Карточканың әрекет ету мерзімі, Карточканы пайдалануды кідірту және тоқтату
11.1. Карточкада оның әрекет ету мерзімі аяқталатын мерзім (жыл, ай) көрсетіледі. Карточка ондағы көрсетілген айдың соңғы күніне дейін жарамды болады.
11.2. Банк мерзімі өткен карточкаға оқшаулау жасауға құқылы, одан әрі Банк оқшаулаудан кейін 10 (он) күннің ішінде даулы жағдай реттелгенше карточка ұстаушыны хабардар етеді.
11.3. Карточканы ұстаушы карточканы пайдаланудан бас тартқан жағдайда Банкке тиісті өтініш жазып, карточканы өткізуге тиіс.
-
Карточканы ауыстыру
12.1. Карточканы ауыстыру және бұл үшін карточка ұстаушының тарифтерге сәйкес сыйақы төлеуі мына жағдайларда жүргізіледі:
- карточка жоғалған/ ұрланған жағдайда;
- ДСН-коды жария етілген жағдайда;
- карточка ұстаушы ДСН-кодын ұмытып қалғанда;
- карточка бүлінгенде және одан әрі оны пайдалану мүмкін болмағанда;
- Карточка ұстаушы өзінің тегін /атын өзгерткенде;
- карточканың магнит жолағы тозғандықтан немесе оған сызат түскендіктен Банкомат/ POS-терминал ондағы ақпаратты оқи алмайтын жағдайда.
-
Мына жағдайларда карточка тегін ауыстырылады:
- карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
- ДСН-коды айқын басылмағанда;
- карточка ұстаушының өтінішінде көрсетілген аты-жөні, тегі карточкадағы аты-жөні мен тегіне сәйкес келмегенде;
- карточка бойынша алғашқы операция жүргізілгенде Банкомат немесе POS-терминал карточканың магнит жолағындағы ақпаратты оқи алмаған жағдайда;
- карточка Банктің өз бастамасымен ауыстырылғанда.
-
Жоғалған/ ұрланған ISIC ко-брендинг карточкасының орнына жаңа карточка бұрынғы ISIC нөмірімен және әрекет ету мерзімін сақтай отырып шығарылады.
-
Әрекет мерзімі аяқталған ISIC ко-брендинг карточкасы ауыстырылғанда жаңа ISIC нөмірі беріледі және тарифтерге сәйкес карточкаға қызмет көрсетудің келесі /кейінгі кезеңдері үшін, сондай-ақ Тарифтерге сәйкес карточканы шығарған ISIC қауымдастығына тиесілі сыйақы төленеді.
-
Карточканы ауыстыруды Банк карточка ұстаушының берген жазбаша өтініші негізінде/Банктің Байланыс орталығына мына телефондар арқылы ауызша өтініш білдірген жағдайда жүргізеді: +7 (727) 2-590-777, 2-590-000, 2-590-373, (8-8000-8000-59 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
-
Дауларды реттестіру
13.1. Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақшаның жұмсалуына есеп жүргізу және мүмкін болатын дауларды реттестіру үшін Карточканы ұстаушы слиптер мен чектерді сақтап отырғаны жөн.
13.2. Банк Карточка ұстаушыға ай сайынғы үзінді беруді, қосымша үзінді беруді, сондай-ақ өзге құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан ақша алудың дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелерін беруді ҚР заңнамасында, Банктің ішкі ережелерінде (Тарифтерді қоса алғанда) белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырады.
13.3. Барлық даулы мәселелер бойынша Карточка ұстаушы Банкке жазбаша сұрату жасайды, кінәрат талабы қабылданған жағдайда Банк Төлем карточкалары жүйесінің алдында Карточка ұстаушының атынан оның мүддесін білдіре алады. Төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес даулы карточкалық операцияны қарастырудың ескіру мерзімі операция жасалған күннен бастап 45 (қырық бес) күн деп белгіленген. Кінәраттың негізді екендігі анықталған жағдайда Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттағы ақша сомасын қайта қалпына келтіреді. Негізсіз қойылған кінәрат талаптары үшін Төлем карточкалары жүйесі айыппұл белгілейді, оның ақысы даулы карточкалық операция сомасынан асып кетуі мүмкін. Банк Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан айыппұл мен негізсіз кінәрат талабының сомасын Карточка ұстаушының келісімінсіз (сөзсіз және даусыз тәртіппен) тікелей дебеттеу жолымен алып алуға құқылы (егер Карточка шығару туралы шартта Карточканы ұстаушының ақшаны Карточкалар базасындағы ағымдағы шотын тікелей дебеттеу тәртібімен алып алуға келісімі бар болса). Банк Карточка ұстаушының жазбаша өтінішін қабылдаған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде Карточка ұстаушыға алдын ала жүргізілген тергеулердің нәтижесі мен түпкілікті тергеулердің мерзімдері туралы хабарлайды. Тергеу аяқталған соң, клиентке ақшаны өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда Банк Карточка ұстаушының ағымдағы шотына 5 (бес) банктік күн ішінде өтеуді жүргізеді.
14. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану
14.1. «Телебанкинг» жүйесінің мүмкіндіктері:
1) Карточканы ұстаушыға мынадай анықтамалық ақпарат алуға мүмкіндік береді:
- валюталар бағамы туралы;
- «Халық» қаржылық тобының банктік өнімдері мен қызметтері туралы;
2) Карточканы ұстаушыға шоттары туралы мәлімет алып отыруға мүмкіндік береді:
- шоттарының (ағымдағы шоты, карточкалар базасындағы ағымдағы шоты, жинақ шоты, несиелік шоты) жай-күйі туралы;
- ағымдағы шоты /карточкалар базасындағы ағымдағы шоты бойынша соңғы 5 (бес) операцияның тарихы туралы;
3) Карточканы ұстаушыға төлем карточкасын оқшаулауға мүмкіндік береді;
4) Карточканы ұстаушыға шот бойынша үзіндіні электрондық почтаға жөнелтуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Осы тармақта көрсетілген «Телебанкинг» жүйесі бойынша операциялар тізбесі мұнымен шектелмейді және жүйені дамыту барысында толықтырылып отырады. «Телебанкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесіндегі өзгерістер туралы хабарлама Банктің web-сайтының беттерінде тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
14.2. Банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында «Телебанкинг» жүйесіндегі шоттар туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі Клиенттің енгізетін сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) негізінде Клиентке «Телебанкинг» жүйесінде сәйкестендіру жасалғаннан кейін ғана беріледі.
14.3. Клиентке «Телебанкинг» жүйесі бойынша қызмет көрсетуді Банк тәулік бойы жүргізеді.
14.4. Клиенттің карточканы оқшаулау туралы, сондай-ақ шоттар туралы ақпарат алу жөніндегі телефонмен немесе басқа да байланыс арналары арқылы қабылданған нұсқаулары, егер паролі дұрыс көрсетілген болса, Клиенттің қағаздық нұсқада берілген және қолы қойылып расталған жазбаша нұсқауына теңестіріледі.
15. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану
15.1. Интернет-банкинг – бұл қашықтықтан банк қызметін көрсету жүйесі, осы шартқа сәйкес тәртіппен және шарт талаптары бойынша Банктің арнаулы веб-сайтында htt://www.mybank.kz/ мекен-жайы бойынша нақты уақыт режимінде (он-лайн) банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.
15.2. Клиент жүйеде өздігінен тіркелу арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіппен банктік операциялар жүргізуге қол жеткізе алады.
15.3. Клиентті тіркеу және «Интернет-банкинг» жүйесінде қызмет көрсету қашықтықтан, қорғалған Интернет желісі арқылы, Банктің htt://www.mybank.kz/ веб-сайтынан жүзеге асырылады. Клиент өзінің дербес компьютерінен Банктің осы аталған веб-сайтына кіріп, аталған веб-сайтта орналастырылған Клиентті тіркеу туралы нұсқаулыққа сәйкес тиісті тіркелу рәсімінен өту қажет болады.
15.4. Жүргізілген тіркелу рәсімінің нәтижесінде Клиент өзінің «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру бойынша жеке көрсеткіштерін (логин, пароль) есінде сақтауға және ешкімге жария етпеуге тиіс. Одан әрі клиенттің жүйеге кіруі логин мен парольді енгізу арқылы іске асырылады.
15.5. «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелу Клиентке мынадай мүмкіндіктер береді:
1) төлемдер жүргізуге:
- коммуналдық;
- бюджеттік (салық төлемі, алымдар, баж салықтары, айыппұлдар);
- телефон және ұялы байланыс қызметтері үшін;
- кабельдік телевидение қызметі үшін;
- жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзінің жеке дара шотына немесе үшінші бір тұлғаның жеке зейнетақы шотына зейнетақылық төлемдер;
2) аударымдар жүргізуге:
- өзінің банктік шотынан Банкте және басқа банктерде ашылған кез келген шотқа;
- өзінің VISA карточкасынан кез келген басқа VISA карточкасына;
3) Банкте ашылған өз шоттарының барлығына тәулік бойы қарап шығу режимінде қол жеткізу;
4) автоматтандырылған банк жүйелерінде қол жеткізудің режиміне қарай банк шоттары бойынша операциялар жүргізу;
5) Банкте ашылған шоттардың барлығы бойынша ақша қозғалысының тарихын тексеріп отыру, сондай-ақ шоттар бойынша, оның ішінде несиелік берешектің жай-күйі туралы үзінділер алу, несиелік шоттар бойынша өтеу кестесінің құрастырылуын қадағалау;
6) Банкте ашылған банктік шоттар арасында ақша аудару кезінде, Банктің төлем жүйелеріндегі қолма-қолсыз валюта сатып алу /сатудың операция жүргізілетін сәтте Банкте белгіленген бағамдарына қарай, валютаны қолма-қолсыз ақшамен айырбастау;
7) карточка шығаруға өтініш ресімдеу;
8) анықтамалық және өзге ақпаратты алу.
Жүргізілетін операциялар тізбесі мұнымен шектелмейді және «Интернет-банкинг» жүйесін дамыту барысында толықтырылып отырады.
15.6. «Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесіндегі өзгерістер туралы хабарлама жасау Банктің филиалдарында / бөлімшелерінде хабарландыру ілу және Банк web-сайтының беттерінде тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
15.7. Операцияларды жүргізу Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
15.8. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесіндегі операциялары Клиенттің өзі жүргізген операциялар болып есептеледі және Клиенттен алынған нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте Клиент Банкке орындау үшін жіберілген электрондық құжаттардың мазмұны мен деректемелердің дұрыс енгізілуі үшін толығымен жауапкершілік арқалайды. Даулы жағдайлар туындайтын болса, Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүргізген операциясы оның аударым жасауға келісімінің растамасы болып табылады.
15.9. «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы қызмет көрсету кезінде Банк пен Клиент арасында ақпарат алмасу клиентті серпінді сәйкестендіру жүргізу арқылы, яғни Клиентті аутентификациялау және оның бір мәртелік парольді (бір уақыттағы код) пайдалана отырып, электрондық банктік қызмет алу құқығын растау рәсімі арқылы жүзеге асырылады.
15.10. Бір мәртелік парольдер клиентке «Мобильдік банкинг» қызметін ұсыну шеңберінде мобильдік байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламасы түрінде беріледі.
-
Қозғалыссыз шоттарға қызмет көрсету шарттары
-
Клиент немесе Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк 12 (он екі) ай ішінде шығыс операцияларын жүргізбеген болса, Банк шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттарға қозғалыссыз шот мәртебесін береді.
-
Present карточкалары, Кредиттік карточкалар және Виртуалды Карточкалар үшін ашылған Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттарға қозғалыссыз шот мәртебесі берілмейді.
-
Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілгеннен кейін және осы шотқа ашылған барлық карточкалар жабылған жағдайда, келесі айдан бастап және Карточкалар базасындағы ағымдағы шотта ақша қалдығы бар болған жағдайда, Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттан тікелей дебеттеу жолымен жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Шартпен белгіленген берешек сомасын дебеттеу жолымен жүргізуге құқылы және бұл туралы Клиент өзінің сөзсіз келісімін береді.
-
Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілген жағдайда және осы Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа ашылған соңғы карточка жабылған жағдайда қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасы есептен шығарылады.
-
Қозғалыссыз шот мәртебесі бар Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа ақша түскен жағдайда қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін Банктің комиссиялық сыйақысының есептен шығарылуы 12 ай мерзімге тоқтатылады, бұл ретте Карточкалар базасындағы ағымдағы шоттың мәртебесі өзгермейді. Қозғалыссыз шот мәртебесі бар Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа ақша түскеннен кейін 12 ай бойы Клиент немесе Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк кіріс/шығыс операцияларын жүргізбеген жағдайда Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептен шығаруды қайта бастайды.
-
Карточкалар базасындағы ағымдағы шот бойынша қозғалыссыз шот мәртебесінің болдырылмауы автоматты түрде, Клиенттің ДСН-кодын қолдана отырып операциялар жүргізуі арқылы немесе Банк Клиентті аутентификациялау жүргізгеннен кейін іске асырылады.
Шығыс операцияларының тізімі, оларды жүргізу кезінде Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа қозғалмайтын шот мәртебесі берілмейді немесе берілген мәртебе қайтып алынады
Банктің карточкалар базасындағы операцияның коды
|
Операциялардың атауы
|
FS
|
«Мобильдік банкинг» жүйесі арқылы баланс сұрату
|
CA
|
Картадан картаға ақша аудару (жөнелтуші)
|
LL
|
ДСН-кодының есептеуішін нөлге келтіру
|
CR
|
Карточкалар базасындағы ағымдағы шотқа кредит лимитін қою
|
FO
|
«Мобильдік банкинг» жүйесі арқылы үзінді алу
|
I5
|
Бейілділік үшін сатып алу
|
LA
|
Банк желісінде баланс алу
|
BV
|
Қазақстан Республикасы аумағындағы және одан тыс жерлердегі басқа банктердің желілерінің көмегімен баланс алу
|
BH
|
«Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «НУРБАНК» АҚ, «ТемiрБанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «DeltaBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк ВТБ» (Казахстан) АҚ ЕҰ, «Bank RBK» АҚ желілерінде баланс алу
|
B0
|
Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы үзінді алу
|
A1
|
Карточка бойынша қолма-қол ақшаны банкоматтардың көмегімен беру
|
L7
|
Карт-шот, жинақ/ағымдағы шот бойынша шағын үзінділер алу (соңғы 120 күнтізбелік күн ішіндегі соңғы 10 операция)
|
PF
|
Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан үзінді алу (соңғы 120 күнтізбелік күн ішіндегі соңғы 10 операция)
|
B1
|
Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарынан жыл сайынғы үзінді алу
|
I5
|
Сауда/сервис кәсіпорындарында банкоматтар, банк терминалдары, "Мобильдік банкинг" немесе "Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг" жүйелерінің көмегімен карточка бойынша төлемдер жасау
|
J6
|
Казинода карточка бойынша төлемдер
|
B1
|
Банк бөлімшесі арқылы карточка бойынша қолма-қол ақша беру
|
BK
|
Cash In арқылы карт-шотқа қолма-қол ақша қабылдау
|
I0
|
Сауда/сервис кәсіпорындарында карточка бойынша бонустармен төлемдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |