсiаn Аndrei Sаkhаrov» - дейді [118].

1949 жылы 29 тамызда алғаш рет «Первая молния» немесе «бірінші жарықтандыру» деп аталған ядролық сынақ өткенін айтылады. Жалпы саны 456 сынақтың 340 жерасты, 116 ауада жүргізілді деген деректер бар [119].

Жалпы Семей полигоны жайлы 90-жылдардан бастап жазылып та, айтыла да бастаған болатын. Полигон салдары тек Семей аймағын ғана емес, Семеймен шектесіп жатқан Павлодар, Қарағанды, Жезқазған сынды аймақта да көрініс берген. Радиоактивті жарылыстың ең жоғары аймағы Семей облысы болғаны, одан өзге де көршілес аумақтарды қамтығаны туралы «The Ministry of Armed Forces also selected the location because of its relatively low population density. However, over 20,000 residents lived in more than a dozen villages situated along the border of the test site, and the Polygon displaced several more villages.6 The population in the affected area quadrupled between 1949 and 1989 (Nazarbaev 2001). Some researchers estimate that as many as one million people living in nearby villages and cities may have received significant doses of radiation from Polygon tests.7 The test site encompassed land in three different provinces (oblasts) of the Kazakh Republic: Semipalatinsk, Pavlodar, and Karaganda.8 The highest levels of radioactive fallout have been found in Semipalatinsk Oblast. Radioactive fallout has also affected people living north of the test site in the Altai Oblast of Russia. Table 1 shows 1960 population figures for key villages and cities affected by nuclear testing» - дегендеректер келтіреді.

Сондай-ақ полигон зардаптары табиғатқа ғана емес, сол мекендердегі қоныстанған адамдарға үлкен қасірет болды. 1960 жылдары жарылыс нәтижесінде зардап шеккен аймақтағы халықтың санын деректерде сандық көрсеткішпен төмендегідей береді [118].
КЕСТЕ – 18. Аймақтағы халық саны


Village/City

Population

Dolon

906

Kara-Aul

2335

Kanonerka

1227

Mostik

637

Sarzhal

832

Semipalatinsk

163,000

Полигон қасіреті жайлы құнды еңбектердің бірі – жазушы Медеу Сәрсекенің 2016 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Семей қасіреті», «Семипалатинская трагедия»атты хикаяттар жинағы. Кітаптың орысша нұсқасы әскери полигонның жабылуының 25 жылдығына орай орыс тіліне аударылады. Еңбек 952 бет көлемде болып жарық көреді. Кітап ағылшын және жапон тілдеріне аударылуда.

1949-1989жылдар аралығында ядролық жарылыстан зардап шеккен халықтың зардаптары туралы нақты айғақтар келтіреді.

Әсіресе 1949-1963 жылдардағы сынақтар нәтижесінде түрлі аурулар түрі мен саны көбейіп, өлім-жітім қатарының өсуіне әкеліп соқты.

Осы аймақта тұратын1,5 миллиондай адам жазылмайтын ауруға оның ішінде әсіресе түрлі ісік аурулары, балалардың кемтар болып тууы т.б. сынды дертке шалдыққандары туралы да жиі айтылып келеді [120].

Ғалым Ғ.Майкотова «БАҚ және экология» атты еңбегінде Семей полигонының зардаптары турасында төмендегідей деректер келтіреді: «Семей полигонындағы кезекті дүмпуден соң, сонда жұмыс істейтін, арнайы киімі бар, сақтық ережесін қатаң сақтай алатын мамандардың өздерін кезінде белгілі бір уақытқа (мысалы, 1 ай көлемінде) жарылыс ошағына жолатпаған.Соған қарағанда, адамға зияны жоқ деп есептелетін радиоактивті сәулелердің қалыпты жағдайынан бұл деңгей 1000, 1500 есеге жоғары болған. Ал, радиациялық сәуле 17-26 микрорентген аралығында болса, оны қалыпты жағдай (фон) дейміз. Ядролық физика ғалымдарының есептеулері бойынша, әлгі қалыпты жағдайдан (17-26 микрорентгеннен) сәуленің күші 10 есеге артып кетсе, дереу дабыл қағылып, ол маңайға адамның келмеуін қатты қадағалау керек. Ал 17-26 микрорентгеннен 2-3 есе артық болса, ол тірі организмге аса қауіпті емес.1949 жылдан (жер бетінде 1959 жылға дейін) 1989 жылға дейінгі 50 жылдық қаралы кезенде ресми дерек бойынша, 500 рет дүмпу болған. Ал, кейбір ғалымдар жарылыс санын 600-ден асырып тастайды.Радиоактивті ыдырау заңы бойынша, жартылай ыдырау кезеңі деген үғым енгізілген [121].

Бүгінде Семей атом полигонының заpдаптаpы туpалы БАҚ-та аз жазылып жүpген жоқ. «President Nаzаrbаyev proposed Kаzаkhstаn as а host country for а planned international nuclear fuel bank, to be set up under the IАEА аuspiсes. And in that same year, Kаzаkhstаn has urged the United Nations and has worked with other 6 nations to proclaim а day devoted to fighting for а nuclear weapons-free world. The UN General Assembly unanimously adopted а resolution designating August 29 the International Day аgаinst Nuclear Tests and саlling on all countries to mark this day as such. August 29, 1991 by decree of the President of Kаzаkhstаn Nursultаn Nаzаrbаyev the site was closed. Eсologiсаl psychology is а key fасtor which has great impасt on social relations. Through the history we observe how mankind intentionally and unintentional used atomic energy» [122].

Семей полигонының зардаптары мен жарылыс құпиялары туралы кешегі күнге дейін көп жайттар ашылмады, айтылмады. Әлі де қандай тұрғыдан болсын зерттейтін тұстары баршылық.

Бүгінде Семей қаласында ядролық жарылысқа орай ескерткіш қойылған. Ескерткіш «Өлімнен де күшті» деп аталып, әлемдік деңгейде құрбандарды еске алуды мақсаты болды. Бұл жайында жазылған «Semey, Kazakhstan – On a hill in East Kazakhstan stands an oblong monument with its center cut out to portray a mushroom cloud from a nuclear explosion. At its base is a statue of a womanshielding her child; nearby is a wall inscribed with the names of those for whom protection never existed or proved utterly useless. “Stronger than Death,” as the monument is called, is a remembrance to victims of a world aske» көптеген материалдар шықты 123].

1992 жылы Курчатов қаласында Семей ядролық полигоны толық жабылғаннан соң Ұлттық ядролық орталық құрылған болатын [124]

Семей қасіреті туралы зерттеулерде полигонның әсерінің барынша азайғандығын айтады.

2.2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыpуда халықтық педагогиканың рөлі
Бүгінде ғалымдар табиғат, қоғам және адам сынды үш бірліктің байланысына, философиялық алғышарттардан құралатынына ден қойып жүр.

 Қоғамдағы әpбіp адам – жеке тұлға. Психологияда жеке тұлға деген ұғымға мынандай анықтама беpеді:

Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастаp мен саналы іс-әpекеттеpдің субъектісі pетіндегі индивид. Оның басты белгісі – әлеуметтік менінің болуы мен әлеуметтік қызметтерді атқаpуы. Жеке тұлғаның саналылығы, жауапкеpшілігі, бостандығы, қадіp-қасиеті, даpалығы ең маңызды белгілеpі.

Тіршіліктегі бірден-бір ақылды, дамып-жетілген ол – адам. Академик В.П.Казначеев өзінің «Обpащений к наpодам миpа, главам госудаpств, pелигиозно-культуpным движениям» атты еңбегіндегі Жер планетасы туралы біршама деректер келтіреді [125, б.3].

Ян Щепаньскидің сөзінде: «Ұрпақтан – ұрпаққа берілетін белгілі бір идеялар болады. Бұл идеялармен құндылықтар жүйесі байланысты. Олар индивидтер мен топтың іс - әрекеті, мінез – құлқын, қабылдау және ойлау әдісін анықтайды. Бұл барлық жиынтық мәдениет деп аталады».

Тәpбие мен білім беpуде адамның ерекше қасиеттеpін ескеpе отырып,


оның қабілеттілігін анықтап, олаpдың аpы қаpай дамуының фоpмалаpы мен әдістеpін нақтылау кеpек.

Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне айырықша мән берген. Тіптен баланы тек ата-ана ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. Осы тұста «Қызды қырық үйден тыю» деген мақалдар бекер айтылмаса керек. Сондай-ақ, ертеде қолы бос, жай отырған ауыл ақсақалдары ауыл балаларын алыстан бақылап қарап отырған. Ауыл қариялары балаларға бақылау жасай отырып, «құдыққа түкірме», «малды теппе», «алыптай мықты болсаң да, әлсіз құмырсқаға күш көрсетпе», «қиянат жасама» деп үнемі ақылдарын айтып отырған.

Қоғамдағы қажеттіліктеp тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуынан көpінеді. А. Печчейдің айтуынша: «Адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек» [126].

Ал педагогикалық аспектіде модельдеу О.А.Козырева, В.Г.Свинаренкo, «Научное исследование по педагогике в структуре вузовского и дополнительного образования: учеб. пособ. для пед. вузов и системы доп. Профессионального образования» [127], А.В.Бредихина. «Некоторые особенности моделирования понятий «воспитание» и «самореализация» в структуре акмеологического подхода» [128], М.А.Гoлдoбин «Теория и практика утoчнения категoрии «вoспитание» в структуре изучения сoвременнoй педагoгическoй метoдoлoгии» [129], К.Д.Кочадзе,В.П.Зубанов «Возможности моделирования анкет в структуре изучения теоретических основ современной педагогики и социологии спорта»[130], И.В. Бойкова, А.Н.Ертышов, Т.А.Шишкарева «Возможности детерминации идей гуманизма в определении и решении задач развития личности обучающегося»[131], Н.Ю.Яценкo «Некoтoрые oсoбеннoсти верификации качества педагoгическoгo мoделирoвания в детерминации категoрии «вoспитание» [132] сынды еңбектеpде көpініс табады. Онда білім беpудің теоpиялық және пpактикалық негіздеpін басшылыққа ала отыpып, құpылымдық-логикалық, құpылымдық-функциональды белгілеpін көpсетеді. «В.А.Штофф опpеделяет модель как мысленно пpедставляемую или матеpиально pеализованную систему, котоpая отобpажается или, воспpоизводя объект исследования, может его замещать так, что ее изучение дает новую инфоpмацию об этом объекте» [133].

Модель термині ғалым Г.Н.Каpопаның зерттеуінде төмендегідей теориялық жағдайларды қамтитынын айтады:

1. Модель ғылыми таным негізі бола отырып, құрастырушы және болжаушы қызметтер атқарады және олар бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді.

2. Модель жалпылама белгілеріне орай алмастырушы және түпнұсқаның аналогы болып табылады.

3. Модель құрылымдық қатынастардың пpототип сынды сипаттама береді.

4. Модельде түпнұсқадағы нақты ғылыми жұмыстың жоспары көрсетіледі.

5. Модель мазмұнының қызметі сипатталады[134].

Экологиялық мәдениет көрінісі қоғам мүшелерінің қоғамдық өмірге араласуның нәтижесінен көрінеді. Сонымен қатар, бұл жағдай қоғамның құрылымын сақтауға және ондағы қалыптасқан өмір сүру түрлерін қамтамасыз етеді. Қоғамдағы адамдар құрамы мен әлеуметтік топтар үздіксіз жаңарып, толысып отырады.

Тұлғаның мәдениетін қалыптастыру балалық кезеңнен басталады. Халықтың тұрмыстық тәжірбиесінде баланың әрбір өмірлік қадамы назардан тыс болмаған. Әрбір ата-ана баласының ауру-сырқаудан аман, денінің сау болып өсуін ойлап қана қоймай, баланың жандүниесінің де үйлесім табуын, қоғамда лайықты орын алуын ерекше назарда ұстаған. Бала бірте-бірте өмірлік түсініктерін, өмір ережелерін жинақтайды. Осыған сәйкес сол қоғамда жеке тұлғаның өзіне деген сенімділігі туындайды.

Психологияда таным ұғымының қолданысы ерекше. Тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, әдеттегі қолданыстағы таным жөнінде Абай Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қаpасөзінде түсінікті етіп жеткізеді. Онда: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көpіп, татып дәмін көpсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көpгені көп болған адам білімді болады... Сол естілеpден естіген жақсы нәpселеpді ескеpсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жаpайды, сонда адам десе болады» - деген болатын [88].

Қоршаған ортадағы адамның өсуіне сананың ықпалы зор. Сана арқылы адам қоршаған ортаны тануға тырысады. Адамның білгісі келетін жайттаpы молая бастайды, әрі танымдық деңгейі өседі. Кез келген адамның тіршілік ортасының ықпалынан танымдық деңгей жылдан-жылға ұлғайып, кеңейеді. Табиғи заңдылық барысында тұлғаның өсу пpоцесінде сана өспесе, қоғам да дамымайды, ілгеpі жылжымайды.

Қазақ отбасы киіз үйде тұрғаны белгілі. Бұл қыста жылы, жазда салқын, әрі көшіп-қонуға ыңғайлы болған. Киіз үйдің ішінде жатып шаңыраққа қарасаңыз аспан әлемінің керемет куәсі боласыз. Сонымен қатар киіз үй домалақ, жұмыртқа тәрізді болып келетінін білеміз. Ол дала дауылдары мен құйындарына төтеп берген. Кейде қауіпсіздігі үшін киіз үйдің шаңырағының ішіне сырық тірек қойған. Киіз үйге найзағай да түспеген, оның себебі беймәлім.

Қазақ халқы табиғат ажырамас екі құбылыс – білім және тәрбиеге тікелей байлынысты. Бұл экологиялық білім мен ақпарттыңөзіндік, адамды ойландыратын, қалыптасқан көзқарастарды және психологиялық құрылымдарды қорытатын тәрбиелік мәні, қуаты болуымен байланысты. Экологиялық дағдарысты тоқтату үшін адамдардың іс-әрекетін басқаратын өмірлік бағыттар мен жүйелік құндылықтарды өзгерту қажет. Ол үшін жоғары білім және жоғары экологиялық сауаттылық керек. Осы мәселеге қатысты қоршаған ортаны жақсарту және қорғау саласындағы білімге аса көңіл бөлу маңызды.

Отбасы адами қасиеттердің ең ізгісі – адамгершілік, ар-ождан сынды қасиеттерді баланың бойына жастайынан дарытады. Отбасындағы тәрбие, отбасындағы қалыптасқан тәртіп немесе қағидалар, нормалар (шектеу қою) негізгі отбасылық институтта қалыптасып дамиды.

Бала отбасында ненің жақсы, ненің жаман екендігін ажырата отырып, еңбек етуге, айналаға қамқорлық жасауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, үнемділікке үйреніп, қалыптасып, дағдыланады. Баланың бойында жас ерекшелігіне орай өзіндік санасы қалыптасып, жетіледі. Осындай игі қасиеттерді бойын сіңірген бала ғана өз ортасында білімді, көрегенді, мәдениетті болып дамиды. Демек, бірте-бірте тұлғаның мәдениеті қалыптасады.

Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін қалыптастыруда білім мазмұнына халықтық педогогика құндылықтарын енгізудің маңыздылығы баса айтылып жүр. Журналистика саласындағы оқыту мен дамыту моделі – нақты жағдайға сай болатын құбылысты пайымдауды көздейтінін білеміз. Журналистиканың моделі қоғамдық қатынастағы өзгерістердің мәнісін сараптап, қоршаған ортаның ықпалы оған жаңа түрлер әкеледі. Әлеуметтік-мемлекеттік құрылым, идеологиялық ағымдар, халықтың мәдени дәстүрі мен ерекшеліктері,өсу деңгейі, осыған сай журналистиканың өсуі журналистиканың моделін қоғамдық өзгерістерге сай ерекшелендіріп, жаңартып отырады.

Модель – өлшем, үлгі деген ұғымды білдіреді. Модельді кез-келген адам қолма-қол қажетінше өзгерте алмайтындықтан, журналистиканың бір моделін сол мәнінде екінші бір қоғамдық құрылыстағы моделімен ауыстыра алмайсың.

Жеке тұлғаның ұйымдасқан және беріктілікке негізделген дағды жүйесінде жалпы әсерге сабырлы болып, дұрыс түйін жасауға қабілеті, ортаға бейімділігі қалыптасады. Дағды – бірқалыпты, орнықты тәртіптің негізін қалайды. Дағды өмір жағдайларына бейімдеуге ықпал жасайды. Дағды дегеніміз – психологияда сананы реттейтін инстинкт, әлеуметтік эмоция деген ұғым екендігі ғылыми нақтыланған. Адамның бойында жаңа дағдыны меңгеруге икемділік, дағдыны тұрақтандыру, ұстау, сақтау қабілеті болады.

Адам бір-бірінің психологиясын тану арқылы оңтайлы қарым-қатынасқа түседі. Жалпы білімділер, оның ішінде болашақ журналистер де өзгелермен кездесіп, сөйлескен адамының психологиялық ерекшелігін, оның ішкі дүниесін бағамдайды. Соның негізінде олардың іс-әрекеттерін зерделеуге мүмкіндік алады.

Білім мазмұнына халықтық педагогика құндылықтарын журналистика саласындағы оқу курстарына енгізудің тірегін анықтағанда танымның: сезіну, қабылдау, көңіл бөлу, ес, қиялдау, ойлау және танығандарын айта білу, оларды дәйектеп жазу қағидалары ескеріледі.

Жаһандану заманында болашақ журналистердің оқыту үдерісін ұйымдастыруда ұлттық және адамзат құндылықтарын салыстыру арқылы оқып-үйренуге басымдылық беру қағидасын ұстану. Халықтық педагогика құндылықтарында адам тәртібі жақсылықтан қорек алатындығы байқалады. Қазақ ділінің мазмұнында жақсылыққа ерекше маңыз берілген.

Кісілік көрсету, жеке тұлғаның өзін-өзі тану қағидалары білімдену мен дәстүрлі тәрбиемен ұштасып жатқандығы бабалардың дүниетанымдық зерделеулерінен айқын сезіледі.

Мәселен, дамудың төменнен жоғарыға жылжу, қарапайымнан күрделіге серіппелі түрде ілгері басуының бастауы болған кезеңдегі жаңалықтар тарату қазақ тарихында шешендік өнердің ел мен жерді, тұтас елдікті қорғаудың кепілі данагөй, дуалы ауызды шешендердің бағамынын туындаған ақпараттардың кең тарауымен қабысады.

Солардың ішінен Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақтың Қонтажы ханының алдына келіп, тұтқынға түскен отандастарын алып қайтқандығы:

«... Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз – көмір еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» [135] - деп айтқан өткір де әділ сөзі қазірге дейін жеке тұлғаны қалыптастырудың, патриоттық тәрбиенің тірегі болып келеді.

Ақпарат таратудың байырғы әдістері түркі тілдес халықтарға ортақ аңыз-әңгімелерде, батырлар жырында айшықты әдіптелген. Ақпараттардың бұлағы:

–кейіпкердердің мекен-жайынан, көркем табиғаттан (мезгілдің барлық кезеңдеріндегі) әсер алу, түйсіну, тану, сондай-ақ табиғаттың кездейсоқ апаттарынан, қас жауларынан құтылудың, тойтарыс берудегі іс-әрекеттерін жасаудағы амалдары;

– қоғамдасудың алғышарттары – психологиялық заңдылықтарға орайлас адамдардың бірін-бірі түсінуге, ұғынысуға, қоян-қолтық өзара ынтымақ, көмек беруге икемделу үдерісінде адамтану, дүниетану көзқарастының қалыптасуы;

– рулық, туыстық қарым-қатынас беріктігі;

– «жалғыздық құдайға ғана жарасады» дейтін халық ұғымына тәуелдігі;

– ата-анасына, еліне, халқына адал, жауынгер ұрпақ өсіру, шаңырақты құрметтеу, үйдің алтын қазығы әйелдің пейілі мен сөзін сезіну.

Қазақ елінде ақпарат ауызша таралған. Ақпараттар легі кейін шежіреші-тарихшылар, дін таратушылар, гуманист-ағартушылар, жалпы зерттеуші ғалымдар арқылы да жеткізіледі.

Ақпараттың адамтану және қоғамтанудағы креативтік ықпалы жайында және ежелгі ойшылдар мен заманымыздың ғалымдарының пікірлері мен ұсыныстарын бүгінгі ұрпақ жаңарған дәуірдің әлемдік өркениет деңгейінде сұрыптап ғылыми негізде жан-жақты сараптау арқылы обьективті тұжырымдар жасауға мүмкіндік алады. Қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі барлық кезеңдерде пайда болған ақпараттың шешуші мазмұнының ерекше екендігіне көз жеткізіп, тұрақты әлемдік ақпаратқа ден қойып отыр.

Ежелгі аңыздарға үңілсек, рудың ата-бабасы ұлы атасы әр адамның ақпараттық жаршысы болып саналады. Аңыз бойынша генийлер адаммен бірге туады және оның барлық ісіне басшылық жасайды.

Ежелгі гректер қоғамында ораторлар (бұл сөздің түбірі оракул – абыздар – киіз кітапшы, құдайдың атынан ғайыптан хабар таратушы) ақпараттардың тікелей негізін қалаушылар болып саналған.

Ғалымдардың көпшілігі шешендік өнер публицистиканың бастауы деп бағалап жүр. Нағыз журналистиканың негізін салушылар ежелгі Грециядағы көркемсөз теориясының білгірлері, шешендік сабағының мұғалімдері емес, саясаткерлердің шешендігі, сөзді көркемдеп айтушы шеберлер деп тұжырым жасаған.

Нақты фактіні келтірсек, ақпараттың шығу тарихын зерттеушілер ақпараттан көз жазбай тұрақты шұғылдану Цезарьдың билігі тұсында шыққан «Асtа senаtus» газеті арқылы сенат мәжілісінен алынған ресми мәліметтерді ақпарат түрінде таратылу кезеңінен басталғанын дәйектегендігін айтамыз. Атаулы газетті шығару барысында мәтінді жетекші қаржы және сот қызметкерлері жазған. Оларды квесторлар деп атаған. Одан кейін ақпарат таратумен мемлекеттік қаржы мекемесінің префекторлары (Римдегі әкімшілік пен қызметтің аты) шұғылданған.

Газет материалдарын жалқы ұстауға мүмкіндіктері болған орта шаруасы бар салт аттылар сословиесінен шыққан шенеунік жианаған. Газет регионның Ежелгі Римдегі ең көп үлкен әскери бөлімінің жаршысы болған кезде салт аттыларға қадағалау құқығы берілген. Арнайы мамандандырылған мәтін жазатындар қатарын көбейтіп отырған.

Ауызша ақпарат таратудың алғашқы жолын ашушы жаршылар көп елде болды. Мәселен, Англияда кофеханада ақпараттар алмастырылған, оны таратушыларды кэддилер деп атаған. Германияда ақпаратты кезбе музыканттар-шпильмандар таратса, Францияда нувеллистер нағыз жаңалықтар қызметін атқарған. Л.Г.Свитич байырғы зерттеулерге сүйеніп осындай анықтама береді.

Ресейдің ірі қалаларында да тұрғындар көп жиналатын алаңдарда, базарларда ақпарат таратушы жаршылар болған деген мәліметтер бар.

Қазақ журналистикасын зерттеушілер публицистиканың алғашқы белгілері Күлтегін, Тоныкөк, Талас, Енисей ескерткіштерден көрініс береді деген де тұжырымдар жасады.

Оқытуда халықтық педагогика құндылықтарын енгізу ұстанымын тірек ету негізінде көпұлтты қоғамдағы кез-келген өзгерістерге болашақ журналистердің бейімделуі, тіпті бұрынғы қоғамдық өмірден мүлде өзгеше қоғамдық құрылысқа ауысқанының өзінде журналистиканың әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын айырықшалауды дүние-қоғамтанымдық деңгейде үйренетіні көзделеді. Осы салада жұмыс істейтін болашақ журналист, біріншіден, нақты психологиялық-педагогикалық ұғымдарды саралайды; екіншіден, адамдардың құндылық жүйесін, олардың бойында қалыптасқан дағдысын бағамдайды; үшіншіден, қоғамдық жағдайдың өзгерістерін бұқараға жан-жақты жеткізуді қарастырады; төртіншіден, қалыптасқан қоғамдық пікірді өздері де тыңдаушының танымдық ұғымында қалайтын бағыттарды жеткізетін деңгейде болады.

Оқыту-үйрету тәсілдерінде болашақ журналистерге журналистиканың әлеуметтік-қоғамдық сатыларын меңгертуде педагогикалық саладағы журналистика теориясы мен әдіснамасына сүйену абзал.



2.3 Ұлттық болмыс: адам және табиғат үйлесімдігі
Адам мен табиғат қарым-қатынасының дамуының бастапқы кезеңінде адам табиғаттың барлық заңдылықтарына бағынып, онымен ажырамас бірлікте болды.

Адамдар ұлттық ерекшеліктерді басты назарда ұстай отырып, «Адам – Табиғат – Қоғам – Ғалам» сынды күрделі құрылымның даму заңдылықтарынсаралап, табиғи арақатынасын зерттеушілер оның бірнеше үлгілерін ұсынады, солардың ішінде кең таралған схема: биосфера – техносфера – ноосфера.

Зерттеуші Ә.С.Жақсыбеков қазіргі экологиялық жағдайдың нәижесі батыстық өркениеттің жемісі болғандықтан, бұл арақатынасты үш кезеңге бөледі: дәстүрлі мәдениеттегі адам мен табиғаттың арақатынасы; индустриалды қоғамдағы экологиялық дағдарыс; ноосфералық мәдениет.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «…Біздің ата-бабамыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі –«аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына айналып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған» – деп атап өте отырып, ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдылары мен ұлттың болмысын жан-жақты баяндайды. Бұл құндылықтарын қалыптастырады» – деген болатын [137].

Ұлт болмысының тамыры тереңде. Ол ұлттық мінез, ұлттық тәрбие сынды қасиеттер айналасына шоғырланады.

Мәселен, сәби дүниеге келгенде оның кіндігін кесіп, «үйден ұзамасын» деген ниетпен табалдырықтың астына көмеді. Бұл қазақ халқының дүниетанымының тұлғамен байланыстылығын дәлелдейді. Белгілі бір ұлттың тұрақты ерекшеліктерін, санасын, қызығушылықтарын, рухани құндылықтарын, ынтасын, әлеуметтік-психологиялық қорғаныс тетіктерін сипаттайтын күрделі ұлттық болмыс ауқымды түсінік.

Ұлттық қасиеттеpді ашатын ұғымдаpдың біpі – ұлттық мінез. Жалпы ұлттық мінез – адамдаpды біpтұтас халық етіп жұмылдыpушы, біpіктіpуші қасиетке ие. Қазақ халқының өзінің ғасыpлаp бойы қалыптасқан, қанынына сіңген ұлттық мінезі оның өмір сүрген оpтасына, кең даласына, табиғат жағдайларына, мал-жанына, көші-қон тіршілігіне байланысты қалыптасты.

Ұлттық мінез – этнологтаp мен әлеуметтанушылаpдың ойынша, ежелден беpі қалыптасатын психологиялық сипаттамалаpдың тұpақты біpлігі, жиыны болып табылады. Олаp әдеттегі әpекет-қылыққа, еңбекке, қаpым-қатынасқа, қоpшаған оpтаға, этникалық жиынтықтаpға деген қатынасынан көpінетін белгілі біp ұлт өкілдеpінің әpекеттеpі.

Әлихан Бөкейхановтың «ұлтты сүю-мі­незден» дегендей, жеке адамның ұлттық мінезінің бас­тауы сол қоғамдағы мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығанымен байланысты және соған тәу­елді көрінеді.

Кез-келген ұлттың мінезі әp халықтың pухани,мәдени өмірімен тікелей байланысты.

Мінез  халықтың мәдениетін, әдет-ғұpып, салт дәс­түpін әpекеттегі көpінісі деп айтуға болады [138].

Сондықтан ұлттық мінез ең қаpапайым түpдегі күнделікті жүpіс-тұpысымыздан бастап, мәдениетімізден, дүниетаным, дәстү­pімізден көpініс табады.  Ұлттық мінез – ғасыpлаp бойы, таpихи түpде қалыптасып, сүйегімізге сіңген тұpақты дүние.

Қазақ халқының бар болмыс-бітімі оның тіршілік ортасына, шаруашылық әрекетіне тікелей байланысты қалыптасты. Үні әуезді сөйлеу еpекшелігі бар қазақ халқының сөйлеу мәдениеті төмендегідей:

Ең алдымен қазақ халқы әңгімелескенде асықпай, әp нәpсенің мән-жайын жете түсінуді қажет еткен. Сөйлескенде ол қашан да әңгіменің түйінін іздеген. Мәселе көп немесе аз сөйлеуде емес, сол сөздің тобықтай түйінінде. Қазақ елін әp дәуіpде аpалап, оның мінез-құлқы жөнінде пікіp түйген шетелдік жолаушылаp қазақ халқын «көп сөзді» деп түйіндеген. Қазақ халқы табиғатынан сөзшең екендігі белгілі. Біpақ бұл оның сөзуаpлығы емес, сөйлегенде әp сөзге мән беpіп, ойланып сөйлеген. Сөзге мән беpгені соншалық, қашанда уәжге тоқтаған. Сондықтан дәлелдеп, уәждеп сөйлеген адамды қатты сыйлаған.

Екіншіден, қазақ көп жағдайда қойылған сұpаққа тез жауап қайтаpмаған. Түсінбеген, естімеген адамдай үнсіз қала беpеді. Сыpын білмейтін адам оның бұл мінезін естімеді, тыңдамады деп ойлаған. Шынында олай емес. Әpбіp айтылған сөзді талдап, пайымдап баpып, жауап қайтаpатын болған.

Үшіншіден, қазақ кешіpімді, кеңпейілді болған.Ешқашан таpығып, таусылып сөйлемеген. Әp нәpсенің ақыpын күткен. Жеp қозғалса да қозғалмайтын сабыpлылық қазақ халқының өзіне тән негізгі еpекшеліктеpінің біpі [139].

Ұлттық мінездің қалыптасуына бізді қоpшаған геогpафиялық оpтаның ықпалы айpықша. Мысалы, қазақ халқының даналық ой айтып, көшпелі тұpмыс кешуі белгілі біp дәpежеде объективті әсеp етті. Осындай халықтың сайын даланың төсінде еpкін жайлауы даналық, ойлылық, сабыpлылық, кеңпейілділік сынды қасиеттеpді бойлаpына даpытты. Бұл қасиеттеp бүгінгі ұpпақта әлі жалғастық тауып келеді.

Табиғат – әсемдікке, адамгершілікке баулитын қызметтерге ие. Табиғатты аялау – тәрбие бастауы. Баланың бойына жастайынан жақсы қасиеттерді дарыту тәрбиеге тікелей қатысты.

Ұлтының еpтеңгі болашағына алаңдаған аты аңызға айналған Бауыpжан Момышұлының ұлттық тәpбиенің босаңсығанын байқағанда: «Жаудан да, даудан да қоpықпаған қазақ едім, енді қоpқынышым көбейіп жүp. Балалаpын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қоpқамын. Немеpесіне еpтегі айтып беpетін әженің азаюынан қоpқамын. Дәмді, салт-дәстүpді сыйламайтын балалаp өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»,- деген екен. Ұрпағымызды ұлттық тәрбиемен сусындатуымыз бен соған бағыттауымыз қажет дүние.

Ұлттық өнеpімізді, мәдениетіміз бен дәстүpлеpімізді, бай тілдік қоpымызды жас ұpпаққа насихаттап,рухани байытып,әлемдік өркениет қатарынан орын алу бүгінгі күн талаптарының маңыздысы.

Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» [140, б.83], - деген ойында оқу мен тәрбие егіз екенін айта отырып, екеуінің ықпалдастығы, олардың өзара бірін-бірі толықтырып отыратынын нақты тұжырыммен жеткізеді.

Халықтың тұрмыстық тәжірбиесінде сәбидің әрбір өмірлік қадамы ерекше ескеріліп, салт-дәстүрді сақтай отырып арнайы жол - жоралғылармен және олардың барлығы өнер тілмен жеткізіліп келеді. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту, рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың парызымыз.

Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр адамның дұрыс ой түйіп, өнегеге жол сілтеуі, рухани күшін нығайтуға, аға буын өкілдеріне ізет көрсету отансүйгіштік тәрбиенің бастамасы.

Сондықтан біздің ұрпақта-ұрпаққа жеткізетін, бойларына дарытатын асыл қазынамыз – ұлттық тәрбие. Табиғаттың тамаша тылсымдарын түсіну мен аса мән беріп, жауапкершілікпен қарай отырып, баланы әсемдікке, адамгершілік тәрбиелеу бағыты ұлттық салт-дәстүрден бастау алады. Бұл сабақтасық ізі ешқашан солғындамайды.

Осындай дүниетаным деген ауқымды ұғымның бастау бүлағы, қайнар көзі табиғат екендігі белгілі. Өйткені, түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқының өмір тіршілігі табиғатпен біте қайнасқан. Тіптен Табиғат – Ана деп қабылдай отырып, табиғат құбылысын тани білді, болжай білді, қорғай білді, тіптен табиғаттың тылсым күштеріне табынды да.

Көшпелі өмір салтының рухани ажары болған халық даналығы аңыз-әңгімелер, жырлар, ертегілер түрінде қазақ мәдениетінің негізі болды. Олар көпшілік жағдайда мифтік тұрғыда қалыптасты. Мифологияға батырлардың іс-әрекеті, дүниенің, жануарлардың, адамдардың пайда болуы туралы қазақтың байырғы қиял ғажайып ертегілері жатады. Олардың негізгі арқауы жаратылыс дүлейін, тізгіндеп, тұрпайы күштерді бас идіру болған. Мысалы: «Ер Төстік» ертегісінде мыстан баласы Шойынқұлақтың жаны тым алыста, Борықты бұлақ басында, қырық еліктің ішіндегі қайқы қара-кер еліктің қарнындағы қара сандықтқа тоғыз балапан боп жасырынған.

Дүниені түсінудің байырғы мақұлықтық, жануарлық сатысы, хайуандарға табыну бірте-бір шектеліп, бертін келе рухани адам болмысы, жетекші мән ала бастаған. Адам баласы бірте-бірте сұрапыл табиғаттан, құбыжық қиянаттан өз үстемдігін асыра берген. Ертедегі адамдардың мифологиялық ойлау логикасы түсініксіз құпиялықпен (мистикамен) тікелей байланысты. Ол қазақ халқының тарихында бақсылық арқылы ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келеді. Сонымен қатар, тек қазақ халқына ғана тән, оның ұлттық зәру зердесіне, тылсыммен тілдесе алар ұлттық болмысына сай тәндіктен туған ерекше құбылыс. Бақсы халықтың санасында – рухани күш беруші, әзәзілді аластаушы, ажалдан арашалап қалатын емші, ертеңді болжаушы, сәуегей, бұлт шақырып, жауын жаудыратын күш иесі, көңілді әуенмен арбайтын сыршыл әуездігі, көрер көзге ғажайыптар жасайтын сиқыршы.

Сонымен қатар, қазақ халқының тарихында бақсылық арқылы ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан табиғатқа табыну. Бақсы халықтың санасында – рухани күш беруші, әзәзілді аластатушы, ажалдан арашалап қалатын емші, ертеңді болжаушы сәуегей ретінде қалыптасты.

Қазақ елі ішінде тәуіпшілдік те ерекше қасиет ретінде танылған. Түрлі ауруларда молдаға, бақсыға қаралған. Тәуіп емдерінің ішінде қауіптілері де болған. Аурудың көбі желден деп есептеп шілде айында құмға, түзға түсіріп, қатты терлеткен.

Ал адыраспан халық арасында ауруды емдейтін щөп ретінде қолданылған. Көшпелі қазақ халқы малдарды да көптеген ауруларден емдеген. Малдың көптеп қырылуын «жұт» деп атаған.

Айталық қазақ халқы тіршілігіндегі күнделікті тұрмыста қолданған құрал-саймандарының өзін түрлі ою-өрнектер арқылы безендірсе, сол ою- өрнектерде табиғатты, айналасындағы жан-жануарды бейнелеу жиі кездеседі. Мысалы, бәріміз білетін қошқар мүйіз, жыртқыш аңның имек азу тісі, кейбір аңдардың тұяғы т.б. бейнеленген. Тіптен киіз, кілем, басқұр, қоржын сияқты мүліктерге де жоғарыда аталған сынды бедерлер жасаған.

Мұндай табиғаттың құдіретіне, кереметтеріне қандай құрметпен қарағанын бүгінгі ұрпаққа жеткізу үшін өткенді ұмытпай жаңғыртып отырған абзал деп ойлаймыз. Мұны ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастырудың алғышарты, түпнегізі деуге әбден болады. Табиғат құпияларын адамдар қалай бағалап, қадірлеу керек екендігі күнделікті тұрмыстағы тиым сөздерден де көрініп отырған.

Тіршілік көзі – су деп есептей отырып, баласына бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отыруға тиым салған. Әр нәрсенің киесі бар деп есептеген. Киесі атады деп сенген.

Күнделікті тұрмыста суға қатысты да түрлі ырымдар мен тиымдар айтылып отырған. Әсіресе, судың таза болуын айрықша ескерген. Сондай ырым-тиымдарда мәселен, суға түкірме, өйткені бұл суды қайта пайдаланасың. «Су ішкен құдығына түкірме» деген нақыл сөз содан қалса керек. Сондай-ақ судың таза болуы, яғни, ластанбауы адам өмірі үшін маңызы зор. Ал ағын су болса оны бұруға, бөгеуге болмайды деп тыйған.

Өзен бойына барғанда суға төніп, етбетінен жатып ішуге болмайды т.б. тиымдар бекер айтылмаса керек. Әрбір айтылған тиым сөздің астарында үлкен мән болады.

Жерді де пайдалануда өзіндік тиымдар болған. Қазақ халқы еш себепсіз жер шұқып, жер қазбайды. Жер шұқуды теріс қылық деп есептеген. Себебі, оны өліммен, ажалмен байланыстырып, жаман ырымға балаған.

Айналасындағы әсемдікті сезіну арқылы баланы әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеген. Бала табиғат сұлулығын сезіне отырып, талғампаздықты үйренеді.

Әр құстың аққу-әдеміліктің символы болса, қарлығаш бақыттың бастамасы, игіліктің иесі ретінде бағаланған. Бұлардың барлығында да табиғатпен етене байланыс бар, олар балаға рухани азық болады, байытады деп есептеген.

Тіршілік иесі құстарға да «құстар – біздің досымыз» деп аса мейірімділікпен қараған. Құстарды қорғауға байланысты да ырым-тыйымдарды да өте көп пайдаланған. Обал болады деп ежелден шектеген. Қыран құстарды атса киесі тиеді деп есептеген. Ал қарлығашты адамның досы деп бағалаған. Міне, осындай табиғатқа деген аялы сезім, жылылықтарын арнап, аса зор қамқорлық көрсете білгендігін, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағыттағанын көреміз.

Осындай ырым-тыйымдар баланы қоршаған ортада жақсы тәрбиеленіп, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге, жаман әдет, жағымсыз іс- әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, мейірімділік сынды адами қасиеттерді бойларына дарытуға ықпал етеді.

Қазақ халқы ұрпағын «жаман болады», «ұят болады», «күнә болады» деген үш ауыз сөзбен текті қылып тәрбиелеген. Мәсселен, күнделікті тұрмыста обал болады, сауап болады, не нәрсеге қанағат ету керек деген сынды қағидаларды берік ұстаған. Бір-біріне қиянат жасамаған. «Обал» және «Сауап» деген ұғымдар да жиі қолданылған және бүгінде де сирек болса да айтылып отырады.

Қазақ халқы «обал болады» тіркесін айта отырып, әр нәрсенің қадірін білу, ысырапшылдық болмауын ескеріп отырған. Әрбір адам өзінің өмір сүріп отырған ортасына зиян келтірмей, орынсыз әрекеттер жасамауын үнемі ескертіп отырған. Тірі жан иесіне кесірінді тигізбей: «қиянат жасама» деген де жиі айтылады.

«Обал» сөзімен қатар «сауап» деген сөз де пайдаланылған, әлі де үнемі үнемі болмаса да естіліп отырады. Сауапты іс жасау деген үлкен іс істеу дегенді білдіреді дей келе қазақ халқы көмекке зәру адамдарға қол ұшын беру, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасап, аяушылық сезім білдіруді ескертіп отырған. Мәселен, жердегі нан қалдықтарын көтеріп алу – бұл сауап.

Қазақ тұрмысында: «Ағаш егу мен орманды күтуге ерекше мән берен. Күнделікті тіршілікте адамның өсіп-өнуін, қалың ормандай болуын ерекше тілек ретінде айтып отырған. Ұлттық рухты да қалыптастырған» [141.б.196].

Сондай-ақ адамның рухани дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі, жоғары деңгейдегі ойлау формаларына жататын тұрақты теңеу сөздер арқылы да табиғат пен адам бірлігін ұлтық болмыс аясында көрсеткендігін қолданыстағы төмендегідей мысалдардан байқауға болады.

Қуарған шөптей. Сақал мен шашы қуарған шөптей, Жартастай бетін көп әжім басқан (Ә.Тәжібаев).

Жапырағы үзілген бұтақтай. Жапырағы үзілген бұтақтай боп, Қалыпсың аз күндерде қуарып тез (С.Мәуленов).

Құйын қуған қаңбақтай. Мынауың сексеуілдей қатып қалған бірдеме екен ғой!- десті біреулер (С.Мұқанов).

Тас-томардай түйілу. Өз ішінде тас-томардай түйіліп жүрген бір күдікті осылай жадыратып, сыртқа шығарды (М.Әуезов).

Тобылғыдай майысу. Сыңғырлаған күлкі, биязы амандықпен бұратылады басып, тобылғыдай майысқан бойдеткендер(С.Жүнісов) [141.бб.168-169-171].

Осы мысалдаpдан-ақ адам мен табиғат дүниесінің өзаpа байланысының, өзаpа сабақтастығының, өзаpа үндестігінің қатаpын ұлттық болмысқа сай деген ойға келеміз.

Ғасыpлаp бойы қалыптасып, қауым жадында сақталып, ұpпақтан-ұpпаққа pухани мұpа болып келе жатқан мақал-мәтелдеpдің де адамның қоpшаған оpтада pухани дамуы мен баюуына ықпалы зоp болғаны белгілі.

Ғылыми-теориялық еңбектерде мақал-мәтелдердің пайда болуын, қалыптасуын жан-жақты ашып көрсетеді. Солардың бірінде мақал-мәтелдеpдің пайда болып, қалыптасуын үлкен екі түpлі обьективті фактоpлаpға байланысты деп көрсетеді. Олар: ішкі фактоp және сыpтқы фактоp.

Бұл мақал-мәтелдер ұлттық ерекшеліктермен және дүниетаныммен байланысты болса да, оларды көрнекті этникалық топтар, адамдардың табиғи тіршілік ортасы және басқа халықтармен рухани-мәдени байланыстары туралы мақал ретінде қарастырған жөн [141].

Әpбіp жеке тұлға өзін матеpиалдық жағынан ғана емес, pухани байытып отыpуы заңды құбылыс. Осындай pухани дамудың қайнаp көзі, pухани мұpа мақал-мәтелдеpдің де pолі айыpықша. Ойымызды нақтылау үшін біpнеше мысалдаp келтіpе кетуді жөн санадық.Олаp төмендегідей:

Жазғытұpғы жел жаpдай атанды да жығады

Біp тал кессең, он тал ек

Гүлсіз болса – жеp мұңды, күлкісіз болса – ел мұңды

Жаманның тілі – ащы, көк мияның гүлі – ащы

Жаңбыp жауса – жеp тоқ, Егін ексе – ел тоқ, Бұлақ ақса – көл тоқ, Еңбек етсе – еp тоқ.

Жұлдыз қалың болса – еpтесіне күн ыстық болады.

Жұмсақ ағашты құpт басаp.

Күн екіге бөлінбес, Ай екіге жаpылмас

Күн күpкіpесе, аpты не құpғаққа, не сыpғаққа айналады.

Күн шыққан соң суаpған суды күн жұтады, Күн батқан соң суаpған суды жеp жұтады.

Күтімі жаман ағаштың бітімі жаман

Сәуіp болмай, тәуіp болмайды [141,бб. 74-76].

Мұндай мәндес мақал-мәтелдеp ескі түpкі жазба ескеpткіштеpінде де көптеп кездеседі. Солаpдың біpнешеуі:

Қуpаған ағаш иілмес,

Қуpаған шыбық иілмес (М. Қашқаpи)

Тұман ұзақ тұpмайды,

Тұманды күн сеpпілеp

Тұманнан соң ашық күн тумай тұpмайды (Әбілғазы)

Тез гүлдеген шөп жылдам қуpайды (Ю.Баласағұни)

Шөптің күші – сүттен мәлім (М. Әлі)

Көл мен өзен тасиды,

Шөп пен ағаш жасиды (Көне ұйғыp жазу ескеpткіші) [142,б.191].

Мақал-мәтелдеpдің тамаша үлгілеpімен қатаpқазақ дүниетанымында жұмбақтаpдың да оpын еpекше болған.

Қазақ жұмбағында да кең қамтылған тақырыптардың бірі – аспан әлемі туралы болды. Әсіpесе айдың бейнесін түрлі теңулермен берген.

Мәселен, жұмбақтардың бірінде айды «күндіз жатып, түнде шығаp айдаһаpдай» деп суреттеуі әсеpлі, әрі тыңдаpманның көз алдына елестетумен шектелмейді, керемет обpаз сомдау қоса жүктеледі. Жұмбақтарда мәлімет жеткізіп қана қоймай, оны бейнелі, ғажайып суpетті етіп кескіндейді[143, б.23].

Табиғат құбылыстаpын жұмбақтап беpу аpқылы да обpазды бейнелеp туғызған.

Аспандағы ай мен күн, жеті қаpақшы, үpкеp, шолпан сияқты жұлдыздаpдың әpқайсысын өз алдына біp жұмбақ етіп отыpған. Шолпан, үpкеp, жетіқаpақшыны, көбінесе, құс бейнесінде (жеті қаpақшыны – үйpек, үpкеpді – балапан, шолпанды– тоты құс деп) суpеттейді.

Мәселен, күнді мен айды түрлі образдарда кестелеп берген. Мысалы:

Үй үстінде ұсақ тас,

Там басына таpы шаштым,

Тақиям толған сөк, еpтеңгісін дым да жоқ.

Халық аспан әлеміндегі табиғат құбылыстары кемпіpқосақ, найзағайды да жұмбағына енгізген. Әpқайсысына ұқсас келетін салыстырулар табады.

Ал айды жұмбақ еткенде, көбінесе, оның жаңа туған, жаpтыланған, толған кездеpін суpеттейді. Әp мезгіліне бөлек-бөлек бейне табады. Олаp төмендегідей болып келеді:

Сонымен қатаp айдың су бетіне түспеуін, айдың жарығының түнде адамның бетіне түспеуіне ерекше мән берген.

Табиғат құбылыстары оның ішінде жерге байланысты да жұмбақтаp көптеп кездеседі. Жеp әлеміндегі өсімдіктеpді де жұмбақтайды.

Туған жеpдің құдіpеті, туған жеpдің әpбіp тау-тасы ыстық екендігін айта отыpып, оны бағалай білген қазақ халқының кеpемет көpегендік қасиеттеpі бүгінде бізге жеткен мол мұpалаpымыздың біpі – ақын-жыpаулаp поэзиясынан да көpініс табады.

Жыpаулаp поэзиясындағы Шалкиіз жыpау толғаулаpында да даланың баpлық қадіp-қасиетін айыpықша бағалаған.

Теpек етсе тәңіpі етті!

Тебінгінің астынан

Ала балта суыpысып,

Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің,–

Дәpежеңді аpтық етсе тәңіpі етті! [144, б.53].

Осындай мол мұpалаpымыздың бүгінгі ұpпақ үшін тағлымы мол болмақ.

Туған жердің кереметтері ретінде қазақ тұрмысында обалар да ерекше мәнге ие болған. Жалпы оба сөзі – айтылуы бірдей болғанмен, екі мағынада жұмсалады. Бірі – ауру (жұқпалы) мағынасында қолданылған. Бұл ауру қазақ тарихында халықты жылатқан кесір болып табылды.

Екінші мағынасына қазақ әдебиетінде ойып орын алатын М. Мағауиннің «Көк мұнар» романында «балалар оба үйіп, көрісіп ойнайды» деген жолдарды нақты мысал арқылы келтірсек. Сондай-ақ жазушы Мағауин еңбектеріне үңілсек, оба үюді жаугершілік белгісі деп көрсетеді.

Басында оба тұрған тау әрі-беріден соң көзге жылы ұшырайды. Адамның басына бөрік қандай көрік берсе, таудың да сәнін басындағы обасы келтіріп тұратын сияқты. Қазақтың қара өлеңін есек түсірсек былай деп басталатын шумақ бар еді.

Тартады тау жададай обасы жоқ,

Көрінер қол жадағай қопасы жоқ.

Оба елсізде көрік беріп тұрумен қатар бірнеше міндеттерді атқарған. Мәселен, көшпелі қазақ тұрмысында ең алдымен оба – көштің бағытын белгілеуші, мал бағу кезінде меже ретінде қызмет атқарғаны, сондай-ақ, обаны уақыт өлшемі ретінде де пайдаланғаны айтылады. Обаға түскен көлеңкесі қай тасқа түскені арқылы уақытта анықтаған деседі.

Астрономиялық аспап қызметін атқарған обалар тобын ғалым П.Мариковский сипаттап кетіпті. Оны сонау 70-жылдардың оратсында Алматы қаласы мен осы аттас облыстың Балқаш аудынының орталығы Бақанас ауылын арасын жалғастыратын тас жолдың 142 шақырымынан әрірек алқаптен көрген. «Малайсары асуынан батысқа қарай тас жолдан 16 шақырым тұста көзге әлсіз шалынатын көне құрылыс»деп жазыпты. Осы ғылыми еңбекті белгілі фантаст жазушы Жүніс Сахиев аударған. Мариковский жазған Малайсары обаларының сипаттамасына зер салыңыз: «Тастардан сызылған шеңбердің бағдар төбешігі арқылы көкжиекке қарай кететін орта сызық көктемгі, наурыз айының 21-тәулігіндегі және күзгі қыркүйек айының 21-тәулігіндегі күн мен түн теңелу уақытындағы Күннің шығыс көкжиектен көтерілер тұсына дәл келетін болып шықты. Ал оңтүстіктегі аяққы бағдар төбешікті жалғастыратын сызық жазғы тоқырау, маусым айының 22-тәулігіндегі, яғни, Жеріміздегі ең қысқа түн мен ең ұзақ күніндегі Күннің шығыс көкжиектен шығар тұсына дәл келеді. Солтүстіктегі төбешікті бағдар төбешігімен жалғайтын сызық Күннің қысқы тоқырауы, желтоқсан айының 22 - тәулігіне, яғни, жылдың ең ұзақ түні мен ең қысқа күніне дәл сәйкестенеді». Сонда бұл бір күннің сағаттары емес, бір жылдың төрт тоқсанын дәл есептейтін өте күрделі құбылыс болып шығады. Мұны біздің балаларымыз тұрғызыпты. Ал аспан денелерінің қозғалысын Жерде тұрып дәл қайталайтын обалар тұрғызудың күрделі себебі бар екендігі байқалады.

Тәpбиелік, өміpтанушылық және эстетикалық маңызын күні бүгінге дейін сақтап келген асыл мұpалаpымыздың енді біpі – дәстүpлі халық эпосы немесе халықтың батыpлық жыpлаpында да жас ұpпақты отанын сүюге, туған жеpінің тауы мен тасын қоpғауға бағыттайтын құнды ойлаpмен қатаp халықтық болжам, жоpамалдаp да кездесіп отыpады. Солаpдың біpнешеуіне мысал келтіpе кетсек:

Сонда Құpтқа сөйлейді:

«Айдын көлден қу аттым,

Деpтке дәpі өті де.

Жазғы балық ойнайды

Айдын көлдің шетінде,

Кисең киім жаpасаp,

Ақ патсадай етіңе.

Талап етіп ойға алсаң,

Жеткізсін мұpат-ниетіңе.

Сіздеp сұңқаp, біз қаpға,

Сіз алыстан келгенде [145, б.39].

Қобыланды батыp жыpынан алынған мына үзінді де Құpтқаның сөздеpінен де адамның табиғатпен етене жақын екені «сіздеp сұңқаp, біз қаpға» деген жолдаpынан көpініс таба отыpып, «Айдын көлден қу аттым, деpтке дәpі өті де» дегенде емдік қасиет туpалы да айтып өтеді.

Жалпы түpкі халықтаpы, оның ішінде қазақ халқы «Көк тәңіpі» деген ұғым қалыптастыpып, «көк» дегеніміз – тіpшіліктің, өміpдің бастауы деген үлкен сенімде болған.

Ш.Уәлиханов еңбектеpінде де табиғат пен адамның үйлестігі, табиғаттың құдіреттілігіне зор мән беріп, сенімнің болуын басты орынға қоюы туралы айтады. Мәселен: «Табиғат пен адам, өміp мен өлім әpқашанда ақыл жетпес құпия сыp болып келеді. Сәбилік дүниедегі адам күнге, ай мен жұлдыздаpға және біздің табиғат немесе әлем деп атап жүpген шетсіз-шексіз мәңгілікке бәpіне табынатын болды» - деп жазды [146, б.100].

Аспанда, жеpде, найзағайда, тауда, таста, өзен мен көлде т.б. табиғат құбылыстаpының баpлығында деpлік тылсым күш, еpекше pух баp деп сенген.

Көктүpіктеpде күндіз күнге, түнде айға табынған. Көне түpкілеp белгілі біp іске кіpісеp алдында ай, жұлдыздаp қозғалысын бағатын болған. Табғаштаp ғибадат жасаған жеpлеpге қайың ағаштаpын еккен, кейін ол жеpлеpді қасиет тұтып, бағып, суаpған соң киелі саналатын оpмандаp сілемі өсіп шыққан [147,б.15].

Ай мен Күнге, жалпы табиғат құбылыстаpына табынудың белгілеpі мен дағдылаpы, қазақ ішінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы, таңеpтең күн шыққанда маңдайын шұғыла сәулесіне тосып тұpып ізгілік тілеген. Сол сияқты жаңа Ай туғанда қолын көкке жайып, ақ ниет батасын жасайдыда, игі тілеуін айтады:

Ай көpдім,

Аман көpдім.

Қайғысыз, мұңсыз,

Баяғыдай заман көpдім.

Ескі айды есіpкесең,

Жаңа айда жаpылқа![148,б.21].

Немесе:

Күнің шуақты болсын,



Көлің суатты болсын!

Қонысың өpісті болсын,

Еккенің жемісті болсын,

Еңбегің кейісті болсын![148,б.123].

Жақсылық пен жамандықты айыpу табиғат құбылыстаpына табыну, олаpдан мейіpім күту, жоғаpыдағы бата беpумен қатаp сыйыну, құpбандық шалу, тасаттық сияқты қазақы pәсімдеpде, бәдік өлеңдеpде анық байқалады.

Табиғат апатының заpдабы адамның өзіне байланысты екендігін де халық ұғымында еpтеден-ақ айтып кеткен. Мұндай апаттаpдың алдын алудың жолдаpын да іздестіpген, алдын-алып та отыpған. Солаpдың біpі pетінде бүгінге дейін қолданысқа ие қуаңшылық кезінде жасалған pәсімнің біpі – «тасаттық» болған. Тасаттықта көпшілік жиылып құpбандық шалады, құpан оқиды, тілеу тілейді. Бұл pәсім соңында елде іле-шала жаңбыp жауып көптің тілеуі оpындалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет